жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Microsoft Power Point- көмегімен презентациялау. Слайдттарды безендіру
«Қазақстан Тұтынушылар Одағы агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Учреждение «Колледж агробизнеса и экономики Казпотребсоюза»
Сабақ жоспары / Поурочный план № 19
Топ: 2ОЗ-1
Күні/Дата:_______
Пән/ Предмет: Информатика
Курстың тақырыбы/ Тема курса: Оффистік программалар (Қолданбалы программалар)
Сабақтың тақырыбы/ Тема урока: Microsoft Power Point- көмегімен презентациялау. Слайдттарды безендіру
Оқушылар білу керек/ Учащиеся должны знать: Microsoft Power Point- бағдарламасымен жұмыс жасауға машықтандыру. Word - тың графикалық мүмкіндіктерін пайдалана білуге үйрету.
Оқушылар жасай білу керек/ Учащиеся должны уметь: Файлдардын атын өзгертуді, файлдардың типтерін білу, қапшық пен файлдың айырмашылықтарын білу керек. Файлдарды құру әдістерін білу крек.
О
қытушылық/
Обучающая:
Студенттердің
білімдерін жетілдіріп, пәнге деген
қызығушылығын арттыру. Power
Point бағдарламасын қолдана білу.
Программаның негізгі мүмкіндіктері
туралы айту және қосымша ақпаратпен
білімдерін толықтыру.
Дамытушылық/ Развивающая: Оқушылардың компьютермен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. Оқушылардың есте сақтау және зейіндік қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, жан жақты өз бетімен жұмыс істеуге уйрету. Оқушылардың ойлау қабілетін, логикасын, мəдениеттілігін дамыту, заманауй технологияларды қолдана отырып, пәнге деген қызушылығын дамыту.
Тәрбиелік/ Воспитательная: Студенттерді компьютермен жұмыс барысында қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету. Студенттерді колледждің техникалық құрал жабдақтарын және дүние-мүліктерді ұқыптап ұстауға үйрету. Шапшаңдыққа, өз ойын айта білуге қалыптастыру. Ұжымдық ауызбіршілікке баулып, шағын топта жұмыс істеуге үйрету. Дүниетаным шеңберін кеңейтіп, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру.
Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: ақпараттық, оқытудың компьютерлік, дамыта оқыту, бақылау, бағалау, деңгейлеп оқыту және интерактивті технология
Сабақтың типі/ Тип урока: тәжірибелік
Сабақта пайдаланатын әдістер/ Методы, используемые на уроке: сұрақ- жауап, , сәйкесендіру,сөздік ,
Сабақтың жабдықталуы: тесттер, слайдтар, мини плакаттар, компьютер, интербелсенді тақта;
Сабақтың уақыты: 90 мин;
Пәнаралық байланыстар/ Межпредметные связи: Информатика, Математика, қазақ тілі.
қамтамасыз ететін/ обеспечивающие: Информатика, математика.
қамтамасыз етілетін/ обеспечиваемые: Информатика.
Пайдаланған әдебиеттер/ Используемые литературы: 1.Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері / Авт, ұж: Е.Ы.Бидайбеков, В.В.Гриншкун, Г.Б.Камалова, Д.Н.Исабаева, Б.Ғ.Бостанова / Оқулық – Алматы 2014, 352 бет.
2. Информатика: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық , Сапарғалиева Б.Қ., Масалимова Н.Е., Тезекбаева Г.А., Астана, 2014 ж.
4. Информатика Михеева Е.В., Титова О.М. М. Изд.центр «Академия» 2013 г.
5. Компьютерлік желілер: Оқу әдістемелік кешен, Алматы. Нур-принт, 2012-144 бет.
6. Информатиканың элементтері Ермеков Н.Т. Астана, Фоллиант 2007
Сабақтың мазмұны/ Содержание урока:
Элемент № |
Сабақтың элементтері, оқу мәселелері, оқыту әдістері мен формалары Элементы урока, учебные вопросы, формы и методы обучения |
||||||||||||||||
I
|
Ұйымдастырушылық кезең– 2мин .
|
||||||||||||||||
II
|
Оқушыларды белселендіру-3 мин. Оқушылар біз информатика пәнінен қандай үлкен тарауды бастадық? Яғни қандай Оффистік тарауды, Оффистік программаларға қандай бағдарламалар жатады? Олардың стандартты бағдарламалардан қандай айырмашылығы бар?
|
||||||||||||||||
III
|
Үй тапсырмасын тексеру білім ағашы арқылы, студенттердің білім деңгейлерін бақылау: (30 минут) Үйге берілетін тақырыпты жалпылама сұрап, студенттердің білім деңгейлерін сұрақ-жауап, тест, электронды оқулықтағы тапсырмалар, сөзжұмбақ арқылы бақылап отырамын. «Microsoft Power Point бағдарламасы туралы жалпы түсінік» тақырыбы бойынша Бақылау сұрақтары:Білім ағашы әдісі бойынша 1. Презентация ұғымының ағылшынша мағынасы қалай деп аталады? Жауап: Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша‘Prаsentо’ тапсырамын немесе ағылшынша – ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау, жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. 2. Слайд дегеніміз не? Жауап: Көзге көрінетін күрделі обьект.Тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. обьектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер,дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гипер сілтемелер кіреді. 3. Power Point-ті іске қалай қосамыз? Жауап: Пуск - Программы– Microsoft Office- Microsoft Power Point 4. Microsoft Power Point терезе элементтерін ата. Жауап: Тақырып жолағы, меню жолы, стандартты құралдар үстелі, пішімдеу құралдар үстелі, жұмыс аймағы, слайдтардың кішірейтілген үлгілері, күй жолағы, Сурет салу құралдар үстелі. 5. Меню жолы элементтерін ата? Жауап: Файл (Файл), Түзету (Правка), Көрініс (Вид), Кірістіру (Вставка), Пішім (Формат), Сервис (Сервис), Слайдты көрсету (Показ слайдов), Терезе (Окно), Анықтама (Справка). 6. Дайын болған слайдты қалай сақтаймыз? Жауап: Файл -Сақтау командасын орындаймыз, сол кезде бізге құжатты сақтау терезесі шығады, құжатты кай жерге сақтайтынымызды көрсетіп, оған атау береміз немесе стандартты құралдар үстелінде Сақтау әмірін шертеміз. 7. Бейне сұрақ КАЗГЮА доктор POWER POINT та сурет салу құралдар үстелінің қызметі қандай? Жауап: сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым мәселе суреттер, эмблемалар жасауға мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді 8. Power Point – та сурет салу құралдар үстелінің қызметі? Жауап: Сызбалық нысандармен жұмыс істеуге арналған әмірлерді қамтиды, қарапайым әсерлі суреттер, эмблемалар жасауға, мәтінді әдемі етіп безендіруге мүмкіндік береді. 9. Power Point – та стандартты құралдар үстелінің қызметі? Жауап: Power Point әмірлерінің басым батырмаларынан тұрады.(сақтау, жаңа, қою, қырқып алу т.б. батырмалар) 10.
POWER POINT - та құрылған файл қалай аталады?
(презентация)
Сөзжұмбақ
Сұрақтар: 1.QBASIC программасында баспаға беру командасы. 2.Лазерлік дискіні оқитын дискіжетек 3.Қазіргі кездегі компьютерде кең тараған ОЖ. 4.Мәтін ендіру кезінде меңзерді бір қатар төмен түсіру пернесі. 5.Арнайы комбинация пернесі. 6.Үлкен әріппен жазу пернесі. 7.Мәтін енгізу программасы. 8.Суреттер салу үшін қолданылатын стандартты программа. 9.Меңзерді сөздің соңына апаратын перне қалай аталады? 10.Меңзердің оң жағында тұрған символды өшіретін перне.
Файлдар
кеңейтілімі мен түрлерін сәйкестендір
Перфокарталар 3 оқушыға тарату
|
||||||||||||||||
IV
|
Жоспар:15 мин
1.Презентация құру, түстер сұлбасын қолдану, объектілерді кірістіру; 2.Мәтін, кесте, өзкескіндер, диаграммаларды жасау; 3.Слайдтарды бағыттау, дыбыс және суреттер кірістіру;
Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: «Power Point көмегімен презентациялау».Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында (латынша praesento тапсырамын немесе ағылшынша - ұсыну) өзін көрсету, баяндама, жобаны, есеп беруді қорғау,жұмыс жоспарын, дайын өнім мен қызмет, енгізу нәтижесін бақылауды, сынауларды және басқада көптеген дүниені ұсыну. Презентация дегеніміз - тақырыпты, мәтінді, кестелерді, схемаларды т.б. объектілерді іске қосатын көрменің бір бөлігі. Слайд дегеніміз - көзге көрінетін күрделі объектті айтамыз. Оның құрамына тақырыптар, мәтін, кестелер, графикалық кескіндемелер, ұйымдастыру схемалары, дыбыс үзінділері, бейнеклиптер мен гиперсілтемелер кіреді. Әрбір слайд ескерту парағымен бірге келеді. Қазіргі заманғы презентациялық бағдарламаларының көбісі анимациялық, дыбыспен, бейнемен жұмыс істеуді, мультимедианың басқа да мүмкіндіктерін пайдаланады. Презентация құрудың үш қадамы бар: 1.Презентацияны дайындау.
2.Жаңа презентация деген команданы таңдау.
3.Өздікмазмұн шеберінде бос слайд командасын таңдау.
Слайдтарды қарап шығудың PowerPoint-та мынадай 5 режимі бар. Әрбір режимнің өзінің ерекшеліктері бар. Обычный режимі. Бұл режимде слайд оң жақта, текстері сол жақта, ал ескертпелер төменде орналасады. Мұнда тексті сол жақ панельде де, слайдтың өзінде де редакторлеуге болады. Структура режимі. Бұл режимде слайдты безендіру күрделі де, ал текстпен жұмыс керісінше оңай жасалады. Ескертпелерді де енгізуге болады. Слайдтар режимі. Жеке слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Басқа режимде тұрғанде слайдта маусты екі рет шертсе, слайдтар режиміне ауысуға болады. Сортировщик слайдов режимі. Экранда бірнеше слайдтармен жұмыс жасауға мүмкіндік береді. Мұнда жаңа слайд қосуға, слайдтардың орнын ауыстыруға, т.б. әрекеттер жасауға болады. Ескерте кететін нәрсе, текст өңделмейді, обьект қойылмайды. Показ слайдов режимі. Слайдтарды толық экрандық күйде көру үшін қолданылады. Қарауды тоқтату үшін Esc пернесін басады. PowerPoint-та слайдқа қойылған әрбір элемент: текст, кесте, сурет, диаграмма, дыбыс немесе видео обьект болып табылады. Обьект қою. Обьектіні безендірілген слайдқа қою жеңіл. Обьектіні екі рет шерту, обьект құратын немесе редакторлейтін сәйкес қосымшаны шақырады. Картинка қою. Вставка-Рисунок-Картинки командасын орындайды немесе картинка қоюға арналған жері бар слайдтың безендірілуінде екі рет шертеді. Ары қарай картинка қою Word-тағыдай жүреді. Айта кететін нәрсе PowerPoint-та картинканың түсін өзгертуге болады. Яғни, картинканың кейбір түстерін басқа түске бояуға болады. Дыбыс пен видео. PowerPoint-та дыбыстар мен видеороликтерді слайдты демонстрациялау кезінде ойнатуға болады. Кейбір дыбыстар Эффекты анимации панелінде келтірілген. Басқа дыбыстар мен клиптерді Вставка командасынан табуға болады.Клип қойылған соң слайдта белгісі пайда болады. Клипті ойнату үшін белгіде екі рет шертеді.
Диаграмма қою. Диаграмманы Excel-де құруға болады. Егер құрылған диаграмма болса, оны PowerPoint-қа слайдқа енгзуге болады. Диаграманы PowerPoint-та құру үшін, Вставка-Диаграмма командасын орындайды. Ары қарай диаграммамен жұмыс Excel-дегідей жүреді. Word-тан кесте қою. Егер кесте Word-та құрылған болса, оны PowerPoint-қа қою үшін, көшірмесін алмастыру буфері арқылы алып, слайдқа орналастыруға болады. Үш баған мен төрт жолдан үлкен кесте онша көрнекі көрінбейді. Сондықтан қарапайым кестелермен жұмыс жасаған дұрыс. Презентацияға Word кестесін қою үшін, Вставка-Рисунок-Таблица Microsoft Word командасын орындайды. Содан соң қажетті қатар саны мен жол санын енгізеді. ОК батырмасын шерткен соң, PowerPoint-тың құралдар тақтасы мен меню командалары Word программасының элементтеріне ауысады. Енді кестемен Microsoft Word-тағыдай жұмыс жасауға болады. Көрме құруда мыналарды есте сақтау керек:
•Көрменің мақсаты және мазмұнын жоспарлау; •Әрбір слайдтың мазмұны және есте сақталатындай болу; •Слайдтағы ақпарттар қарапайым және мазмұнды болу; •Объектілердегі бейнелер фоннан түстері бойынша ерекше болу; •Слайдты безендіруде түстерді таңдау; •Тыңдаушылардың назарын аударатындай анимациялық өтулер, дыбыстар қою; Слайд қойғанан кейін оған Түстер сұлбасын қою керек. Түстер сұлбасын қою үшін Пішімдеу мәзірінен Түстер сұлбасы әмірін орындаймыз:
Шыққан түстер сұлбасы терезесінде ашылатын тізім ішінен басқа түсті немесе Құю тәсілін таңдауға болады. Біз Құю тәсілін таңдаймыз. Ол үшін Құю мүмкіндіктері әмірін таңдаймыз.
Бұл терезе төрт бөлімнен тұрады:
1.Градиент – бір түстен екінші түске баяу өту. 2.Текстура – материалдардар беттерінің макеті. 3.Узор – компьютерлік орнаменттер. 4.Рисунок – дайын суретті қою немесе фотобейне. 1. Градиенттік – бір немесе екі түсті таңдау 2. Текстура – бұл материалдардың
3.Узор – компьютерде жасалған өрнек 4.Сурет – фото немесе дайын сурет
Түстер сұлбасын таңдағаннан кейін түстер сұлбасы терезесінде қолдану батырмасын басу керек, егер түстер сұлбасы ағымдағы слайдқа ғана қойылмайтын болса, барлық слайдқа қолдану батырмасын басамыз.
Жаңа слайд құру үшін Кірістіру мәзірінде немесе пішімдеу құралдар тақтасында слайд дайындау әмірін таңдаймыз. Объектілерді қою үшін Кірістіру – Объект, ал жаңа слайд қосу үшін Кірістіру – Слайд дайындау мәзірін орындау керек.
Слайдқа
мәтін енгізу үшін Сурет салу құралдар
тақтасында
Кесте қою үшін Кірістіру мәзірінен Кесте әмірін таңдап, шыққан терезеде баған және жол санын енгізу керек. Кестені слайдта өңдеп мәтін енгізу қажет.
Схемалар салу үшін сурет құралдар тақтасында Өзкескіндер батырмасын басып керекті фигураларды таңдап слайдқа қоямыз. Фигуралардың ішіне мәтін енгізу үшін фигураны белгілеп тінтуірдің оң жақ бетырмасын шертіп жанама мәзірде мәтін жазу әмірін таңдаймыз.
Диаграмма қою үшін стандартты құралдар тақтасында немесе Кірістіру мәзірінде Диаграмма әмірін таңдаймыз. Шыққан кестеде бәрін өшіріп өзіміз жаңадан мәтіндер енгіземіз. Диаграмманың объектілерін жеке өңдеуге болады.
Егерде көрмеде кейбір слайтарға бағыттау (Гиперсілтеме) керек болса, онда басқару батырмаларын қою керек. Ол үшін Слайдтарды көрсету мәзірін таңдап Басқару тетікшелері әмірінен керекті батырманы таңдаймыз.
Батырманы слайдқа қойғанда Настройка действие терезесі шығады.
Онда Гиперсілтеме арқылы өту пунктін таңдап тізім ішінен слайд таңдаймыз. Слайдтар тізімі шығады онда керекті слайдты таңдап ок батырмасын басамыз
|
||||||||||||||||
|
Тәжірибелік.20мин Тәжірибелік тапсырманы бастамас бұрын техника кауіпсіздігін шар арқылы айтып шығайық. Тәжірибелік сабағымызды бастамас бұрын бір бірімізге шарды ұсыну арқылы 1 техника қауіпсіздік ережесін жылдам айтып кетейік. Өздік жұмыс:
2-ші слайдқа WordArt арқылы мәтін және
сурет қою 1-ші бағанда Оқушының Аты-жөні, 2-ші бағанда Туған жылы,
3-ші бағанда тобы 1 оқушы шығып қорғайды. Ситуациялық есеп шығарады ерте болған студенттерге
Сергіту сәті бейне ролик |
||||||||||||||||
|
Сабақты бекіту:10 мин Син каз тест тапсырмасын орындау 10 мин
Тестті ерте біткендерге тапсырма Power Point – тың мүмкіншіліктерін жазу тапсырмаларын орындау
|
||||||||||||||||
VI
|
Cабақты қортындылау, бағалау:5 мин
Рефлексия
1«Теңгеге -25 жыл» тақырыбына; 2. «Менің мамандығым» тақырыбына;
|
Мерзімі/ Дата |
|
Топ/ Группа |
2ОЗ-1 |
Оқытушының қолы/ Подпись преподавателя: _________ Даулетова А.Т
Колледж әдіскері _____________________ Белгибаева К.Ж.
Қазтұтынуодағы «Агробизнес және экономика колледжі» мекемесі
Бекітемін
директордың оқу –тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
______________
Кабдолланова А.Е.
«_____»__________2018ж
«Ақпараттық технология негіздері» пәнінен ашық сабақ
Тақырыбы:« Microsoft Power Point- көмегімен презентациялау. Слайдттарды безендіру»
2ОЗ-1 тобы
Оқытушы: Даулетова Айнур Турсынкановна
Дайындаған оқытушы
Даулетова А.Т.
Семей 2018 ж.
Бағдарлама жалпы гуманитарлық және әлеуметтік экономикалық пәндер циклінің комиссиясында қаралып мақұлданды
Хаттама № ___ «__» __________2018 ж.
ПЦК төрайымы _____________ Алимханова Л.С.
Жоспар колледж әдістемелік кеңесінде қаралды және мақұлданды
Хаттам № ___ «__» __________201__ ж.
Колледж әдіскері ____________Белгибаева К.Ж

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген