400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МИФ әлеміне саяхат

Материал туралы қысқаша түсінік
Апталықтың ашылуы
Материалдың қысқаша нұсқасы



МИФ әлеміне саяхат

Мақсаты: Оқушылардың нақты ғылымдарға деген қызығушылығын, оқып– үйренудегі белсенділігін, танымдық қабілетін дамыту, отан сүйгіштікке, әсемдікке, тапқырлыққа тәрбиелеу.


Қайырлы күн қадірлі ұстаздар, оқушылар! Осы аптада «МИФ әлеміне саяхататты апталық өтеді.


М - математика ғылымдар патшасы - Маржан
И - информатика ақпараттар ғылымы - Балжан
Ф - физика табиғаттың патшасы - Аружан

Перизат: Ғылымдардың патшасы – нақты ғылым жайында,
Апталықта бастаймыз.
Білім құмар достарым қызыққа толы сұрақты
Алдарыңа тастаймыз.
Сұрақ сырын тереңірек ұғайық,
Математика, физика, информатика құрметтеуге лайық.
Дүниеде құбылыстың мәнінде,
Зерттейді ол өзгерістің бәрінде.
Нақты ғылым дүние кілті бүгінде,
Бүкіл әлем сөйлейді, нақты ғылым тілінде.
Ажар: Математика – 1,2,3...натурал саннан тарайды,
Алгебра сырын ашсам деп,
a,b,c,d әріптер жан – жағына қарайды.
Үшбұрыш, төртбұрыш, конус пен цилиндр,
Геометриялық денелер нүкте менен түзуді арғы атасы санайды.
Синус пенен косинус, тангенс пен котангенс
Жүрген жерде паңданып сұлуға өзін балайды.
Үшбұрыштар Бәйтеректе көз ұшында көрінген,
Пирамида орын алған Астананың төрінен.
Математика күллі әлемді өз тілінде сөйлетіп,
Білімнің нұрлы шуағы шар тарапқа тарайды.
Жадыра: Түсіріп аспан заңын жұмыр жерге,
Бақтырып жұлдыздарды ескен желге,
Жансызға жан бітіріп қолға салып,
Физика кереметті көрсетті елге.
Бір өшіп, кітаптардың бірі тозған,
Қай жүйрік Архимедті басп озған,

Жалынды патриот, батыр, ғалым,
Ғасырлар түпкірінен басып озған.
Айжан: Физика – тілдесер табиғаттың тілі екен ғой, 
Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой,
Салғаннан айтылған сөз ішілген ас, 
Бәрінің бағынары физика ғой.





Санжар: Бүгінде физика барлық жерде,
Құрылыста, техникада, өндірісте
Сырларын бұл ғылымның үйретіңдер 
Шәкірттер зерделікпен үйреніңдер.
Мақпал: Шындықты алғаш таратқан,
Жыл күніңді санатқан.
Тауып ғажап жаңалық,
Жоқтан барды жаратқан,
Компьютер емей немене?
Нұржан: Құтқарып ауыр бейнеттен,
Техниканы үйреткен.
Роботтай адамды,
Тіл бітіріп сөйлеткен.
Компьютер емей немене?
Гүлімай: Білмегенді білдірген,
өлшеп киім кигізген.
Барлық істі атқарып 
Пайдасын елге тигізген 
Компьютер емей немене?
Дастан: Үш деген сан киелі ғой қазақта,
Қарасаңшы міне осындай ғажапқа.
Үшқоңырдай жайлауы бар елімнің
Елбасындай ұл сыйлаған қазаққа! 
Мақсат: Тәрбиелеп біліммен ұрпақтарын,
Қазағым бесіктен ақ берген білім.
Ұқтырып жеті санының кереметін,
әр сөзінен дананың терген ілім.
Гүлім: Симметрия ұғымын пайдаланып,
Ою - өрнек бұйымына сызғызған.
Заңдарын Пифагордың басшылыққа ап,
Таңғажайып зәулім үйлер тұрғызған.

Қымбат: Математика – бұралаңсыз нақты ілім,
Үйрететін бақыт тілін, бақ тілін.
Айдыныңда сүңгіп, сүңгіп жүзсең бір,
Тарқалмайды қуаныш пен шаттығың


Сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үш сызықтан пайда болған фигура? ( Үшбұрыш )
4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? (Есептеуіш)
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )


6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. 45 минут сағаттың қандай бөлігі? ( ¾ бөлігі )
10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )

2-жүргізуші: Енді кезекті қызықты жұмбақтарға береміз. Физика пәні бойынша 

«Қызықты жұмбақтар»  
Физика пәні бойынша 
1. Жердің жүзін шарлайсың, 
Онсыз еш жерге бармайсың. 
Көлікпен де жаяу да, 
Саралайсың, таңдайсың. (Жол) 
2. Жылдамдықты өзгертеді, 
Қоғалысты тездетеді. 
Қарсы шықса қоғалысқа, 
Тоқтарына көз жетеді. (Үдеу) 
3 Көп болса асықпайсың, 
Мезетте қашықтайсың. 
Асықсаң аз болады, 
Табасың мұны қайсың? (Уақыт) 
4. Қозғалысқа келтіріп, 
Жылдамдығын береді. 
Өлшемдерін қарасаң, 
Ньюонға ол келеді. (Күш) 
5. Біз, біз, біз едік, 
Бірегей жарқын қыз едік. 
Тамашада көп болдық- 
Таң атқанда жоқ болдық. (Жұлдыз) 
Информатика 
1. Бір бетшені аштым да, 
Мәтін жаза бастадым 
Бірақ тілін шет елдің 
Аудара алмай тастадым 
Тілді қалай өзгертем 
Көмектесші,достарым! ( Shift + Alt ) 
2. Ұзынтұра Жалқаубек, 
Тұрмай ылғы жатады. 
Қозғала қалса артынан, 
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын) 
3. Биологияда бұл паразит, 
Көзге зорға көрінер. 
Информатикада өлшем бірлік, 
Ақпараттарды өлшер (бит) 
4. Тетігін бассаң алаңсыз, 
Жазады қалам, қағазсыз. (пернетақта) 
5. Батырмасын басасың 
Қажетті файлды ашасың (тінтуір) 


Математика 
1. Оң сандарға қол шатырдай 
Қалпақ болған беделі 
Квадраттасаң егер оны 
Белгісі оның кетеді (квадрат түбір) 
2. Екі бұрыш ежелден 
Тату көрші болған екен 
Бірін-бірі толықтырып 
Бір түзуде жатады екен (сыбайлас) 
3. Екі түзу қатар жүріп 
Үшіншісін қияды 
Сонда шыққан бұрыштарды 
Кімдер айтып жияды (айқыш, тұтас, сәйкес) 
4. Қарама –қарсы қабырғалары 
Паралель боп қосылған 
Оқыңызшы аталуын 
Параллель, грамм сөзі қосылған (параллелограм) 
5. Үлкен, кіші сандар арасына 
Таңбаларды қойған кезде 
Алынады қандай өрнек 
Білейікші оны біз де (теңсіздік) 


Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
523
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі