400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Металдар.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныптарға өткізілетін «Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы, маңызы» тақырыбындағы жаңа сабақ.
Материалдың қысқаша нұсқасы


ШЖҚ МКК “Облыстық туберкулезге қарсы диспансері” жанындағы шағын-жинақты мектеп










Металдар



Ашық сабақ


9-сынып



Химия пәні мұғалімі: Габделова Г.С.













Орал қаласы


САБАҚТЫ КЕСТЕ ТҮРІНДЕ ЖҮЙЕЛЕП ОҚЫТУ


ҚР «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің жеке тұлғаны қалыптастыруға дамытуға және кәсіби біліктілігін шыңдауға бағытталаған рөлі былайша көрсетілген: «педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік білім беру стандарттарына көзделген деңгейден төмен емес білім, білік, дағды алуын қамтамассыз етуге, жеке шығармашыл қабілеттерінің көрініп, дамуы үшін жағдай жасауға міндетті».

Оқытушы баланың тұлғалық дамуын қалыптастыруда әртүрлі жаңа педагогикалық технологияларды сабақтарында тиімді пайдалауы қажет. Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялардың саны артып келеді. Қандай да болмасын педагогикалық оқыту технологияларының өзара іштей ұқсастықтары болады. Өйткені бәрінің де мақсаты бір - ол тұлғаны дамыту және қалыптастыруға бағытталуында. Сондықтан жаңа технологиялардың ішінен өзіне қажеттісін таңдап алу - әр мұғалімнің өз шеберлігінде.

Оқытушы оқушыға тақырыпқа сәйкес материалды көп беру керек. Сәйкесінше ол материалды оқушы түсініп қабылдауы керек. Енді бұл процесті қалай жүзеге асырамыз? Осыған байланысты өз іс-тәжірибемді сіздермен бөліскім келді.

9 сыныптарға өткізілген «Металдардың периодтық жүйедегі орны және атомдарының құрылысы, маңызы» тақырыбы жаңа сабақ түрінде түсіндірілді.

Алдымен Д.И.Менделеевтің периодтық кестесінен металдардың нақты орны кесте түрінде көрсетіледі:

1-кесте. Негізгі топшада орналасқан металдар;

2-кесте. Қосымша топшада орналасқан металдар;

3-кесте. Металдардың электрондық құрылысы;

4-кесте. Металдардың қасиетін сипаттайтын шамалардың өзгеру заңдылықтары.

Екінші, маңызы жөнінде айтқанда да түрлі кестелерді пайдалануға болады.

5-кесте. Металдардың табылу кезеңдері;

6-кесте. Жер қыртысындағы және адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрамы;

7-кесте. Металдардың биологиялық маңызы.

Бекіту тапсырмаларында берілген тест тапсырмаларының жауаптарын толтыруға кесте түрінде жауап парағы беріледі, дұрыс жауаптары да сәйкес тексеру парағы арқылы тексеріледі. Мұндай әдіс арқылы тексеру уақыт үнемдейді. Кейін қатемен жұмыс ұйымдастырылады.

Үйге берілген тапсырмада металдардың сипаттамалары кесте бойынша толтырылады.

Мұндай әдіс арқылы оқыту кезінде күтілетін нәтиже:

  • оқушы материалды жүйелі түрде қабылдайды;

  • қажет жерінде саралап талдай алады;

  • беріліп отырған материал айқын көрінеді;

  • оқушы есінде сақтайды;

  • берілген материалды жүйелі түрде айта алады.


Қорыта айтқанда оқытушы өз тақырыбына сәйкес теориялық негіздерін ескере отырып түрлі кестелер құрастырып пайдалана алады.








Сабақтың тақырыбы

Металдардың периодтық жүйедегі орны, маңызы

Сабақтың мақсаты


Металдардың периодтық жүйедегі орны туралы оқушылардың білімін кеңейту. Атомдарының құрылысы туралы білімді еске түсіре отырып, металдарға тән еркшеліктер туралы мағлұмат беру. Металдардың маңызына тоқталу.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Дәстүрлі сабақ

Сабақтың көрнекілігі

Презентация, периодтық жүйе, қосымша материалдар

Пәнаралық байланыс

  1. тарихы

  2. қазақ әдебиеті

  3. биология

  4. география

  5. математика

  6. физика

Сабақтың жоспары

  1. ұйымдастыру бөлімі

  2. жаңа сабақты меңгерту

  3. бекіту тапсырмалары

  4. үйге тапсырма

  5. бағалау

Сабақ барысы

Оқушыларды түгелдеу

Ой қозғау

«Ойна, ойла, оқы!» викториналық сұрақтар

  1. оң және теріс тотығу дәрежелерінің абсолюттік мәні бірдей элемент

  2. элементтердің тотықтырғыштық қасиеті өсетін қатар

  3. активтелген көмірдің адсорбциялық қасиетіне байланысты қолданылатын зат

  4. ең қатты табиғи зат

  5. сарғыш-жасыл түсті газ

  6. сұйықтықтарды сіңіру процесі

  7. кремнийдің сутектік қосылысы

  8. алмаздан кейінгі қатты зат

















Жаңа сабақты меңгерту

Металдар сыртқы белгісі мен қасиеттері бойынша металдар және бейметалдар деп бөлінеді. Ертеде ата-бабаларымыз белгілі металдарға иілгіштік, металдық жылтыр, жылу өткізгіштік және т.б. белгілі бір қасиеттер тән екенін байқаған. Бұл жалпы және ерекше белгілері металдардың барлық класын сипаттайды.

Заттың қасиеттері құрылысына тәуелді екені белгілі. Металдар мен бейметалдардың атомдары сыртқы электрондық қабаттарының құрылысымен, валентті электрондар санымен ерекшеленеді; олардың атомдарынан түзілген кристалдарының құрылысы да әр түрлі. Кристалдық торларының түрлерімен келесі сабақта танысатын боламыз.

Металдардың атом құрылысын түсіну үшін алдымен Д.И.Менделеев жасаған элементтердің периодтық жүйесіне назар аударайық.

1-кесте. Негізгі топшада орналасқан металдар


топ

ІА

ІІА

ІІІА

IVА

VА

VIА

VIIА

период

1

Н

2



B


бейметалдар

3




Si




4





As



5

металдар



Te


6







At

7









Бейметалдар мен металдардың периодтық кестедегі орнын «бор – кремний – мышьяк – теллур – астат» элементтерінен тұратын диагональ шектейді. Осы диагональдан сол жағынан төмен орындардағы барлық элементтер металдарға жатады. Осы диагональға жақын орналасқан элементтер екідайлы болып табылады. Қосымша топшада орналасқан d, f элементтердің барлығы металдар.

2-кесте. Қосымша топшада орналасқан металдар

период

топ

ІВ

ІІВ

ІІІВ

IVВ

VВ

VIВ

VIIВ

қатар

1

1








2

2








3

3









4

4








5









5

6








7









6

8








9








7

10








лантаноид

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

актиноид

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14


















3-кесте. Металдардың электрондық құрылысы


Элемент

Валенттілік электрондарының жалпы формуласы

Мысалдар

s

ns1-2 (n=1-7)

ns1 – сілтілік металдар,

ns2 – сілтілік-жер металдар

p

ns2np1-6

n≥2, оллардың ішінде металдарға жататын элементтер үшін n=5-6 болады

d

ns2 (n-1) d1-10

n≥4, үлкен периодтардың қосымша топшаларының элементтері олардың сыртқы қабаттарында бір немесе екі электрон болады ns2




4-кесте. Металдардың қасиетін сипаттайтын шамалардың өзгеру заңдылықтары


Қасиетін сипаттайтын шамалар

Топ бойынша

Период

Негізгі топша

Қосымша топша

Атом радиустары

артады

V және VI периодтың элементтері үшін кезекті электронның ішкі энергетикалық деңгейге орналасуына байланысты атом радиусы өзгермейді немесе аздап артуы мүмкін.

кемиді

Иондану энергиялары

кемиді

артады

Электрон-тартқыштық

кемиді

артады


Электртеріс - тілік

кемиді

артады



















5- кесте. Металдардың табылу кезеңдері


Металдың пайдаланыла бастаған дәуірі

Алғаш табылған металдар

Біздің заманымызға дейін

Алтын, күміс, мыс, темір, сынап, қалайы, қорғасын

ХҮІІІ ғасырға дейін

Мырыш, сурьма, висмут

ХҮІІІ ғасырда

Платина

ХІХ ғасырда

Натрий, магний, алюминий, хром, марганец, никель, молибден, кобальт, кадмий, иридий

ХХ ғасырдың бірінші жартысында

Жер қыртысында кездесетін қалған барлық металдар

ХХ ғасырдың екінші жартысынан осы кезге дейін

Жер қыртысында кездеспейтін жасанды жолмен алынған металдар (лантаноидтар,актиноидтар)


6-кесте. Жер қыртысындағы және адам ағзасындағы химиялық элементтердің құрамы


















7-кесте. Металдардың биологиялық маңызы.



Элементтің атауы

Қызметі, қолданылуы

Алуға болады ...

Магний

Жүйке ұлпаларының жұмысын жақсартады, сүйек түзуге қатысады, жасыл өсімдіктерде хлорофил түзуге қатынасады. Адамға күніне 400 мг қажет.

Ол нанда, сұлының жармасында, сүт тағамдарында, жаңғақтарда болады. Таңғы асқа “Геркулестен” дайындалған ботқа жеу пайдалы.

Алтын, күміс

Ауыз қуысының бактерияларын залалсыздандырады

Сәйкес металдан жасалған қасықтар

Натрий

Ион түрінде қанның плазмасында және лимфада болады, жаушаның сыртында орналасқан

Ас тұзы

Калий

Адам ағзасында шамамен 175 г калий болады, күнделікті қажет мөлшері – 4 г. Ион түрінде жасушаның ішінде орналасқан

Еттің құрамында, қырыққабаттың құрамында

Кальций

Ересек адам ағзасында – 2% болады, оның 99%-ы түстер мен сүйектерде кездеседі. Ион түрінде қанның ұюына қатысады.

Тіс пасталарының құрамында болады.

Темір

Адам ағзасында 4 г темір бар, оның 65%-ы қанда (гемоглобинде) болады. Сүтқоректілердің қызыл қан түйіршіктерінде 32% кездеседі. Кофені тым көп ішпеу керек, себебі ол темір иондарының сіңірілуін 40%-ға азайтады. Бұл әсіресе гемоглобині төмен адамдар ескеретін жағдай. Анемия ауруы пайда болады.

Көк алмада, ешкінің шикі сүтінде, көк бауырдың құрамында 24% темір бар ферритин деп аталатын зат болады,



Қосымша материалдар

Металдар жайлы қызықты мәліметтер


  1. Таза темір металл тек метеориттерде кездеседі.

  2. Титан темірден екі есе жеңіл, бірақ болат құрамына енген кезде мықтылығы темірден он есе артық.

  3. Жанған магнийді көмірқышқыл газымен өшіруге болмайды, себебі бөлінген оттегімен әрекеттесіп жана береді.

  4. Күміс пен кадмийдің сынаптағы ерітіндісі өте тұрақты әрі қатты, сондықтан олардан тіс пломбаларын жасайды.

  5. Ең үлкен саф алтындар: 1837 жылы 37 кг – Оралдан, 108 кг – Калифорниядан және 250 кг Австралиядан табылды.

  6. 1 кг алтынан ұзындығы 3 420 метрлік сым жасауға болады.

  7. Темірден басқа магниттік қасиеті бар металдар – кобальт және никель.

  8. Қорғасын жіп 2 кг жүкті көтерсе, мыс жіп – 40 кг жүкті көтереді.


  1. Ағзадағы “Өмір металдары” – Ca, K, Na, Mg, Fe, Zn, Cu, Mn, Mo, Co;

  2. “Жеті ғаламшар – жеті металл” – Au – күн, Ag – ай, Fe - марс, Pb - саурн, Cu - шолпан, Hg - меркурий, Sn - юпитер;

  3. Тайқазан 7 металдан құйылған – Fe, Zn, Sn, Pb, Cu, Ag, Au;

  4. “Үштік металдар” – Cu, Ag, Au, Cr, Mo, Nb, Ru, Rh, Pt (сыртқы энергетикалық деңгейінде - 1 электроннан).

Бекіту тапсырмалары

ҰБТ-ден тақырып бойынша жинақталып алынған тест тапсырмалары А, В, С деңгейінде бірнеше нұсқамен беріледі. Әр нұсқада 10 сұрақтан, А деңгейінен 3 cұрақ, В деңгейінен 4 сұрақ, С деңгейінен 3 сұрақ беріледі.

Жауап парағының үлгісі

Оқушының аты-жөні – ________________

Нұсқа – _____


Сұрақтың нөмірі

Дұрыс жауабы

А

В

С

D

E

1

+





2


+



+

3




+


4



+



5

+





Тексеру парағының үлгісі

Нұсқа – _____

Сұрақтың нөмірі

Дұрыс жауабы

А

В

С

D

E

1






2






3






4






5







Боялған тор көздер ойылып алынады. Дұрыс жауапты тексеру кезінде тексеру парағы жауап парағына беттестіріледі, қанша сұраққа дұрыс жауап бергені ойып алынған тор көздердің орнынан көрінеді.

Үйге тапсырма

Қ.Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңінің мәтіні беріледі, оқушылар мәтінде келтірілген металдарды тауып, кемінде 2 металға бүгінгі өтілген тақырып бойынша сипаттама жазады.


Металдың атауы, химиялық таңбасы

Сипаттама беру реті

периодтық кестедегі орны

атом құрылысы

шығу тарихы

жер қыртысындағы және адам ағзасындағы пайыздық үлесі

биологиялық маңызы

металл туралы қызықты мәлімет























Қ.Мырзалиевтің «Менделеев кестесі» өлеңі

Балалықпен байқамаппын, ол кездері аңғалмын,

Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.

Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,

Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.

Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,

Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.

Анау емес, мынау емес – Титан болу сырың ба?

О, жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?

Темірдей деп мақтаушы едік,

Темірдің де кезі өткен

Кезі өтпесе, тұрар ма еді 26-шы кезекте.

Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты болғасын,

Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.

Ал орнын сұрама сен,

Айтуға оны ұялам.

Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан

Элементтер ішінде де қатты сірә, қақтығыс,

Шылапшындық мысыңнан да тұр кейіндеу ақ күміс.

Күміс дейміз

Күмістің де өмірі емес өмірі –

Екінші емес,

Үшінші емес –

Қырық жетінші нөмірі.

Қалай саған ұнайма бұл?

Ұнаса егер, ал тыңда:

Жүлделі орын тимей қалған платина,

Алтынға!

Жетпіс сегіз,

Жетпіс тоғыз –

Екеуінің кезегі

Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.

Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,

Платина сұп-сұр болып, қаны шыққан бетінен

Құрметті тор тимесе егер шын асылда бар ма айып?

Өз орнын күте-күте кеткен алтын сарғайып.

Бағалау

Сабаққа белсене қатынасқан оқушылар бағаланады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 мамыр
1290
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі