400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МИФ онкүндік апталық ашылу жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
МИФ онкүндік ашылу жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін» Келісемін:

Мектеп директоры: М.Абилова ДБІЖО: К.Татаева



Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Құрманғазы атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін мектеп





«МИФ» онкүндігінің ашылуы



Тақырыбы: «Математика, информатика және физика пәнінен «Цифрлық педагогика : қазіргі білім берудегі инновациялық әдістер» атты онкүндік»



Мерзімі: 02.12.2024 ж.


Уақыты: 0935














ӘБ жетекшісі: Тулекова А




Ошақты- 2024 -2025 оқу жылы




Тақырыбы: МИФ әлемі.

Мақсаты: -оқушылардың пәнге қызығушылығын, олардың танымдық ізденістерін ояту;

-логикалық ойлау қабілеттерін пәнге деген ынтасын, белсенділігін арттыру;

-білімдерін жүйелі болуын қамтамасыз ету.

1-жүргізуші:

Қайырлы күн қадірлі қонақтар, ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «МИФ» әлеміне саяхат атты кешімізге қош келдіңіздер.

-Әрбір өскелең жастың ішкі резервін, талантын, дарынын тәрбиелеу, еліміздің үлкен тірегі болатын жас ұрпақтың терең білімді, жан – жақты дамыған зерек болуы – заман талабы. Осыған байланысты оқушылардың шығармашылықпен айналысуына сыныптан тыс пәндік сайыстар өткізудің тигізер септігі мол. Сондықтан 5-11 сыныптар арасында математика, физика, информатика пәндері бойынша өткізілген сыныптан тыс әр-түрлі іс-шаралар апта бойы өткізілмек. Атсалысып белсенділік көрсетіңіздер.
2-жүргізуші: Онкүндіктің тақырыбымен,мақсатымен және жоспарымен таныстырады.
М - математика ғылымдар патшасы
И - информатика ақпараттар ғылымы
Ф - физика табиғаттың патшасы
І. Кіріспе бөлім.

1-жүргізуші:

Онкүндік жоспары

2-жүргізуші. 
Барлықтарыңызды Математика – Информатика – Физика пән онкүндігінің ашылуымен құттықтаймыз! Онкүндікте бәрі бар – ашық сабақтар, жарыстар, конкурстар... Тамашалап, белсенді ат салысып, білімді жастар екенімізді көрсетейік! 

1-Жүргізуші: Бүгінгі кешке барлық ғылымдардың ішіндегі ең ауыры және ең қызық болып көрінетін үш егіз пәннің мектебіміздегі алыптарды ортаға шақырайық.

2-жүргізуші 
Жиналған ылғи дарындар, 
Жүректе от, көздерінде жалын бар. 
МИФ пәндерінін тарихына қарайық(видео)

1-жүргізуші:

Шақырамыз келіңдер!
Есеп – қисап, жұмбақ ойды шешуге
Күш, өнерді, жиып келіп, білімді
Жиып бәрін ойды ортаға салуда.


І – сұрақтар.
1. Атомның құрылысын ашқан кім? (Резерфорд )
2. Компьютердің ауруы........? ( Вирус )
3. Үшбұрыштың ішкі бұрыштарының қосындысы (180)

4. «Компьютер» сөзі ағылшын тілінен аударғанда нені білдіреді? ( Есептеуіш )
5. “Эврика” - кімнің сөзі? ( Архимед )
6. Кері санның көбейтіндісі? ( 1 )
7. Көз бен монитордың ара қашықтығы неше см болуы тиіс? ( 60 - 70 см)
8. Электр заряды жоқ бөлшектер? ( нейтрон )
9. Дәлелдеуді қажет етпейтін математикалық сөйлем (аксиома)

10. Ең үлкен хорда? ( диаметр )
«Ой жалғасы». Мақал – мәтелдер.
1) Жеті рет өлшеп, бір рет кес
2) Бір тал кессең, он тал ек
3) Жігіт бір сырлы, сегіз қырлы
4) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді
5) Алты аға бірігіп, әке болмас,
Жеті жеңге бірігіп, ана болмас
6) Досың болғанына мақтан,
Дұшпаның жалғыз болса да сақтан.
7) Жеті жұрттың тілін біл,
Жеті түрлі ілім іл
8) Білгенін бір тоғыз,
Білмегенің тоқсан тоғыз.

1.Атадан он баламыз,

Бір-бір жастан арамыз.

Қосылып кейде басымыз,

Азайып кейде қаламыз.

Бөлініп кейде арамыз,

Көбейіп те аламыз (Цифр)

2. Нәрселерді санағанда,

Керек бізге ауадай,

Айтыңдаршы бұл қандай сан,

Жан-жағына қарамай. (натурал сан)


3. Мені көрде - жерді көр,

Қозғалыстың көкесі.

Айналыстан туады,

Планеталар бір-бірін,

Шыр айнала қуады. (Шеңбер)


4. Өмірің сенің қызық,

Жолыңда жоқ түзу сызық,

Басыда жоқ, аяғы.

Бір айналым баяғы. (дөңгелек)

5. Қолы жоқ, сурет салады,
Тісі жоқ, бірақ тістеп алады.

Жауабы: Циркуль.



6. Бір сан бар, кері қылсаң өзгермейді,
Айналса да, өзге түрге енбейді.

Жауабы: 8 (айналып кері қарағанда да бірдей көрінеді).

7. Жеті адам қатар тұр,
Бәрі бірдей санау білсе,
Қанша аяқ жерге тірер?

Жауабы: 14 аяқ (әрқайсысында екі аяқ).

8.Көздің нұры, қолдың ісі,
Ол болмаса, болмас түсі.

Жауабы: Монитор.

9.Көрінбейді, ұстай алмайсың,
Бірақ өзіңсіз қолданбайсың.
Бар әлеммен байланыс жасайды,
Кодтармен өзіңді басқартады.

Жауабы: Бағдарлама (программа)

10.Денелерді бір-біріне жақындатам,
Қаласаң, алыстатам.
Магия емес, физика,
Мен кіммін?

Жауабы: Магнит.










Қорытынды. Робт биі 7-сынып оқушылары орындалады.

Сайыс соңында қатысқан оқушылар марапатталды.


ӘБ: А.Тулекова



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
6 ұстаз жүктеп алған
2 желтоқсан
308
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі