жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мінез - құлықтың рефлекстік сипаты
Қысқа мерзімді жоспар
Тарау 9,7 : Координация және реттелу
Сабақ жоспары
Сабақ: 7.1. |
Мектеп: № 26 жалпы білім беретін орта мектеп |
|||||
Күні: 13.12.2017 |
Мұғалімнің аты – жөні: Муқаш Майнұр |
|||||
Сабақ тақырыбы: |
Мінез – құлықтың рефлекстік сипаты
|
|||||
Сынып: 7 |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары: |
Оқушылар орындай алады: Мінез – құлықтың рефлекстік сипатын тәжірбие негізінде
|
|||||
Сабақ мақсаттары: |
|
|||||
Бағалау критерийлері: |
|
|||||
Тілдік мақсаттар: |
Оқушылар орындай алады:
Рефлекс ... дегеніміз/түрлері? Не себепті туа пайда болған ... қарапайым? И.П.Павлов....... сипаттап берді? Өмірлік тәжірбиеден пайда болған ............... рефлекс Түшкіру .............. рефлекс
|
|||||
Құндылықтарды дарыту |
«Мәңгілік ел» құндылығы: бейбітшілік және келісім Мектеп құндылығы:ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық |
|||||
Пәнаралық дамыту |
Тақырыпқа байланысты музыка,биология пәндерімен байланыс:
|
|||||
АКТ қолдану дағдылары |
PowerPoint Internet Бейнежазбалар |
|||||
Бастапқы білім |
Оқушылар біледі: Тірі ағзалардың жүйке жүйесі (6 сынып). |
|||||
Сабақ барысы |
||||||
Сабақ кезеңдері |
Сабақта орындалуы тиіс іс – әрекеттер |
Оқыту ресурстары |
||||
Басы 0 – 5мин
6 – 20 мин
30 – 39 мин
Аяғы 39 – 40 минут
|
Ынтымақтастыру атмосферасын құру.Сәлемдесу. Бүгінгі сабақтың тақырыбын және мақсатын анықтау ... (С)Оқушылардың арасынан бір оқушыны орындыққа отырғызып, тізе рефлексін көрсетеміз. *Не байқадыңыз? – бірнеше соққы тигеннен кейін тізе үстіге қарай көтеріледі.Демек бұл жерде тізе рефлексі болды. Оқушылар өздері байқаған тізе рефлексін не түсінгенін тізіп дәптерлеріне жазады. Содан соң мәтінді оқи отырып, кіріспе сұрақтарға жауап береді:
Жаңа сабақ тақырыбы мен мақсаты тақтада көрсетіледі. (М) Жаңа сабақты түсіндіру. Оқушыларға мінез – құлық рефлестері жайлы толық мағұлмат беріледі
(Т)Оқушылар рефлексті толығырақ зерттеу әрі түсіну үшін топта шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді. Зерттеу жұмысына арналған нұсқаулық таратылып беріледі. Балаларда намесе ересектерде шартты рефлекс қалыптастыру үшін сөзбен бекітілетін секторлық, жыпылықтау немесе қимыл методикасын, жануарларда тамақпен бекітілетін секреторлық және қимыл методикасын пайдаланады. Мысалы, итте сілекей бөліну методикасы бойынша рефлекс қалыптастыру, яғни шартсыз тітіркендіргіш тамақпен бекітілетін жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлу керек. Алдымен шам жанады, ит оған басын, құлағын бұрып, бағдарлау әсерін білдіріп, жауап береді. И.П.Павлов мұндай әсерді «бұл не?» рефлексі деп атады. Осыдан кейін тамақ беріледі – шартсыз тітіркендіргіш (бекіту). Осылайша бірнеше рет қайталайды. Бұл жағдайда бағдарлау әсері барған сайын сиреп, соңынан мүлде жойылады. Екі қозу ошағынан (бірі – көру аймағында, екіншісі – тағам орталығында) ми қыртысында келетін импульстерге жауап ретінде бұл ошақтар арасындағы уақытша байланыс нығая түседі. Осының нәтижесінде итте бекітілмесе де, жарық тітіркендіргішіне сілекей бөлінеді. Бұл ми қыртысында әлсіз импульстің күшті импульс жағына қарай орын ауыстыруынан болады. Ми қыртысы төменгі орталықтардан өзгеше, бұрынғы тітіркенулерді барынша жинақтап, олардың ізін жандандыра алады. Екі ошақ та біртұтас жүйе ретінде қызмет атқара бастайды. Жаңадан қалыптасқан рефлекс (оның доғасы) өткен қозуды жаңғырта алады, яғни оның шартты рефлексті жүзеге асыру қабілеті болады. Шартты рефлекс
(С, М)Оқушыларзерттеу барысында анықтаған шартты және шартсыз рефлекстерді байланыстыра отырып тірі ағзалар үшін маңызын сипаттайды.
(Тж) Оқушыларға мінез – құлықтың сипаты және оның түрлерін сипаттау үшін келесідей ұғымдарды қолдана отырып, шағын есеп не презентация дайындау ұсынылады:
Оқушылар сабақты түсінгендері бойынша тақтаға шығып мысалдармен қорғайды. Келесі тыңдаушылар ақпараттың жүйелігі және түсінігіне қарап, «Кәмпиттер» арқылы бағалайды. Егер, жақсы түсінікті болса – жасыл, ал, түсініксіз болғанда – қызыл түсті парақшаларын көтереді.
Оқушылар кәмпиттердің түстерін пайдалана отырып, өздерін бағалайды. Рефлекстер туралы ілімді одан әрі толыктырып дамытқан көрнекті орыс ғалымы И. П. Павлов (1849 - 1936) . Ол - жоғары жүйке қызметінің физиологиясы — мінез-қүлық туралы ғылымның негізін салушы ғалым. Ғалым мінез-құлықты зерттеуде шартты рефлекстердің қальпггасу әдістерін ашты. И.П.Павлов жоғары жүйке кызметі тікелей шартты рефлекстер жиынтығынан түратынын толық дәлелдеп берді. Бірінішіден, шартты тітіркендіргіштің әсер ету уакыты шартсыз тітіркендіргіштердің өсерімен сәйкес келуі кажет. Мысалы, бұрын ет жеп көрмеген итке етті көрсетсе де иттің оған сілекейі бөлінбейді. Итке етті көрсетіп, артынша ет беруді бірнеше рет кайталаса, ет көріне салысымен сілекей бөліне бастайды. Екіншіден, шартты тітіркендіргіштің өсері шартсыз тітіркендіргіштің алдында бірнеше рет кайталануы шарт. Қоңырау шалып, артынан итке тамак беруді бірнеше рет кайталаса, шартты рефлекс түзіледі. Үшіншіден, шартты жөне шартсыз тітіркендіргіштердің әсер ету уакытын сәйкестендіріп, бірнеше рет кайталаганда да шартты рефлекс түзіледі. здерін бағалайды.
(С)Сабақты қорытындылау ... (Ж) «Ия» не «жоқ» деген жауаптар арқылы оқушылар келесі тұжырымдарға жауап береді.
Мұғалімнің басқаруымен оқушылар өз жұмыстарын тексеріп шығады. Әр дұрыс жауап тұсына «√» белгісін қойып отырады.
(І) Feedback (рефлексия). Оқушылардың сабақ барысындағы нәтижелеріне сәйкес кері байланыс беріледі. Сабақтың сәтті/сәтсіз кезеңдері және де оқушылар үшін қиындық тудырған сәттері, кемшіліктері айтылып, оны жақсарту жолдары ұсынылады.
Үйге тапсырма: 182 беттегі тапсырмаларды орындап, 2- кестені толтыру. Суретке қарап рефлекстерді сипаттау.. |
PowerPoint
Эксперименттің мысалдарын мына сілтемеден табуға болады: https://www.youtube.com/watch?v=kYhwkQ1b01g
https://www.youtube.com/watch?v=O3PFTNSor74
«11 крутых экспериментов рефлесов»: https://www.youtube.com/watch?v=i_wUw5PMPiI
стакан су скрепка сүзгі қағаз 5 не 10тг тиын тамшуыр полиэтилен пакет тұз мұз қант
Суреттер
|
||||
Қосымша ақпарат |
||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз? |
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы |
||||
Жаңа сабақ тақырыбын анықтайды. Тапсырмаларды дұрыс орындайды. Судың ерекшеліктерін, қасиеттерін дұрыс сипаттайды. |
|
Сынып ішінде сабақ барысында тыныштық сақтау.
|
||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||
|
||||||
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)? 1:
2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
|
||||||

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген