400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 16 материал табылды

Металдар және металл қорытпалары.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал колледждің оқытушыларына көмек болар деген ойдамын
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сабақ жоспары

Курс:

2

Топ:

89

Сабақтың номірі

2

Мамандық-біліктілік:

1201000 - Автокөлікке техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану.1201072-автокөлікті жөндеу слесарі.

Модульдің атауы:

«Автокөлік саласында металдардың,олардың қорытпаларының материалдардың қолданылуы»

Сабақтың тақырыбы:

Металдар және металл қорытпалары.

Күні:

05.09.2018.ж.

Ұзақтылығы:

2-сағат.

Өткізу орны:

МКҚК "Шелек политехникалық колледжі"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік. Металдар және металл қорытпалары туралы

білім беру.

Дамытушылық. Студенттердің негізгіні белгілеу, талдау,

жалпылау, қорытынды жасау, өз бетім шешім

қабылдау, алынған білімді іс жүзінде қолдану

қабілеттерін дамыт.

Тәрбиелік. Жауапкершілікке, адамгершілікке, ізгілікке,

еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың міндеттері:

Мазмұнға байланысты: металдардың құрылысы мен қасиеттерін; металдар мен қорытпалардың топтастырылуын, қолдану саласын игереді. Материалтануға байланысты сауаты ашылады.

Сыни турғыда ойлауды (СТО)дамытуға байланысты:Өз пікірімен салыстырады, тыңдауды үйренеді. Алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алатын болады.

Ұжыммен, топпен, жұпен жұмысқа байланысты: Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке үйренеді, өз білімдерінен қорытынды жасай алады, толлеранттыққа бейімделеді.

Күтілетін нәтижелер:

Материалды сырт келбеті бойынша анықтау, түрлі қорытпаларды өңдеу үшін кесетін құрал таңдау қабілеттеріне ие болу керек.

Сабақтың түрі:

Аралас сабақ.

Оқыту әдістері, әдістемелік тәсілдер,педагогикалық техника,педагогикалық технологиялар:

Сабақ барысында материалды бекіте отырып сөйлесу, суденттердің оқытушының бақылауымен өзіндік жұмыс жасау.

Қажетті жабдықтар мен аспаптар:

интернет-ресурстары, проектор, бейнетаспа, презен-тация,тест жинағы.

Қосымша көздер (әдебиеттер)

Е.Н.Соколова «Материалтану.Оқыту әдістемесі» («Академия»,Москва-2014),

А. А.Черепахин « Материалтану : орта кәсіби білім беру студ.мекемелеріне арналған оқулық / Москва : «Академия» баспа орталығы, 2014.

Е.Н.Соколова «Материалтану.бақылау материалдары» («Академия»,Москва-2014),

орысша-қазақша терминологиялық сөздік

Оқытушының байланыс ақпараты:

Шыныбаев Далелхан Абдымадиевич.




Сабақ жоспарының қысқаша жазбасы

Сабақтың барысы

Уақыт(минут)

Оқытушы-ның әрекеттері

Тыңдаушылар-дың әрекеттері

Оқу ресурстары мен материалда-ры

1

2

3

4

5

1.Ұйымдастыру кезеңі

3

Сәлемдесу, түгендеу

Оқытушының іс-қимылына жауап беру.

Журнал

2.Үй тапсырмасын тексеру

7

Студенттер тобына сұрақ

Жауап беру

Оқулық, конспект

3.Оқушылардың негізгі кезеңде жұмысқа дайындығы

3

Бақылау

Оқу құралдарн дайындау

Оқу құралдары

4. Жаңа материалды баяндау

30

Металдар және металл қорытпала-ры.

Муқият тыңдап,конс-пект жазу

Оқулық, проектор

5. Өткен материал бойынша студенттердің оқытушыға сұрақтары

7

Жауап беру

Сұрақ қойу

Оқулық, проектор

6.Өткен материалды бекіту

10

Кластер құру

Кластер толтыру

Тақта,маркер

7.Үй жұмысы

5

Үй жұмысын түсіндіру

Тыңдайды,сұраққа жауап береді

Оқу құралдары

8.Қорытындылау

10

Үздіктерді атау,ескерту мен олқылық-тарды айту

Тыңдайды, нәтиже шығаруға талпынады


9.Бағалау. Рефлекция.Бағдаршам әдісі

5




САБАҚТЫҢ МАЗМҰНЫ

Металдар және металл қорытпалары.

Құрылысы бойынша брлық қаты заттар аморфтық және кристалдық болып бөлінеді. Атомдары кеңістікте бейберекет орналасқан қатты заттар (әйнек, пластмаса, смола, және т.б.) аморфтық деп аталады. Атомдары (иондар) кеңістікте қатаң тәртіпте және дұрыс геометриалық пішіндегі тор түзетін қатты заттар кристалдық деп аталады. Металдар-бұл химиялық элементтер, олардың сипатты белгілері-мөлдір емес, жылтыр, электр және жылу өткізгіштігі жоғары, көпшілігі жақсы пісірілгіш болып келеді. Барлық металдар мен олардың қорытпалары кристалдық құрылымда болады. Әрбір металда немесе қорытпада өзінің кристалдық тор түрі болады.Аморфтық заттарда (мәселен,парафин) белгілі балқыу температурасы болмайды.Аморфтық денелер жоғары температурада қыздыру кезінде жұмсарады,бастапқыда олар тұтқыр болады,ал кейіннен сұйық күйге келеді.

Барлық кристалдық заттардың (металдар және олардың қорытпаларының) аморфтық заттардан айырмашылығы-балқыұдың белгілі температурасына ие болады, яғыни кристалдық денелер қыздыру жағдайында балқу температурасы t0 деп аталатын белгілі бір температураға дейін қатты болып қала береді.Балқыу температурасы t0 жағдайында кристалдық заттар суйық күйге өтеді, содан кейін сұйық металды қыздыру жүргізіледі. Әрбір металл немесе қорытпа кристалдық тордың өзіндік түріне ие болады.

Кристалдық торлар түйінінде тербелмелі қозғалыс жасайтын атомдар орналасқан.Сыртқы қабықтағы электрондар атомдарының жақындасуынан өздерінің атомдарымен байланысын үзеді. Бос электрондар түзілуі жүреді. Осылайша, қатты күйдегі металл бос электрондар мен қоршалған оң зарядталған иондардан тұратын құрылымды көрсетеді.Оң зарядталған ион-бұл, өзінің электронын жоғалтқан атом. Металдардағы байланыс күштері иондар арасындағы тебу күштері және электрондар арасындағы тартылыс күштерімен анықталады.Бұл металдық байланыс деп аталады. Металдың сұйық күйден қатты күйге өту процесі кристалдану деп аталады.

Металды металдармен немесе бей металдармен қайта балқытқан жағдайда метал қорытпалар түзіледі. Металл қорытпаларының кристалдық торы бірнеше құраушылардан турады. Мәселен,жездің кристалдық торы мыс пен мырыштан құралады. Дюралюминийдің кристалдық торы алюминий, мыс, магний, марганец атомдарынан құралады.AI-c-Cu-Mg-Mn. Қорытпалардың қасиеті таза металдардың қасиетіне қарағанда жақсырақ, сондықтан таза металдан гөрі қорытпалар жиі қолданылады.

Құйма болатты алу жолын қарастырайық. Құйма болатты металл қалыптарда салқындату жолымен алады.Соңғы кезекте қатаятын құйманың жоғағы бөлігінде салқындату кезінде металл көлемінің кішіреюі салдарынан шөгіу қуысы түзіледі. Шөгу аумағы мен оның астындағы материалдар қолданылмайды.







Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
12 мамыр
1280
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі