400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Метатанымдық оқыту заман талабы

Материал туралы қысқаша түсінік
Метатанымдық оқыту заман талабы Қазіргі таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жету және жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Метатанымдық оқыту заман талабы

         Қазіргі  таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жету және жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру болып табылады.

XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті.

        Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын  енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде  әрбір мұғалімнің алдына  қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру.

      Сондықтан кез келген пәнді оқытуда  өзекті мәселенің  бірі – оқушыларды өзара іс-әрекет негізінде оқыту деуге негіз бар. Бұл жерде оқушының белсенді іс- әрекет иесі де, мұғалімнің тек бағыттаушы, үйлестіруші болатынын аңғару қиын емес. Бұл топтық және жұптық жұмыстарда  анық көрінеді. Берілген  материалды  өздері  оқиды, талқылайды немесе  постерге түсіреді, біреуді тыңдайды және біреуге түсіндіреді

      Метатану – яғни, жеті модульдің бірі.«Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріндегі», «Қалай оқу керектігін үйрету» теориясына негізделген іс-әрекет. Метатануға  танымдық  үдерістерді  білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін  танып-білу  және ойлауды  реттеу деген анықтама беруге болады.

        Оқыту – оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені десек,  «оқуды үйрету» мұғалім оқушыларға  осындай оқу тетіктерін қалай  бере алатынын қарастырады.

     «Оқуды үйретудің»  қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар.

Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетінімен және түсінетінімен байланысты.

Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып, оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге және құруға уақыт беріңіз.

Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

Алтыншы тезис: Белгілі бір уақыт ішінде жұмыс істеуге арналған материалдың көлемі шектеулі болуы керек.

Жетінші тезис: Мұғалімдер оқушыларға рефлексияны ынталандыру және өз идеяларын ойластыру арқылы алған білімдерін қорытындылап талдауға көмектесуге тиіс.

Сегізінші тезис: Қолайлы оқу үшін  адамдарға кері  байланыс пен мадақтау қажет, сондықтан бағалау ізгі болуы керек.

       Білімге  бағдарланған  оқу үдерісінде  мұғалімдер үстірт оқытуға қарағанда тиянақты білім беруді көздейді. Мұндай үдерісте оқушылар ойлауға түрткі болатын түсініктемелер жасайды, жетекші сұрақтар қояды, сондай-ақ өз идеялары мен жолдастарының идеяларын талдай отырып, проблемаларды шешу жолдарын  баяндайды. Оқушылар  тәуекелге барудан қорықпайды, керісінше, олар үшін «тұйыққа тірелу» – жаңаны білу жолындағы кезекті қадам.

       Метатанудың  маңызды  компоненттерінің  бірі - бағалау болып табылады.

       Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады.

        Мұнда оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған  «Оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен  жұмыс, бір-бірін  қолдау, топтық  рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті  өзін-өзі құрметтеумен  және  өзін-өзі  басқаруды  дамытумен  сипатталады;  нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға  қалыптасады.

     Метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Соның салдары ретінде, олар әдетте:

• материалды «есте сақтау» және «түсіну» ұғымдарының әртүрлі әдістері бар екенін мойындап, мағынасын ажырата алуға үйренеді (мен мұны есте сақтай аламын ба? маған мұны есте сақтау қажет пе? бұл тақырыпты мен шынымен игердім бе?);

• материалды сараптап, оны күрделілік деңгейі мен назар аудару талаптарының дәрежесі бойынша бөлуге қабілетті (мына фрагмент қарапайым, ал келесіге назар аудару керек);

• материалды игеру деңгейін анықтай отырып, өз өздерін тексеруге және тестілеуге қабілетті (мен мұны дұрыс түсіндім бе?);

• қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет).

Соңғы тармақ ерекше маңызды. Әдетте топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер бос сөз, әрі ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және ақыр соңында мұғалімнің функциясын өздері атқарады. Егер оқушылар өзінің оқу үдерісін бақылауды үйреніп, шын қажет болғанда ғана көмек сұраған жағдайда, мұғалімдерде оқу үдерісін өнімді қылу мақсатында оқушылармен жеке жұмыс жүргізуге уақыты көбейеді. Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критерийі болып табылады. Кейбір оқыту модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады: ол білім міндеттерін және оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; міндетті шешу кезінде оқушыға жетекшілік етеді; жұмысқа жұмсалатын уақыт регламентін белгілейді; оқушының жұмысы жөнінде баға береді және пікір айтады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындайды, оқудың мазмұны мен регламентін таңдайды және күтілетін нәтижелерді өзі жоспарлайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқару қызметіне тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға қолдануға болады. Бірақ оқушылардың есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сонымен, жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарту қабілетіне ие болған оқушылар ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі. Өзін-өзі басқарудағы метакогнитивтік қабілеттер тәжірибеге қарай және уақыт өте жақсарады деп ойлағанымыз дұрыс.

Метатану дағдылары

«Метатану» термині оқушылардың саналы білім алуы мен ойлауын дамытуға ықпал ететін бірқатар үдерістерге қатысты қолданылады.Метатануға танымдық үдерістерді қарастыру үшін танымдық үдерістерді қолдану,соның ішінде қатесін танып –білу және ойлауды бақылау деген анықтама беруге болады.

Флейвелл(1976) өткізген алғашқы кең көлемді метатану зерттеуінде ерте жастығы балаларға еске сақтауға арналған тапсырмалар беріледі.Бестен жеті жасқа дейінгі оқушыларға зерттеуші белгілі ретпен бірқатар заттарды көрсетті.Он бес секундтан кейін балалардан осы реттілікті бұзбай еске түсіру сұралды.Ересектеу балалар бір нәрсені есте сақтау қажет болса,ол үшін күш салу керек екендігін түсінді.Олар қайталау тәсілін пайдаланып, кезектілік ретін есте сақтады.Ал неғұрлым кішірек балалар бұл тәсілді пайдаланбағандықтан,еске сақтай алмады.Қайталау қажеттігі туралы кеңес алғаннан кейін ғана олар тапсырманы дұрыс орындап шықты.Кеңес берілмеген жағдайда оқушылар білім алу уақытын тиімсіз пайдаланады.Флейвелл мұндай қабілеті жетіп тұрса да, «тәсілдерді пайдаланбауды» «өнімділік тапшылығы» деп сипаттайды.

Метатану аспектілерін сипаттау

Өз жұмысының нәтижесін де Флейвелл метатануы өлшеудің үш құрылымын сийпаттай отырып,балалар метатанудың мониторингі мен талдауының негізін анықтады:

· Білім алушы тұлға ретінде өзі туралы білімі

· Мақсаттар мен тапсырмаларды білу,түсіну және бағалау

· Тапсырманы орындауға қажеті статегияларды білу және оларды бақылау.

Бірінші өлшем жеке білімге қатысты:өзін оқушы ретінде тани отырып,бала,мысалы,өзінің мықты және әлсіз жақтарын сезінеді,оқу үдерісінде не ұнайтынын,не ұнамайтынын түсінеді және жеке мақсаттарды белгілеу қабілеті туындайды.Флейвелл оқушылардың өзінің оқуын саналы түрде сезінуі дамыған сайын балалардың басқа оқушылардың да өз оқына қатысты таңдауы,кушті және әлсіз жақтары бар екендігі туралы метатанымдық түсінігінің де кеңейетіндігін анықтады.

Флейвеллдің екінші өлшемі тапсырмаға бағытталған,ол оқушының өз мақсаты мен тапсырманы білу,түсіну және бағалауды қамтиды.Метатанудың бұл аспектісі оқушының тапсырманы қалай талдайтынын және бағалайтынын немесе күрделірек деңгейін қалай салыстыратынын көрсетеді.

Сондай-ақ үшінші метатанымдық құрылымы Флейвелл тапсырманы орындауға қажетті білім мен тәсілдерді бақылау деп анықтайды.Оқушылардың орындауы қажет тапсырманы анықтауы және бір немесе бірнеше тәсілдердің көмегімен орындау жоспарын құруы стратегиялық бақылау көрсеткіші болып табылады.Түрлі тәсілдедің салыстырмалы түрдегі тиімділігі бағаланып,оқушылар өз әрекеттерін түсіндіреді.Оқушылардың таңдауы мүмкін тәсілдерінің біреуі-бсқалардың білім аясы кеңірек болу мүмкін деген жеке көзқарасына байланысты олардан қөмек сұрау.

Метатаным — дарындыларды дамытудың құралы

Метатаным немесе метаойлау-ойлау туралы білу деген сөз. Әлемдегі ең танымал педагогтар мен психологтар,философтар мәселен Дж.Дьюи мен Жан Пиажені алсақ та, Лев Выготский мен Бенжамин Блумды алсақ та оқытуда таным процесін зерттеуге ең бірінші мән берген. Бала алдымен оқу,үйрену кезіндегі өзінің ойлау әрекеті туралы өзі ойлана алу керек. Мұғалім баланы оған үйрету қажет. Бала «Мен қалай ойлаймын?»Бүгінгі сабақта мен нені және қалай үйрендім? Не қиын болды? Нені орындау қолымнан келді, нені орындай алмадым? Неге орындай алмадым? Енді маған қандай көмек керек?» деген мәселелер көлемінде ойлана алуы керек.        Мысалы, егер көктемде біз алқызыл апорт алмасын көрсек, оның біртұтас бейнесінің ішінде оның хош иісіне ерекше көңіл бөлеміз. Өйткені, біз оны жегіміз келеді. Егер де осы ақуал күзде болып, жаңа ғана он алма жеп, сол апортты көрсек, оны қабылдағанда оның түсіне, әсем жақтары мен формасына ерекше көңіл бөлеміз, яғни, оны жейтін тамақ емес, эстетикалық зат ретінде қабылдап, ләззәт аламыз. Әр адам дүниедегі заттарды өз жасына, өмірден алған тәжірибесіне, білімі мен кәсіби іс-әрекетіне, тіпті мінез-құлқына байланысты сана-сезіміндегі қалыптасқан категорияларды (ұғымдарды) пайдаланып қабылдайды. Адамның сана-сезімінің тағы да бір керемет ерекшелігі — өткендегіні есте сақтау. Физиологиялық тұрғыдан келгенде, ол адам жүйкесінің өткендегі болғанды ақпарат ретінде сақтау қасиеті болып табылады. Оның негізгі екі түрін көрсетуге болады. Біріншісі – сезімдік бейне болса, екіншісі – сөздік-ұғымдық түрі. Сезімдік таным бізге заттардың айнадағыдай бейнесін бермейді, оның қалыптасуына адамның қажеттігі мен мүддесі, мақсат-мұраты мен идеалдары, неше түрлі сезім толқындары, қысқасы, бүкіл жан-дүниесі қатысады.

Таным үрдісі адамның ырқымен де тығыз байланысты екенін байқаймыз. Ол адамды таным жолында белгілі бір мақсаттарға, нәтижеге жеткізуге көмектеседі. Адам өз ырқы арқылы бүкіл күш-жігерін жинақтап, оны зерттеуге ұмтылдырады. Алайда, ырық әрқашанда сананың, ең алдымен, моральдық құндылықтардың бақылауында болуы қажет. Ол, әсіресе, бүгінгі таңдағы жаратылыстану ғылымдарында қажетті. Өйткені, адам дүниеге тереңдеген сайын табиғаттың орасан-зор күштерімен кез болып, ар-ұжданы дамымаған ғалымды сол күштерді өз мүддесіне жаратуға бағытталған пейілі мен іс-әрекетін тудыруы ғажап емес. Таным үрдісінде аса бағаланатын нәрсе – ол адамның таланттығы. Біріншіден, ол адамға берілген табиғи дарынмен тығыз байланысты екенін байқауға болады. Егер біреу – көркемөнерге жақын болса, екінші – математика, физикаға, үшінші – тілдерді игеруге ынтық болуы мүмкін. Адамдардың бұл қабілеттері белгілі бір әлеуметтік жағдайларды жасау, сонымен қатар, тұлғаның қажымас еңбегінің арқасында, талантқа, яғни, шығармашылық қабілетіне айналуы мүмкін. Кері жағдайда, адам табиғи дарынын таланттық деңгейге көтере алмай, оны сөндіріп алуы да ғажап емес. Танымның негізгі мақсаты – ақиқатқа жету, соның нәтижесінде ғана оны практикалық өмірде пайдалануға жол ашылады.

Л.Выготский: “Жақсы оқыту деп, баланың дамуынан ілгері жүретін, оны жетекке алатын оқытуды айтады” деп тұжырымдайды және оқу-баланың өзінің танымдық белсендігі екендігін анықтайды.
Оқушылардың танымдық белсенділігін, ізденімпаздығын арттыру үшін оқу үрдісі оларды қанағаттандыратындай ұйымдастырылуы қажет. “Жүз рет естігенше, бір рет көрген артық”деп бекер айтылмаған. Соңғы кезде теледидардан беріліп жүрген “Не, қашан, қайда?”, “Брейн-ринг”, “Ғасыр көшбасшысы”, “Интелектуалдық казино”, “Жұлдызды сағат”, т.б. бағдарламаларды әр пән бойынша қолдану әдістемелері баспа сөз бетінен орын алып отыр. Осы озық тәжірбелерді әр мұғалім қолдана білсе, оқушыларды өз пәніне деген қызығуын тудырады және танымдық қабілеттерін дамытады.

Танымдық қабілет әркімге тән. Тек оны дамыта білу – әр ұстаздың міндеті. Сондықтан, дайын ақпараттық фактілерді, заңдар мен ережелерді беріп қоймай, оқушыларды өз бетінше іздендіретін, алған білімдерін тұжырымдай алатын оқу материалдарын білу қажет. Сонымен бірге мұғалім мен оқушының арасында ұжымдық қарым-қатынас, бір-біріне деген сыйластық болған жағдайда ғана оқыту өз нәтижесін береді.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
14 қаңтар
1917
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі