400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

"Мінез – адам көрсеткіші"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларға мінез-құлықтың адам өміріндегі мәнін әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары


Мектеп: № ЖОББМ

Мерзiм:

Мұғалiм: Сүндетова А.Б.

Сынып: 9а

Оқушылар саны: 24

Тақырып: № 12 "Мінез – адам көрсеткіші"

Құндылық: Дұрыс әрекет

Қасиеттер: тәртіппен жұмыс істеу, зиянды әрекеттен аулақ болу, жауапкершілік

Сабақ мақсаты: Оқушыларға мінез-құлықтың адам өміріндегі мәнін әңгімелей отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу.

Міндеттері:

  1. Оқушыларды тәртіппен жұмыс істеуге үйрету

  2. Мінездегі жетістіктер мен міндерді ажырата білуге үйрете отырып, зиянды әрекеттен аулақ болу қасиетінің мәнін ашу

2. Оқушыларды ұқыптылыққа, әдептілікке және жауапкершілікке тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) Интерактивті тақта, оқу құралдары.

  1. Ұйымдастыру кезеңi. 5-Т ережесі

Тыныштық сәті. «Нұрға бөлену»


  1. Үй тапсырмасын тексеру

12 сабақ, М.Тиесовтың «Дән мен тас» ертегісі.

Сұрақ: 3 сұрақ

  1. Ауыр мінез адамдармен қарым-қатынас жасау кезінде қандай қиындықтарға алып келеді?

  2. Неліктен мінез - адам көрсеткіші болады деп ойлайсыз?

  3. Бойларыңдағы жағымсыз мінез-құлықты қалай түзетесіңдер?




3. Дәйексөз.

«Мінез-құлық – әркімнің кейпін көрсететін айна»

И.Гете

Сұрақ: Мінез-құлық арқылы адамды қаншалықты тани аламыз?


4. Оқиғаларды әңгiмелеу

"Әке мен бала"

Бір адам он жасар баласын ертіп, егіннен жаяу келе жатса, жолда қалған аттың бір ескі тағасын көріп, баласына айтты:

Анау тағаны, балам, ала жүр, — деп.

Бала әкесіне:

Сынып қалған ескі тағаны алып неғылайын, — деді.

Әкесі үндемеді, тағаны өзі иіліп алды да, жүре берді.

Қаланың шетінде темірші ұсталар бар екен, соған жеткен соң, әкесі қайырылып, манағы тағаны соларға үш тиынға сатты. Одан біраз жер өткен соң, шие сатып отырғандардан ол үш тиынға бірталай шие сатып алды. Сонымен, шиені орамалына түйіп, шетінен өзі бірем - бірем алып жеп, баласына қарамай, аяңдап жүре берді. Біраз жер өткен соң, әкесінің қолынан бір шие жерге түседі. Артында келе жатқан бала да тым - ақ қызығып келеді екен, жерге түскен шиені жалма-жан жерден алып, аузына салды. Бітегенеден соң және бір шие, онан біраз өткен соң және бір шие, сонымен әр жерде бір әкесінің қолынан түскен шиені он шақты рет иіліп, жерден алып жеді. Ең соңында әкесі тоқтап тұрып айтты:

Көрдің бе, мана тағаны жамансынып жерден бір ғана иіліп көтеріп алуға еріндің, енді сол тағаға алған шиенің жерге түскенін аламын деп бір еңкеюдің орнына он еңкейдің. Мұнан былай есінде болсын: аз жұмысты қиынсынсаң — көп жұмысқа тап боласың, азға қанағат ете білмесең — көптен де құр боласың, — деді. (Ы.Алтынсарин)

Сұрақ:

Әкесінің әрекеті қандай?

Дұрыс әрекет жасау қандай қасиеттен бастау алды?

Өз бойыңыздан осы қасиеттер табыла ма?



5.Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

3 топқа: Адам бойындағы жағымды 3 қасиетті көрсете отырып жағдаят құру және сахналау



6.Топпен ән айту.

"Мейірімді болайықшы ағайын"

Сөзі: С.Қалиевтікі;

Әні: Қ.Махандікі.

Көктем етіп көркейтсе де маңайын,

Көріп жүрміз өкпешілдің талайын.

Өшігуді қояйықшы өзгеге,

Кешірімді болайықшы,ағайын!


Көк нөсерін көл етсе де жауындар,

Көк пен жерді сел етсе де дауылдар.

Пейілдерді пенделікпен тарылтпай,

Мейірімді болайықшы,бауырлар!


Болашаққа қол ұстасып барайық,

Ақиқаттың ауылын іздеп табайық.

Кішірейіп кетпес ғазиз басымыз,

Кішіпейіл болайықшы, халайық!


Ел болғанмен емеспіз ғой онша көп,

Сонда дағы бөлінумен шаршап ек.

Өзімізге қалайтұғын нәрсені,

Тілейікші өзгеге де,болса деп!


Ұлттың қамын жүректермен ұғынып,

Жұрттың жүгін көтерейік жұмылып.

Қаратайық Құбылаға жүздерді,


Мейірімді болайық


Әндер жинағы

7. Үй тапсырмасы.

13 саб. 95 бет, Зейін Шашкиннің «Темірқазық» әңгімесімен танысу

Оқулық

Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Балалар, көзімізді жұмып, түзеу отырайық. Енді бүгінгі сабақта айтылған ойларды ой елегінен өткізіп шығайық. Өзіміз ренжітіп алған адамдардан ойша кешірім сұрап, достасайық. Достарымызға, сыныптастарымызға, тума-туыстарымызға жүрек жылуымызды сыйлайық! Жайлап, көзімізді ашуға болады.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21.12.2017
530
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі