Материалдар / Microsoft Оffice Word редакторында кесте құру.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Microsoft Оffice Word редакторында кесте құру.

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика сабағына арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2018
1123
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың тақырыбы: Microsoft office Word редакторында кесте құру.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: MS Word редакторында кесте ұғымымен танысу, кесте құру тәсілдерін және ұяшықтарды біріктіру, бөлуді үйрену

Дамытушылық: Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілеттерін дамыту пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелілік: Уақытты тиімді пайдалануға, жүйелі ойлауға, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілдер: Практикум элементтері бар түсіндірмелі-көрнекілікті.

Сабақта қолданылатын

көрнекі құралдар: ДК, Microsoft Office Word 2010 бағдарламасы, Мультимедиялық тақтада дайындалған слайдтар, деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері, оқушылардың  бағалау және эмоционалдық  жағдайын анықтау парағы.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.

ә) сабақтың мақсаты мен шартын жариялау.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

ІІІ. Үй тапсырмасын

бәйге сұрақтар арқылы тексеру.

 Қорытындылау

ІҮ. Жаңа тақырып.

Ү. Практикалық жұмыс.

ҮІ. Сабақты бекіту

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІІ. Бағалау.

Сабақтың өту барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сәлеметсіңдер ме! Отырыңдар!

Бүгін біз MS Word мәтіндік процессорында жұмысымызды жалғастырамыз.

  1. Сабақты бастамас бұрын қауіпсіздік техника ережесін айтып шығамыз. Әрқайсысың бір ережеден айтып кетесіңдер, қайталанбауы тиіс.

  2. Үй тапсырмасын өтілген тақырып бойынша бәйге сұрақтары.

Сонымен, бастаймыз.

ІІ. Техника қауіпсіздігі ережесін қайталау.

Жауап жоспарының үлгісі:

  1. Мұғалімнің рұқсатынсыз сыныпқа кіруге болмайды.

  2. Тағайындалған орынға отыру керек.

  3. ДК-дің мониторын қолмен ұстауға тыйым салынады.

  4. Компьютерде жұмыс істеу тек мұғалімнің рұқсатымен

  5. ДК-ді өздігіңмен жөндеуге болмайды.

  6. ДК бұзылған жағдайда жұмысты тоқтату керек.

  7. Экраннан арақашықтық кем дегенде 60 – 70 см отыру керек және т.с.с.

  • Жарайсыңдар!

  • Сабақтың жоспары бойынша келесі тақырыпқа өтейік.

ІІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

                                                                 Тест сұрақтары

 

  1. Microsoft Office Word мәтіндік процессорды қалай іске қосуға болады?

А) Жіберу — Программалар — Microsoft Office Word командаларын орындау арқылы*

В) Файл – Ашу

С) Файл – Құру

  1. MS Word стандарт тақтасының орналасуы:

А) аспаптар панелінде*

В) тақырып жолында

С) есептер тақтасында

  1. MS Word программасының терезесінің құрылымы:

А) әдеттегі, веб-құжат, беттерді белгілеу, құрылым.*

В) Файл, Түзету, Қою, Формат, Сервис, Кесте, Терезе, Анықтама

С) тақырып жолы, меню жолы, аспаптар панелі, пішімдеу панелі,т.б.

  1. Символдарды пішімдеу дегеніміз не?

А) рәсімдеу бойынша жүргізілетін әр түрлі әрекеттер*

В) құжаттардың құрылымымен жұмыс жасауға арналған мәтін

С) суреттері бар батырмалардан тұратын Стандартты тақта

  1. Мәтінді туралаудың түрлері:

А) сол жақ, ортасы, оң жақ, ені бойынша туралау*

В) шегініс және аралық

С) жоларалық интервал түрлерімен

  1. Жол аралық интервалдың қызметі?

А) арақашықтықты пунктпен көрсетуге мүмкіндік береді.*

В) белгіленген бөліктен анимация типтерінің тізімін таңдауға мүмкіндік береді.

С) мәтін жоғарылап, символ өлшемі кішірейеді.

  1. MS Word-та мәтінді әсерлеп жазу командасы

А) Формат – Қаріп – Әсерлеу.*

В) Формат – Шекаралар мен құю.

С) Формат – Абзац

  1. MS Word программасында беттің параметрін қалай орнатамыз?

А) Файл – Беттің параметрлері – Бағдарлау – кітаптық, альбомдық.*

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке

С) Қою – Беттің нөмірлері

  1. MS Word программасында беттің нөмерленуін қалай қоямыз?

А) Қою – Беттің нөмірлері – Орналасу – ОК*

В) Қою – Бөлу – Жаңа бетке  — ОК

С) Файл – Беттің параметрлері

  1. Абзацтық шегініс түрлері:

А) нөлдік, оң, теріс*

В) абзацты сол жақ шеті бойынша туралау.

С) абзацты оң жақ шеті бойынша туралау.

ІҮ. Жаңа сабақ

Ал енді жұмыс дәптерін ашамыз.

Бүгінгі күнді және сабақтың тақырыбын жазамыз. «Кестемен жұмыс». Бұл сабақта сіздер кесте құру әдістерін, сондай –ақ кесте біріктіруді   үйренулеріңіз керек.

Біздің өмірімізде мәтінді біріктіру немесе құжатты кесте түрінде даярлау жиі кездеседі. Оларға: мектеп журналдары, үлгерім табелі және сіздердің күнделік парақтарың т.б. MS Word мәтіндік процессоры  кесте құруды жеңілдетеді, ол өзіне бағандардың енін есептеу мәселелерін жүктейді.

Сонымен, Кесте – бұл жолдар мен бағандарда реттеліп берілген ақпарат. Жолдар мен бағандар қиылысып, ұяшық құрайды.

Кесте құрудың үш әдісі бар:

  1. Аспаптар Добавить таблицу» батырмасын басу арқылы.

  2. Меню жолынан «Таблица» командаларын пайдалану.

  3. Вид — Панели инструментов — Таблицы и границы командаларын орындау арқылы.

Сонымен, дәптерге «Меню жолы» арқылы кесте құру, біріктіру және бөлу.

  1. Кесте торын алып тастағыларың келетін ұяшықты немесе ұяшықты толық белгілеу.

Енді практика жүзінде қарастырып шығайық.

  • Экранға мұқият қараймыз. Мұнда әрине, кесте бағандарының ені бірдей болып

келеді. Маустың немесе абзацтық шегіністер көмегімен бағанның ені мен жолдың биіктігін өзгертуге болады. Tab пернесімен кестеге жаңа жол қосуға болады, ал алдыңғы ұяшыққа қайтып келу үшін Shift+Tab пернесін басса жеткілікті.

Кестеге Добавить столбцы, Добавить строки, Добавить ячейки, Разбить ячейки, Разбить таблицу, Объединить ячейки, Удалить ячейки, Удалить столбцы, Удалить строки  (бағандар мен жолдар қосуға, ұяшықтарды бөлу, біріктіру, жою) командаларын орындай отырып,  кестені құруға және жоюға болады.

Ү. Практикалық жұмыс

 

Деңгейлік тапсырмалар

І. Міндетті деңгей

  1. Меню көмегімен Кесте > Кесте қосу /Таблица > Вставить таблица/ командасын орындау арқылы кесте құрыңыз.

  2. «Менің сабақ кестем» тақырыбын туралау.

  3. 36 баған, 7 жолдан тұратын кесте құр.

  4. Кестенің басынан тағы 1 баған қосыңыз. Оған Р/с деп жазыңыз.

  5. Автоформат пішімін пайдаланып, кестені безендір.

 

«Менің сабақ кестем»

Дүйсенбі

Сейсенбі

Сәрсенбі

Бейсенбі

Жұма































 

Кім өзінің сабақ кестесін жатқа білмейді, күнделігінен қарап жазуға болады.

 

ІІ. Лайықты деңгей

 

  1. Стандартты саймандар қатарындағы Кесте қосу (Вставить таблицу) батырмасын шерту арқылы кесте құрыңыз.

  2. 3 оқушы туралы мәліметпен кестені толықтыру.

  3. Кестеге Формат > Шекаралар және құю /Формат > Границы и заливка/ командасы арқылы жиектеу орналастыр

 

Оқушы туралы мәлімет

Р/с

Оқушының аты-жөні

Туған жылы

Мекен-жайы

ИИН

1





2





3





 

ІІІ. Жоғары деңгей  

  1. Кестені қолдан сызып шығу арқылы (Түр> Аспаптар тақтасы > Кестелер мен шекаралар (Вид > Панели инструментов > Таблицы и границы) командасын орындау арқылы сызықтың типі мен түсінтаңдап кесте құрыңыз.

Кестенің ішін мәтіндермен толтырыңыз

  1. Кестені белгілеу – Формат > Направление текста /Мәтін бағыты/ командасы арқылы 1-ші бағанды толтыр.

  2. 1-ші жолдағы мәліметтерді ортаға туралап, қарайтылған (Ж), қисайтылған (К) түрде жаз.

                                         «Менің күнделігім»

Күні

Пәндер

Үйге тапсырма

бағасы

12.02.14

1

2

3

4

Тарих

География

Математика

Информатика




Кестемен жұмыс




5






 

Кімнің сұрағы бар, қолдарыңды көтеріңдер, мен сіздерге жақындаймын.

Сонымен, жұмысты аяқтаймыз. Практикалық жұмысты көрсетіп болғандар компьютерді дұрыс өшіріп, орындарыңды ретке келтіріңдер.

Жарайсыңдар, барлықтарың жұмысты дұрыс жасадыңдар.

Практикалық жұмысты бағалау.



ҮІ. Сабақтың қорытындысы.

            БББ стратегиясы

ҮІІ. Үйге тапсырма: Кестемен жұмыс.

                                    Кесте сөзіне Ребус жасап келу.

Осымен біздің сабағымыз аяқталды. Сабаққа қатысқандарыңа рахмет! Келесі аптада жолығамыз.

ҮІІІ. Бағалау.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!