400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Металдар және бейметалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
материал мұғалімдерге сабақ жоспарлауда оң әсерін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.3 А Химиялық элементтің

периодтық жүйесі


Мектеп № 67 М. Қазыбек атындағы жалпы орта мектеп

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Мамеев Б.Р.

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Металдар және бейметалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

9.2.1.7. Химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау


Ойлау дағдыларының

деңгейлері

Білу және түсіну

Қолдану

Сабақ мақсаттары

-- Периодтық жүйедегі металдар мен бейметалдардың орналасуын оқып білу;

-металдар мен бейметалдарға тән қасиеттерді сипаттау ;

-атом құрамындағы электрон, протон, нейтрон санын анықтау;

-

Бағалау критерийлері

Барлық оқушы:

Периодтық жүйедегі металдар мен бейметалдардың орналасуын біледі,атайды. . Атом құрамындағы электрон, протон, нейтрон санын анықтайды.

Көптеген оқушы :Металл мен бейметалға ВЕНН диаграммасын

құрастыра алады.

Кейбір оқушы: Металл мен бейметалдарға тән қасиеттерді біледі,сәйкестендіру тестін орындай алады.

.

Тілдік мақсаттар


Оқытудың тілдік мақсаттары: Д.И.Менделеев кестесін пайдаланып, металдар мен бейметалдарды ажыратып, топпен жұмыс жасай алады. Берілген тапсырмамен жұмыс жасай отырып , берілген элементтерге сипаттама береді.

Оқылым, жазылым, айтылым, тыңдалым,есте сақтау, сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптасады.

Пәнге қатысты сөздік терминдер: электрондық қабат,электрон саны,ең жеңіл бейметалл, ең қатты металл,ең иілгіш металл.

Диалог құрға / жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

Металлоидтарға тән қасиеттер ------------.

Металдар химиялық реакция барысында электрондарын--------------Бейметалдардың сыртқы қабатында электрондары---------------.

Негізгі топша металдары ---------------

Қосымша топша металдары -------------



Құндылықтарға баулу

Тапсырманы шешу жолдарын іздестіруге дағдыландыру, ақпаратты есте сақтай білуге,сын тұрғысынан ойлай білуге, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білуге баулу,өмір бойы білім алуға дайын болу дағдыларын қалыптастыру.



Пәнаралық

байланыстар

Математика : атом құрамындағы электрон, протон, нейтрон санын анықтау.

Физика: металдардың электр өткізгіштігін сипаттау.

.

Алдыңғы білім


7.1.2.3 металдар мен бейметалдарды физикалық қасиеттері бойынша ажырату

7.1.2.4 элементтерді металдар мен бейметалдарға жікеу

7.1.2.5 атом құрылысын сипаттау

Сабақ жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0-2мин



2-4 мин

4-7 мин





7-11 мин


Ұйымдастыру кезеңі :сәлемдесу


Сыныптың ахуалын қалыптастыру- «бір тілек» әдісі


Топқа бөлу: екі түсі конфеттер арқылы 2 топқа біріктіремін.

1 топ: « Металдар»

2 топ: « Бейметалдар»

Алдыңғы білімді пысықтау: « Сұрақты қағып ал» әдісі

1.Сілтілік металдарға қандай элементтер жатады?

2.Сілтілік металдарға тән қасиеттерді сипатта? 3.Галогендер периодтық кестенің нешінші тобында орналасқан,оларға тән қасиеттерді сипатта?

4.Инертті газдарға тән ерекшеліктер қандай?

ҚБ : Смайликтер арқылы









Д.И.Менделеев кестесі

Сабақтың ортасы

12-21 мин
















22-23 мин















24-26мин













27-30мин































31-36мин










(Т) « Сұраққа жетіп ал » әдісі .Сабақтың мақсатын ашу

Топ мүшелері оқулықтағы мәтінмен жұмыс жасайды.

Оқшылар алдымен жұптасып,кейін топпен жұмыс жасайды.

Жұптасып:

1.Металдар мен бейметалдарды сипаттау үшін жазып алған сөздеріңізді жұбыңызға айтыңыз.

2.Металдар мен бейметалдарға тән қасиеттерді түсіндір?

Топпен:Металдар мен беймеалдардың периодтық жүйеде орналасуына, физикалық қасиеттеріне талдау жасаңдар.

Қ.Б : «шапалақ »




1-тапсырма:(Р) « Бір минуттық әңгіме » әдісі

Сөйлемдердегі бос орындарға « металл» және «бейметалл» сөздерін қойыңдар:

Периодтық жүйенің үшінші периоды ------элементінен басталады да,-------элементімен аяқталады.

Периодтық жүйенің төртінші периоды -------элементінен басталады да, --------элементімен аяқталады.


Дескриптор

- Үшінші, төртінші период элементтерін атайды.

- Металмен бейметалды ажырата алады.

ҚБ: « Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.


2-тапсырма: (G ) «Еркін жазу» әдісі

Төменде берілген элементтердің электрон, протон, нейтрон санын анықта?

а) К б) Са в) S г) Mg


Дескриптор

-Калий, кальций, күкірт, магний элементтерінің электрон, протон,нейтрон сандарын анықтай алады.

.

ҚБ: « Бағдаршам» әдісі



3-тапсырма: ( I) «Кім жылдам » әдісі

Тапсырманы оқып, келесі элементтерді сәйкестендір.




Элементтер

Элементтерге тән

қасиеттер

күміс

Ең жеңіл бейметалл

сутек

Ең жеңіл металл

литий

Ең қиын балқитын металл

алтын

Жұмсақ металл

натрий

Ең иілгіш металл

хром

Электр тогын жақсы өткізеді

вольфрам

Ең қатты металл




Дескриптор

-берілген элементтерге тән қасиетерді есіне түсіреді,

-қасиеттері бойынша оларды сәйкестендіреді.


ҚБ: «Мадақтау» әдісі





4 тапсырма: « Венн диаграммасы» әдісі

Оқушыларға металдар мен бейметалдарға тән ортақ жайттарды және әрбір ұғымның өзіне тән ерекшеліктерін жазуды тапсырамын.



Дескриптор

-металдар мен бейметалдарға тән қасиеттерді біледі;

-металдар мен бейметалдарға тән ортақ жайттарды жаза алады.

ҚБ: « Түрлі-түсті жұлдызшалар» әдісі



Оқулық 8сынып

« Мектеп »







Химия

оқулығы

133бет





А4 парағы











А4 парағы







А4 парағы





















Оқушы дәптері



Сабақтың соңы

37-40 мин

Кері байланыс. «Нысаналар» әдісі


А 4 парағы


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқулықтағы мәтінді топта «Сұраққа жетіп ал» әдісі арқылы оқытып, талдату жүргіземін. Оқушының өз бетінше жұмыс жасау,өз бетінше ойлап, ақпаратты меңгеру дағдысын қалыптастырамын.

1-тапсырмада оқушыларға сөйлемдегі бос орындарға металл немесе бейметалл сөздерін қоюды тапсырамын.Олар бұл тапсырманың жауабын жұбымен талдап, бір минут ішінде айтуы қажет.Оқушыларда жылдам ойлау,тиянақты білім алу ,өз пікірін білдіру дағдылары қалыптасады.

2 тапсырманы оқушылар «Еркін жазу» әдісімен анықтайды.Тапсырмада берілген элементтердің электрон,протон, нейтрон сандарын анықтайды.

3 тапсырманы « Кім жылдам» әдісі арқылы жүзеге асырамын.Оқушылар металдар мен бейметалдарға тән белгілерді анықтап,сәйкестендіру жұмысын жүргізеді.

4 тапсырманы « Венн диаграммасы» бойынша металдар мен бейметалдарға тән қасиеттерді ажыратып, оларға тән ортақ белгілерді жазады.

Смайлик, басбармақ әдістері арқылы оқушыларды ынталандырып,қызығушылығын ояту мақсатында бағалап отырамын.

Бағдаршам, мадақтау, түрлі-түсті жұлдызшалар әдістері арқылы оқушылардың білімін, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын бағалап отырамын..

Химия кабинетіндегі қауіпсіздік ережелерімен таныстырамын.

Орындық, оқу құралдарын пайдаланған кезде мұқият болу.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз


Жалпы баға


Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:



2:




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
05.04.2019
962
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі