400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Мінез адам көрсеткіші

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата –аналарды балаларына түсіністікпен қарауға үйрету, өз ойларын еркін жеткізуге, сенімді сөндірмей, үмітті жаға білуге жетелеу.Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, әділдік пен адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу
Материалдың қысқаша нұсқасы








Тақырыбы:


«Менің балам – менің бақытым»

/ата-аналармен жұмыс/



Орындаған: Орақбай Бақыткүл



Күні: 11.04.2017 жыл

















Бекітемін: -------------------

Күні: 11.04.2017

Тақырыбы: Менің балам –менің бақытым

Мақсаты: Ата –аналарды балаларына түсіністікпен қарауға үйрету, өз ойларын еркін жеткізуге, сенімді сөндірмей, үмітті жаға білуге жетелеу.Баланың жан дүниесіне үңіліп, түсіне білуге, сыйластық, әділдік пен адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, үлестірмелі парақтар.

Жүргізілу барысы.

1 Ережемен таныс болайық

  • Өзін еркін ұстау

  • Сөзді бөлмеу

  • Берілген тапсырманы орындау

  • Бірігіп жұмыс жасау

  • Күлімсіреу


2 «Амандасу» жаттығуы

Бір-бірімізбен жақсы қарым –қатынас жасау үшін амандасып алайық

Жылы-жылы жүзбенен,

Маңдайыңнан сипайын

Жылы-жылы сөзбенен,

Жүрегімді сыйлайын

Ыстық алақаныммен,

Қолыңды бір қысайын

Амандасып өзіңмен,

Құшағыма қысайын


3 Сергіту сәті «Өзіңді тереңірек тани біл»

Нұсқау: Сіздер көрсетіліп тұрған жеміс- жидектерден өзіңізге ұнайтын бір жемісті таңдаңыз. Сол жеміс арқылы сіздің мінез-құлқыңыз қандай екені анықталады.

Кілті:

1.Қарбызды ұнататындар орнықты адамдар. Олар шиленіске дау-дамайға бара бермейді. Еш уақытта еш нәрсеге шағымданбайды. Тұрмыс пен көңіл-күйін тек қана өз күшімен жақсартуға ден қояды. Отбасында үлгілі артық ауыз сөзі жоқ. Кейде табандылық жағы жетіспейді.

2.Шиені ұнатсаңыз, мінезіңіз жұмсақ, кішіпейілсіз. Өзгеге қуаныш пен жақсылық жасау үшін кейде өзіңізге зиян келтіріп алуыңыз мүмкін Өтірік өсек сөзге жоқсыз, әсіресе онекдоттарды ұнатасыз Ал махаббат жөнінде сәби тәріздессіз, сізді оп-оңай өкпелете салуға болады.

3.Қара өрікті ұнататындар өз атына айтылған сынды көтере алмайтындар. Олармен достық, жолдастық қарым-қатынас орнату да қиын болады. Бойыңызда менмендік қасиет басымдау.

4. Шабдалыны ұнататын адамдар көпшіл, кез келген адаммен тіл табыса алатын, ашық, жарқын болып келеді.Сізден сыпайылық пен мәдениетті адамның белгілері айқын байқалып тұрады. Тек бір кемшілігіңіз- қиындықтарды ауыр көтересіз, кейде олардыжеңуге дәрменсіздік танытасыз.

5. Жүзімді ұнататындар өзінің де, өзгенің де сырын сақтай білетіндер. Бірақ мұндай тұйықтық, кейде шектен асып кетеді. Сіз мақсатты нақты қоя аласы, бірақ сол мақсатқа жету үшін жігерлілік, батылдық керек.

6. Құлпынайды ұнатсаңыз, сіз қонақжай адамсыз. Адамдармен тез тіл табыса аласыз. Сізге сыпайылылық тән, талғамыңыз нәзік. Ешкімге тәуелді емессіз. Дегенмен қызғаншақтығыңыз да жоқ емес.

7. Алманы ұнатсаңыз жігерлі, бірақ аздап ескі көзқарастағы адамсыз. Берілген тапсырманы тиянақты атқаруға тырысасыз. Аздап ақынжанды, өз-өзіңізге риза адамсыз








4. «Қар шиыршығы» жаттығуы

Қолымызға бір парақ аламыз парақты бүктей отырып бір бұрышын жыртып отырамыз. Парақ түгел бүктелгенше бір бұрышы қиылып отырады. Болған соң қолымыздағы парақты ашамыз.

Міне, әр қайсымыздың қолымыздағы парақ қиындысы әр түрлі бізде, балада әртүрлі екенін осыдан білуге болады. Сондықтан ешқашан балаңызды біреудің баласымен салыстырмаңыз. Әр бала бір жұлдыз. Тек оның жарқырауына ұстаз біздер ата-ана сіздер көмектесуіміз керек.



5 Аутотренинг жаттығуы «Сиқырлы орман»

Мақсаты: Өзі туралы ойын дамыту,сенімді сезіну үшін тұлғаны психологиялық күйге келтіру

1Жап-жасыл орман тап-таза ауа. Тек қана құстар ән салғанын ғана естіп тұрсыз. Сіз ормандақыдырып жүрсіз. Сіз жалғыз емессіз, кіммен қыдырып жүрсіз?

2 Орманда қыдырып жүріп бір жануарды көрдіңіз. Ол қандай аң? Үлкен бе, кішкентай ма?

3Сіздің аңға деген көзқарасыңыз. Одан қорқасыз ба, сүйсіне қарайсыз ба?

4 Аңнан әрі қарай өттіңіз, алыстан бір үйді көріп тұрсыз. Ол үлкен үй ме, әлде шағын кішкентай үй ме?

5 Үй сырты шарбақпен қоршалған ба?

6Үйге кірдіңіз, ас үйде үстел үстінде тамақ бар ма , жоқ па?

7 Үйдің артқы есігі бар екен. Сыртқа шықтыңыз. Қапталыңызда шөп үстінде бір ыдыс жатыр. Олқандай ыдыс, неден жасалған ыдыс және оны не үшін пайдаланасыз?


1.Жауап: Қазіргі таңда өміріңізде маңызды орын алатын адам

2.Жауап: Аң сіздің проблемаңыз.

3.Жауап: проблемадан қорқасыз немесе қорықпайсыз

4.Жауап: Үй арманыңыз

5. Жауап Адамдармен қарым-қатынасыңыз

6.Жауап: Тамақ болса бақыттысыз, тамақ болмаса- қазіргі таңда өзіңізге көңіліңіздің толмай жүргені.

7.Жауап Ыдыс сіздің маңызды адамыңызбен қарым –қатынасыңыз


6. «Өрмекші торы» жаттығуы

Мақсаты: Ұстаздардың бір – бірімен тығыз қарым – қатынасын орнату.

Барлығымыз ортаға тұрып, өрмекші торын жасаймыз. Әрбір қатысушы тілегін айтып, жіпті келесі адамға ұсынады.














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
15.02.2018
481
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі