М.Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бостандық пен азаматтық құқықтар үшін күресуші М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясын түсіндіру
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ – түрік университеті

«Түркістан Ахмет Ясауи» кәсіби колледжі

«Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыздандыру» бөлімшесі

ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №

(теориялық немесе тәжірибелік оқыту)

Модуль / пән атауы

Дүниежүзі тарихы

Сабақ тақырыбы

М.Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Мерзімі

Тобы

Бөлімше меңгерушінің қолы

1




1




1




1




1




1




Сабақ түрі

Аралас

Мақсаты (оқу нәтижелері)

Қоғамдық-саяси өмірдегі тұлғаның рөлі туралы қортындылар жасайды

Міндеттері (бағалау критерийлер)


Бостандық пен азаматтық құқықтар үшін күресуші М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясын түсіндіру (сатьяграха, свараджа, свадеши).

Күтілетін нәтижелер

Қоғамдық ойдың дамуын «либерализм», «ұлтшылдық», «социал-демократия», «марксизм», «экзистенциализм», прагматизм», «позитивизм»,«гандизм», «нәсілдік кемсітушілік», «сегрегация» ұғымдарын қолданады

2. Сабақты жабдықтау

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

  1. Р.Қайырбекова, А.Ибраева, Г.Аязбаева «Дүниежүзі тарихы»

10 сынып 1-бөлім Алматы: Мектеп, 2020 ж.

  1. Р.Қайырбекова, А.Ибраева, Г.Аязбаева «Дүниежүзі тарихы»

10 сынып 2-бөлім Алматы: Мектеп, 2020 ж.

Техникалық құралдар, материалдар

Дидактикалық материалдар, оқулықтар, компьютер, интерактивті мультимедиялық проектор, т.б.

//https://bilimger.kz/category/dunie-zhuzi-tarihy/

3. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі


  1. Сәлемдесу, студенттерді түгелдеу, сабаққа назарларын аударту

  2. Құрал-жабдықтарды тексеру

  3. Топқа жағымды ахуал туғызу

5 минут

Үй тапсырмасын тексеру

Халықаралық қауіпсіздікке төнген қазіргі кездегі қауіп-қатерлер

  1. Сепаратизм ұғымы

  2. Терроризм ұғымы

  3. Экстремизм терроризмнің ажырамас элементі ретінде

1- тапсырма: Сұрақ-жауап

  1. Сепаратизм және оның пайда болу себептерін атаңыздар?

  2. Терроризм және қазіргі замандағы терроризмнің ерекшелігі неде?

  3. Фундаментализмнің пайда болу себептері мен негізгі міндеттері неден қалыптасады?

  4. Экстремизмнің пайда болу себептері қандай?

  5. Адамдардың босқын болуына не мәжбүрлейді?

  6. Босқындар мәселесін шешудің жолдары қандай?

25 минут

Жаңа тақырыпты түсіндіру

  1. Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы.

  2. Гандидің негізгі принциптері: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха

25 минут

4.Жаңа тақырып бойынша тапсырма орындау – 15 минут

1-тапсырма: сұрақтар арқылы бекіту

  1. М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы қалай аталды?

  2. М.Ганди  өз идеясын қалай насихаттап отырды?

  3. М.Ганди үнді моряктарының көтерілісін айыптаған жыл?

  4. Гандидің негізгі принциптері:

  5. Ахимса дегеніміз не?

  6. Сатьяграха терминінің мағынасы неде?

2-тапсырма: Кітаппен жұмыс жасаңыз берілген, берілген ұғымдарды түсіндіре отырып, пішіннің төрт жағын толтырыңыздар. Фигураның ортасына қорытынды жазыңыздар

Shape2 Shape1

сарводайя

сатьяграха


Shape3

Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы





Shape5 Shape4

Теңдік үшін күрескер

Діндер арасындағы алауыздықтар үшін күресуші






3-тапсырма: М. Гандидің нақыл сөздері

Бір сөйлемді таңдап, «Қос Жазба» күнделігін толтырыңыздар

  1. Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол

  2. Біз тыңдаймыз, бірақ үнсіз қалу үшін емес

  3. Кешіру мықтылардың ісі. Әілсіздер кешірімді бола алмас

  4. Күш физикалық мүмкіндіктерге байланысты емес. Оның қайнар көзі-ерік-жігер

  5. Жеттім, толдым деген адамның дамуы тоқтап, міндетті түрде кері кетуі басталады


5. Бағалау - 5 минут

6. Үйге тапсырма – 3 минут

М.Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы

7.Пайдаланған әдебиеттер -- 2 минут

Дайындаған педагог


Шорабекова Улбосын Абдалиева

(Т.А.Ә.)


__________

(қолы)


  1. Махатма Ганди ұстанған бағыт және оның өмірлік мызғымас көзқарасы

  2. Гандидің негізгі принциптері: Ахимса, Брахмачария, Сатьяграха

М. Ганди- Үндістандағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы. Оны Махатма (кең жүректі) деп атаған.

М.Ганди Оңтүстік Африкада жүргенде бейбіт жолмен қарсыласудың теориясы мен тактикасын белгілеп, оны сатьяграха (Шындық үшін тайсалма) деп атады. 1899-1902 және 1906 жылғы ағылшын-зулус соғыстары кезінде М.Ганди сонда тұрып жатқан үнділерден ағылшындарға көмек көрсететін санитарлық жасақтар құрады. Бурлар мен зулустардың күресін әділ күрес деп есептегенімен, ол үнділердің ағылшындарға жәрдемі Үндістанға өзін өзі басқару құқығын беруге септігін тигізеді деп үміттенді. М.Ганди осы тәсілдің арқасында өз халқын ағылшындық отаршылдық езгіден аман сақтап қаламын деп те ойлады. Ол заманда үнді халқын аман сақтап қалудың бірден бір жолы осы тәсіл екені де даусыз еді.

1915 жылы қаңтарда Үндістанға қайтып оралғаннан кейін М.Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясымен жақындасып, 1916 жылы оған мүше болып кіреді. 1917-1918 жылдардан бастап ол ұлт-азаттық қозғалысында неғұрлым көрнекті қызметтер атқарады. Бұл тұста елде ағылшындарға қарсы бұқаралық қозғалыс кеңінен етек алған болатын. Сол жылдары М.Ганди өзі редакторы болған "Жас Үндістан" газеті мен жетісіне бір рет шығатын "Навадживан" журналы арқылы өз идеясын насихаттап отырды.

Алайда М.Ганди күресті қару күшімен емес, бейбіт жолмен жүргізуге тырысты, ұлы мақсат жолында қандай да бір күш қолдануға жан-тәнімен қарсы болды. Кейбір солшыл топтар оның бұл көзқарасын қолдамағанымен, тұтастай Үндістан халқы Махатма жағында еді. 1919-1948 жылдары Махатма Ганди Үндістан ұлт-азаттық Конгресі партиясының идеялық жетекшісі және беделді саяси басшысы, үл көсемі бола білді.

М.Гандидей ұлы тұлғаның арқасында Ұлттық халық Конгресі партиясы Үндістан халқының зор қолдауына ие болды. Үндістанның кемеңгер ақыны Рабиндранат Тагор қойған Махатма (Ұлы адам) деген құрметті атақ - М.Гандидің елі сүйген есімі.

Ағылшын отаршыларына қарсы күресте М.Ганди талай рет айдалып (1922-1924, 1930-1931, 1942-1944 ж.ж.), неше қайтара сотталып, абақтыларға отырғызылды. Отаршылардың бұл әрекеті күрескер азаматты жасыта алмады, қайта шыңдай түсті. Ағылшындарға "Үндістаннан тайып тұрыңдар!" деп алғаш ұран тастаған да М.Ганди болатын. Бір қызығы ұлы тұлға 1946 жылғы үнді моряктарының көтерілісін айыптады. Себебі, М.Гандидің ойынша Үнді халқы тәуелсіздікке тек бейбіт жолмен ғана жете алатынынына имандай сенуінде еді және өзі осы жолды мықтап ұстанды. Шын мәніндегі ұлт көсемі дәрежесіне көтерілген ол ұлы мұрат жолында титтей де солқылдақтық танытпады, таңдап алған жолына адал болды.

Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 1948 жылы 30 қаңтарда Махатма Ганди Үнді реакцияшыл ұйымдарының мүшесі Натхурам Годзе дегеннің қолынан салтанатты митингі кезінде қастандықпен өлтіріледі.

Ол қапияда қас дұшпанның қолынан көз жұмғанымен М.Гандидің соңында - Гандизм атты діни-философиялық саяси ілім қалды. Және М.Гандидің өзі осы ілімнің негізін қалады. Ол ілімнің философиялық түпкі негізі - Құдайдың, яғни бір Жаратушының қақтығын мойындау, оны ақиқатпен қатар қою.

"Мен үшін Ақиқат - ең басты принцип. Ол Ақиқат - Құдай" дейді

М. Ганди өзінің "Менің өмірім" атты кітабында.

Ганди ұсынған ұлт бостандығы үшін күрестің негізгі тактикасы "Сатьяграха" - негізінен зәбірлемеу принципіне құрылған. Ахимса мен Сатьяграха өзара үндес, сабақтас ілім.

Ахимса - "күш көрсетпеу, ешкімге ешқашан да жаманшылық жасамау, біреуді жазықсыздан жазықсыз азапқа түсірмеу" деген сияқты терең философиялық мағынаға ие сөз. Ахимса ілімі ертедегі Үндістанда да болған, содан кейін буддизмде және әсіресе джайнизмде дамытылған. Үнділердің бойында адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда Ахимсаның үлкен мәні болды. Ахимсаны бір жағынан ұлы Махатма Ганди күнделікті өмірде адам тәрбиесіне қолданатын ілім ретінде пайдаланды. Дара тұлғаның барша өмір жолы осынау қасиетті атаумен біте-қайнасып өткенінің өзі сол сөзімізге куә. Бұл туралы алда толығырақ баяндайтындықтан әзірге осы топшылаумен ғана тынамыз.

Брахмачария - " сөзбе-сөз аудармасы: Тәңіріге жақын келу". Бұл да - ілім. Оның жолын қуғандар адам баласына тән небір тәтті, жүрегің мен тәніңді еліктіргіш құмарлық сезім ләззатынан бас тартып, пәктік сақтап жүру. Бұл батылдық құлқынның құлы болған кез келген пенденің қолынан келе бермейді. Бұны жүзеге асыру үшін Махатма Гандидей нағыз Құдайдың сүйген құлы болу шарт.

Сатьяграха - "Ақиқатқа арқа сүйеу". Өзі қолданған саяси күрес әдісін атау үшін М.Гандидің өзі енгізген төл термині. Осы қозғалысқа қатысқан адамдарды - "сатьяграхтар" дейтін. Сондай-ақ, осы атаудың негізінде дүниеге келген "Сатьяграха ашрам" да М.Ганди мен оның жолын қуушылардың Ахмадабаттың маңындағы Кочраб деген жерге шаңырақ көтерген қауымының атына айналған. Қауым мүшелерінің ішіндегілердің біршамасы кезінде Оңтүстік Африкадағы қызметінде М.Гандидің ажырамас ниеттес, мақсаттас және қандай қиындық болса да ажырамас серіктеріне дейін көтеріле білген адамдар еді. Сатьяграха қозғалысының нәтижесінде ғана Үндістан мемлекеті ағылшын отарлаушыларынан ешқандай қантөгіссіз жолмен азат етілгені белгілі. Бұл жолда осы қозғалыстың көсемі М.Гандидің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз...



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.01.2025
280
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі