400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдар мен бейметалдардың оттекпен реакциялары

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша жетінші сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспар. Бұл жоспар жалпы білім беретін мектеп, лицей, гимназия мұғалімдеріне арналған.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.3. Химиялық реакциялар

Мектеп: М.Әуезов атындағы №128 ЖББМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Ибрайымова С.У.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар :

Сабақтың тақырыбы

Металдар мен бейметалдардың оттекпен реакциялары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары :

7.3.4.4. Бейметалдар оксидтері – қышқылдық, ал металдар оксидтері – негіздік болып табылатынын білу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Жылу және жарық бөліне жүретін реакциялар жану реакциясы екенін біледі, жай және күрделі заттар жанғанда оксидтер түзілетінін және оксид біреуі оттек болып келетін екі элементтен тұратын қосылыс екенін түсінеді. Бейметалл оксидтері қышқылдық оксид, металл оксидтері негіздік оксид түзетінін түсінеді.Қышқылдық оксидтер мен негіздік оксидтертерді ажырата алады.

Оқушылардың басым бөлігі: Металдар мен бейметалдар оттекте жанғанда оксидтер түзілетінін түсінеді. Қышқылдық оксидтер мен негіздік оксидтертердің айырмашылығын білетін болады.

Кейбір оқушылар: Бейметалл оксидтері қышқылдық оксид, металл оксидтері негіздік оксид түзетінін түсінеді. Қышқылдық оксидтер мен негіздік оксидтерді ажыратып, қышқыл мен негіздердің қалай түзілетінін түсіндіре алады.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну.

Бағалау критерийі

1.Бейметалл және металл оксидтерін қышқылдық және негіздік оксидтерге жіктейді;

2.Оксидтерді анықтай алады;

3.Оксидтердің қолданылуын біледі;

Тілдік мақсаттар

Оксид, қышқыл, негіз(сілті), қышқылдық оксид, негіздік оксид, индикатор деген сөздердің мағынасын түсіну.

Құндылықтарға баулу

Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу.

Пəнаралық байланыс

География, биология

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Қышқылдар мен негіздерді ажырата алады, индикаторлар- дың көмегімен ортаның қышқылдығы мен сілтілігін анық-тауды біледі, « антацидтік заттарды» қолдану жайлы білімдері бар.

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар



Сабақтың басы 5 мин

1.Ұйымдастыру.Сәлемдесу Психологиялық ахуал туғызу. Барлық оқушыларды ортаға шығарып шеңбер құрғызамын.Бір-бірлеріне жақсы тілектерін айтып топқа бөлінеміз.
Топқа бөлу.
І топ –«Алғырлар»
ІІ топ –«Тапқырлар»
ІІІ топ –«Ойшылдар»

« Ширату» жаттығуы топтарға сұрақтар беріледі.

Қышқылдар және негіздер дегеніміз не?

Индикаторлар дегеніміз не, қандай түрлерін білесіңдер?

Индикаторлардың қышқылдар мен негіздерге әсері қандай?



«Көңілді күн» әуені











Интербелсенді тақта


Сабақтың ортасы 30 минут

1. «Кинометафора» әдісі. bilimland.kz Сілтемесінен тақырыпқа сай бейнематериал көрсетіп, тақырып бойынша түсінік қалыптастыру.БББ- парақшаларына жауап жазу. «Кім жылдам» әдісі бойынша берілген оксидтерді негіздік, қышқылдық оксидтерге бөліп жазуға тапсырма беріледі
1-тапсырма . Төменде медицина мен техникада кеңінен қолданылатын кейбір оксидтердің тарихи атаулары мен формулалары берілген:

A) «күлдіргіш» газ – N2O;

B) қоңыр түсті газ – NO2;

C) гематит – Fe2O3;

D) глинозем – Al2O3;

E) кварц, немесе кремнезём – SiO2;

F) сөндірілмеген әк – CaO;

G) иіс газы – СО;

H) көмірқышқыл газы – СО2.

Осы қосылыстарды кестеге «қышқылдық» және «негіздік» оксидтерге жіктеңіз:

ОКСИД

қышқылдық

негіздік



Жіктеуді қандай принцип бойынша жүзеге асырдыңыз? Түсіндіріңіз.

Дескриптор Білім алушы

- қышқылдық оксидтердің формулаларын жазып, жіктейді;

- негіздік оксидтердің формулаларын жазып, жіктейді;

- өзінің пікірін түсіндіреді.

2-тапсырма. Мына берілген қосылыстар ішінен тек қышқылдық оксидтерді анықтап және оларды атаңыз:

P2O5 , NH3, SO3 ,SO2, KOH, Li2O, Fe2O3, NaOH, Al2 O3, CO2 , H2SO4.

Дескриптор Білім алушы

- қосылыстар ішінен тек қышқылдық оксидтерді анықтайды;

- оксидтерді формулаларына қарап, атайды. Қ.Б.«Бағдаршам»

3-тапсырма «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Әр топқа оқулықтағы тәжірибелермен танысу тапсырылады. Жұмысты орындау үшін оқушылар не істелетінін түсінеді.

Оқушылар жұмыстың орындалу ретін оқып, түсінбеген сұрақтары болса топпен алдын ала талдап алады.

1-тәжірибе. Негіздік оксид сумен әрекеттескенде негіз түзілетінін түсініп Кальций оксиді +су = кальций гидроксиді –түзілуін дәлелдеп, тәжірибелерін қорытындылап жазады.

2-тәжірибе.Бейметалдардың оксидтері қышқылдық оксид болып табылатынын және қышқыл түзетінін анықтап, фосфор оксиді + су= фосфор қышқылы түзілуін түсіндіреді.Тәжірибелер біткен соң берілген сұрақтарға жауап бере отырып, әр топ істеген жұмысын қорытындылайды. Виртуалды зертхана (Критерийлері көрсетілген бағалау парағымен жұмыс)



bilimland.kz


7 сынып химия оқулығы










Түрлі-түсті қағаздар,маркерлер






















































7 сынып химия оқулығы


Бағалау парақтары























Сабақтың соңы 10 мин

Сабақ соңындағы оқушылардың рефлексиясы:

1. Металдар жанғанда қандай оксидтер түзіледі?

2. Суда еритін негіздер не деп аталады?

3.Бейметалдар жанғанда қандай оксидтер түзіледі?

Таратпа материалдар

Саралау

Тақырып тапсырмалар арқылы байланыстырылды, деңгейлік тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттеріне сай қамтылды.



Бағалау

Бүгінгі сабақтан не түсінгеніне анализ жасай отырып орындалған тапсыр- маларын «Екі жұлдыз, бір тілек» арқылы бағалайды.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қауіпсіздікті және еңбекті қорғау ережелерін білу.

Химия кабинетінде жұмыс істеудің қауіпсіздік ережелерін сақтау.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
10 наурыз
1075
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі