400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Металдар мен бейметалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдар мен бейметалдар
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.3А Химиялық элементтердің периодтық жүйесі Күні:

Сынып:8

Мектеп: Ә.Махутов атындағы мектеп-балабақша кешені КММ

Мұғалімнің аты-жөні: Кубенгалиева Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Металдар мен бейметалдар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.2.1.7 –химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау


Сабақтың мақсаты

-бір топта орналасқан элементтердің қасиеттері ұқсас екенін түсіндіру;

-периодтық жүйенің жалпы заңдылықтарын түсіндіру;

- химиялық элементтің периодтық кестеде орналасуына сай қасиеттерін болжау;

Бағалау

критерийі

-оқушылар периодтық жүйенің құрылысын біледі;

-оқушылар белгісіз эленттің қасиеттерін болжайды;

Тілдік мақсаттар



Оқушылар жаңа лексиканы өздерінің оны түсінгенін көрсету үшін дұрыс пайдалануға қабілетті

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Тор, құйма, жалтыр, металдар, иондар, электрондар

Қайнау/балқу нүктесі

Жылтыр, иілгіш, созылымды

Диалог пен хатқа арналған пайдалы сөйлемшелер жиынтығы:

Барлық/көпшілік металл:

- үш сыртқы электроннан артық қа ие емес

- оң иондарды түзеді

Барлығы/көпшілік металл:

-иондық қосылыстар

- жылтыр, иілгіш, созылымды

Кейбір металдар Х түзбейді/болып табылмайды/ие болмайды.

Құндылықтарға баулу

Қоршаған ортаға қамқорлық және тұрақты дамуға құлшыну. Бір-біріне сыйластық, құрмет. Өмір бойы үздіксіз оқу.

Пәнаралық байланыс

Физика

Алдыңғы білім

Атом құрылысы – атомдық (протондық) нөмір мен массалық (нуклондық) сан



Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 минут


Оқушылармен сәлемдесу.

Оқушыларды түгелдеу.

Сыныпта ынтымақтастық орнату.

Сабақтың тақырыбын анықтау.

Оқушылар суретке қарай отырып өз пікірлерін айтып, сабақтың тақырыбын айқындайды:

Металдар мен бейметалдар

Сабақ мақсаты мен таныстырылады



Слайд, презентация





Ортасы

6-36 мин



























































-Металдар периодтық жүйеде қайда орналасқан?

-Олардың атом құрылысында қандай ерекшелігі бар?


Металдардың периодтық жүйеде орналасуы

Оқушыларды топтарға бөліп, топтық тапсырма беріледі

Көрсетілім: темірдің және күкірттің қасиеттерін зерттеу. (жылтыр, магнитке тартылуы, түсі, электрөткізгіштігі)

Тапсырма 1

Қайсысы артық?

а) Жауабыңызды түсіндіріңіз

________________________________________________

б) Жауабыңызды түсіндіріңіз

_______________________________________________

в) Жауабыңызды түсіндіріңіз

________________________________________________


Бағалау критерийлері

Дескриптор

Берілген металдар қатарынан артық элементті табу.

а – қатарындағы артық элементті табады, жауабын түсіндіреді

б – қатарындағы артық элементті табады, жауабын түсіндіреді

в – қатарындағы артық элементті табады, жауабын түсіндіреді


Тапсырма 2

Топтық тапсырма

1-топ: Элементтердің металдық қасиеттері топ және период бойынша қалай өзгереді?

2-топ: Элементтердің бейметалдық қасиеттері топ және период бойынша қалай өзгереді?

Оқушылар топ арасында жауаптарын алмастырып, өзара бағалау жұмысын жүргізеді.

Бағалау критерийлері

Дескриптор

Оқушылар элементтердің қасиеттерін болжайды

Элементтердің металдық және бейметалдық қасиеттерін топ және период бойынша сипаттайды.

Дәптермен жұмыс

Металдардың қасиеттерінің өзгеруі

Топ бойынша: атом радиустары жоғарыдан төмен қарай артады, иондану энергияларының шамасы мен электронтартқыштық және электртерістілік кемиді. Олай болса, металдық қасиет (электрондарды беру қасиеті) біртіндеп артады.

Период бойынша: солдан оңға қарай атом радиустары біртіндеп кемиді, иондану энергиясы, электронтартқыштық және электртерістілік артады. Сондықтан, металдық қасиет біртіндеп бәсеңдеп, бейметалдық қасиет артады.


Бейметалдардың қасиеттерінің өзгеруі

Топ бойынша: жоғарыдан төмен қарай бейметалдық қасиеттің төмендеуі сыртқы энергетикалық деңгейлердегі электрондар сандары бірдей элемент атомдарының радиустарының артуымен түсіндіріледі.

Период бойынша: солдан оңға қарай бейметалдық қасиеттің артуы бірдей энергетикалық деңгейібар элементтер үшін сыртқы энергетикалық деңгейдегі электрондар сандарының 3-тен 7-ге дейін артуына байланысты болады.


Тапсырма 3

Жұптық жұмыс (Веен диаграммасы)

Металдар Бейметалдар

Shape1 Shape2







Жеке тапсырмалар

1. Бейметалдардың таңбасын көрсетіңіздер

А) Na B)Mg С)H D)S

2. Металдардың таңбасын көрсетіңіздер

А) Na B)Mg С)H D)Sі

3. Біріншісінен соңғысына қарай бейметалдық қасиеттері артатын элементтердің қатары:

  1. Na, Mg, Si

  2. K, H, Na

  3. Mg, Sr, Ba

  4. Br, Cl, F

4. Біріншісінен соңғысына қарай металдық қасиеттері артатын элементтердің қатары:

  1. Na, Mg, Al

  2. Na, K, Rb

  3. Na, K, Ca

  4. P, S, Cl

5. Периодтық жүйені пайдаланып, ең белсенді металды және бейметалды атаңыздар: ____________________________________________________________________________________________

Оқушылар өзін-өзі тексеру жұмыстарын жүргізеді



Слайд, презентация

Bilimland

https://bilimland.kz/kk/courses/chemistry-kk/bei-organikalyq-ximiya/periodtyq-keste/lesson/metaldar-zhane-bei-metaldar























Темір шегесі, күкірт, магнит, электрсымдар, батарейка, лампочка












































Сабақтың соңы

37-40 мин


Рефлексия

Үй тапсырмасы.

  • Атом құрылысына сүйене отырып, үшінші период элементтерінің металдық және бейметалдық қасиеттерінің өзгерісін түсіндіріңіз.




Үйге тапсырма







Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы





Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/ оқумақсаттары дұрыс қойылғанба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Жалпыбаға

Сабақтыңжақсыөткенекіаспектісі (оқытутуралыда, оқутуралыдаойланыңыз)?

1:

2:

Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?











































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
14 қараша
998
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі