Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар тау жыныстарының әр түрінің сипаттамаларын түсінулері, геологиялық уақыт бойынша қарапайым реттіліктерді байқау үшін жер қыртыстары үлгілерін зерттеулері, минералдар қалай пайда болатындығын, мұнай және газ қалай алынатындығын түсінулері керек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.4В Геологиялық химиялық қосылыстар


Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

СЫНЫП: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.4.2.5 -табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:


  • Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделейді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделейді;

  • Табиғи ресурстарға зиянын келтіретін экологиялық проблемаларды көрсетіп, олардың шешу жолдарын түсіндіреді

Кейбір оқушылар:

  • Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдарын ұсынады

Ойлау дағдысының деңгейі:

Білу және түсіну

Бағалау критерийі

Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделейді, шешу жолдарын түсіндіреді

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:


Табиғи ресурстардың қоршаған ортаға әсерін айтады

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Табиғи ресурстар, қалпына келетін ресурстар, қалпына келмейтін ресурстар

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Табиғи ресурстар....... және ....... болып бөлінеді.

Металдар, табиғи газ, көмір және мұнай........ ресурстар

Біздің елімізде жылына ......... тонна пайдалы қазбалар өндіріледі

Құндылықтарға баулу

Сын тұрғысынан ойлау, топтық жұмыс барысында өзара сыйластық, ынтымақтастық, жауапкершілікті сезіну, білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

География, жаратылыстану, биология.

Алдыңғы оқу

Оқушылар тау жыныстарының әр түрінің сипаттамаларын түсінулері, геологиялық уақыт бойынша қарапайым реттіліктерді байқау үшін жер қыртыстары үлгілерін зерттеулері, минералдар қалай пайда болатындығын, мұнай және газ қалай алынатындығын түсінулері керек (7.3A-бөлімі).

Сабақ барысы


Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5-7 мин

Ширату жаттығулары

«Сиқырлы таяқша» әдісі арқылы сұрақтар қою

-Қазақстанда қандай пайдалы қазбалар бар?

-Жанғыш пайдалы қазбалардың қандай түрлерін білесің?

-Кенсіз пайдалы қазбаларға нелер жатады?

-Адамдар бұл материалдарды қайдан алады? --

Өзекті сұрақ «Неліктен табиғат ресурстарын өндіру қоршаған ортаға кері әсер етеді?



Сабақтың тақырыбы: Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері.

Оқушылар жаңа тақырып атымен «мозайка» әдісі арқылы 4 топқа бөлінеді.


















Тақырып жазылған

қағаз қиындылары



Сабақтың ортасы



15 мин



















2мин

























2мин







3мин





















3мин




1 топқа «Табиғат ресурстарының жіктелуі.»

2 топқа «Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін талдау.

3 топқа «Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдары»

4 топқа «Табиғи ресурстардың адам өміріндегі маңызы»

Оқулықпен жұмыс «Джигсо» әдісі арқылы жұмыстанады. Топтың ішінде оқушылар А В С Д Е деп бөлісіп әрбір оқушы мұғалім рөліне еніп, басқа топ мүшелеріне берілген тапсырмаларын түсіндіреді. Барлығы түсіндіріп, орындарына қайтіп келіп, өзара талқылайы.




Б. Топтар бір-бірін «смайликтер» арқылы бағалайды. Әрбір оқушының қолында смайликтердің түрлері болады.

Picture 1 Бағалау критерйиі

өте жақсы тапсырма нақты жүйелі түсіндірілсе;


Picture 2

жақсы тапсырма жүйелі бірақ толықтыруды қажет етеді

-орташа әліде жұмыстануды қажет етеді

Picture 3







Сергіту сәті. (Қызықты қимыл қозғалыстары)



Барлық оқушылар:

«Тапсырма 1. «Адамның қоршаған ортаға әсері»кестені толтырып, табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік комплекстердің қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы сипаттаңыз.

Кесте толтыру.

1-табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік комплекстер

2-олардың қоршаған ортаға әсері

3-салдардың әсерін азайтатын шаралар

Дескриптор

кестені толтырып, табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік комплекстерді атайды;

өндірістік комплекстердің қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы сипаттайды;

салдарлар әсерін азайтатын шараларды жазады

ҚБ «Бағдаршам» әдісі

Бағалау критерийі :. Кестені толтырып, табиғи ресурстарды өндіретін өндірістік комплекстердің қоршаған ортаға тигізетін салдары туралы сипаттайды. Жауаптарын (іс-әрекеттерін) нақтылайды.









Орташа жақсы өте жақсы

Дайын үлгі жауап арқылы ұжымның өзара кретириалды бағалауы жүзеге асырылады.



Кейбір оқушылар:

2-тапсырма

Жер қыртысындағы пайдалы қазбалардың өндірілуі тау-кен, ұңғымаларды бұрғылау, шахтаның дамуына байланысты. Әрбір әдіс қоршаған ортаға өз зиянын тигізетіні анық.


  1. Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін кері әсерлерін атап жазыңыз______________________________________________________________

b) Пайдалы қазбаларды өндірудің оң әсерлерін атап жазыңыз___________________


с) Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде ауаны көп мөлшерді ластайтын газды атаңыз:

_____________________________________________

(d) Бұл газ парниктік газдардың құрамына кіреді. Парниктік газдарды толықтырып

жазыңыз:

________________________________________________

(e) Парниктік газдардың көбеюі қандай салдарға алып келеді?

____________________________________________

Дескриптор

- қазбаларды өндіру нәтижесінде бөлінетін көмірқышқыл газының арту себептерін түсіндіреді;

- көмірқышқыл газы мөлшерін азайту әдістерін ұсынады;

- көмірқышқыл газының артуы ғаламдық жылынуға әкелетінін баяндайды


















Маркерлер, үлестірме материалдар,,смайликтер, флипчарт























бейнеролик

























Суреттер, үлестірме материалдар



Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия

Пирамида» арқылы сабақтан алған әсері мен ұсынысын жазады.

Пирамида кестесі


Қосымша ақпараттар

Саралау – сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1.Топтық, жұптық жұмыстар арқылы оқушыларға өзара қолдау, көмек көрсету жүзеге асырылады.

2.Барлық оқушыларға пайдалы заттарға мысал келтіру, жіктелуін білу тапсырмалары беріледі. Сынып оқушыларының басым бөлігіне құбылыстарға сызба құрастыру Табиғи ресурстардың жіктелуін біледі

Табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін біледі қабілеті жоғары оқушыларға қорытынды жасау, Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жолдарын айта алу үшін

тәжірибелерін ұсыну арқылы олардың білімдерін кеңейту

1. Оқушылардың қажетті білімдерін білу мақсатында ашық сұрақтар беріледі. 2.Топтық жұмыс арқылы оқушылардың бірлескен әрекетін бақылау



Топтық жұмыстан соң топтар өзара бірін бірі «Сайликтер» арқылы бағалайды



3. Дайын үлгі жауап

4. Әр оқушының ОМ жеткендігін анықтау үшін бағалау критерийлері мен дескриипторлар қолдану

5.пирамида кестесі(жазбаша)




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.11.2018
1820
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі