400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мінез – ақылдың сауыты

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі Мінез ақылдың сауыты тақырыбында ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мұғалімнің аты-жөні:


Пән/Сынып:

Қазақ тілі 5-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

ІІІ тоқсан, 9 апта

Тарау немесе бөлім атауы:

Бөлім: Адамның сыртқы келбеті мен мінезі

Сабақтың тақырыбы:

Мінез – ақылдың сауыты

Оқу мақсаттары:

5.3.1.1 берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құру;

5.ӘТН3. омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану.

Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады, бір-бірінен ажырата алады.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады: берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады, талдайды.

Бағалау критериі:

берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолданады.


Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі


Бірлескен жұмыс (1,2 тапсырма)

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны



Мұғалімнің бақылауы мен зерттеуі не?

Ресурстар

1 минут

Ұйымдастыру

Сәлеметсіздер ме, қымбатты 5-сынып оқушылары!

Қазақ тілі сабағына қош келдіңіздер!

Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Мінез – ақылдың сауаты.

Бүгінгі сабақта: берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрамыз; омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай ажыратамыз.

Сіздердің білетіндерің: жоспардың құрылымын сақтап, жоспар құра білесіңдер, омоним, антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай мәтіннен талдап, ажырата аласыңдар.


Мұғалім оқушылардың сабаққа дайындығын бақылайды.



Презентация


2 минут

Жаңа сабақ

Мұғалім жаңа сабақты әр түрлі тәсілмен түсіндіреді

Адам бойындағы жақсы - жаман қасиеттер болады екен. Міне, осындағы ақылдылықты, адалдықты, қарапайымдылықты, кішіпейілділікті, инабаттылықты, шыншылдықты ата - аналарымыз, ата - бабаларымыз, ұстаздарымыз үйретеді. Ал осындай жақсы қасиеттерді ананың ақ сүтімен, бал тілінен бойымызға сіңіреміз. Жақсы бала осы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысады.
Адам мінезі сан алуан. Бұл адамның іс - әрекетінен айқын көрінеді: біреудің қимылы - шапшаң, екіншісі асықпайды, үшіншісі – іске ойланбастан кірісе салады. Адам бойында көрінетін мұндай ерекшеліктер МІНЕЗ деп аталады.
















7 минут

Тапсырмалар

Тапсырма. (Оқулықтың 140-бетіндегі 1 - тапсырма) «Ассоциограмма». Адамның мінезіне байланысты өздерің білетін сөздерді жазып, диаграмманы толтырыңдар.



Дескриптор:

  • Адамның мінезіне байланысты сөздерді жазады;

  • кестені толтырады.


Дұрыс жауап.

Жайдары; ашық; уайымшыл; ұстамды, сабырлы, төзімді.


Тапсырма. (Оқулықтың 141-бетіндегі 8 - тапсырма)

Мәтінді оқыңдар. 1.Мәтін мазмұнына сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңдар;

2. Мәтіндегі негізгі және қосымша ақпартты анықтаңдар.


Дескриптор:

  • мәтін мазмұнына сәйкес қарапайым жоспар құрады;

  • негізгі және қосымша ақпаратты анықтайды.


Дұрыс жауап.

1.Ахметов пен Майқанова.

2. Түбінде адам болатын бала.

3. Қожаның шешімі.

Негізгі ақпарат

Қосымша ақпарат

Майқанова мен Ахметовтың пікірі

Қожаның шешімі




Оқушылардың тапсырманы дұрыс орындағандығын тексереді.


Оқушыларға бағыт-бағдар береді.
















8 минут



Тапсырма. Мәтін мазмұнын түгел қамтитындай 5 сұрақ жаз. Сұрақтар антоним, синоним, омонимдер сөздер бола алатындай құрастырлуы қажет.


Дескриптор:

  • мәтін мазмұны бойынша 5 сұрақ жазады;

  • сұрақтарда омоним, антоним, синоним сөздерді қамтиды.


Дұрыс жауап

1.Майқанова Қадыров туралы не деді?

2.Естіген сөз оған қандай әсер қалдырды?

3. Осының бәрі ненің кесепаты?

4. Нені доғаруым керек?

5. Бәріне кім айыпты?

Синоним: әсер қалдырды-ықпал етті.

Антоним: доғару-қысқарту

Омоним: доғар-жұмысты доғар, атты доғар.




2 минут

Бекіту

Тапсырма. «Шығу парағы» бойынша сұрақтарға жауап беріңдер.

  1. «Мінез – ақылдың сауыты» тақырыбы бойынша не үйрендің?

  2. Сен үшін қандай маңызды мәліметтер болды?


Дескриптор:

  • сұрақтарға жауап береді;

  • маңызды мәліметтер жазады.






Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
3 наурыз
222
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі