Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәнә мұғалімдеріне арналған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

8.1С Металдар белсенділігін салыстыру

Күні:


Сынып:

8

Мектеп:

А.Тихоненко атындағы ОЖББМ

Мұғалімнің аты-жөні:

Кужаниязова А.А.

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың оттекпен және сумен әрекеттесуі. №2 көрсетілім «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.4.1. Кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтынын білу;

8.2.4.2. Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

8.2.4.3. Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттеу;

Сабақ мақсаттары

- Кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтынын білу;

- Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттау;

- Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтай біледі;

- Тұрмыста коррозияға ұшыраған металдарды айырып, оларға мысал келтіре алады;

- Металдарды коррозиядан қорғаудың алдын алатын шараларды ұсына алады;

Бағалау критерийлері

- Кейбір металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтынын біледі;

- Белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды;

- Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды зерттейді;

Тілдік мақсаттар

Терминдер: металдар, металдардың белсенділік қатары, оттек, оксид, су, сутек, гидроксид, индикатор.

Сөз тіркестері:

- коорзия (жемірілу) дегеніміз - ...

- металдарды коррозиядан қорғау үшін - ...

- белсенді металдар сумен әрекеттесіп ...

- белсенді емес металдар сумен ...

Құндылықтарды дамыту

қарым-қатынас жасау қабілеті, жауапкершілік, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау; практикалық білік-дағдыларын қалыптастыруды; оқу-танымдық қызығушылығын арттыру;

Пәнаралық байланыс

физика, география

Алдыңғы оқу

7.3 А Химиялық реакциялар.

8.1.В Заттардың формулалары және химиялық реакция теңдеулері.

Сабақ барысы:

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

Оқушылармен амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.

Топқа бөлу: оқушыларды реакция теңдеулерінің типі бойынша төрт топқа бөлу. Реакция типтеріне анықтама беру.

Белсенді оқыту әдісі: «Миға шабуыл» /сабақтың тақырыбына байланысты мәлімет (проблема, сұрақ) ауызша ой салу/

Сабаққа мақсат қою:

- сендер су туралы не білесіңдер?

- сендер өмірде көріп жүрген темір, мырыш, алюминий сумен әрекеттеседі ме?

Олай болса біз бүгінгі сабақта кейбір металдардың оттекпен және сутекпен әрекеттесуін зерттеуге көшеміз.



Реакция теңдеулері жазылған стикерлер

Сабақтың ортасы


28 мин

Белсенді оқыту әдісі: «ДЖИГСО» әдісі. /берілген тақырыпты топ ішінде талқылау. Басқа топтарға өкілдер жіберіп, өз жұмысы туралы топта талқылау, идеялармен бөлісу, ынтымақтастықты дамыту/

Тапсырмалар:

«Қосылу реакциясы» тобы: «Металдардың оттекпен әрекеттесуі»

«Айырылу реакциясы» тобы: «Металдардың сумен әрекеттесуі»

«Орынбасу реакциясы» тобы: «Металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайлар»

«Алмасу реакциясы» тобы: «Металдарды коррозиядан қорғаудың алдын алу шаралары»



ҚБ: топтар бірін-бірі «Шапалақтау» арқылы бағалайды.


Оқушылардың өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, металдардың сумен әрекеттесуіне болжам жасауын сұраймын.

Белсенді оқыту әдісі: «Кинометафора» /сабақ тақырыбына байланысты бейнесюжеттен үзінді көрсету арқылы оқушының ой-өрісін, логикалық ойлау қабілетін дамытып, өз ойлары мен пікірлерімен бөлісуге жағдай жасау/

Көрсетілім №2 «Металдардың сумен әрекеттесуі»

(көрсетілімді мұғалім көрсетеді)

Мақсаты: металдардың белсенділігіне байланысты сумен әртүрлі жағдайда әсер ететініне көз жеткізу.

Реактивтер

Химиялық құрал-жабдықтар

Кальций (Са)

Мырыш (Zn)

Индикаторлар – фенолфталеин, әмбебап индикатор

Сынауықтар, қандауыр, кристалдандырғыш, фильтр қағаз, қысқыш, тұрғы, спиртшам, ұстағыш.


Жұмыс барысы: белсенді металл кальцийдің салқын сумен реакциясы көрсетіледі. Пайда болған ерітіндінің индикатор көмегімен сутектік көрсеткіші мен ерітінді ортасы анықталады. Белсенділігі орташа металл мырыш сумен бірден әрекеттеспейді. Реакция жүру үшін оқушылардан не істеу керектігі сұралады. Олар қыздыру керектігін айтады. Ол үшін спиртшам пайдаланылады. Жүргізілген эксперимент негізінде металдар сумен қалай әрекеттескені сұралады.

Көрсетілім нәтижесін талқылау:

- металдар оттекпен қандай жағдайда әрекеттеседі?

- металдар оттекпен әрекеттесіп не түзеді?

- металдар сумен қандай жағдайда әрекеттеседі?

- белсенділігі жоғары металдар сумен қандай жағдайда әрекеттеседі? Нәтижесінде не түзеді?

- белсенділігі орташа металдар сумен қандай жағдайда әрекеттеседі? Нәтижесінде не түзеді?

- сілті түзілгенін қалай анықтаймыз?

- ал белсенділігі төмен металдар сумен әрекеттеседі ме? Қалай ойлайсыздар?

Дәптермен жұмыс:

Белсенді металдар оттекпен қ.ж. әрекеттеседі:

Ca + O2 = 2CaO

Белсенділігі орташа металдар оттекпен қыздырғанда әрекеттеседі:

2Mg + O2 = 2MgO


Белсенді металдар сумен әрекеттесіп:

2Na + 2HOH = 2NaOH + H2

Белсенділігі орташа металдар сумен әрекеттесіп:

Mg + HOH = MgO + H2

Белсенді емес металдар судың құрамынан сутегіні ығыстырып шығара алмайды:

CShape1 u + HOH =


Тапсырма-1 /ТЖ/

Металдардың белсенділік қатарын пайдаланып, мына металдардың оттекпен қандай жағдайда әрекеттесетінін анықтап, тиісті реакция теңдеулерін жазыңдар:

Металдар

Әрекеттесу жағдайы

Реакция теңдеуі

Na



Fe



Au




Дескриптор:

белсенді металдар басқаларға қарағанда тотығуға тезірек ұшырайтынын анықтайды;

тиісті реакция теңдеулерін жазады;

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Тапсырма-2 /жеке жұмыс/

Металдар мен олардың қасиеттері арасындағы сәйкестікті табыңыз:

Металл

Қасиеті

Реакция теңдеуі

Мыс

Су буымен әрекеттеседі


Мырыш

Суық сумен әрекеттеседі


Магний

Сумен мүлдем ірекеттеспейді


Калий

Ыстық сумен әрекеттеседі



Дескриптор:

- белсенді металдардың салқын сумен, ыстық су немесе бумен әрекеттесуін сипаттайды;

- металдардың сумен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазады;

ҚБ: «Өзін-өзі бағалау» әдісі

Тапсырма-3 /жұптық жұмыс/

Тәжірибе жасалды.

Төрт пробирка алынды. Оларға темір шеге салынды.

1-ші пробиркаға кұбыр суы құйылып, аузы ашық қалдырылды.

2-ші пробирка іші құрғақ, ауа бар, пробирка ауызы тығынмен бекітілді.

3-ші пробиркаға толтырылып қайнаған су құйылды және ауызы тығынмен бекітілді.

4-ші пробиркаға тұзды су құйылды және аузы ашық қалдырылды.

Тәжірибе нәтижесі суретте көрсетілген


(а) Осы сурет негізінде металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды анықтаңыз.

(b) Металдар коррозиясына әсер ететін факторлар туралы қандай қорытынды жасар едіңіз?

(с) Коррозияның қандай зияны бар екенін атап жазыңыз.

(d) Коррозияны болдырмаудың екі әдісін ұсыныңыз. Дескриптор:

коррозияға әсер етуші факторларды ажыратады;

металдар коррозиясын туындатуға әсер ететін жағдайларды салыстырады;

коррозияның зиянды әсерін атайды;

коррозияны болдырмау әдісіне мысал келтіреді.

ҚБ: «Жұптағы өзара бағалау» әдісі





Үлестірме материял дар



















Видео көрсетілім «Металдардың оттекте тотығуы»

Көрсетілім №2 «Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі»












































Үлестірме материалдар















Презентация, кесте













Презентация, үлестірме материалдар

Сабақтың соңы

7 мин

Белсенді оқыту: «Ішкі және сыртқы шеңбер» әдісі. /жаңа материалды пысықтау, түйінді ойларды бекіту/

- барлық металдардың белсенділігі бірдей ме?

- белсенді металдар оттегімен әрекеттесіп не түзеді?

- ауада оңай тотығатын металдарға мысал келтір.

- металдар сумен қандай жағдайларда әрекеттеседі?

- белсенділігі жоғары металдар сумен әрекеттесіп не түзеді?

- белсенділігі орташа металдар сумен әрекеттесіп не түзеді?

- оттекпен, сумен реакцияға түспейтін металдарға мысал келтір.

- металдар коррозиясы дегеніміз не?

- металдарды коррозиядан қорғаудың қандай шараларын білесің?


Үйге тапсырма: §11 Металдардың оттегімен және сумен әрекеттесуі.

- Оқулықтан 42 бет, А-4, В-1, С-1;

- Шығармашылық тапсырма: тақырыпқа сәйкес крассворд, ребус, криптограмма, домино, т.б.

- Ізденушілік тапсырма: “Коррозияның қоршаған ортаға тигізетін экологиялық зияны” реферат жазу;

- Электронды ресурстармен жұмыс: “Металдарды коррозиядан қорғаудың әдістері” бейнематериал дайындау;


Орындықтар, сұрақтар жазылған нөмірленген карточкалар











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.11.2018
1762
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі