400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Материал туралы қысқаша түсінік
Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді меңгерту, жасалу жолдарын түсіндіру, дұрыс ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа баулу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: Мезгіл бағыныңқы сабақтас

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Мезгіл бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді меңгерту, жасалу жолдарын түсіндіру.

ә) тәрбиелік: оқушыларды өзін-өзі сыйлауға, сауаттылыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: дұрыс ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыта отырып шығармашылыққа баулу.

Сабақтың типі: Жаңа білім беру

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес сабақ

Қолданылатын әдіс-тәсілдер: лездік сұрақтар, мағынаны ашу, есте сақтау, оқу-іздену, сыншыл сұрау

Сабақтың технологиясы: тірек сөздер арқылы жаңа мағына түсіндіру

Сабақтың көрнекілігі: білім бағалау тақтасы, тірек сөздер жазылған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ әдебиеті

Пайдаланатын әдебиеттер: Қараев «Тіл күретамыр»

Бектұров «Қазақ тіл грамматикасы»

Б а р ы с ы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлемдесу. «Жақсы ойдың тууы қандай қиын болса, өлуі де оңай емес» Ғ.Мүсіреповтың қанатты сөзімен ашамын.

Ендеше балалар, бүгінгі сабақ барысында, тақырыпты түсіну барысында түйген ойымызды, барлықтарың ұмытпай есте сақтап қалатындарыңа мен сенімдімін.

  1. Үй тапсырмасын сұрау кезеңі.

а) 131-жаттығу.

ә) Білім бағалау тақтасы бойынша оқушылардың өтілген материалдан меңгеру деңгейін тексеру. Өткен сабақты пысықтау.

Лездік сұрақтар.

  1. Құрмалас сөйлем дегенімізне?

  2. Құрмалас сөйлем нешеге бөлінеді?

  3. Салалас құрмалас дегеніміз не?

  4. Салалас құрмаластың алты түрін ата.

  5. Ыңғайлас салалас дегеніміз не?

  6. Ыңғайлас салаласқа мысал келтір.

  7. Қарсылықты салалас дегеніміз не?

  8. Қарсылықты салаласқа мысал келтір.

  9. Себеп-салдар салалас дегеніміз не?

  10. Себеп-салдар салаласқа мысал келтір.

  11. Түсіндірмелі салалас дегеніміз не?

  12. Түсіндірмелі салаласқа мысал келтір.

  13. Талғаулықты салалас дегеніміз не?

  14. Талғаулықты салаласқа мысал келтір.

  15. Кезектес салалас дегеніміз не?

  16. Кезектес салаласқа мысал келтір.

  17. Сабақтас құрмалас дегеніміз не?

  18. 6 түрін ата.

  19. Шартты бағыныңқы сабақтасты ата?

  20. Қарсылықты бағыныңқы сабақтас дегеніміз не?

  21. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасқа мысал келтір.



  1. Жаңа сабақ.

«Тірек сөздерді есте сақта»

Төмендегі тірек сөздерді рет-ретімен есте сақтайық.

  1. Мезгіл.

  2. Жай-күй

  3. –ша, -ше

  4. –ғанда

  5. уақытта

  6. –ғалы, -гелі

  7. қашан?

1 мин. ішінде осы сөздерді реті бойынша жаттайды. Осы уақыттан кейін аталған сөздер сұралады.

Кітаппен жұмыс.

Ал енді, балалар, тірек сөздердің мағынасын ашу үшін 132-беттегі Мезгіл бағыныңқы сабақтас мәтінін оқимыз.(5мин)

Тірек сөздердің мағынасын ашу, толықтыру, пікір алмасу кезеңі.

(оқушылырдың жауабы білім бағалау тақтасына түсіріледі).

Өзіміздің тілмен қатар келе жатқан орыс тілінде құрмалас сөйлемдер қалай аталады екен.

Құрмалас сөйлем - Сложный предложение.

Салалас құрмалас – сложносочинененый предложение.

Сабақтас құрмалас - сложнопочинененый предложение.







  1. Бекіту.

132- жаттығу.

Есжан туысымен, көп ұзамай күйеуі Тілеуқабыл қайтыс болыпты. Үш жолаушы келе жатса, алдынан бір адам қарсы шықты. Ол нөсері сәл бәсеңдеген кезде, Рақымжан бастаған топ, бір шұңқырға барып топ ете түсті. Рақымжан айналасына қараса, жалғыз Гриша Булатов жетіпті. Қайықтан сейіл түсіп болғанша бұлар да су жағасына жетті.

133- жаттығу.

Мезгіл бағыныңқы сабақтасқа байланысты сөйлем құра.

  1. Қорытынды.

«Бізге таныс шығармадан үзінді».

  1. Бақтұғыл жылқыны иіріп келгенде, Қатшаның Тектіғұлға жаны ашып қалғаны естілген.

М.Әуезов «Қараш-қараш» оқиғасы.

2. Голошокин соңғы сөзді дауысын шығара айтқанда, шамда оты жалп етіп сөніп қалды.

Ш.Мұртаза «Бесеудің хаты»

Сөйлемдер талданып түсіндіріледі.

  1. Үй тапсырмасы.

134- жаттығу.

Сабақтас құрмалас сөйлемді қатыстыра отырып «Менің өмірімнің айнасы - ­ анам» деген тақырыпта эссе жазу.

  1. Бағалау.

Бағалау тақтасына қарап отырып әр оқушыны өз деңгейінде бағалау.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
24 мамыр
1814
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі