400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 14 материал табылды

Минералды тыңайтқыштарға жалпы сипаттама.

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұздар және басқа бейорганикалық табиғи немесе өнеркәсіптпік жолмен алынған, құрамында өсімдіктің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығын арттыруға қажетті элементтер бар, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу мақсатында қолданылатын заттарды минералдық тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктер ұлпаларының түзілуіне, оның өсуіне және дамуына шамамен 70-ке жуық элемент қатысады. Олардың ішінде азот, фосфор және калий элементтері маңызды болып табылады, оларға өсімдіктің зат алмасуы және өсуі тәуелді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ тақырыбы: «Минералдық тыңайтқыштар өндірісіне жалпы сипаттама»


Сабақ мақсаты:

1) оқушыларды минералдық және органикалық тыңайтқыштармен (азотты, фосфорлы, калийлі) таныстыру, өткен тақырыптар бойынша білімдерін тиянақтау, жеке және жұптық жұмысты ұйымдастыру;

2) ойлау қабілеттерін дамыту, тыңайтқыштарды үнемді пайдалануды үйрету;

3) оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, ой - өрісін кеңейту, ойланып жауап беруге тәрбиелеу;

Сабақ түрі: аралас сабақ


Сабақ әдісі: сұрақ-жауап


Пәнаралық байланыс: химия, биология, ауыл шаруашылығы, география, экология


Көрнекілігі: периодтық жүйе, тірек-схемалар, кеспе қағаздар, тыңайтқыштар үлгілері (фосфор ұны, калий тыңайтқыштар, азот тыңайтқыштары), селитралар, аммиак суы, аммоний нитраты), электронды оқулық, интерактивті тақта, компьютер



Сабақ жүрісі:

I. Ұйымдастырушылық кезең – 3 мин

II. Үй тапсырмасын сұрау – 17 мин

III. Жаңа сабақты түсіндіру – 40 мин

IV. Жаңа сабақты бекіту – 20 мин

V. Оқушыларды бағалау – 5 мин

VI. Үй тапсырмасы – 5 мин



  1. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Оқушыларды үш топқа бөлу.


  1. Үй тапсырмасы

Бейметалдар S, N, Р - элементтерін қорытындылау.

2.1. Әр топ жеке элементтер бойынша жауап береді.

I - топ күкірт;

II - топ азот;

III - топ фосфор.

  • атом құрылысы;

  • электрондық формуласы;

  • графиктік формуласы.

2.2. Әр топ мүшелері тотығу дәрежелерін анықтайды:

DrawObject2 DrawObject3 DrawObject4 DrawObject1 I – топқа: К2S H2SO4 SO4 Lі2S SO3

DrawObject8 DrawObject9 DrawObject6 DrawObject5 DrawObject7 II – топқа: NН3 NO NO2 N2O5 НNO3 НNO2


DrawObject13 DrawObject12 DrawObject11 DrawObject10 III – топқа: РН3 РСl3 Р2О5 Са3Р2 Н3Р04


2.3. Генетикалық байланыс. Топпен жұмыс. Топ оқушылары жұмыс жасайды.

DrawObject17 DrawObject16 DrawObject14 DrawObject15 I – топқа: S SO2 SO3 Н2 SO4 Ғе2(SO4)3

DrawObject21 DrawObject18 DrawObject22 DrawObject19 DrawObject20 II – топқа: N2 NH3 NO NO2 НNO3 Са(NO3}2

DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24 DrawObject23 III - топқа: Р Р2O5 НРO3 Н3РO4 Nа3РO4


Топ жетекшілері үй тапсырмасын орындаған парақтарын тапсырады, осы тапсырма бойынша үй тапсырмасына қорытынды жасалады.


  1. Жаңа сабақ.

3.1. Тыңайтқыштар жайлы қысқаша мәлімет.

3.2. Азот тыңайтқыштары.

3.3. Фосфор тыңайтқыштары.

3.4. Калий тыңайтқыштары.

3.5. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі.


3.1. Тұздар және басқа бейорганикалық табиғи немесе өнеркәсіптпік жолмен алынған, құрамында өсімдіктің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығын арттыруға қажетті элементтер бар, ауылшаруашылық дақылдарынан жоғары және тұрақты өнім алу мақсатында қолданылатын заттарды минералдық тыңайтқыштар деп атайды.

Өсімдіктер ұлпаларының түзілуіне, оның өсуіне және дамуына шамамен 70-ке жуық элемент қатысады. Олардың ішінде азот, фосфор және калий элементтері маңызды болып табылады, оларға өсімдіктің зат алмасуы және өсуі тәуелді.

Өсімдіктер оттек, көміртек және сутектің негізгі массаларын — ауа мен судан, ал қалған элементтерді топырақтан алады. Мәдени егін шаруашылығының қазіргі масштабында табиғаттағы қоректік элементтердің табиғи айналымы бұзылған, өйткені олардың біраз бөлігі астықпен бірге кетіп топыраққа оралмайды, сонымен бірге жаңбыр суымен топырақтан шайылады немесе керексіз түрге ауысады. Бұдан топырақтағы қоректік элементтердің орнын толтыру қажеттілігі туындайды. Осыдан кейін топыраққа құрамында осы элементтер бар минералдық тыңайтқыштар енгізіледі.


Тыңайтқыштар

DrawObject27

Агрегаттық күйіне орай


Шығу тегіне қарай






Минералдық тыңайтқыштардың құрамы, ондағы элементтермен сипатталады:

а) азот тыңайтқышында — азот;

ә) калий мен фосфор тыңайтқыштарында — олардың шартты есептелген оксидтері алынды.

DrawObject28 Минералдық тыңайтқыштар өндірісі үшін әртүрлі шикізаттар қолданылады

Шикізаттар



табиғи минералдар (апатиттер, фосфориттер, сильвинит, карналлит)

химиялық және өнеркәсіптің басқа салаларының өнімдері және
жартылай өнімдері







атмосфера (ауадағы азот)

басқа өндірістің (фосфаттық ) қалдықтары




DrawObject29

3.2. Азот тыңайтқыштары өндірісі. Азот тыңайтқыштарында азот бос аммиак және амин (аммиакаттар), NН4 иондары, аминотоп NН2, сонымен бірге олардың үйлесімі түрінде болады. Осыған сәйкес азот тыңайтқыштарын мынадай түрлерге бөледі: аммиакты, аммонийлі, нитратты, амидті және аммоний нитратты. Барлық азот тыңайтқыштары суда ериді, олардың ішіндегі топырақта жоғары қозғалғыштығымен DrawObject30 ерекшеленетін NO3 анионынан өсімдіктер азотты жақсы сіңіреді. Аммоний нитраты мен карбамид үлесіне жалпы шығарылатын азот тыңайтқыштарының 60%-тен астамы тиесілі.






Минералдық

Органикалық


DrawObject31


Қатты

Сұйық

Мал қиы, қорда, құс саңғырығы, жасыл өсімдіктер






Селитра, несепнәр

Аммиак суы






3.3. Фосфор және кешенді тыңайтқыштар өндірісі. Көптеген фосфор және кешенді тыңайтқыштар - фосфор қышқылының әртүрлі тұздары болып табылады. Олардың өндірісінің технологиялық процестері фосфор қышқылының, фосфор (V) оксиді мен элементар фосфор өндірісінің процестерімен генетикалық байланысқан. Олар белгілі бір табиғи фосфатты шикізатқа негізделген және технологиялық, аппараттық базалары жақын. Калий және азот тыңайтқыштарынан ерекшелігі фосфор тыңайтқыштарының ерігіштігі әртүрлі, ол тұздардың табиғатына тәуелді. Фосфор тыңайтқышының фосфор қышқылының және қарапайым фосфор өндірісінің шикізаты табиғи фосфатты кендер: аппатиттер мен фосфориттер. Олардағы негізгі фосфорлы компонент кальций фосфатының қос тұздары болып табылады: 3Са3(РО4)2 СаХ2; мұндағы Х= С1, Ғ, ОН.


Азот тыңайтқышы

Фосфор тыңайтқышы



Суда нашар еритін

Суда ерімейтіндер


Суда еритіндер




DrawObject34 DrawObject33 DrawObject32

Жай және қос суперфосфат, аммофос, нитрофос

Преципитат, томасшлак, термофосфат

Фосфорит ұны,

сүйек ұны







Жай суперфосфат Са(Н2РO4)2 • СаSO4

Қос суперфосфат Са(Н2РO4)2 • Н2O

Фосфoрит ұны Са3(РO4)2

Преципитат СаНР04 • 2H2О

Диаммофос (NH4)2НРO4


3.4. Калий тыңайтқыштарының өндірісі. Калий минералдық тыңайтқыштары құрамында қоректік элемент К+ иондары болатын, табиғи немесе синтездік тұздар болып табылады. Анионның табиғатына байланысты калий тыңайтқыштары хлоридті және хлоридсіз деп бөлінеді. Хлоридті типті калий тыңайтқыштарына табиғи минералдар (каинит, сильвинит), минералдарды өнеркәсіптік өңдеу өнімдері (калий хлориді), электролиттік ерітінділер (карналлит электролизінің қосымша өнімі), калий хлориді мен табиғи минералды араластырып алынған аралас калий тұздары жатады. Хлоридсіз калий тыңайтқыштарына калий сульфаты және калий магнезиясы (калий мен магний сульфатының қос тұзы) жатады.

Барлық калий тыңайтқыштары суда ериді. Оларды кристалдық және түйіршіктелген түрде шығарады. Табиғи минералда қоректік элементтің мөлшері (К2O-мен есептегенде) 10%-ке жуық, ал концентрленген тыңайтқышта (калий хлоридінде) 60%-тей болады.

Калий хлоридінің өндірісі үшін шикізат ретінде К2O-мен есептегенде калийдің мөлшері 22—25% болатын табиғи минерал сильвинитті КСІ • NаСІ пайдаланады. Калий хлоридін құрамында шамамен 17% К2O бар карналлиттен КС1 МgС12•6Н2O өте сирек алады.

DrawObject35













3.5. Қазақстандағы минералды тыңайтқыштар өндірісі. Қазіргі уақытта Қазақстан фосфор тыңайтқыштары өнеркәсібінің маңызды шикізат базасы болып табылады және маңызы жағынан Ресейдегі Кола түбегіндегі "Апатит" комбинатынан кейін екінші орын алады. Қоры бойынша Қаратау фосфорит бассейні Марокко, АҚШ және Тунис кен орындарымен бір қатарда тұр. Оның қоры 2,6 млрд т-ға бағаланады. Қаратау фосфориті сапасының жоғары болуы, біз үшін экономикалық жағынан тиімді. Онда 26%-ке дейін, ал кейбір кен орындарда 36%-ке дейін фосфор ангидриді болады. Егер 1979 ж. Қаратау фосфорит кендерін өндіру, негізінен, Жаңатас, Ақсай, Көкжой, Шолақтау, Түйесай кендерінің карьерлерінде жүргізсе, қазір Ақтөбе облысындағы фосфориттер екінші фосфатты шикізат базасы болып табылады. Оның жалпы қоры 1,5 млрд т-ға жетеді. Оларды ашық әдіспен өңдеуге болады.

Қос суперфосфат, аммофос, т.б. сияқты концентрленген және күрделі тыңайтқыштар едәуір тиімді. Тараз суперфосфат зауытынд

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 қараша
457
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі