400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Металдардың табиғи және механикалық қасиеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздараға
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сыныбы: 6 «а», Пән мұғалімі: Бауржан Ниязбеков


Сабақтың тақырыбы: Металдардың табиғи және механикалық қасиеттері


Сабақтың мақсаты:


Білімділік: оқушыларға металл және оның қасиеттері туралы ұғымды түсіндіру, тақырыпты меңгерту.


Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, ойлау қабілетін тақырыпты меңгерте отырып, дамыту.


Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, еңбекке, еңбек дағдысына тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс жасау.


Сабақтың түрі: аралас сабақ.


Пәнаралақ байланыс: география, математика, биология.


Сабақтың көрнекілігі: стендтер, құралдар-саймандар, проектор, слайд.


Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. (2-3 мин)

Оқушылармен амандасу, сабаққа даярлығын тексеру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (10-12 мин)

Оқушылар екі топқа бөлінеді. Топтардың атауы: түсті металдар және қара металдар. Әр топта өз көшбасшысы болады. Көшбасшыны мұғалім тағайындайды. Топқа бөлінген оқушылардан үй тапсырмасы слайдтағы деңгейлік тапсырмалар арқылы сұралады. Әр топ өзіне ұпай жинайды.

1. Ағаш сүргісі қандай бөліктерден тұрады?(І деңгей)

2. Сүргінің қандай түрлерін білесің?(ІІ деңгей)

3. Бұрғылау дегеніміз не?(ІІ деңгей)

4. Ара қандай бөліктерден тұрады?(І деңгей)

5. Араның түрлерін ата?(ІІ деңгей)

6. Екі кісілік араның ұзындығы қандай?( ІІІ деңгей)

7. Фуганок қандай аспап және оны не үшін қолданады?(ІІІ деңгей)

8. Қол бұрғы қандай бөліктерден тұрады?(ІІ деңгей)

9. Бұрғының қандай түрлері бар?(ІІІ деңгей)






ІІІ. Жаңа сабақ. (12-13 мин)

Металдар екі топқа бөлінеді: түсті және қара металдар. Металдар дегеніміз– электр тоғы мен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар. Мұндай қасиеттердің болуы металдардың ішкі құрылымымен байланысты. Сынаптан басқа металдардың кристалдық тор көздерінде металл атомдары орналасқан. Олар бір-бірімен металдық байланыспен байланысады. Металдардың қаттылығы мен температураға төзімділігі күнделікті тәжірибеде шешуші рөл атқарады. Егер шыны хроммен кесілсе, ал цезийді адам тырнағымен-ақ кесе алады. Кейбір металдар жұмсақ (мәселен:күміс, алтын, т.б.) болғандықтан таза металдардың орнына олардың бір-бірімен құймалары қолданылады.Ең алғаш алынған құймалардың бірі – қола.

Темір мен оның құймалары (шойын, болат) қара металдар, ал қалғандары түсті металдар; алтын, күміс, платина химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар; сумен әрекеттесіп сілті түзетін металдарды сілтілік (Lі, Na, K, Rb, Cs), ал жер қыртысының негізін құрайтындарын сілтілік жер металдар; массалық үлесі 0,01%-дан аспайтындарын сирек металдар деп атайды. Өнеркәсіпте металдарды негізінен пирометаллургия, гидрометаллургия және электрметаллургия әдістерімен алады. Металдар электр сымдарын, тұрмысқа қажет бұйымдар (қазан, балға, т.б.) жасауда, т.б. кеңінен қолданылады.

Табиғатта көп кездесетін металдар қатарына жатады:

  • Al (8,8%) – алюминий

  • Fe (4,65%) – темір

  • Ca (3,6%) – кальций

  • Na (2,64%) – натрий

  • K (2,5%) – калий

  • Mg (2,1%) – магний

  • Tі (0,57%) – титан

Металдардың қасиеттері:

  • Химиялық (ерігіштік,коррозиялық беріктік,қышқылдану және т.б)

  • Механикалық (беріктілік,аққыштық, иілгіштік,қаттылық,тұтқырлық және т.б)

  • Технологиялық (созылымдылық,балқытылу және т.б)

  • Физикалық(түс,тығыздық,балқығыштық,магниттік және т.б қасиеттері)

Металдардың механикалық қасиеттері, металдарға түскен жүктемеге қарсыласуын сипаттайды. Ал, металдардың механикалық сипаттамасы олардың қасиеттерін сандық түрде сипаттайды.

Металдардың негізгі механикалық қасиеттеріне: беріктілік,аққыштық, иілгіштік,қаттылық,тұтқырлық және т.б жатады.

Металдың табиғи қасиеттеріне оның физикалық және химиялық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетіне түсі, тығыздығы, балқу температурасы және ток өткізгіштігі жатады. Металды жай көзбен қарағанда түсі ол туралы бірінші ақпаратты береді. Химимялық қасиетіне ерігіштігі, коррозияға ұшырауы жатады, реакцияласуы, қышқылдануы жатады.

Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.

Қаттылық – металдың ішіне басқа қаттырақ дененің енуіне қарсылық жасау қабілеті.

Созылғыштық деп материалдың сынбай, пішіні мен шамасының өзгеру қабілетін айтады.

Серпімділік – металдардың күш түскенде өз пішінін өзгертіп, күш алынып тасталғанда бұрынғы қалпына келу қабілетін айтады.


ІV. Жаңа сабақты бекіту. (13-15 мин)

Жаңа сабақ материалы мәтінмен оқушыларға таратылып беріледі. Әр топ жаңа сабақтан түсінгенін постер арқылы қорғап шығады.


Металл және оның қасиеттері

Таза күйінде металл өтек сирек кездеседі. Жер қыртысында олардың әр түрлі қосылыстары түзіледі. Металдар теңіз суында, өсімдік жасушасында, жануарлар ұлпасында кездеседі. Техникада 10 мыңнан астам металл қорытпалары қолданылады. Металдар қара (темір және оның қорытпалары) және түсті (қалған барлық металдар және оның қорытпалары) металдар болып екі негізгі топқа бөлінеді. Қара металдар – бұл механизмдер, тетіктер, машиналар және де басқа құрылымдар жасаудағы негізгі материал болып табылады. Қазіргі кезде дүние жүзінде өндіретін металдың 94 пайызын осы қара металдар құрайды. Қара металдар құрамындағы көміртектің үлесіне қарай: шойын және болат деп бөлінеді. Түсті металдар: жеңіл, ауыр, сирек, асыл болып бөлінеді. Металдардың табиғи қасиеттеріне оның физикалық және химиялық қасиеттері жатады. Физикалық қасиетіне түсі, тығыздығы, балқу температурасы және ток өткізгіштігі, жылу өткізгіштігі жатады. Металды жай көзбен қарағанда түсі ол туралы бірінші ақпаратты береді. Химимялық қасиетіне ерігіштігі, коррозияға ұшырауы жатады, реакцияласуы, қышқылдануы жатады Металдың механикалық қасиеттеріне:



Беріктік — материалдардың белгілі бір жағдайлар (күйлер) мен шектерде қандай да бір әсерлерді (салмақ түсу, температураның өзгерісі, магнит, электр, т.б. өрістері, кебу немесе ісіну, т.б.) қабылдай отырып, бүлінбей сақталу қасиеті; сыртқы күштердің әсерінен қалпының өзгеруіне және бұзылуына қарсыласатын қатты дененің касиеті.

Қаттылық – металдың ішіне басқа қаттырақ дененің енуіне қарсылық жасау қабілеті.

Созылғыштық деп материалдың сынбай, пішіні мен шамасының өзгеру қабілетін айтады.

Серпімділік – металдардың күш түскенде өз пішінін өзгертіп, күш алынып тасталғанда бұрынғы қалпына келу қабілетін айтады.

Металдың түрлі әдәстермен өңделіуі олардың технологиялық қасиеттеріне жатады, олар:

а) металл өңдеу станоктарында өңделуі;

ә) соғу арқылы өңделуі;

б) қалыптау арқылы өңделуі;

в) пісірілуі;

г) сұйық ағыны

Соғу, пісіру әдістерімен тек болат материалдарды өңдесе, қалыптау әдісі арқылы болат және түрлі-түсті металл негізінде алынған қорытпаларды өңдеуге болады. Сұйық ағыны дегеніміз – қалыптың түрлі қуыстарын балқыған металмен толтыра алу қабілетін айтамыз.

Қызықты мәліметтер.

Әлемдегі ең қымбат табиғи металл – Родий. Ал ең қымбат металдың аты – Калифорний. Ол АҚШ-тың Калифорния университетінде жасалып шығарылған соң, солай аталған.

Сіз қолда балқитын металды білесіз бе? Иә, кәдімгі қолда балқитын металл бар. Ол – галлий металы.

Осыдан соң, мені түсін ойыны ойналады. Әр топтан бір оқушыдан шығып, металдың қасиетін өз тобына сөйлемей түсіндіріп беруі керек.


V. Сабақты қорытындылау. (3-4 мин)

Оқушыларды бағалау.

Үйге тапсырма. Металдың табиғи және механикалық қасиеттері.


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 маусым
669
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі