Материалдар / Металл мен ағашты көркем өңдеу түрлері.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Металл мен ағашты көркем өңдеу түрлері.

Материал туралы қысқаша түсінік
9 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
04 Маусым 2018
510
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары№21-сабақ

Пәні _____________ сынып _______ күні ______________

Тексерілді_______________

Сабақтың тақырыбы: Металл мен ағашты көркем өңдеу түрлері.

Сабақтың мақсаты: Металл мен ағашты көркемдеп өңдеу жолдарын меңгерту

Біліктілік:

Металды көркемдеу әдістеріне үйрету.

Тәрбиелік:

Құралдар мен жабдықтар:Дайындамалар, жұқа қаңылтырлар, шекмелеу үлгілері, балға, шегелеу құралы, сызғыш, қарындаш, Ағаш өңдеу құралдары

 

Сабақтың барысы.

 

Жаңа сабақты түсіндіру.

1. . Металл бетін әшекелеу.

2. Металл бетіндегі бояуды келтіру.

3. Металл бетін түссіз бояумен келтіру.

4. Ою-өрнектің металл бетіндегі түсіру өңінің сапасын тексеру.

А)Ағаштың қандай түрлерін білесіңдер?
Ә) Ағаш өңдеу құралдарын атап шығыңдар.
Б) Ағаштың текстурасы дегеніміз не?
В) Ағаштан бұйымдар жасайтын адамды қалай атайды?



Сендер 5-ші сыныпта металдардың физикалық қасиеттерімен таныс едіңдер. Қара металдармен жиі қолданылады.

Түсті металдармен көркемдеп өңдеп жасалған әсем бұйымдардан сан алуан түрлерін көріп жүрсіңдер. 6-сыныпта түсті металдардан көркемдеу өңдеу технологиясымен таныссыңдар. Шеберлер ерте заманнан бастап ұсталық пен зергерлік өнерін үйрету арқылы әр түрлі металдан үй бұйымдардан, қару-жарақ, сәнді әшекейлер жасауды үйренген. Көптеген әсем бұйымдар қаңылтырдан жасалған. Қаңылтырдан көркемдеп өңдеудің ең ежелгі түрінің бірі – шимелеу (чекалка) әдісі. Ою-өрнектің түрлеріне оюлар құрастыру үшін шеберлер өсімдіктер мен гүлдердің суретін қолданған.

Зооморфтық оюлар. Зооморфтық өрнектер жан-жануарлар әлемін бейнелейді.

Космогондық оюлар. Космогондық өрнектер ғарышпен байланысты. Жұлдыздарды, күнді, айды, жарты айды және кемпірқосақты.

Геометриялық оюлар. Геометриялық өрнектерді ромбалы, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар құрайды.

Ағаш-табиғаттың тамаша туындысы. Ағаш көп өскен жерді халық орман, тоғай деп атаған. Тоғай ертеден адамдардың негізгі тұрақ жайы болған. Ерте заманнан-ақ адамдар ағашты тіршілігіне қажетті материал ретінде пайдаланған. Олар ағаштан  аң аулауға қажетті аша таяқ, найза, қада, жебе т.б. заттар жасаған. Адам ағаш өңдеуді тез үйренген. Өйткені ағаш өңдеуге оңай көнетін материал. Пышақ, балта сияқты қарапайым құралдардың көмегімен адамдар үйлерді, көпірлерді, жел диірмендерін, қамалдар мен ыдыс-аяқтар жасаған.
Қазіргі уақытта да біздер ағашсыз өз өмірімізді елестете алмаймыз. Тұрған үйіміз, үй жиһаздары, басқа да тұрмыста жиі қолданылатын заттардың көбі ағаштан жасалған.
Қолөнердің ең көп тараған түрлерінің бірі - бұл ағашты көркемдеп, өңдеу. Ертеден-ақ көшпелі халық  тұрмысына қажетті заттарды өздері жасап отырған. Ағаштан түйін түйген шеберлер атқа салатын ерді, тамақ сақтайтын кебеже, киім салатын сандық, әбдіре, киім ілетін-адалбақан, тостаған, саптаяқ, шара, отау, табақ пен тегештерді аса шеберлікпен жасаған.
Ағаштан жасалған бұйымдардың ішіндегі ең көп тараған түрлері жұпаяқ, күбі, ағаштан бүтіндей ойылған астау, келі-келсап, асадал. Бұл бұйымдарды шеберлер күмістен, сүйектен жасалған ою-өрнектермен әрлеген. Ағаш үйдің бөлшектерін ою өрнектермен әшекейлеп безендірген.
Халық шеберлері жасаған осындай заттар қазір еліміздің музейлерінде сақтаулы.
Слайдтардан алған мәліметтерге сүйене отырып сабағымызды жалғастырайық.
Көркемдеп өңдеуге қажетті ағашты дұрыс таңдау істің нәтижелі болуына септігін тигізеді. Оған май қарағай, терек, үйеңкі секілді жұмсақ ағаш қажет, нәзік ойықша, үшбұрыш және басқа өрнектерді салу, әрлеу жұмыстары оңай жүргізіледі. Жұмысқа бұтақсыз жұмсақ  ағаш түрін таңдап, қажетті өлшеммен кесіп, сүргілеп, әрлеп болған соң, тегіс бетіне өрнек бейнесін көшіреді.
Өрнек дегеніміз- кез келген бұйымның сыртына түсірілетін біртұтас байланысты әшекей. Ал ою дегеніміз, бұйымға түсірілген өрнекті пышақпен кесу арқылы өңдеу немесе шабу кезіндегі ойып өңдеу жұмыстары. Ою-өрнектердің бір түрі
Қазақтың ою және өрнек деген қос сөзі біріге келіп латынша орнамент деген ұғымды білдіреді. Мағынасы сәндеу, әсемдеу. Осы сәндеу, әсемдеудің бір түрі, яғни хайуанат, жан-жануар және өсімдік белгілері мен мүшелері немесе геометриялық фигуралар іспеттес элементтердің үнемі ырғақты қайталап, симметриялы орналасқан көркем өрісі мен құрылымын ою деп атаймыз.
Өрнекті оюдың бірнеше тәсілі бар. Соның бірі- геометриялық бейнедегі өрнек.
Мұндай өрнек ағаш бетінде геометриялық сурет салу арқылы жасалады.
Екінші тәсіл-өрнекті салғанда, оның ізін пышақпен тігіп, өрнектің жиектерін көлбеулей жұқалап жонып алады. Мұндай оюларды бірнеше әдістермен орындайды: біріншіден, өрнектердің жиектерін дөңестеп, жұмырлай жиектеп өрнекке кеңістіктегі көрініс береді;
екіншіден, өрнектердің сыртқы жиегін өрнек денесінің ортасынан да ойықшалап бедер беріледі; үшіншіден, бірінші және екінші әдіспен орындалған өрнектің түбін бедерлеп, бедерлі өрнектің мәніне қарай таңдап, бедер беру тәсілімен орындайды.


Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
-          бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;
-          бұйымдарды бояу, оған әр беру;
-          боялған бұйымдарды тазалау, лактау.
Қауіпсіздік ережесінің сақталуын қатаң тексеру.

Оқушыларды бағалау, жақсы жұмыстарды  көрмеге алу.


Үйге тапсырма: дайындаманы көркемдеп өңдеу, аяқтау және «Ағашты көркемдеп өңдеу технологиясы» тақырыбына реферат жазу











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!