Металдар белсенділігін салыстыру

Тақырып бойынша 12 материал табылды

Металдар белсенділігін салыстыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдар белсенділігін салыстыру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Химия, 8 сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

11-сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

ІІІ тарау. Металдар белсенділігін салыстыру

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.

2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

Оқу мақсаты:

8.2.4.1 -кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

8.2.4.2 -белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

8.2.4.3 -металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу.


Бағалау критериі:

  • кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын біледі;

  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды;

  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді;


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлерін таныстыру;

Бейнероликті қолдана отырып, бекіту тапсырмаларын орындату


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Бекітуге арналғантапсырмаларды орындату;

Тапсырмалардың жауаптарын жазу.

Жеке жұмыс

Тапсырманы ұсыну, оқушылар өз бетімен орындауы

Уақыты

Кезеңдері



Тапсырма

Тапсырманың мақсаты

Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Бағалау

Ресурстар

1 минут

00:00 – 03:00

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздерме!

Бүгін, ІІІ тарау. Металдар белсенділігін салыстыру тарауын бастаймыз. Бүгінгі тақырып: Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі.

2 көрсетілім «Белсенді металдардың салқын және ыстық сумен әрекеттесуі»

Бүгінгі сабақта меңгеретініңіз:

  • кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білу;

  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;




Презентация Слайд 1-2










8 минут


03:00 – 11:00






























11:00-14:00

Жаңа сабақ

Қымбатты оқушылар, күнделікті тұрмыста алюминийден жасалған ыдыстардың жылтыр болатынын байқаған боларсыздар. Бірақ, біраз уақыт өткеннен кейін жылтыр ыдыстың жылтырамай қалатынын байқауға болады. Мұның сыры неде деп ойлайсыздар?

Бүгінгі сабақты осы құбылыстың сырын білетін боламыз.


Іс жүзінде көптеген металдар оттекпен тікелей әрекеттесіп, оксидтерді түзеді. Мұндай реакцияларды тотығу реакциялары деп те атайды. Белсенді металдар ауаның құрамындағы оттекпен оңай әрекеттеседі. Жоғарыда атаған алюминийден жасалған ыдыстардың біраз уақыт өткеннен кейін жылтырламай қалуы ыдысты осы оттектің қаптауымен байланысты.

Және бұл реакциялар түрлі температурада, әртүрлі жылдамдықпен жүреді.


Магний мен мыстың ауада жану реакцияларының тәжірибелік жұмысын келесі бейнематериалдан қарап көрейік (1-видео).

Міне балалар, магний мен мыстың ауада қалай жанатынын көрдіңіздер. Енді келесі бейнематериалдан басқа да металдардың оттекпен әрекеттесуін қарап көрейік (2-видео)



Металдардың сумен әрекеттесуін қарастырайық. Өте белсенді металдар қалыпты жағдайда сумен гидроксид және сутек газын түзе әрекеттеседі. Натрий және магнийдің сумен әрекеттесу реакциясының тәжірибелік жұмысын көру үшін келесі бейнематериалға назар аударайық (3-видео)

Келесі бейнематериалдан металдардың сумен және бумен әрекеттесуін қарап көрейік (4-видео)




Металдар коррозиясы

Қоршаған орта факторларына ұшыраған металдардың біртіндеп жойылуы коррозия деп аталады. Коррозия металл бөлшектерінің қызмет ету уақытын азайтады, сол себепті жағымсыз құбылыс болып есептеледі. Болат пен темірдің коррозиясы тат басу деп аталады. Тат жайлы толық білу үшін келесі бейнематериалға наза аударайық (5-видео)


Тат жайлы ақпатарратды көрдіңіздер.

 Темірдің тат басуын тудыратын негізгі фактор – ауамен қосылған су. Темір мен болат оттек және сумен әрекеттесіп, қызыл-қоңыр түсті гидратталған темір (III) оксидін түзеді: 2Fe + nH2O + 3O2 = 2Fe2O3  nH2O.

Келесі бейнематериалдан коррозия себептерін зерттеп көрейік (6-видео):



Жаңа тақырыпты меңгеру



Презентация



Слайд 3


1-видео (0:51 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/12.mp4







2-видео (1:17 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/28.mp4



Слайд 4

3-видео (2:22 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/16.mp4


4-видео (1:22 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/29.mp4


Слайд 5

5-видео (1:36 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/35.mp4

6-видео (1:45 мин)

https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_12733/21.mp4

10 минут


14:00-23:00



























Бекіту тапсырмасы


1-тапсырма. Тотығуға тезірек ұшырайтын металл?

А) Al

Ә) Cu

Б) Na

Жауабы: Б) Na (белсенділігі алюминий мен мысқа қарағанда жоғары))



2-тапсырма. Металдардың қайсысы тек ыстық сумен немесе су буымен әрекеттесетінін, қайсысы суық сумен де белсенді әрекеттесетінін сипаттаңыз

А) Аu

Ә) Fe

Б) Na

Жауабы:

Au - Сумен әрекеттеспейді

Fe - Ыстық сумен не су буымен ғана әрекеттеседі

Na - Суық сумен де белсенді әрекеттеседі

3-тапсырма. Жоғарыда қараған «металдардың коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу» тәжірибесіне сүйене отырып, коррозияға негізгі себеп болатын заттарды белгілеңіз

А) мақта, ауа қатысынсыз

Ә) су, ауа қатысында

Б) су, ауа қатысынсыз

Жауабы: Ә

Жаңа тақырыпты меңгеруге










Дескриптор: Білім алушы

  • қаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын табады



  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды


  • Коррозияны тудыратын заттарды тауып, белгілейді




Презентация Слайд 6








Слайд 7




Слайд 8







Слайд 9











Слайд 10-11

2 минут


23:00-25:00








Бүгінгі сабақта:

  • кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтындығын білдім;

  • белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттадым;

  • металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттедім;


Тақырыпты меңгергенін анықтау



Презентация

Слайд 11












Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
26.11.2025
17
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі