Металдардың жалпы сипаттамасы

Тақырып бойынша 31 материал табылды

Металдардың жалпы сипаттамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдардың жалпы сипаттамасы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Металдардың жалпы сипаттамасы. №4көрсетілім «Металдардың кристалдық тор модельдері»

Бөлім:

9.2ВМеталдар мен құймалар

Педагогтің аты-жөні:

Сыздықова С

Күні:


Сыныбы:9 « »

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың жалпы сипаттамасы.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.4.1 -металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайындағы білімдерін қолданып металдардың қасиетін түсіндіре алу

9.1.4.2 -металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттау және металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін түсіндіру

Сабақтың мақсаты:

Металдарға тән физикалық және химиялық қасиеттерді сипаттайды

металл атомдарының тек тотықсыздандырғыш қасиет көрсететінін анықтайды.Металдық байланыс пен металдық кристалдық тор жайында біледі.



Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Ертеде бір ауылда екі данышпан өмір сүріпті.Жұрт олардан келіп ақыл кеңес сұрайды екен.Бара-бара көпшілік біреуіне жиірек келіп,екіншісіне сирек бас сұғатын болыпты.Қызғаныш билеген әлгі данышпан жұрт құрмет тұтатын екіншісінің қалайда абыройын түсірмек болады. Өзінің одан ақылдырақ екендігін дәлелдегісі келеді.Бір күні ол жұмырығына тірі көбелекті жасырып тұрып : «Қолымдағы көбелек өлі ме , тірі ме данышпан болсаң дәл тапшы» депті жиылған жұрттың алдында. Егер тірі деп айтса, көбелекті мыжып өлтіре саламын,өлі десе,тірі қалпын көрсетемін деп ойлайды.Екінші данышпан өз шаруасымен айналысқан күйі басын да көтерместен: «Көбелеектің өлі болуы да,тірі болуы да сенің қолында» деп жауап берген. Сол айтпақшы сіздердің бірге білімді болуларыңыз өз қолдарыңызда!

«Жылы лебіз» тренингі арқылы оқушылар бір біріне тілектер білдіреді.



Топ ережесін еске түсіру.

Топтастыру.

Үй тапсырмасын сұрау

Wordwall платформасында «Quiz» тапсырмасын орындайды.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

Колбалардың көмегімен оқушыларды 2 топқа біріктіру.

I топ –

II топ –













































Оқушылар смарт тақтада тапсырманы орындайды.

Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру.

Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады.































Дескриптор 2 балл

-Тотығу –тотықсыздану реакцияларын ажыратады.

-Элементтердің тотығу дәрежесін жазады


Жаңа сабаққа кіріспе


«Ой қозғау» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында мақал-мәтелдер айтады.

Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстырады.

-Мақал сөзде де металл жүреді,
Металл қадірін халқым біледі.
-Аз сөз алтын
Көп сөз көмір
-Алтынды еріте білмеген- ірітер,
Теріні илей білмеген-шірітер
-Арпа - бидай ас екен,
Алтын - күміс тас екен
-Қойдың сүті қорғасын
-Темірді қызуында бас
-Өнерлінің қолы алтын
Өлеңшінің сөзі алтын

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

  • Ең иілгіш,созылғыш металл- Au,Ag,Cu,Sn,Pb,Zn,Fe

  • Ең жеңіл металл-Li

  • Ең ауыр металл-Os

  • Ең оңай балқитын металл-Hg,Na,Ga

  • Ең қиын балқитын металл-W,Cr,Fe,Mo

  • Ең жұмсақ металл-Сілтілік металдар,Sn,Pb

  • Ең қатты металл-Cr,Mo


Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады. Оқулықтағы сызбаны сызып алады.


Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.




Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1.Тапсырма

1 топ .Металдардың электр –және жылу өткізгіштігін сипаттаңдар және

мысал келтіріңіздер

Li,Na,K элементін H2SO4- мен әрекеттестіріңіз

2 топ. Металдарды таптауға, жаншуға бола ма?

Бұл құбылыстың сырын қалай түсіндіріуге болады?

Mg,Ca,Ba элементтерін H2SO4- мен әрекеттестіріңіз








Дескриптор: Жалпы - 3 балл.

*Тақырып мазмұнының ашылуы

*Жұмыстың креативтілігі

*Реакция теңдеулерін жазады.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.























Сабақты бекіту

Мұғалім қауіпсіздік ережесімен таныстырады.







Мұғалім кітаптан үлгі көрсетеді.







Wordwall платформасында тапсырма орындайды.

2. Тапсырма

Металдардың химиялық қасиеті. Зертханалық жұмыс жасайды.

3. Тапсырма

Есептер шығару







  • https://wordwall.net/resource/64150148


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

*Оқушылар реактифтерді әрекеттестіреді

*Реакция теңдеулерін жазады.





Дескриптор: Жалпы - 2 балл

*Оқушылар реактифтерді әрекеттестіреді

*Реакция теңдеулерін жазады.


ДК экраны

9-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия





«Жас зерттеушілер» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Оқушылар өз пікірін білдіреді.

Мұғалім оқушыларды «Білім заряды» әдісі арқылы бағалайды. Оқушыларды ынталандыру мақсатында Жарайсың!

Жақсы!

Талпын! сөздері қолданылады.



Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
18.08.2025
82
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі