400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Метрополитен. Зат есімнің түрлері

Материал туралы қысқаша түсінік
Барлық оқушылар орындай алады: - Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады; - Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды анықтай отырып, берілген жауаптарға қарап сұрақтар құрастыра алады; - Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады; - Зат есімнің мағыналық түрлерін кестеге сәйкес тиісті орнына қояды. Оқушылардың көпшілігі орындай алады: - Аудиомәтіндегі негізгі ойға қатысты өз пікірлерін білдіреді; - Берілген қанатты сөздерден дерексіз ұғым атауларын тауып, ойын түйіндейді. Кейбір оқушылар орындай алады: - Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстыра отырып айтады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы

5.7.7. Көлік және жол белгілері

Сабақ: Қазақ тілі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 5

Қатысқандар: 25 Қатыспағандар:0

Сабақтың тақырыбы:

Метрополитен. Зат есімнің түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

5.О5.Мәтін мазмұнын түсінуге, нақты ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру.

5.ӘТН.4.2 Зат есімдердің мағыналық түрлерін мәнмәтін аясында жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

- Мәтіннің мазмұнын түсінеді, сұрақтарға жауап бере алады;

- Мәтін мазмұнындағы негізгі ойды анықтай отырып, берілген жауаптарға қарап сұрақтар құрастыра алады;

- Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратып, жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады;

- Зат есімнің мағыналық түрлерін кестеге сәйкес тиісті орнына қояды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

- Аудиомәтіндегі негізгі ойға қатысты өз пікірлерін білдіреді;

- Берілген қанатты сөздерден дерексіз ұғым атауларын тауып, ойын түйіндейді.

Кейбір оқушылар орындай алады:

- Мәтіндегі ойды өмірмен байланыстыра отырып айтады.

Бағалау критерийлері

  1. Мәтін мазмұнындағы ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар құрастырады.

  2. Зат есімді мағыналық түрлеріне ажыратып, жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Қоғамдық көліктердің бірі – метро туралы ақпараттармен таныса отырып, метроны пайдаланудың артықшылығын түсінеді.

Жалпы және жалқы зат есімдерді, деректі және дерексіз зат есімдерді бір-бірінен ажырату жолдарын біледі.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
метрополитен, метро, жалпы және жалқы есім, деректі және дерексіз зат есім.

Диалог құруға /шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

қоғамдық көлік, Алматы метросы..., метро қызметін тұтынушылар.

Талқылауға арналған сұрақтар:

Қазіргі кезде әлемде ірі қалалардағы жол-көлік қозғалысында метромен бәсекеге түсетін қатынас жолы жоқ. Неге?

Зат есімнің жасалу жолдары қандай?

Дерексіз зат ұғымдарының көркем әдебиеттегі қолданысы?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба?

Неге ең қолайлы қоғамдық көлік түрі – метро деп ойлайсыз?

Пәнаралық байланыс

География, Физика, Тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Зат есім туралы жалпы ұғымдары бар, негізгі және туынды зат есім, түбір және күрделі зат есім

Құндылықтарға баулу

    • - «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу құндылығын сақтау;

    • - өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

    • - жауапкершілік;

    • - өмір бойы оқуға дайын болу.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут










3 минут











2 минут







Сабақтың ортасы

10 минут


























2 минут

















2 минут



5 минут

















4 минут







6 минут

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен сәлемдесу.

2.Оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.

3.Оқушылардың бүгінгі көңіл-күйін білу және топта жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы өткен сабақпен байланысты жақсы ниет білдіру.


«Билет кассасы» әдісі бойынша жаңа тақырыпқа сәйкес қоғамдық көлік билеттерін алу арқылы оқушыларды топқа біріктіру.

І топ – Автобус жолаушылары

ІІ топ – Ұшақ жолаушылары

ІІІ топ – Пойыз жолаушылары

ІV топ – Метро жолаушылары

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

5-тапсырма. Әртүрлі дереккөздерді пайдаланып, өздеріңе ұнайтын көліктің бір түріне қатысты қызықты ақпарат жинаңдар. Онда төмендегідей сұрақтарға жауап беріңдер.

1. Көлік қашан және қай жерде пайда болған?

2. Көліктің артықшылықтары бар?

3. Қандай кемшіліктері бар деп ойлайсыңдар?

4. Ол көлік қаншалықты қауіпті?

«Орындықтағы стикер» әдісі арқылы әр топтан үй тапсырмасын сұрау.

Кері байланыс: Өткен сабақ бойынша қиындық туғызған сұрақтар бар ма?

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы қалыптастырушы бағалау.

«Миға шабуыл» әдісі бойынша топтарға сауал қою арқылы жаңа тақырыпты болжату, сабақтың мақсатын, бағалау критерийлерін таныстыру.

  1. Не себепті әр түрлі көлік билеттері бойынша топқа бөліндік?

  2. Зат есімнің қандай түрлерін білеміз?


ІІІ Жаңа тақырып

Метрополитен. Зат есімнің түрлері

Оқылым/айтылым. Топтық жұмыс


1-тапсырма. Мәтінді оқыңдар

Мәтінді жеке түсініп оқып, мазмұнын топта баяндайды. Мәтін мазмұны бойынша топтық тапсырмалар орындайды.














«Ойлан – жұптас – бөліс» әдісі бойынша берілген топтық тапсырманы орындайды.

Автобус жолаушылары тобы:

А Мәтінге сүйеніп, ойды жалғастырыңдар.

1. «Метрополитен» - кірме сөз, ол ... .

2. ХІХ ғасырдың екінші жартысында ... .

3. ХХІ ғасырдың басында ... .

4. Алматы метросының ерекшеліктері: ... .

5. Пекин метросы ... .

6. Метроны пайдаланудың артықшылығы. ... .

Ұшақ жолаушылары тобы:

Ә Мәтіннен сөз таптарының әрқайсысына 5 сөзден тауып, кестені толтырыңдар.

Сөз таптары

Мысалы

Зат есім


Сын есім


Сан есім


Есімдік


Етістік


Пойыз жолаушылары тобы:

Мәтін бойынша 5 тірек сөз тауып, сөйлем құрастыру.

Метро жолаушылары тобы:

Мәтіннен 5 туынды зат есімді тауып, сөйлем құрастыру

«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы сұралады.

Кері байланыс: «Метрополитен» мәтіні түсінікті ме?

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» әдісі бойынша топтар өзара топты бағалайды.


Грамматикалық тақырыпты түсіндіру

Зат есімнің түрлері


Жалпы есім

Жалқы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім

Тілдегі әр алуан деректі және дерексіз заттар мен ұғымдардың атауын білдіретін зат есімдер

Белгілі бір затты арнайы, даралай атайтын зат есімдер

Нақтылы тануға, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер

Көзге көрінбегенмен, адамның ойлауы нәтижесінде ғана танылатын құбылыс, ұғым атаулары

Мысалы: ағаш, ат, бала, ақыл, сана

Мысалы: Асқар, Тайбурыл, Теміртау

Мысалы: мысық, ағаш, доп

Мысалы: достық, арман, тілек


Тыңдалым. Жеке жұмыс

4-тапсырма. №36 аудионы тыңдаңдар

А Тыңдалған мәтіннен 3 зат есімді тауып, септік жалғауларымен түрлендіріп жазыңдар.

Ә Берілген сөздерді төрт топқа бөліп, кестені толтырыңдар

Семей, арқан, шынжыр, Ертіс, қала, жоспар, Кариб, жоба, көл, жүк, өзен, мемлекет, ТМД, жұрт, материал, көлік, жер сілкінісі, төзім, компания, тапсырыс, нысан, халық, уақыт, қызмет, жұрт, пойыз, бекет, шақырым, жүйе.

Жалқы есім

Жалпы есім

Деректі зат есім

Дерексіз зат есім






«Тыңда – есте сақта – жатқа жаз» әдісі арқылы сұралады.

Қалыптастырушы бағалау: Смайликпен бағалау



7-тапсырма. Төмендегі қанатты сөзден дерексіз зат есімдерді тауып жазыңыз. Қанатты сөздің мәнін түсіндіріңіз.

Адам әрекетін ақыл, сана, сезім, жүрек билейді, сондықтан адам бойынан алдымен мейірім, рақым, әділет, шапағат, ар-ұят табылуы керек.

Ш. Құдайбердіұлы

«Күннің нұры түседі ...» әдісі арқылы сұралады.

Кері байланыс: аудиомәтін мазмұны түсінікті ме?

Қалыптастырушы бағалау: Смайликпен бағалау


Жұптық жұмыс

Тапсырма. Мәтінді мұқият оқып, мәтіннің негізгі ақпараттарын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырыңыз (3 сұрақ).


Дескриптор

Білім алушы

  1. Негізгі ақпараттарды анықтайды

  2. Ақпараттарға бағытталған сұрақтар құрастырады

  3. Орфографиялық және стильдік тұрғыдан сауатты жазады.


Қалыптастырушы бағалау: Бағалау парақшасы негізінде жұптар бір-біріне жұлдыз беру арқылы бағалайды

Кері байланыс: Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар құрастыру қиындық туғызған жоқ па?


Жүрекшелер






Билеттер























Оқулық

























Жұлдызша





















Слайд

АКТ














Үнтаспа

































Смайликтер













Жұлдызша


Сабақтың соңы

4 минут

Үйге тапсырма

6-тапсырма. Қазақстанның бір қаласын таңдап, оның аудандары, зауыт-фабрикалары, мәдени орындары туралы ақпараттар жинап, шағын мәтін құрастыру.

Кері байланыс: «Блиц-бақылау» әдісі бойынша сабақты қорытындылау

Дұрыс және бұрыс жауабы таратпа қағазды толтыру


Сұрақтар

Дұрыс

Бұрыс

Зат есімнің сұрақтары: қандай? қай?


+

Деректі зат есім - нақтылы тануға, көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын зат есімдер

+


Метро - әуе көлігі


+

Асқар – жалқы есім

+


Мейірім – дерексіз зат есім

+






таратпалар




Қосымша ақпарат

Саралау.

Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз?

Бағалау.

Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, денсаулық сақтау.

АКТ-мен байланыс.


Жеке жұмыс: «Орындықтағы стикер» әдісі оқушылардың алдыңғы білімін жинақтай отырып, тыңдалған мәтін бойынша ашық сұрақтарға жауап бере алатын, тілдік дағдылары қалыптасқан тұлға және белсенді оқу үдерісінде өзіндік уәжі бар дара тұлғаның өз ойын еркін айтуға қалыптастырады.

«Миға шабуыл» әдісі жаңа тақырыпқа дейін оқушылардың не білетіндігі және жаңа тақырыптан соң не үйренгені жазылып, сыныптағы оқушылардың барлығы өздеріне кері байланыс береді.

Топтық жұмыс: «Ойлан –жұптас- бөліс » әдісі оқушылардың аяқталған ойды білдіретін жүйелі сөйлем құрай білуі, ойларын еркін және сауатты жеткізу дағдысы және топтық, жұптық жұмыстар арқылы сыныпта белсенді оқу ортасы қалыптасады.

Жеке жұмыс: «Тыңда – есте сақта – жатқа жаз» әдісі бойынша әр бала жеке жұмыс жасай отырып, бүгінгі алған білімдерін тиянақтайды. Оқушыларды шапшаңдыққа дағдыландырады.

Жеке жұмыс: «Блиц-бақылау» кері байланысы оқушының білім алуын, шешім қабылдай білуін, бәсекелестікке түсе білу дағдысын қалыптастырады.

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды жеңілден күрделіге бағыттау арқылы оқушылардың бірлесе, белсенді жұмыс жасай алу қабілеттері шыңдалады.

1. Әр оқушының оқу мақсатына жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескрипторлар қолданылады.

2. Смайликтер, «Басбармақ», «Екі жұлдыз, бір ұсыныс»,

«Блиц-бақылау» әдістері арқылы оқушылардың өзін-өзі реттеуі, өзін-өзі бағалауы, жұптың, топтың бағалауында оқушылардың оқу жетістіктері айқын байқалады.

Жағымды психологиялық ахуал туғызу мақсатында «Жүректен жүрекке» тренингі арқылы бір-біріне ізгі ниеттерін білдіреді.

АКТ- мен жұмыс жүргізу кезінде адам өмірінің қауіпсіздігі басшылыққа алынады.



Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері өз дәрежесінде орындалды. Мақсатқа сай берілген тапсырмаларды оқушылар белсенді орындап отырды. Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну арқылы негізгі ақпаратты анықтады. Мәтін мазмұнындағы ақпараттарды анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырды. Зат есімді мағыналық түрлеріне қарай ажыратып, тұлғалық талдау жасады.

2.Бүгін оқушылар не үйренді?

Туған жеріміздің тарихындағы ата-бабаларымыздың ұлы істеріне құрметпен қарауды, өзгелердің мәдениетіне, әдебиетіне құрметпен қарауды, сын тұрғысынан ойлауды, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықты, жауапкершілікті сезінуді, өмір бойы оқуға дайын болуды, дұрыс сөйлеу және қарым-қатынас мәдениетін, бірін-бірі әділ бағалауды үйренді.

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Сабақта оқу мақсатына сәйкес жоспарланған тапсырмалар өз деңгейінде өтті. Белсенді оқу ортасы қалыптасты. Ынтымақтаса жұмыс істеу қабілеті байқалды. Жеке және топпен жұмыс істеу қабілеті, сын тұрғысынан ойлау дағдылары, сөйлеу мәдениеті қалыптасты.

4.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Оқушыға меңгертуге арналған тапсырмалар нақты және жүйелі болды. Жұптық, топтық жұмыстар барысында берілген тапсырмалар тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым саралап оқыту тәсіліне сай әрекетінің дағдылары қалыптасты, ашық сұрақтар арқылы болжау, талдау жасалды.

5.Уақытты қалай пайдаландым?

Уақыт бөлінісінің тиімділігі сақталды. Топтық жұмыстар тиімді жүзеге асырылды.

6.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?





Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе ойдағыдай сәтті шықты. (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. «Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі

2. «Блиц-бақылау» әдісі.

Қандай екі нәрсені жетілдіру сабақты жақсартар еді? (оқытуды да, оқуды да есепке алыңыз)

1. Қалыптастырушы бағалауды жетілдіру;

2. Дескриптормен жұмыс жасауға дағдыландыру.

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар жөнінде келесі сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпарат білдім?

1. Оқушының ойлау дағдыларын дамытуға бағытталған күрделі тапсырмалар түрін жетілдіру;

2. Дәптермен жұмысты көбірек жүргізу.





Бағалау парағы

Бағалау критерийлері

Дескрипторлар

  1. 1. Мәтін мазмұнындағы ақпаратты анықтауға арналған сұрақтар құрастырады.

1. Мәтінді түсініп оқиды.

2. Мәтін бойынша берілген жауаптарға сұрақтар құрастыра алады.

2. Зат есімді мағыналық түрлеріне ажыратып, жалғаулар арқылы түрлендіріп қолданады.

  1. Зат есімнің мағыналық түрлерін ажыратады.

  2. Зат есімді жалғаулар арқылы түрлендіріп қолдана алады.


 

























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
30 ұстаз жүктеп алған
20 желтоқсан
3924
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі