400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру.

Материал туралы қысқаша түсінік
Материалда металдардың жалпы белсенділік қатарын олардың әрекеттесу ерекшелігіне қарай топтастыруға бағытталған.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Қызылорда қаласындағы химия-биология бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Пәні: Химия

Сабақ жоспары

Мұғалімнің аты-жөні:

Калиева Ж. А.

Сабақтың тақырыбы:

Металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру.

Металдардың белсенділік қатарын болжау.

Химиялық реакция теңдеулерін құру.




Кәсіби даму мақсатының тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау стратегиялары арқылы оқушылардың анализ, синтез дағдыларын дамыту



Сынып: 8 «D»

Күні: 29.10.2018ж

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Осы сабақта

қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқубағдарламасына сілтеме)

8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен орынбасу реакцияларын жоспарлау және зерттеу

8.2.4.7 металдардың сумен, қышқыл және тұз ерітінділерімен реакциялары негізінде, металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру

8.2.4.8 белгісіз реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау

8.2.3.6 металдардың қышқыл және тұз ерітінділерімен химиялық реакция теңдеулерін құру


Сабақ мақсаттары

  • Металдардың су, тұз және қышқыл ерітінділері қатысында жүретін реакциялары негізінде металдар белсенділігінің жалпылама қатарын құру .

  • Әртүрлі реакциялардың жүру мүмкіндігін металдардың белсенділік қатарын қолдана отырып болжау

  • реакция теңдеулерін жаза алу.


Жетістік

критерийлері

-Оқушы белгісіз реакциялардың шешімін олардың қасиеттеріне қарай алдын-ала жоспарлап, зерттеу арқылы таба алады;

-су, тұз, қышқыл ерітінділері қатысында жүретін реакциялардан салыстырмалы кесте құрастыра алады;

-өз кестесін түсіндіріп, жұмысын бағалай алады.


Тілдік мақсаттар



Пәнге қатысты лексика және терминология

Оқушылар жаңа сөздерді өз түсінгендіктерін көрсету үшін қатесіз пайдалана алады.

Пән бойынша арнайы лексика және терминология:

Тұз, қышқыл ерітінділері, белсенділігі жоғары, орташа, төмен, реакция жүреді – жүрмейді

Диалог және жазу үшін пайдалы сөз тіркестерінің жинағы:
.... тұз ерітінділері қышқыл ерітінділеріне қарағанда реакция жүру механизмі басқаша болады. Себебі тұздар ,құрамында...

-Сулы ортадағы реакция мен қышқыл ерітінділері арасындағы реакцияларды салыстырсақ мынандай тұжырымға келуге болады: ...

-қорытындылай келе, біз байқаймыз...

Құндылықтарды дамыту

Ой қозғау, жылдамдық, нақтылық, ақпараттарен жұмыс жасау, қорытындылау.

Пәнаралық байланыстар

Биология, физика


АКТ қолдану дағдылары

Canva, flippity сайты

Бастапқы білім

8.2A Металдардың белсенділік қатары


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланғанкезеңдері

Жоспарланған іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы

0-15 мин

Сәлемдесу. Сабаққа психологиялық дайындау.

Алдыңғы бөлім материалын қайталау

Сыныпта жағымды ахуал қалыптастыру – «elements» әдісімен – оқушылар элементтің бас әрпінен басталатын жылы сөздер айту арқылы бір-біріне жақсы көңіл күй тілейді.

Оқушыларды топқа бөлу – flippity сайтымен бөлінеді.

Үй жұмысын тексеру


Алдыңғы сабақтарда өтілген қышқыл, тұз, сілті терминдерін қайталау, мысал келтіру – тест тапсырмалары – 5 минут

Сұрақтар:

- қышқылдар, сілтілер, тұздар деп қандай ерітінділерді атаймыз?

- оларға қандай мысалдар келтіре аламыз?

- күнделікті тұрмыстағы қышқыл, сілтілерге мысал келтіру



Презентация




Сабақтың ортасы

16-36 мин

Тапсырма №1. Жеке жұмыс

Оқушыларға алдын-ала дайындалған өзіндік жұмыстар беріледі. Орындауға – 7 минут уақыт.


Жеке жұмысты бағалау критерийлері:

- оқушылар қышқыл, тұз, сілті ерітінділерін ажырата алады және оларды дұрыс атайды;

- реакция теңдеулерінің жүру-жүрмеуін түсіндіреді, оны металдардың белсенділік қатарымен байланыстырады;

- реакция теңдеулерін қатесіз жаза алады.


Тапсырма №2. «Крестики-нолики» әдісі – топтық жұмыс – 10 мин

Оқушылар икс және нолик топтарына бөлініп, стикерлерде берілген сұрақтарды орындау арқылы өздерінің белгілерін салып, ойынды алғаш аяқтауы қажет.

Тапсырманың бағалану критерийі:

- топтағы оқушылардың барлығы қатысуы және белсенділік;

- сұрақтарға нақты және дұрыс жауап беруі;

- жылдамдық;



Плакатпен, стикерлермен жұмыс












Сабақтың

соңы

37-40 мин


Рефлексия – Тик Ток әдісі

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Үйге тапсырма

Бөлім бойынша эссе – ой-тұжырым жазу



Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Барлық оқушылар:

-металдардың әртүрлі ортада жүретін реакцияларын болжай алады.

Көптеген оқушылар:

- металдардың ерітінділерімен реакция теңдеулерін сөзбен және химиялық теңдеулер арқылы жаза алады


Кейбір оқушылар:

-металдарды ерітінділермен реакцияласу қабілетін салыстырып, өздерінің «салыстырмалы кестесін» құрастыра алады, оны құрастыру негізін түсіндіріп, бағалай алады.

- өздік және топтық жұмыстарға қатыса алады


Кері байланыс жасау арқылы;

Тапсырмалар орындату арқылы

Ақ халат кигізу, партада дұрыс отыруын қадағалау, слайдтардағы жазулардың көрнекі болуы

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауапберіңіз.


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралыда, оқу туралыда ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал етеалады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24.11.2023
296
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі