400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

МИФ патшалығы интеллектуалды сайыс

Материал туралы қысқаша түсінік
информатика физика математика мұғалімдеріне керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

«МИФ патшалығы» интеллектуалды сайыс


Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру. Ғылыми пәндерге деген қызығушылығын дамыту.

Түрі: Топтық сайыс


І-кезең. Таныстыру.


ІІ-кезең. « Ойлы болсаң озып көр»


1. Бізді қоршаған орта? (Табиғат)

2. Ең жақын жұлдыз? (күн)

3. Температураны өлшейтін құрал? (Термометр)

4. 360 минутта неше сағат бар? (6сағат)

5. Интернетке қосылу құрылғысы? (Модем)
6. Алғашқы есептеу құрылғысы (саусақтар)
7. Компьютердің атасы? (Чарльз Бэббидж)
8. Баспаға шығару құрылғысы? (принтер)
9. Ақпараттың неше түрі бар? (Мәтіндік, графикалық,сандық, дыбыстық, бейнелік)

10. Қазақстаннан шыққан алғашқы математик (Жәутіков)


ІІІ-кезең. « Ғажайып қоржын»

  1. Екі адам тоғыз құмалақты 2сағатта ойнаса, әрқайсысы неше сағатта ойнайды?

2сағат

  1. Түнгі сағат онда жауын жауып тұрса, 24 сағаттан кейін күн жарқырап шығуы мүмкін бе? (Мүмкін емес, жоқ түнде күн шықпайды)

  2. Жанұяда 5 ұл әр ұлдың бір-бір қарындасы бар, жанұяда барлығы неше бала бар? (6 бала)

  3. Столдың 4 бұрышы бар, бір ұшын кесіп тастаса неше бұрышы қалады?

(5 бұрышы)

  1. Қос ат 40км жол жүрсе, бір ат қанша км жол жүреді? (40км)

  1. Үйдің 4 бұрышында 4 мысық отыр, әрбір мысықтың алдында 3 мысық. Үйде жиыны қанша мысық бар? (4 мысық)

  2. 8- наурызда екі шешеймен екі қызына, әжеймен немересіне 3 орамал сиға таратылды, бұл қалай? (Әжесі, шешесі, қызы)

  3. Дорбадан 10 асықты 10 бала бір бірден алды, сонда дорбада 1 асық қалды. Ол қалай? (асықты бір бала дорбасымен алды)

  4. 1 жұмыртқаны 3 минутта пісірсе, 5 жұмыртқаны неше минутта пісіреді?

(3 минут)

  1. 4 пен 5-тің арасына қандай таңба қойылғанда, 4-тен артық 5-тен кем сан шығады? (үтір)

  2. Ағаштың басында 10 торғай отыр, мылтықпен біреуін атып түсірсе ағашта қанша торғай қалды? (Қалғандары ұшып кетеді)

  3. Қалай 7 ті этаждан секіріп жараланбауға болады? (1-этаждан секірсе)


IV-кезең. «Ойымды жалғастыр» мақал-мәтелдер сайысы. 

(әр команда шапшаң жауап беру керек)

  1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім іл)

  2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)

  3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)

  4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)

  5. Бір елі ауызға – (екі елі қақпақ)

  6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)

  7. Отызтістен шыққан сөз, (отыз елге тарайды)

  8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)

  9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)




V-кезең.  «Көз дәлдігін тексер!» 

  1. Мына суретте неше үшбұрыш бар?

  2. Мына суреттен төртбұрышты таңда? 

VI-кезең. «Кім жылдам?»

Сөздердің әріптерін орындарымен ауыстыру арқылы сөздерді анықтаңыз.

 

  1. апрцетяи –трапеция

  2. терчесвин – винчестер

  3. иксд – диск

  4. яцооррппи — пропорция

  5. иямонотрса — астрономия

  6. теринпр — принтер

  7. трұбышрөт-төртбұрыш

  8. еедңту — теңдеу


VII-кезең. «Біліктілік сайысы» (есептер шығару)


Математика

30

40

50

Информатика

30

40

50

Физика

30

40

50


Алгебра

«30» Теңдеуді шешіңдер 64 + у = 12 ∙ 8     (32)

«40» Есептеңдер  81∙ (2423 -1879) : 36  (1224)

«50»  Ықшамдаңдар(5в-4х)(5в+4х)     (25в2-16х2)

Физика

«30»  Дененің массасы 127 тонна килограмм арқылы өрнектеңдер. (127 000 кг)

 «40»  Ұшақ 750 км/сағ жылдамдықпен ұшып барады. 6 сағ ішінде ол қандай аралықты өтеді?(4500км)

«50»  Жүктің массасы 10 кг. Оған қандай ауырлық күші әрекет етеді? (98 Н)

Информатика

«30»    8 гегабайтта қанша мегобайт бар? (8192)

«40»  Информатика сөзінде қанша байт бар?     (11)

«50» 1 байтта неше бит бар? (8)

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
17 ұстаз жүктеп алған
11 наурыз
1304
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі