400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Металдардың қышқыл ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 зертханалық тәжірибе «Металдардың қышқылдар ерітінділерімен әрекеттесуі»

Материал туралы қысқаша түсінік
Химия пәні мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 8.1С


Мектеп: А.Тихоненко ат.ОЖББМ


Күні:


Мұғалімнің аты-жөні: Кужаниязова А.А.


Сынып: 8


Қатысқандар:

Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі

№3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»


Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.2.4.6 металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу.



Сабақтың мақсаты

  • Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасауды біледі;

  • Металдардың кернеу қатарын ескеріп, тұз ерітінділерімен әрекеттесу жоспарын құрады;

  • Металдардың тұз ерітіндісімен әрекеттесуінің жоспарына тұжырым жасайды.


Бағалау критерийі

  • Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасайды, жүргізеді.


Тілдік мақсаттар


Тірек ұғымдар: активтілік, электрохимиялық кернеу қатары, тұз ерітінділері, ығыстырып шығарады

Диалог және қажетті сөз тіркестері: реакция нәтижесінде байқадық, тәжірбиеден байқағанымыздай, металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ескерсек……..


Құндылықтарға баулу




Практикалық білік пен дағды қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау, топпен жұмыс жасау барысында топ ережесін сақтау, жауапкершілікті сезіну


Пәнаралық байланыс

жаратылыстану


Алдыңғы білім

8.2.4.2.



Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

7 мин

Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу, оқушыларды түгендеу. Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Топқа бөлу. Оқушыларға галоген, инертті газ, сілтілік металдардеп жазылған стикерлер таратылады. Сол бойынша оқушыларды галоген, инертті газ, сілтілік металдар деп топқа бөлеміз.

Үй тапсырмасын сұрау. «Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі».

«Көк диван» әдісі. Ортаға үш оқушы шығады. Ортада отырған оқушы екі оқушыға ортақ сұрақ қояды. Жауаптарын тыңдап, өзіне ұнаған жауабы бар оқушыны өзімен бірге алып кетеді.

ҚБ. Мадақтау





Топ аттары жазылған стикерлер


Сабақтың ортасы

10 мин


































6 мин
































10 мин
























5 мин

Жаңа тақырыппен таныстыру.

Жаңа тақырып: «Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі».

Оқушыларға металдардың кернеу қатарын еске түсіріп, бүгін тақырыбымызбен байланыс бар екенін ескертеді.

Көрсетілім. Мұғалім екі стақан алып, біріншісіне мыс сульфатының ерітіндісін, екіншісіне алюминий сульфатының ерітіндісін құямыз. Екеуіне темір шегені батырады.

Li→Rb→K→Ba→Sr→Ca→Na→Mg→Al→Mn→Zn→Cr→Fe→Cd→Co→Ni→Sn→Pb→H→Sb→Bi→Cu→Hg→Ag→Pd→Pt→Au

Не байқадыңдар?

Темір шеге қай ерітіндіде өзгеріске ұшырады?

Неге?

Ашық микрофон әдісі

Оқушылар өз ойларымен бөліседі. Көрсетілімді бақылай отырып, жоспар құрады. Барлық оқушылар ақылдаса келе, жоспарды тақтаға постерге жазады.

  1. Қажетті тұз ерітіндісін мен металлды таңдап аламыз;

  2. Реакцияны жүргіземіз;

  3. Реакция нәтижесінде бөлініп шыққан металды атаймыз.

Fe + CuSO4 → Cu + FeSO4

Fe + Al2(SO4)3 →

ҚБ. Бас бармақ

Тақырып бойынша тапсырмалар беру

Тапсырма №1 (Пирамида әдісі)

Металлдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуіне жоспар құрыңыз. Сол жоспар бойынша пирамида шыңына жетудің қадамдарын жасаңдар.

1-топ. Al2(SO4)3 + Mg →

2-топ. Al + CuSO4 →

3Shape1 -топ. Mn + Cr2(SO4)3→



















Дескриптор:

Реакцияның жүруіне жоспар құрады;

Реакция теңдеуін жүргізеді;

Реакция теңдеуін теңестіреді;

Өнімдерді дұрыс атайды.

ҚБ. Бағдаршам әдісі.

Қызыл түс – пирамида шыңына жетсе;

Жасыл түс – пирамиданың ортасына шықса;

Сары түс – пирамиданың төмен деңгейін орындаса.

Тапсырма №2 (Жалғасын тап). Реакцияны жүргізіп, теңестіріңдер.

Mn + Pb(NO3)2 →

Al + CuSO4 →

Fe + Cu(NO3)2→

Mg + Fe(NO3)2→

Zn + Hg(NO3)2→

Дескриптор:

  • реакция өнімдерін дұрыс анықтайды;

  • металл және қышқыл қалдықтары валенттіліктерін анықтайды;

  • тұз формуласын құрастырады;

  • реакцияны коэффициенттер қою арқылы теңестіреді.

ҚБ. Жұлдызды баспалдақ. Оқушылар көршілерімен дәптерлерін ауыстырып бір бірін тексереді. Қанша реакция теңдеуі дұрыс болса сонша жұлдыз алады.

Тапсырма №3

Венн диаграмма әдісі

Өткен және бүгінгі сабақтардан алған білімдерінді пайдалана отырып, металдардың қышқылдармен және тұз ерітінділерімен әрекеттесуіне тұжырым жасаңдар.

Қышқылдар

Тұз ерітінділері










Дескриптор: - анықтамаларды жазады,

- металдардың электрохимиялық кернеу қатарын ескереді;

- металдардың қышқылдармен және тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің ортақ тұжырымды атайды;

- аяғына дейін жүретін реакцияға мысал келтіреді;

- реакция өнімдерін дұрыс жазады;

- реакцияны теңестіреді;

- жүзеге аспайтын реакцияға мысал келтіреді және себебін түсіндіреді.

ҚБ. Екі жұлдыз бір ұсыныс

















Қажетті реактивтер мен сынауықтар, тамшуырлар, оқулық.







маркер, постер.

























Үлестірме материалдар, қызыл, жасыл, сары түсті қиындылар









































































Жұлдызды стикерлер

















Сабақтың соңы

2 мин

Рефлексия. Жетістік баспалдағы

Оқушылар бүгінгі сабақты қаншалықты түсінгенін стикерге жазып жетістік баспалдағына апарып жапсырады.



у

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
8 қараша
1382
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі