Материалдар / Метрополитен 5-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Метрополитен 5-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
"Метрополитен" тақырыбында қазақ тілі пәні бойынша 5-сыныпқа арналған сабақ жоспары.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қырқүйек 2024
265
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар



Бөлім:

Көлік және жол белгілері

Педагогтің Т.А.Ә.

Мусаева Жамиля Серікқызы

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Метрополитен

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

Оқу мақсаты: 5.2.5.1 мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру;

5.3.3.1 сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру;

5.4.4.4 сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата білу, сан есімді зат есім орнына қолдана білу;

Сабақтың

мақсаты:

Мәтін мазмұнын түсінеді, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады; сюжетті суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады; сан есімнің мағыналық түрлерін ажырата біледі, сан есімді зат есім орнына қолданады.

Құндылықтар


Ойлау дағдылары деңгейі:

Білу, түсіну, қолдану


Сабақтың барысы

Сабақтың

кезеңі/

уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

2 мин.







3 мин.
















5 мин.























5 мин.
























17 мин.






















2 мин.






4 мин.













Сабақтың соңы

1 мин.


Психологиялық ахуал.

Сәлеметсіздер ме, балалар!

Сабағымызды бастамас бұрын көңілімізді көтеріп алайық, «Көліктерді білеміз, түрін түстеп жүреміз» демекші мына көліктерді қимылмен көрсетейік.

Балалар, біз бүгін Алматы метросымен саяхатқа шығамыз. Қолдарыңдағы жетон арқылы метроға мініп, орнымызға жайғасайық.

Назарымызды экранға аударайық. Бейнежазбаны мұқият қарап, Алматы метросы туралы ақпаратпен таныс болайық.

Жаңа сабағымыздың тақырыбы: Метрополитен

«Жібек жолы» бекетінен өз саяхатымызды бастаймыз

Оқылым алды тапсырма.

Бекет дегеніміз не?

Бекет – 1) қатынас көліктері, жолаушылар мен жүргіншілер аялдайтын жол бойына орнатылған орын; 2) мұнда: метростансасы.

Оқылым тапсырмасы. Мәтінді мұқият зерделеп оқыңыз.

(Топтарға мәтін таратылып беріледі.)

Алматы метросы

Алматы метрополитені 2011 жылдың желтоқсанында іске қосылды. Бастапқыда метро желісі 7 станциядан тұрды: Райымбек батыр, Жібек жолы, Алмалы, Абай, Байқоңыр, Мұхтар Әуезов театры және Алатау. Жалпы ұзындығы – 8,5 км болған. 2015 жылы Сайран-Москва станциялары ашылғаннан кейін, ол тағы 2,74 километрге ұзарды. 2022 жылы 30 мамырда Сарыарқа және Бауыржан Момышұлы пайдалануға берілді. Енді метроның ұзындығы 3,1 шақырымға артып, 13,4 шақырымға жетті. Қала басшылығының жоспарына сәйкес, жаңа станциялардың көмегімен Алматы метрополитені күніне 80 мыңнан астам жолаушыны тасымалдай алады.Алматы метрополитені Қазақстандағы алғашқы, Орталық Азияда екінші (Ташкент метрополитенінен кейін) және ТМД-дағы 16- шы немесе 17-ші метрополитен болды. Пойыз жолдың бiр басынан екiншiсiне дейiн 10 минутта жетедi. Жүру жиiлiгi – 6 минут. Жол жүру ақысы – 80 теңге. Ол смарт-карта мен смарт-жетон арқылы төленеді.

Оқылымнан кейінгі тапсырма

Топтық жұмыс.

«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі арқылы оқылым мәтіні бойынша нақты ақпаратты анықтауға бағытталған 2 сұрақ құрастыр.


«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі

Менен сұрақ

сізден жауап






Метро Алмалы бекетіне келіп тоқтады.

Жазылым алды тапсырма.

«Суреттер сөйлейді» әдісі.

Берілген суретке ат қойыңыз. Зат есімдерді сан есімдермен тіркестіріңіз. Сан есімнің мағыналық түрін ажыратыңыз.

Жеке жұмыс.

Жазылым тапсырмасы. «Бөлшектен бүтінге» әдісі.

Берілген сюжетті суреттер желісі бойынша әңгіме құрастырыңыз

Жазылымнан кейінгі тапсырма. «Газетке

шолу» әдісі арқылы топ мүшелері сурет же

лісі бойынша құрастырған әңгімелерін

газетке (жариялайды )жапсырады. Топтар өзара газет алмасып, әңгімемен танысады. Дауыс беру

арқылы үздік әңгімені анықтайды. Әр топ

өздері үздік деп таныған бір әңгімені оқиды.




«Абай» бекетіне де келіп жеттік. Саяхатымыз әрі

қарай жалғасу үшін сергіту сәтіне кезек берейік.

Сергіту сәті «Алатау»



Біздің метромыз «Байқоңыр» бекетіне бет

алды. Бекетке жеткенше тағы бір тапсырма

ны орындайық.

Тапсырма. «Киндер» әдісі арқылы сан есімнен берілген мақал-мәтелдерді сәйкестендіріңдер.

1.Семіздің аяғы – сегіз.

2. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар.

3. Жүздің түсін білгенше, бірдің атын біл.

4. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.

5. Қарғыс жеті атаға жетеді.

6. Туған да алтау едік, өле-өле жетеуміз.

7. Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.

8. Жеті кедей жиналғанмен ортасынан бір бай шықпас.


Тапсырма.

learningapps.org плаформасы арқылы тест тапсырмасын орындаңдар.

1.Жер асты көлігін ата?

А) Метро

Ә) Автобус

Б)Пойыз

В)Көлік

2. Әлемдегі ең жас метро қай қалада?

А) Астана

Ә) Нью Йорк

Б) Алматы

В) Лондон

3. Сан есімнің неше мағыналық түрі бар?

А) 4

Ә) 6

Б) 7

В) 9


4. Сан есім дегеніміз ...

А) Заттың түсін білдіретін сөздер

Ә) Заттың қимылын білдіретін сөздер

Б) Заттың сапасын білдіретін сөздер

В) Заттың санын білдіретін сөздер

5. -ыншы, -інші қосымшасы арқылы жасалатын сан есім?

А) Реттік сан есім

Ә) Жинақтық сан есім

Б) Болжалдық сан есім

В) Топтау сан есім

«Көліктерді білеміз, түрін түстеп жүреміз» демекші көліктерді қимылмен көрсетеді.


Топқа бөлінеді.

Топ оқушылары киіз үй арқылы өзін-өзі бағалайды.


Бейнежазбаны тамашалай

ды.



Жаңа сабақтың тақырыбы

мен танысып, саяхатқа шы

ғады.


Оқылым алды тапсырма

сына жауап беріп, өз пікір

лерін айтады.

Сөздік жұмыс.



Мәтінді зерделеп оқиды.






























«Менен сұрақ, сізден жауап» әдісі арқылы оқылым мәтіні бойынша нақты ақпаратты анықтауға бағытталған 2 сұрақ құрастырады.










1-қадам. Суретке ат қояды.

2-қадам. 1минут аясында суреттер бойынша жұбымен бірнеше сөз жазады.

3-қадам. Зат есімдерді сан есімдермен тіркестіреді.

4-қадам. Сан есімнің мағыналық түрін ажыратады.

Оқушылар топта жасаған жұмыстарына сүйеніп, әрқайсысы жеке-жеке құрылымын, сурет желісін сақтап әңгіме жазады.

Әңгіме жазудың алгоритмі:

  1. Суреттерге оқиға желісіне қарай реттік нөмерін қойыңыз.

  2. Атау қойыңыз.

  3. Шимай жоспар құрастырыңыз.

Сан есімнің мағыналық түрлерін қолданып, қысқа әңгіме жазыңыз.









Сергіту сәті











«Киндер» әдісі арқылы сан есімнен берілген мақал-мәтелдерді сәйкестендіреді.















learningapps.org плаформасы арқылы тест тапсырмасын орындайды.

























1 балл

















































2 балл



Екі жұлдыз, бір тілек” әдісі



Топтар қадамдар бойынша әрекет етеді



Дескриптор:

әңгімеге ат қояды;

сюжетті суреттер желісін сақтайды;

суреттерді сипаттайды;

сан есімнің 3 мағыналық түрлерін қолданады;

3 сан есімді зат есімнің орнына қолданады;





















2 балл

















1 балл













































































































https://yandex.kz/video/preview/6848717080407816615





















https://learningapps.org/watch?v=pa0aaf80n24

Кері байланыс

2 мин.

Оқушылар өз-өздерін бағалайды.

Үй тапсырмасы: Сан есімнің мағыналық түрлерін қатыстырып, сөйлем құрап жазу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!