15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Металдар және олардың құймаларын алу әдістері
Шығыс Қазақстан облысы,Абай ауданы,Қасқабұлақ ауылы
«М.Әуезов орта мектебі» КММ
Химия пәнінің мұғалімі Қабышева Алма Қайыртайқызы
Күні: 11.03.2019 ж
Сыныбы: 9
Пәні: Химия
Сабақтың тақырыбы: Металдар және олардың құймаларын алу әдістері
Сабақтың мақсаты: Металдар және олардың құймаларын алу әдістері туралы ақпараттар алу
Білімділік : металдарды жан-жақты зерттеу арқылы металдар, оның қосылыстары, қолданылуы , маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Тәрбиелік: Өздігінен талпынып, жауапкершілігін сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой-өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыру.
Оқу нәтижесі:
1.Топпен жұмыс жасау барысында оқушының сабаққа қызығушылығы,белсенділігі артады;
2. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері туралы дағдысы қалыптасады.
3. Металдар және олардың құймалары туралы жинақтаған білімдерін есептер шығаруда қолдана алады;
Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту.
Сабақтың түрі: ізденіс сабақ
Сабақтың
әдісі: сұрақ-жауап, кестемен
жұмыс,баяндау
Көрнекіліктер: интерактивті
тақта, Д.И.Менделеев жасаған периодтық кесте,
дидактикалық материалдар, Слайд ,видеоролик, кескін
карта,құйманың үлгілері
Сабақтың барысы:
“Туған жердің қара тасын мақтан ете білмеген адам, бөгде жердің алтын тасын да
мақтап жарытпақ емес”. Қ.И.Сәтбаев.
І.Ұйымдастыру. 5 мин
2. «Сиқырлы сандық» үй тапсырмасын пысықтау 5 мин
3. “Іздеген жетер мұратқа”жаңа материалды меңгеру 10 мин
4. “Біліміңді сына” бекіту 10 мин
А) “Кім жылдам?” сәйкестендіру
Ә) “Кім алғыр?” есептер шығару
5. «Бейнет түбі- зейнет» бағалау 5 мин
6. Үй тапсырмасы 2 мин
7.Кері байланыс 3 мин
І.Ұйымдастыру. А.Сәлемдесу
Ә. «Шаттық шеңбері» Шаттық шеңбер құрғанда
Болу керек қозғалыс.
Қос қолыңды созғанда,
Бір-біріңмен тез таныс – деп сабағымызды бір-бірімізге деген ыстық ықыласпен, тәтті тілектермен бастаймыз.
Б. Топқа бөлу. Оқушылар Ғе, Аl , Сu элементтерінің таңбалары бар кеспе қағаздар арқылы топқа бөлінеді.
1 топ – «Темір» 2 топ – «Алюминий» 3 топ – «Мыс»
ІІ. «Сиқырлы сандық» Үй тапсырмасын пысықтау. Сұрақ -жауап
1. Д.И.Менделеевтің периодтық кестесіндегі қосымша топшаларында қандай элементтер орналасқан: металдар.
2. Металдарды бөліп алудың қандай әдістерін білесіңдер? Пирометаллургия,гидрометаллургия,электрометаллургия
3. Қазақстанда өндірілетін аса бағалы металдар: алтын, күміс,платина және сирек кездесетін металдар: ваннадий,молибден,уран
4. Кен дегеніміз не?
5. Еліміздегі темір кен орындарын ата: Қостанай,Соколов-Сарыбай,Қашар,Лисаков,Орталық Қазақстанда Атасу,Қаражал
6. Қазақстандағы қара металлургияның ең ірі кәсіпорындарын ата: Теміртау металлургия комбинаты,Ақтөбе ферроқұйма зауыты,Соколов- Сарыбай,Лисаковск тау-кен комбинаты
7. Металдардың жемірілуі дегеніміз? Жемірілу нешеге бөлінеді?
8. Қазақстан қазба байлықтарының металлогендік картасын кім жасады? Қ.И.Сәтбаев
9. Қазақстанда қара және түсті металлургия қалай дамыған?
10. Жемірілумен күресудің қандай бағыттары бар?
ІІІ. «Іздеген жетер мұратқа» Жаңа материалды меңгеру
Бейнебаян көрсетіледі.
Әр топқа мәтін және құйма үлгілері беріледі, оқушылар мәтін бойынша постер құрып оны қорғайды.
1 топ – «Темір» Темір және оның құймалары
2 топ – «Алюминий» Алюминий және оның құймалары
3 топ – «Мыс» Мыс және оның құймалары
IV. Біліміңді сына” Бекіту тапсырмалары
А) “Кім жылдам?” Сәйкестендіру жұптық жұмыс
|
Құйманың сипаттамасы |
Сәйкестендіру |
Құйманың аты |
|
1.Темірдің көміртекпен (2%-ға дейін) және басқа элементтермен қорытпасы. |
|
А.Мельхиор |
|
2.Әшекейлік бұйымдар мен мүсіндер құюға пайдаланылатын мыстың құймасы. |
|
Ә.Магналий |
|
3. Мыстың никельмен (5-30%) кейде темір (0,8%) мен марганец (1%) қосылған қорытпасы |
|
Б.Шойын |
|
4.Алюминийдің магниймен және басқа элементтермен қосылған қорытпасы. Коррозияға төзімді, иілгіш. |
|
В.Болат |
|
5.Темірдің көміртекпен қорытпасы (құрамы 2,14%-дан көбірек). |
|
Г.Қола |
Ә) “Кім алғыр?” есептер шығару
1 .топ: Молекулалық формуласын анықта: Ғе-51,9 %; О-45,3 %; Н-2,8%
2 .топ :Мынадай өзгерулерді іске асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар:
CuSO 4 →Cu →CuO→CuCI2→Cu(OH) 2→Cu(OH)NO3 →Cu(NO3)2
3. топ: Массасы 15г калий гидроксиді бар ерітінді мен массасы 30г алюминий хлориді бар ерітіндіні араластырғанда неше грамм алюминий гидроксиді түзіледі.
V. «Бейнет түбі- зейнет» бағалау
Кескін картамен жұмыс
Тапсырма:
Қазақстандағы мыс,алюминий, темір кен орындарын кескін картаға түсіріңдер.
VI. Үй тапсырмасы: «Өскемен титан-магний» комбинатындағы магнийдің өндірілуі жайлы мәліметтер жинау
VII.Кері байланыс «Бағдаршам»

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген