Материалдар / Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі. №3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «№3 жалпы білім беретін мектебі»















Ашық сабақ






Тақырыбы: Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі

Сыныбы: 8 «А»

Пән мұғалімі: Хамзина Н. Қ
Машықтанушы: Есберген М. Қ















2022 –2023 жыл



Қысқа мерзімді жоспар


Сабақтың тақырыбы: Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі.

3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Бөлім:

8.1С Металдар белсенділігін салыстыру

Педагогтің аты-жөні:

Машықтанушы:

Хамзина Нинель Капышевна

Есберген Меруерт Қайратқызы

Күні:

18.10.2022ж

Сыныбы: 8 «Б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуі.

3 көрсетілім «Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.2.4.6 -металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінің жоспарын жасау және жүргізу

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар үшін:

Металдардың тұз ерітінділерімен әрекеттесуінін анықтайды. Көпшілік оқушылар үшін:

Тұз ерітінділерінен металдарды ығыстыру анықтайды.

Кейбір оқушылар үшін:

Металдардың қайсысы коррозияға бұрынырақ ұшырайтынын анықтайды.

Құндылықтарға баулу:

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыт

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

8 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда шаттық шеңбері жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.


Топқа кітап, дәптер және қаламсап оқу құралдарының суреттері бар қима қағаздар беріледі. Әр оқушы қима қағаздарды таңдау арқылы ұқсас құралдармен 3 топқа бірігеді.

1 топ: Тұздар

2 топ: Сілтілер

3 топ: Қышқылдар


Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы


(Қазіргі жағдайда) ДК экраны

Жаңа сабаққа кіріспе

7-мин

(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.


Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

«Кір жаятын жіп» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын!

1.Периодтық жүйеде металдар қай жерде орналасқан?


2. Қай металдар ерте заманнан белгілі?


3. Металдар сумен қалай әрекеттеседі?


4. Сұйытылған қышқылдармен металдардың әрекеттесуі?


5. Тұз ерітінділерімен металдардың әрекеттесуі?


Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу Топтық жұмыс

9 мин.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма береді

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алады.

Қай стаканда реакция жүреді?


Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Металдардың тұз ерітінділе-рімен әрекеттесуін анықтайды

Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик көру.

Топтық жұмыс

12 мин

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-Тапсырма

2-Тапсырма

Мына тұздарды жіктеп,аттарын атаңдар: СаSO4, NaNO3, K3PO4, СаSiO3, FeCl3,MgSO3, Al(OH)SO4, CaHPO4, КН2РО4

Дескриптор: Жалпы - 3 балл

1.Тапсырманы орындайды, реакция теңдеуін жалғасытырп, теңестіреді.


2. Теңдеулерді дұрыс жазды.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Жеке жұмыс

10 мин

Оқулықта берілген тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

3-Тапсырма

Мына химиялық реакцияны аяқтап, алынған өнімдегі тұздардың атын ата.

Al(OH)3 + HI → …….

CuSO4 + H2S → …….

CO2 + NaOH → …….

KCl + AgNO3→ ……. 



4. Тапсырма

Дескриптор: Жалпы - 3 балл


1.Реакцияны аяқтау












2. Есептің мәнін қойып, толығымен шығарды.

1 балл


ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«КМЖ» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.


Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Мұғалім оқушыларды «түрлі-түсті бағалау фиигура қағаздары» арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым бар».



Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырмалар қоясыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау


«Диалог және қолдау көрсету», «Тапсырма», «Жіктеу».


Саралау тапсырмаларды іріктеуді, белгілі бір оқушыдан күтілетін нәтижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде, оқу материалы мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып әзірлеуді қамтиды.

«Мадақтау сөзі» әдісі

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.



06 Желтоқсан 2023
268
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі