жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
методикалық көмек
Педагогикалық жобалау формасы және кезеңдері
Жоспар:
1. Педагогикалық жобалаудың мәні;
2. Педагогикалық жобалаудың кезеңдері мен формалары.
«Педагогикалық жобалау формасы және кезеңдері»
«Музыкалық білім беру педагогикасы» ұғымы – көптен бері қолданып келе жатқан ұғым. Бұл ұғым көпшілікке музыкалық білім беру саласында , соның ішінде білім мазмұны мен оқытудың әдістемесі белгілі бір педагогикалық жүйені құрайтын және сол музыканың өзі тәрбие құралы ретінде саналатын жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәніне байланысты қолданылады. Сонысен бірге музыкалық білім беру педагогикасы түрлі типтерге музыкалық оқу орындарында (балалар музыка мектебі, балалар өнер мектебі, балалардың хор студиясы және т.б.) жүзеге асырылатын бастауыш музыкалық білім беру және осы саланың бірден-бір күрделі әрі маңызды сатысы колледждер мен консерваторияларда кәсіби музыкалық білім беру мәселелерін қалыптастырады.
Кез келген ғылым саласы сияқты, музыкалық білім беру педагогикасы әдіснамалық негіздерге сүйенеді. Табиғаттың, адамның, қоғамның, танымның даму заңдылықтары философияның заңдылықтарына негізделеді. Сондықтан ұзақ жылдар философияның аясында өркендеген және өркендеу үстіндегі педагогиканың бір саласы – музыкалық білім беру педагогикасы да философиялық тұжұрымдардың негізінде дамиды.
Меңгертілген музыкалық білім көлеміне сәйкес бастауыш, орта, орта арнайы, жоғары білім, ал сипаты мен бағыттылығына қарай жалпы музыкалық білім, кәсіптік музыкалық білім деп бөлінеді.
Қайсыбір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасы ғылыми-теориялық, практикалық және болжау функцияларын атқарады. Музыкалық білім беру педагогикасының мазмұны маңызды деген ғылыми педагогикалық идеяларға (білім беруді ізгілендіру, ынтымақтастық педагогикасы, оқытудың өмірмен байланыстылығы және т.б.) ғылыми теорияларға сүйенеді. Музыкалық білім беру педагогикасын теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, музыкалық білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған қалай оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Музыкалық білім беру педагогикасы теориялық жағынан дами отырып, музыкалық білім беру бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді. Оған озық педагогикалық тәжірибенің, оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларының мектеп практикасына ендірілуі мысал бола алады. Музыкалық білім беру педагогикасына болжам жасау функциясы қоғамның дамуының, мәдениет пен экономиканың, музыкалық білім беру саласындағы ғылыми-мәдени жетістіктердің даму тенденцияларына талдау жасау негізінде музыкалық білім берудің болашағын жобалауға көрініс береді. Болжамның объектісі – ғылыми теориялар қалыптасқан жағдайда оны болашақтағы практикалық іс-әрекеттерде қолдану жолдарының үлгісінің жасалуы.
Осы тұрғыдан алғанда, музыкалық педагогиканың ғылым саласы ретінде музыкалық тәлім-тәрбиеге байланысты педагогикалық және қоғамдық іс-әрекеттің түрлі жақтарын қарастыруы оның зерттеу мақсаты болып табылады.
Музыкалық білім беру педагогикасын ғылым ретінде қарастыру қайсыбір ғылым саласын сипаттайтын факторларды анықтап алуды қажет етеді.
Музыкалық білім беру педагогикасы – ғылым саласы, оның пәні музыкалық білім беру;
Музыкалық білім беру педагогикасының зерттеу объектісі оқушы, музыка пәні мұғалімі, кәсіби сазгер;
Музыкалық білім беру педагогикасы музыкалық білім беру мен тәрбиелеудің заңдылықтарын зерттейді. Ол түрлі фактілерді жинақтап, қорытады, музыкалық-педагогикалық құбылыстардың себеп-салдарлық байланыстарын анықтайды, музыкалық білім беру мен тәрбиелеу ісінің болашағын болжайды;
Музыкалық білім беру педагогикасы өз пәнін зерттеуде жалпы педагогикалық және арнайы зерттеу әдістерін (бақылау, әңгімелеу, эксперимент және т.б.) қолданады;
Қайсы бір ғылым саласы сияқты музыкалық білім беру педагогикасына қатысты негізгі категориялар (музыкалық тәрбие, музыканы оқыту, музыкалық білім беру) қалыптасқан.
Музыкалық білім беру педагогикасында әлі де шешімін табар көптеген проблемалар бар.
педагогикалық жобалау – жобалау əдісі слайд
Оларды заңдылық ретінде қарастыра отырып, Н.Р.Юсуфбекова көрсеткен
инновациялық процестердің заңдылықтарына сүйене отырып, педагогикалық
жобалауға деген қажеттілікті төмендегі тенденциялар арқылы көрсетуге болады [16]:
ескі мен жаңа арасындағы қарама-қайшылық жүйе мен оның бөліктерінің өзгерісіне
əлеуметтік жəне педагогикалық қажеттіліктерден туындайды; білімдерді саралау,
олардың үнемі ұлғаюы мен оқу-тəрбие процесінің шегі арасындағы қайшылық
дидактиканың орталық проблемаларының бірі – білімнің базалық ядросын – білімдер
минимумын анықтау проблемасын тудырады; шығармашыл тұлға қалыптастыратын
жаңа оқыту əдістеріне қажеттілік сабақ уақытының шектелуіне байланысты
қайшылықтар туғызады (мəселен, проблемалық оқыту оқу материалдарын
шығармашылықпен меңгеруді қамтамасыз етеді, білімдерді дайын күйінде берудің
дəстүрлі əдістеріне қарағанда көп уақыт алады); педагогикалық ойлаудың
парадигмасының өзгеруінің өзі өзгерісті талап етеді; білім берудің үздіксіздігі оны
құрылымды əрі мазмұндық өзгертуді талап етеді; мұғалімдер мен басқа педагогикалық
қызметкерлер арасында артып келе жатқан жаңа педагогикалық білімге қажеттілік
шығады. В.М.Монахов пікірінше, оқу үрдісінің тиімділігі — оқу үрдісінің алынған
нəтижесі мемлекеттік білім стандарты белгілеген, яғни, жоспарланғаннан қаншалықты
ерекшеленетінін көрсететіні оның негізгі сипаты болып табылады. Оның технологиясы
өзі ұсынған параметрлік модель негізіндегі оқу үрдісін жобалау технологиясы оқу
үрдісін тұтастай жəне жүйелі жобалау технологиясында жаңа бағыттардың бірі ретінде
алға шығады жəне тəжірибеге мемлекеттік білім беру стандарттарын енгізудің нақты
құралы болып табылады [17]. Сонымен, жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, мынадай тұжырым жасауға болады: педагогикалық жобалау дегініміз – белгілі бір
жағдайларда педагогикалық процесті жетілдіруге мақсатты түрде бағытталған іс-əрекет.
Пайдаланған әдибиеттер:
1. Монахов В. Проектирование и внедрение новых технологий обучения // Сов. Педагогика, - 1990
2. Сластенин В.А. , Подымова Л.С. , Педагогика Инновационная деятельность М.., 1997.- с.342
3. Хмель Н. Д. Жалпы білім беретін мектептегі педагогикалық процесс. / аударған Қ.С.Оспанов – Алматы : Ғылым 2002.- б.170
4. Кузьмина Н.В Методы системного педагогического исследования. –Л.., ЛГУ , 1980. -171 с.
5.Заир-Бек Е.С. Ткорические основы обучения педагогическому проектированию .., СПб.., 1995- с. 164

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген