400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 23 материал табылды

Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл материал информатика пән мұғалімдеріне Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы сабақ түсіндіруде керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы

Түркістан индустриалды – педагогикалық колледжі



КЕЛІСІЛГЕН БЕКІТЕМІН

Оқу- әдістемелік бөлімінің Директордың оқу-ісі

меңгеруішсі жөніндегі орынбасары

__________Н.А.Мамырова _________ Ж.Ж. Қалиев

«__» _____ 2020 ж. «__» _____ 2020 ж.




Shape1


Пәні: Компьютерлік техниканы пайдалану және қызмет көрсету

Тақырыбы: «Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік»







Оқытушы: Нұрланұлы Е.











Түркістан-2019 жыл

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Студенттерге Microsoft Excel жайлы түсінік бере отырып, алған білімдерін кеңейтіп, қажет кезінде пайдалана білуге үйрету, компьютерде емін-еркін электрондық кестеде есептеулер жүргізуге, графиктермен жұмыс жасауға үйрету;

Сабақ мақсаты:

Барлық студенттер: компьютерде қарапайым және күрделі есептеулер жүргізуді үйренеді, диаграмма құра алады.

Студенттердің басым бөлігі: Microsoft Excel бағдарламасының шығу тарихы мен анықтамасын айта алады, сонымен қатар, электрондық кестеде орындалатын қарапайым математикалық амалдарды орындауды жүзеге асыра алады және негізгі терминдер туралы толық ақпаратпен қамтамасыз ете алады.

Кейбір студенттер: қарапайым немесе күрделірек есептеулер жүргізе алады, сондай-ақ, негізгі формулалармен жұмыс жасай алады.

Бағалау критерийі

  1. Microsoft Excel – электрондық кестесінің шығу тарихы мен анықтамасын, қызметін біледі;

  2. Электрондық кестеде формулалар қолдана алады;

  3. Excel бағдарламасында есептеулер жүргізе алады.

Тілдік мақсаттар:

Электрондық кесте, ұяшық, баған, қатар, график, формула, функция, Lotus, VisiCalc, Multiplan.

Құндылықтарға баулу:

Өзара түсіністікке, сыйластыққа және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жаһандану дәуірінде елімізді ақпараттандыру саясаты бойынша сандық технологиялардың маңызын түсінуге баулу.

Пәнаралық байланыс:

Математика, орыс тілі, ағылшын тілі

Математика – есептеу барысында математикалық амалдар қолданылады.

Орыс тілі, ағылшын тілі – өздерінің сөздік қорларын дамытады.

Алдыңғы білім

Microsoft Word – мәтіндік редакторымен жұмыс. Құжатты форматтау, кесте құру және оны әр түрлі пішінге келтіру, гиперсілтеме орнату, тиімді пернелермен жұмыс.

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

  1. Сабақтың жоспарланған кезеңдері: 2 мин.






4 мин.


  1. Үй тапсырмасын сұрау: 16 мин.

  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлемдесу

  • Студенттерді түгелдеу

Топқа бөлу: Студенттер түстер арқылы бөлінген эмблема қиындылары арқылы 3 топқа бөлінеді және сабақ соңына дейін қиындылардан өз топтарының эмблемасын құрастыру тапсырылады.


Психологиялық дайындық: «Ақша қар».


  • Студенттерден үй тапсырмасын сұрау;

  • Тиімді пернелер комбинациясын топтасып толтырту;

  • «Суреттер гелереясына» саяхаттау арқылы өтілген тақырыптарды қорыту.

  1. Жаңа сабақ

20 мин.

Жаңа сабақ. «Microsoft Excel – электрондық кестесі туралы жалпы түсінік»

Microsoft Excel – сандық кестелермен жұмыс істеуге арналған Microsoft Office-тің құрамына кіретін кеңселік программа. MS Excel-дегі ыңғайлы аспаптардың көмегімен алынған сандық мәндерді талдауға, сонымен қатар олардың нәтижесін кесте түрінде беруге болады.

Есептеу кезінде 400-ден аса математикалық, статистикалық, қаржылық және басқа да арнаулы функцияларды, әр түрлі кестелердің өзара байланыстарын қарастыруға болады.

MS Excel-дің қосылуы бірнеше әдістермен жүзеге асады. MS Excel қосылғаннан соң MS Excel терезесі ашылады. Бас меню де, негізінен, басқа да Microsoft Office программаларындағы бөлімдерден құрылған.

Оның Word менюінен өзгешелігі, Кесте орнына Мәлімет (Данные) алмастырылған.

Жұмыс кітабы. Microsoft Excel файлы жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы терезенің төменгі жағына аттары таңбаша арқылы берілген парақ қаттамасының жұмыс парағынан тұрады.

Жұмыс парағы 256 бағаннан және 65 536 жолдан тұратын кесте түрінде беріледі. Жолдар сандармен нөмірленген, ал бағандар әріптерден және әріп комбинацияларынан тұрады. Алфавиттің 26 әрпінен кейін АА, АВ т.с.с. әріп комбинациялары басталады.

Әрбір ұяшықтың жол атынан және баған атынан құрылған адресі болады. Кестенің әрбір ұяшығының мекені баған мен жол қиылысында орналасқан. Мысалы, егер ұяшық F бағанында және 7 жолында орналасса, онда оның мекені F7.

Берілгендерді ұяшыққа енгізу. Алдымен тышқан курсорын енгізілетін ұяшыққа апарып шерту арқылы оны белгілеп алады. Сол кезде ұяшық қоршауға алынады, сонымен бірге формуланың сол жақ бөлігінде «А1» жазуы көрінеді. Осыдан кейін берілгендер енгізіледі. Берілгендердің ұяшыққа енгізілгеніне көз жеткізу үшін мына әдістердің біреуімен тиянақтау керек:

* Енгізу пернесін басу;

* Формула жолындағы символмен берілген батырманы басу;

* Басқа ұяшықтағы курсорды шерту;

* жұмыс ұяшығынан бағыттаушы пернелердің көмегімен шығу.

Егер бағанның енінен мәтін ұзындау болса, онда ол келесі бос тұрған бағанда көрсетіледі.

Кестенің элементтерін белгілеу. Кестенің бір ұяшығы әр уақытта жұмыс істеп тұрады. Жұмыс істеп тұрған ұяшық қоршаумен белгіленеді. Ұяшықта жұмыс істету үшін бағыттаушы пернелермен курсорды осы ұяшыққа апару немесе тышқанды шерту қажет.

Жұмыс кітабын құру. Жаңа жұмыс кітабын құру үшін Файл менюіндегі Құру командасын таңдау керек. Ашылған диалогтік терезеде солардың негізінде құрылатын жұмыс кітабының қосымшасын, одан кейін шаблонды таңдау керек; соңынан ОК батырмасын шертіңіз.

Жұмыс кітабын ашу. Құрылған жұмыс кітабын ашу үшін Файл менюіндегі Ашу (Открыть) командасын таңдауыңыз керек, сол кезде Құжатты ашу диалогтік терезесі ашылады. Бума өрісінің тізімінен керекті жұмыс кітабы орналасқан дискіні таңдау қажет.

Кесте - ақпараттың жолдар мен бағандарда реттеліп берілуі. Кесте жолдар мен бағандардың кез келген санынан құрылуы мүмкін. Кестеде тек бір ғана жол болса сызықтық кесте деп аталады. Бірнеше жолдардан тұратын кесте тіктөртбұрышты кесте деп аталады.

Жол - көршілес ұяшықтардың бірлестігі.

Баған - көршілес ұяшықтардың тік бірлестігі.

Бағандар мен жолдар қиылысы ұяшық деп аталады. Ұяшықтар деректер сақталатын орын.

  1. Сабақты бекіту: 8 мин.

Kahoot.com сайтының көңілді тесті

  1. Сергіту сәті. 

4 мин.

«Ұяшықтар мұнарасы» ойыны. Студенттер ұяшықтарды үлкенінен кішісіне қарай тиісті орынға көшіруі керек.

  1. «Сұрақ пен ұшақ» ойыны. 4 мин.

Бір топтағы студенттер келесі топқа сұрақ қыстырылған ұшақты ұшырады және жауабын тексереді.

  1. QWERTY & EXCEL ойыны.

10 мин.

Пернетақта реттілігі бойынша берілген латын әріптерін кирилл әріптеріне жылдам ауыстырады және Excel ұяшық аттары бойынша жасырылған сөздерді табады.


9zis0nfh - Ұяшықтар

Cevvf - Сумма

v2k3vtnnth - Мәліметтер

ajhvekf - Формула

c9hsgnfe - Сұрыптау

ajhvf - Форма

gfhfvtnh - Параметр

n3p3v - Тізім

,f4lfhkfvf - Бағдарлама

,fnshvf - Батырма

tyu3pe - Енгізу

nthtpt - Терезе

rtcnt - Кесте

vfrcbvev - Максимум

vbybvev - Минимум

  1. Сабақты пысықтау. 5 мин.

Plickers әдісі арқылы QR кодты тестпен студенттердің білімдерін пысықтау.

  1. Қорытындылау

4 мин.

Сабақты «өрмекші торы» әдісі арқылы қорытын-дылау.

  1. Бағалау. 2 мин.

  • Жеңімпаз топты анықтау;

  • Сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.

  1. Үйге тапсырма.

1 мин.

  • Формулаларды қолданып, есептеулер жүргізу;

  • Электрондық кесте туралы қосымша іздену.

Пайдаланылатын әдебиеттер


  1. Дербес компьютердің бағдарламалық жасақтамасы, Д.Ғабдуллаев, А.Медешова, «Фолиант» баспасы, Астана 2010ж

  2. Ақпараттық технологиялапр, Н.Ермеков, «Фолиант» баспасы, Астана2007ж

  3. Информатика элементтері, Н.Ермеков, «Фолиант» баспасы, Астана 2011ж

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
19 желтоқсан
897
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі