|
Сабақ
кезеңі/уақыты
|
Педагогтің
іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
|
Сабақтың
басы.
5
минут.
|
«Металдардың жалпы
сипаттамасы» тақырыбын ашу мақсатында бірнеше сұрақтар
қою,
арнайы жауап парақтарын
тарату:
1. Металдар
дегеніміз не?
2. Шаруашылықта
қандай металдар қолданылады?
3. Адам ағзасы үшін
металдардың қандай маңызы
бар?
|
Оқушылар берілген
жауап парағына сұрақтар бойынша өз жауабын жазады. Және
сұрақта
ға жауап бере отырып жаңа
тақырыптың мазмұнын
түсінеді.
|
Оқушылардың тыңдау және ойды
еркін жеткізу дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық
оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі
артады.
|
Арнайы жауап парақтары, оқу
құраладары
|
|
Жаңа сабаққа
кіріспе.
15
минут
|
Сабақтың мақсатын
анықтау.
9.1.4.2 - металдарға
тән физикалық және химиялық
қасиеттерді сипаттау
және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін
түсіндіру.
Өтілетін тақырыпқа байланысты
мағлұматтар презентация арқылы беріледі [6]. Сонымен қатар
оқушыларға сабақ барысында кездесетін тақырыпқа байланысты
ағылшынша-қазақша сөздік
беріледі.
|
Оқушылар мұғалімді
мұқият тыңдап, металдар туралы жалпы мәлімет алады. Сабақта
берілген маңызды мәліметтерді дәптерге түсіріп отырады. Және
берілген тақырыпқа байланысты сөздіктермен танысып
шығады.
|
Жылдам әрі
функционалды түрде сыни ойлануды дамыту. Оқушылардың өздігінен
білім алу қабілеттері артады.
Тілдік білімдері жетіледі. Пән бойынша сөздік қорлары
кеңейеді.
|
Презента
ция, оқу құралда
ры.
|
|
Сабақтың ортасы.
15 минут
|
Оқушыларға
тапсырма
лар өзіндік жұмыс ретінде беріледі. Өзіндік жұмыстар «Testmoz»
қосымшасында орындалады. Қосымшаға кіру үшін арнайы сілтеме
беріледі [9]. Тапсырмалар қатарына: тесттер, сәйкестендірулер,
мәтіндік тапсырмалар кіреді.
Сілтеме:

немесе https://testmoz.com/q/11538210. Құпия сөзі:
123456788
|
Оқушылар берілген сілтемеге өз
аты-жөндерін толық жаза отырып кіріп, өзіндік жұмыстарды орындайды.
Тапсырмаларды берілген уақыт ішінде берілген сөздіктер мен
мәліметтерді қолдана отырып өз беттерінше
орындайды.
|
Оқушылардың танымдық
дағдысы мен өздігінен білім алу қабілеттері
артады.
Бағалау:
қосымшаның «results»
бөліміндегі оқушылардың тест нәтижелері арқылы
бағаланады.
|
«Testmoz»
қосымшасы.
|
|
Сабақтың
соңы.
5
минут
|
Оқушылармен өзіндік
жұмыс нәтижесіне талдау жасайды. Оқушылармен қатемен жұмыс
жасайды.
Үй тапсырмасына
металдарға байланысты терминдерді ағылшын тілінде үйренуге
беріледі:
|
Оқушылар тапсырған өзіндік
жұмыстары бойынша тест нәтижелерін алғаннан соң, мұғалімнің
қатысында қатемен жұмыс жасайды. Сұрақтарды
талдайды.
|
Оқушылардың өтілген
тақырып бойынша алған білімдерінің қателіктерін жөндей отырып,
білімдерін жетілдіреді. Саралау, ой-пікір қалыптастыру, еркін
сөйлеу қасиеттерін
қалыптастырады.
|
«Testmoz»
қосымшасының
«Results»
,-бөлімі.
|