15 890₸ үнемдейсіз
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мінез - құлықтарында ауытқушылығы бар жасөспірімдердің сана- сезім жүйесіндегі өзін - өзі бағалау ерекшеліктері
БАЛАЛАР ҚОРҚЫНЫШЫНЫҢ ТУУ СЕБЕПТЕРІ
Чокаева Б.Т.
Қорқыныш түсінігін көптеген ғалымдар зерттеген, сондықтан да әр түрлі трактаттары бар. Қазіргі психологиялық сөздікте В.В Юрчуктың зерттеулерінде «қорқыныш – бұл субъектінің әлеуметтік және биологиялық экзистенциясы үшін қауіп туындайтын аффекті – сезімдік эмоция»- деп көрсетілген. Артур Вебердің айтуы бойынша «Қорқыныш бұл қауіпті немесе зиянды стимулдың пайда болуында туындайтын эмоционалды күйі. қорқыныш әдетте ішкі, субъективті қобалжулармен, көптеген жағымды реакциялармен сипатталады» [1].
Фрейд бойынша «қорқыныш – бұл аффект күйі, - яғни нақты бір жағдайларға байланысты қанағаттану және қанағаттанбаушылықты сезіну». В Дальдің айтуы бойынша қорқынышты жанның үрейлік, қауіптік, жасқаншақтық күйі [5]. Р.Ф Овчарова қорқынышты адам санасында оның өміріне нақты бір қауіптің эффективті бейнеленуі (эмоционалды өткірлік) ретінде қарастырады.
Атақты физиолог Н.П Павлов, қорқынышты «шартсыз рефлекстің көрінуі, яғни пассивті – қорғаныс реакцияларының үлкен ми жарты шарындағы ақырын тежелуі»- деп түсіндірді. Қорқыныш өзін - өзі сақтау инстинктіне негізделген, жоғары жүйке жүйесінің нақты физиологиялық өзгерістер мен қорғаныс рефлекстерімен сипатталады деп түсіндіреді. Ю.А Кеймер, А.В Петровский, М.Г Ярошевский қорқынышты «индивидуалдық әлеуметтік және биологиялық қатерлі жағдай туныдағандағы эмоционалды күйі»- деп түсіндіреді. Қазіргі психологиядағы актуальды проблемалардың бірі үрей және үрейленушілік болып табылады. Оның пайда болу себептері де әртүрлі екені белгілі. Ресей психологтарының көзқарасы бойынша жеке тұлғаның тұрақты қасиеті ретіндегі үрейленушіліктің пайда болуы индивидуалдық балалық шағымен байланысты Захаров А.В, М.И Мисинаның, Л.И Божовичтің, А.М Прихожанның айтуы бойынша, мектепке дейінгі жастағы балаларда үрей дәрежесі басым болады. Баланың мектепке баруы оның жауапкершілігін арттырады, әлеуметтік статусын өзгертеді. Осы себептердің барлығы А.М Прихожанның пікірі бойынша үрей дәрежесінің жоғарылауына әкеп соғады.
Қазіргі психологияда үрей түсінігін талқылағанда көптеген терминдер қолдануда. Негізінде үрейленушілік – бұл белгісіз жағдайға қайтаратын жауап реакциясы болып табылады.
А.В Захаровтың ойынша, үрей ерте балалық шақта туындайды және «топқа қажетсіз болып қалуға негізделген, үрей» болып бейнеленеді. Талаптар мен нормаларды дұрыс орындай алмай қаламын деген сезіммен 8-9 жасқа толмаған балаларда үрей дәрежесі жоғарылай түседі. Белгісіздік пен тұрақсыздық категориялары бір – бірімен тығыз байланысты. Белгісіздік категориясы шешім қабылдауға қажеттілік туындаған кезде субъектінің ситуацияны бағалау нәтижесі болып табылады. Тұрақсыздық проблемасы немесе оның аспектілерін көптеген психологтар қарастырған В.Э Чудновский, Е.п Крупнин т.б осы мәселені толығымен қарастырып, жеке тұлғаның мінез – құлқының тұрақтылығы адамдардың өзін - өзі реттеуінің нәтижесі болып табылады деген қорытынды жасайды. Мінез – құлқының тұрақтылығын сақтаудың негізгі жағдайы нақты бір жағдайатқа мақсатқа бағдарлана отырып, субъектінің өзін - өзі реттеуі болып табылады. Жеке тұлғаның тұрақтылығын өзіндік ұйымдастыру деңгейі анықтайды. В.Э Чудковский жеке тұлғаның тұрақтылығына өз көзқарасын өзгертуге және жағдайатты өзгертуге қабілетті және жеке тұлғаның тұрақсыздығына да басқа жағдайларға адамдардың шектен тыс көнгіштігіне психологиялық сипаттама берген. В.Э Чудковский жеке тұлғаның тұрақтылығын сипаттайтын мотивтердің иерархиясын көрсеткен.
Тұрақтылықтың критерийлері:
-
ағзаның таңдамалы әрекеті;
-
мотивациялық мақсаттың нақты бағыттылығы,
-
осы мақсаттардың иерархиясы.
Дж Баднер белгісіздік жағдайындағы тұрақтылық – тұрақсыздық категорияларына анализ жасады. Белгісіз жағдай – бұл ақпараттың жеткіліксіз болуынан адекватты құрылмаған жағдай болып табылады. белгісіз жағдай күрделілігімен немесе шешілмейтіндігімен, жаңалығымен сипатталады [5]. Белгісіздікке тұрақты жеке тұлға белгісіз жағдайға шығармашылық жағынан қараса, ал бұл жағдайға тұрақсыз жеке тұлғаға қатерлі тенденция ретінде қарайды, ал бұл дәрежесін жоғарылататын фактор болуы да мүмкін. Когнитивті стилдердің түрлерін зерттей келе, глобальды когнетивті стильді меңгерген индивидтерге қарағанда, спецификалық когнитивті стильдерді меңгерген индивидтер белгісіздік жағдайларға тұрақсыз болып кететінін анықтайды.
Баланың үрей дәрежесінің дамуына баланың жеке тұлғаның адекватты дамуы көп әсер етеді. бала үшін қоршаған ортаның маңызы зор ол қарым – қатынас жүйесі ретінде өзін - өзі бағалауына, құндылық бағдарына және қызығушылықтары мен ұстанымдарының бағыттылығына әсер етеді. Жеткіншек баланың өзін - өзі бағалауының негізі қаланады. Э.В Шлязованың өзін-өзі бағалауы мен үрей дәрежесінің байланысын зерттеулерінде «... байланысынан, қоршаған ортаға деген жағымсыз қарым – қатынас қалыптастырды» деп айтқан. Үрей дәрежесі басым балалар өз сәтсіздіктеріне өте сезімтал, қиындықтар туғызатын әректтерден тез бас тартады. Үрейдің пайда болу себептері В. Оклендердің айтуы бойынша балалардың өзіндік «Мен» сезімінің төмен болуында. Бұндай бала басқа адамдармен бірігіп қана өмір сүре алады. Жеке қалу ол балаға қорқыныш сезімін тудырады. Бұл бала таңдау жасай алмайды, өзіндік пікірі болмайды, өз қажеттіліктерін, тілектерін анықтай алмайды [3]. Сондықтан да В Оклендердің айтуы бойынша, үрей дәрежесі басым бала саналы, объективті, адекватты, өзіндік «Мен» образының балада болмауының нәтижесі болып табылады. Адекватты өзін - өзі бағалау тұлғаның үйлесімділігін арттыруға, үрей реакцияларын жоюға, сонымен қатар сыртқы белгісіздік жағдайларға тұлғалық резистенттілігін арттыруға көмектеседі. Нақтырақ айтқанда, адекватты өзін - өзі бағалай белгісіздік жағдайында тұрақты фактор болып табылады, яғни бұл үрей дәрежесінің төмендеуіне әкеп соғады. Сонымен үрей белгісіздік жағдайындағы реакция ретінде индивидуалдық осы жағдайларға қабілетсіздігін көрсетеді. Когнитивті стиль мен адекватты өзін - өзі бағалау белгісіздік жағдайында тұрақтылықты арттырады.
Сонымен, қорқыныш – бұл көптеген адамдарда үрей сезімін тудыратын эмоция. Қорқыныш – адам өмірінің шынайы бөлігі болып табылады. Адам әр түрлі жағдайлардан қорқуы мүмкін, алайда бұл жағдайлардың барлығының ортақ белгілері бар. Ол адамдардың қауіпсіздігі мен тыныштығына қауіп төнген сияқты қабылданады және әсер етеді. Қорқынышты итенсивті түрде сезіну ұзақ уақыт есте қалады. Қорқыныш нақты және спецификалық физиологиялық өзгерістер нәтижесінде қалыптасады. жануарларда сияқты кішкентай балаларда да қауіп – қатерді сезіну физикалық дискомфортпен және “Меннің” физикалық жағымсыз күйімен сипатталады. Олар сезінетін қорқыныш физикалық зақымдаудан қауіптену түрінде байқалады.
Қорқыныш қатерлі стимул әрекетіне жауап ретінде туындайды. қауіптің екі түрі бар: универсалды,фатальды. Бұл қорқыныштар өмірдің құндылықтарын жоғалудан, денсаулығы үшін, жекелік және әлеуметтік жағдай үшін де туындайды. Сонымен қатар осы аталғандардан басқа адамдар қандай да бір шынайы немесе қиялындағы қауіпті қобалжуы да қорқыныш сезімін тудырады. Қауіпті түсіну өмірлік тәжірибе процесінде және тұлғааралық қарым – қатынаста қалыптастырады. Қорқыныштың туындауына баланы тітіркендіретін қауіпті әсерлердің біртіндеп жоғарлатуы да себеп болады. Әдетте бұндай жағдайларда тәжірибенің (қорқыныш, ауру, конфликт т.с.с.) көрінуі байқалады. Қорқыныштың кең таралған түрі- баланы сендіру арқылы қорқыту болып табылады. Оның негізгі көзі, балалардың айналасындағы ересектер (ата – аналары, апайлары, бала – бақшаның тәрбиешілері). Олар қауіпті эмоционалды ерекше айта отырып, балада еріксіз қорқыныш сезімін тудырады. Нәтижесінде бала сөйлеу типінің екінші бөлігін ғана шынайы қабылдайды. “Барма – құлап қаласың”, “Сипама – тістеп алады” т.с.с. кішкентай бала не болатынын түсінбесе де ол үрей сезімін сезінеді, онда қорқыныш реакциясы пайда болады.
Осының бәрі қорқыныштың шартты рефлекторлы мінезінің негізін береді деген тұжырым жасаймыз.
Пайдаланылған әдебиеттер және деректер тізімі:
-
Битякова Н."Психология личностного роста" М. 1995 г.
-
Большаков В.Ю. "Психотренинг: социодинамика, упражнения, игры" М.1996
-
Волков А. «Психология и мистика жизни» М. –1994г
-
Зимбардо Р. " Застенчивость " М. 1991 г.
-
Маркова А.К., Матис Т.А., Орлов А.Б. Формирование мотивации учения.- М., 1987.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген