400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

МИФ апталығының қорытындысы

Материал туралы қысқаша түсінік
мектебімізде МИФ апталығы өте жоғарғы деңгейде өтті.Оқушылар өз ойларымен бөлісті.
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Өмірді жақсы көріңдер!

Сабақтың мақсаты : Өмірге деген құштарлықтарын,қызығушылықтарын ояту,

өмірдің мәні туралы ой пікірлерін ортаға сала білуге

үйрету,өмірге жақсы көзқараспен қарауға,қадірлей,бағалай

білуге тәрбиелеу. Өмірден өз орындарын таба біліп,

айналасына қуаныш сыйлай білуге үйрету.

Жасөспірімдердің арасындағы суицид дертінің алдын алу.

Сабақтың көрнекілігі: Өмір туралы ақын өлеңдері, бейне ролик, эссе, тест

тапсырма. «ӨМІР» сөзіне ассоциация

Сабақтың түрі: Тренинг сабақ

Сабақтың әдісі: Ой қозғау, оқушы шығармашылығы

Сабақтың барысы:

  • Кіріспе.

  • «ӨМІР» сөзіне ассоциация жасау.

  • «Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

  • «Өмірді жырлаймыз» өмір туралы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

  • «Қолда бардың бағасын біл» бейне ролик

  • «Менің көңіл-күйім» тест тапсырма.

  • Таршылық пен талпыныс (психологиялық ситуация)

  • «Өмір, мен саған ғашықпын» эссе

  • Қортынды бөлім.

Өмір деген-қасқағым сәт сырғып аққан.

Өмір бұлақ- сай жағалай жылжып аққан.

Бұл төрт әріп астарында талай мән бар.

Талай сыр бар ұғынбайтын «бұғып жатқан» дегендей

Қазір «ӨМІР» сөзіне ассоциация құрамыз. Яғни «ӨМІР» сөзіндегі әрбір әріптен басталатын өмірге қатысты өзіңіздің ойыңызға келген жақсы мағыналы сөздерді айтасыздар.

Shape1 мойымау


Shape3 Shape2 махаббат рахат

Shape4 мейірім

Shape5 рақым

Shape6 мақсат

Shape7 ренішсіз


Shape8

Ө М І Р



Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 өзен

өткел

өкінішсіз

өр талап ірге тас

өміршең ізгілік


«Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

Өмір туралы біршама көзқарасымызды қалыптастыру үшін «Өзіңді теңей біл» жаттығуын орындайық. Өмірге байланысты бір заттың атын немесе өмір сүруде қажетті адам бойындағы қасиеттерді алап, соған өздеріңді теңейсіздер және оның өмір үшін маңызын айтасыздар:

Мен... (мақсатпын) мақсатсыз өмір –пілтесіз шам.Пілтесіз шам қалай пайдасыз болса, мақсатсыз өмірдің де мәні жоқ.

  1. Мен...(сеніммін) сенім-өмірдің күші

  2. Мен...(мейріммін) мейрімді адамдар көп болса, өмір сүру соғұрлым оңай

3.Мен...(табандылықпын) өмірде қиындықтар кездеседі оны жеңу үшін

табандылық керек

4.Мен...(жақсы сөзбін) .....

5.Мен...(сумын) .....

6.Мен...(табыспын).....

7.Мен...(анамын) .....

8.Мен... (әкемін)......

9.Мен...(шыдаммын)......

Әрбір теңеу сөзге байланысты түсініктеме бере отырып, оқушылар ойларын түйіндейді.

«Өмірді жырлаймыз» өмір туралы ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу.

Жас өмір,жалынды өмір, думанды өмір,

Жазира дарқанды өмір, дарынды өмір.

Көтеріп ақ тілегін таудай көкке,

Алдыңа жайып салар барын өмір дей келіп, шаршап шалдыққанда, жабырқағанда шабыт беретін ақындардың өмір туралы өлең жолдарына кезек берейік.

Нұрхан: «Қызық өмір»

Беклан: «Өмір туралы өлең»

Рамазан : «Өмір» өлеңдерін оқиды.

Келесі кезекті видио роликке береміз

Мысалы мына өлең жолдары:

Өмір

Көтеріп тұрып, құлатады өмір.

Күлдіріп тұрып, жылатады өмір.

Етегің толып еңіреген кезде

Қайтадан өзі жұбатады өмір.

Үмітіңді үзіп, түңіле көрме,

Құлап барып та гүл атады өмір.

Үп еткен желге дірілдей берме

Шыдамдылықты ұнатады өмір.

балалардың, кез-келген адамның өмір қиындығына мойымауына рух берері сөзсіз.






«Қолда бардың бағасын біл»


Белгілі бір себептермен екі қолынан айрылған жанның тыныс-тіршілігін көрдік. Және ол адам қолының атқаратын қызыметін аяғымен атқаруға бейімделген. Ең қызығы бұл адамның тыныс тіршілігі он екі мүшесі түгел кейбір адамдардың тіршілігінен көш артық. Енді сіздерге сұрақ:

Екі қолсыз болса да,бұл адам кейбі 12 мүшесі сау адамдардың жете алмаған жетістігіне жету себебі неде деп ойлайсыздар?...

«Менің көңіл-күйім» тест тапсырма.

  1. Менің көңіл-күйім жие нашар болады, жылаймын.

  2. Адамдармен кездескенде оның көзіне тура қараудан қашамын.

  3. Мен жие ашуланамын.

  4. Мені көпшіліктің өмірде маңызды болып көрінетін спорт, жұмыс, адамдармен қарым-қатынасы қызықтырмайды.

  5. Соңғы кезде мен өте сирек көңілденемін, тіпте күлмеймін

  6. Мен білетін адамдардың көбі мені ренжітеді.

  7. Мен әлсіздікті сеземін,жақын адамдар мен таныстардың өміріне көңілім толмайды.

  8. Соңғы уақытта көп сұрақтарға өзіндік пікірім жоқ.

  9. Мен өте жай сөйлеймін,әңгімелескен адам мені түсінбей қалады.

  10. Мен әңгімелескен адамның сұрағына қалай жауап берерімді білмей қалам.

Кілті: «иә» деген жауапқа бір ұпай.

1-2 ұпай Сіз өмірдің қиындығына қарамастан, өмірге қуаныштысыз. Бұл жаман емес.

3-6 ұпай Сіздің өмірге қатынасыңыз қалыпты,бірақ шаршағаныңыз сезіледі. Ертерек емес па? Шаршамаңыздар!

7-9 ұпай. Сіз болып жатқан жайлардың бәрін теріс қабылдайсыз, неліктен сіздің өміріңізде қуанышты жайлар жоқ?----------------------------------------

  • Психологиялық ситуация

1) Таршылық пен талпыны

1) Таршылық пен талпыныс (психологиялық ситуация)

Бір жігі данышпан қарияға келіп «қанша талпынып талаптансам да қаржыдан қысылып, дүниеге жарымай» жүргенін баяндапты. Ол айтыпты:сірә, менің маңдайыма осындай тапшылығы мол тағдыр жазылмаған шығар. Сонда данышпан: «талпынып,талаптанған адамның табысқа жетпеуі мүмкін емес»,-депті. Сонан соң данышпан жігітті өзен жағасына алып келіп, өзімен бірге суға алып түсіпті. Адам бойламайтын терең жеріне келіп басынан ұстап,төменге басыпты. Алғашқыда шыдап көруге тырысқан жігіт,болмай бара жатқан соң, жоғары шығуға ұмтылыпты. Шалдың қолынан шыға алмасын білген жігіт, қатты бұлқынып су бетінен басын зорға шығарып ауа жұтыпты.

Сұрақ: Қариядан «неге олай істедің?»- дегенде,не деген екен?

Жауап: Міне, сенің талпынысың осындай болғанда ғана , таршылықтың бұғауынан босай аласың депті.

Эссе (үй тапсырмасы) «Өмір, мен саған ғашықпын»

Осы тақырыпта бірнеше оқушыға үйден жазып келген эсселерін оқыту.





Мысалы: «Өмір, мен саған ғашықпын»

Найзасына ту байлап, жауға шапқан кешегі еңіреп жүріп, етігімен су кешкен асыл ерлеріміз бен қар жамылып, мұз жастанған Бауыржандай атамыз, Әлиядай апамыз сынды батырлардың қайсарлығы мен төзімділігінен жаралған біздер өмірдің кез келген қиындығына төтеп беруіміз керек .

Бақытты, жақсы өмір сүру өз қолымызда.Ол үшін өмірге деген құштарлық болу керек.





Слайд көрсету

Жеңіл музыка ырғағында , табиғат суреттерін тамашалай отырып, өмір сүруге деген құлшынысты арттыратын өсиет сөздерді оқу. Ең соңында хормен


Ақыл деген алтын тау, шың-құзы бар не түрлі,

Ақыл – панаң, сақтаушың, ұлы қорған секілді.

Ауыздықта сезімді, өз нәпсіңді тия біл,

Өзіңді-өзің билеуің – нағыз дәулет, сірә бұл, – деп үнді елінің киелі жырында жарланғандай өз өміріміз өз қолымызда.

Хормен:

Қиындықты жеңеміз, өмірді жақсы көреміз!

Тәрбие сағатымызға қатысқандарыңыз үшін көп-көп рахмет !

Сау болыңыздар !








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
11 ақпан
1056
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі