Міндеттемелік құқық

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Міндеттемелік құқық

Материал туралы қысқаша түсінік
қмж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Пәні:

Құқық негіздері

Бөлім:

Жеке құқық Азаматтық құқық жүйесі және оның негізгі институттары

Педагогтің аты-жөні:

Сатыбаева А

Күні:

А-06.02.2026

В-09.02.2026

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Міндеттемелік құқық

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

10.3.1.8 - заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін ашу;

10.3.1.9 - міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету тәсілдерін құқықтық жағдаятты талдай отырып анықтау

Сабақтың мақсаты

заң терминдерін пайдаланып, міндеттемелік құқықтың мәнін жағдаяттарды талдай отырып анықтайды

Құндылықтар

Ұлттық мүдде:қоғам игілігі үшін қызмет ету;

Талап:технологиялық және цифрлық дағдыларды ілгерлету;

Ар-ұят:Әдеп нормаларын ұстау;

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

Өзін-өзі тексеру




Өткен білімді еске түсіру


Тақырыпқа қатысты ой шақыру ситуативті процесі.

Үй тапсырмасын сұрау.

«Меншік құқығы түсінігі және оның қорғалуы» тақырыбына қатысты теориялық сұралым.

«Меншік құқығын қалай түсінеміз және оның қорғалуы қалай жүзеге асырылады?” тақырыбына жинақтаған оқушылардың инфографика мазмұнын талқылау.

Қорытындылаушы сұрақ:

«Қалай ойлайсыздар, қазіргі Қазақстан қоғамында әрбір жкек және заңды тұлғалардың өз меншік құқығын заңдарға сәйкес қорғауы қаншалықты маңызды?»

Ой қорытынды.

Ситуациялық сұрақ:

  • Адамдар әр түрлі әлеуметтік –экономикалық және құқықтық қарым-қатынасқа түскенде бір-бірімен сенімділікті қалай қалыптастырады?

  • Мысалы сіз бір адамнан жылжымайтын мүлікті сатып алсаңыз, оның құжаттарының заңды екеніне көзіңізді қалай жеткізесіз?

Білім алушылардың репликалары тыңдалады.

Сабақ тақырыбы, оқу мақсаттары және бағалау критерийлері жарияланады.

Сабаққа ынталанады.

Жағымды ахуал туады.

Оқушылар өз пікірлерін ортаға салады

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

Тақырып

тық суреттер

Жаңа білім




Сыныптық талқылау сұрақтары:

Міндеттемелік құқықтың анықтамасы және оның құрамдас бөліктері қандай?

Міндеттемелік құқықты шынайы өмірде қалай жүзеге асыруға болады?

Академиялық түсіндірілім:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке түсініктеме:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік дегеніміз -шартта немесе заңда көрсетілген ретте жүктелген міндеттемені бұзған субъектіге қолданылатын мүлікті өндіру жауапкершілігі.

Азаматтық құқықтық жауапкершіліктің әрекет белгілері:

а) борышкордың міндеттемені бүзуынан туындаған мүліктік шығындарды несие берушіге өндіріп беру;

ә) борышқордың міндеттемені тиісті дәрежеде орындауын кадағалау;

б) борышқорды міндеттемені орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жазалау;

в) белгілі бір дәрежеде несие берушінің міндеттемеге қатысуына түрткі болу;

г) борышқордың тәртіпсіздік фактілерін басқа тұлғалардың көзінше дәлелдеу болып табылады.

ЕБҚ оқушыға өзіне қажетті көмек деңгейіне қарай бірнеше карточка ұсыныңыз

Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізгі қызметтері:

Жазалау қызметі— міндеттемені бүзған немесе шығын келтірген тұлғаның мүлкінің азаюы.

Тәрбиелік қызметі— құқық бұзушы болашақта мұндай әрекеттер жасауға жол бергізбейді.

Қалпына келтіру қызметі— шығын келген тұлғаның мүліктік жағдайын қалпына келтіру

Міндеттеме артрибуттары (ерекшеліктері):

Мiндеттеме деп отырғанымыз – бiр адам (борышкер) басқа адамның (несие берушiнiң) алдында ие болған мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер тізбесі.

Міндеттеме бөліктері:

Айып төлеу ұғымы

Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес. 

Кепiл ұғымы

  Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) егер де борышкер кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған жағдайда кепiлге салынған мүлiк құнынан ақша өндіру әдiсi. 

Кепiлпұлұғымы.

Уағдаласушытараптардыңбiреуiнiңшартбойыншаөзiненалынатынтөлемнiңесебiненекiншiтарапқажәнешартжасау мен орындауды не өзгемiндеттеменiорындаудықамтамасызетугеберiлетiнақшалай сома кепiлпұлдептанылады.

ЕБҚ оқушыға тапсырманы орындау үлгісі, шешу тәсілін көрсету, пайымдау үлгісін ұсыныңыз

Терминдерге түсініктеме:

Шартұғымы

Екiнемесеоданкөпадамныңазаматтыққұқықтар мен мiндеттердiбелгiлеу, өзгертунемесетоқтатутуралыкелiсiмiшартдептанылады. 
    Борышкер – несиеберушініңалдындаөзміндетінеқаржылықнемесематериалдықміндеттемеалғантараптар

Мәмілелер азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған әрекеттері

Сенімхат – бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік жасау үшін басқа адамға (сенім алушыға) беретін жазбаша өкілдігі. Сенімхат сенім алушының өкілеттілігінің мөлшерін анықтайтын бір жақты келісім, ол тікелей сол сенімхатты беруге белгіленген құқықтар мен міндеттерді тудырады.

ЕБҚ оқушыға суреттер/иллюстрация, қысқаша жазба, схема ұсыныңыз

Қалыптастырушы бағалау жұмысы:

Мәтіндегі академиялық ақпараттарды оқи отырып, тақырыптық терминдерге анықтама береді

Таблицада көрсетілген ұғымдардың анықтамасын толтырыңыздар:

Міндеттеме

Борышкер

шарт

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік

1

2

3

4

Мәміле

Сенімхат

Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы мәселелердің шешімдерін ұсыну

ЕБҚ оқушыға сөздерді түсіндіру, тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп ұсыныңыз

1- құқықтық жағдаят

Сауда-делдалдық фирма жасасқан шартқа сəйкес сауда кəсiпорнына маргарин партиясын жеткiзедi‚ ол маргариннiң сатылу мерзiмi өтiп кеткен болып шығады. Сауда кəсiпорны тауарды жарамсыз деп тауып‚ фирмаға алдын-ала төлем ретiнде аударылған қаржыны қайтару жөнiнде‚ сонымен қатар шартта қарастырылған айыпты төлеу туралы талап қояды. Шарт бойынша олар 10 күн деп белгiленген талап қою мер-зiмiн сауда кəсiпорнының өткiзiп алуын сiлтеп‚ фирма талапты орындаудан бас тартады.

Сауда кəсiпорны талап арызбен төрешi сотқа барады. Дəлелi ретiнде сауда кəсiпорнының тараптар келiсiмi бойынша белгi-ленген талап қою тəртiбiн ғана емес‚ сонымен қатар арыз берушiнiң тараптар белгiлеуi бойынша 30 күндiк наразылық бiлдiру мерзiмiнiң ескiргенiн де көрсетедi. Фирманың пiкiрi бойынша‚ сауда кəсiпорнының талабы негiзсiз‚ өйткенi маргариннiң сатылу мерзiмiнiң өтiп кетуi жет-кiзiлген тауардың сапасыздығына дəлел бола алмайды.

Бұл дауда кiмдiкi дұрыс? Сот қандай шешiм қабылдауы тиiс?

1 –құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары




2- құқықтық жағдаят

Ауыр сырқатқа шалдыққан азамат Момынов Жинақ бан-кiсiндегi өзiнiң ақша салымын бiрнеше жыл бойы iс-жүзiндегi некелiк қарым-қатынаста болған Нұрланованың қарауына беру туралы сенiмхат бередi. Сонда Момынов куəгерлердiң көзiнше Нұрланова осы қаражат есебiнен оны жерлеуге байланысты бар-лық шығындарын өтеп‚ ал қалғанын өз еркiмен жұмсасын деген тiлегiн бiлдiредi. Осы сенiмхат та‚ Нұрлановаға мұра бойынша автокөлiктiң жəне үй жабдықтарының өтуi

туралы өсиет те, Момыновтың емделiп жатқан ауруханасының бас дəрiгерiмен куəландырылады. Момыновтың өлiмiнен кейiн əкесiмен бiрқа-тар жылдар бойы қатынаспайтын‚ бiрақ заң бойынша Момыновтың жалғыз мұрагерi болып табылатын оның ересек ұлы Нұрлановадан Жинақ банкiде Момынов атында сақталған ақша са-лымының барлық сомасын берудi талап ете отырып‚ оған талап арыз ұсынады.

Осы талап арыз қаншалықты негiзделген деуге болады?

2-құқықтық жағдаяттың жазбаша жауап кестесі:

Жағдаяттың талдануы

Мәселені шешу жолдары



ЕБҚ оқушығатақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде кесте ұсыныңыз

3-тапсырма.

Міндеттемелердің түрлеріне мысалдар келтіріп, талдайды;

ЕБҚ оқушыға мәтіннен тұжырымын растайтын немесе жоққа шығаратын фактілердің астын сызын көрсетуді ұсыныңыз

3-тапсырма. Өз жұбыңызбен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріңіз

ЕБҚ оқушығатақырып бойынша өз мысалымен толықтыруды, ойдан құрастыруды ұсыныңыз

Дескриптор:

Міндеттемелік құқықтың анықтамасын сипаттайды;

Міндеттемелік құқықтың құрамдас бөліктерін анықтайды;











Дескриптор:

Азаматтық-құқықтық жауапкершілік, міндеттеме, борышкер, шарт, мәміле, сенімхат терминдеріне түсіндірме жауап жазады















Оқушылар термин сөздермен жұмыс жүргізеді




















Оқушылар жеке және жұптық формада ҚР Азаматтық Кодексінің 268-390 баптарын оқып, мазмұнын талқылайды;





















Дескрипторы:

Екі кейс стадиды талдау арқылы кестенің сұрақтарына өз көзқарас жауаптарын жазады;









Өз жұбыңызбен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріңіз:

ДескрипторыӘр білім алушы жұбымен міндеттемелердің түрлерін жеке қарастырып, үлестік, ортақ және ақшалай міндеттемелердің біреуіне мысал келтіріп, талқылайды

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады








«Ең үздік жауап»














ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады



























«Екі жұлдық,бір ұсыныс»








ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады






















Өзін-өзі бағалау

  • ҚР Азаматтық Кодексі, 268 -390 баптар;



























ҚР Конституциясы, ІІ бөлім: «Адам және азамат»


Бекіту


Сабақты қорытындылау

Үйге тапсырма

Өзжұбыңмен бірге келісім-шартқа отырып, мәтінін жазбаша жазып келу.

Қолданылатын дереккөздер:

ҚР Конституциясы 22, 25, 26 -баптары

Сабақтың тақырыбын қорытындылау

«Ең үздік жауап»

Ақпараттық карточка




Кері байланыс

«Жақсы сұрақ» әдісі арқылы кері байланыс жасайды.

  1. Неліктен...?

  2. Егер... болса қалай?

  3. Сіз қалай ...?


Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады


Оқушылар бағалай критерийлерімен өз деңгейлерін бағалайды


А4, конспект





Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі