«Семей» медициналық колледжі» мекемесі
Учреждение «Медицинский колледж «Семей»
Оқу-әдістемелік кешені
Учебно-методический комплекс
Пән: Психология негіздері
Предмет:
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специаность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Тақырып: Мінез.
Тема:
Оқытушы: Заманбеков Қ.Ж.
Преподаватель:
ӘБК мәжілісінде қаралды
Хаттама №________________
«____»____________ 20__ ж.
ӘБК төрайымы __________
Рассмотрено за заседании ПЦК
Протокол №________________
«____»____________ 20__ ж.
Председатель ПЦК __________
1
Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны
Содержание УМК
-
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.
Выписка из ГОСО РК
-
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Выписка из типовой учебной программы
-
Жұмыс бағдарламасынан көшірме
Выписка из рабочей программы
-
Сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Методическая разработка занятия
2
Қазақстан Республикасының мемлекеттік
стандартынан көшірме
Выписка из государственного стандарта РК
ҚР МЖМБС 28.08.492-2013
ГОСО РК 28.08.492-2013
Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар:
Основы психологии и коммуникативные навыки:
- психикалық әрекет нәтижелерін зерттеу арқылы емделушінің психологиялық жағдайындағы өзгерістерді айыра білу дағдыларын көрсетеді.
- медициналық сұхбат құрылымын, қарым-қатынас жасау жолдарын, құрылымын түсіндіреді.
- емделушіге бейімделінген медициналық сұхбаттың лайықты үлгісін таңдайды.
- «Өзін-өзі реттеу және аутогендік жаттығу» әдісіне бейімделеді.
Білуі керек:
- басты танымдық үрдістер айырмасын түсіндіреді;
- медицина қызметкері әрекетіндегі сезіну, қабылдау, ұсыну және басқа да танымдық үрдістерді қолданады.
- парасаттылық деңгей мен ойлана білу стилін бағалайды.
- түрлі жағдайларда медицина қызметкері, емделуші мен емделушінің туған туыстары арасында тиімді қарым-қатынас жасау әдісін қолданады.
- емделушінің медицина қызметкеріне айтқан проблемасын анықтайды.
- қарым-қатынас жасаудың вербалді және вербальді емес тәсілдерін қолданады.
- қарым-қатынас жасау және қарым-қатынас үрдісі мәселелерін қолданады және оларды практикада тиімді қолданады.
- тестілеу және сауалнама жүргізу дағдыларын қолданады және алған нәтижелерін өзінше түсіндіреді.
- қарым-қатынас құзыреттілігінің маңызын қоғамдық денсаулық сақтау мамандарының денсаулық сақтау ұйымы әкімшілігімен, медицина қызметкерлерімен, емделушілермен тиімді жанжалсыз өзара әрекет ету үшін бағалайды.
- психоэмоциялық шиеленісушілік, жеке бас тынышсыздық жағдайын бағалайды.
Знать:
Істей білуі керек:
- ес, көңіл жаттықтыру дағдыларын жаттықтырады.
- емделушінің психикалық үрдісінің бұзылысын танып білу дағдыларын жаттықтырады.
- емделушілермен әңгімелесулер жүргізу жағдайларын жаттықтырады.
- емделушінің мінез-құлқына қадағалау жүргізеді;
- емделушімен, туған туыстарымен, оның отбасымен және айналасындағылармен тиімді қарым-қатынас жасау қағидасын қолданады.
- медициналық сұхбаттың құпия болу қағидасын қадағалайды.
- емделушімен, оның отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау кезінде азабы мен қасіретін бөліседі.
- өндірістік дау-жанжалдар кезінде даулы жағдаяттарды жоюға көмектеседі.
Уметь:
Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:
6.4 0301013 - «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.
БҚ 3 – Қарым-қатынас және командадағы жұмыс
БҚ-3.2 Командадағы жұмыс: түрлі командаларда жұмыс жасай отырып, жауакершілікті көрсетеді
КҚ-3.1 Мейірбикелік күтім: емделуші-орталықтанған тәсілді қолдана отырып, емделушінің отбасы мен айналасындағылардың қатысуымен мейірбикелік күтімді жүзеге асырады.
3
Типтік оқу бағдарламасынан көшірме
Выписка из типового учебного плана
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Тақырыптық жоспар:
1.Түсіндірме жазба
2. Пән сағаттарын бөлу
3. Пән мазмұны мен шамамен алынған тақырыптық жоспарлары
4. Теория мен практикасының шамамен алынған тақырыптық жоспарлары
5. Оқыту және сабақ беру әдістері
6 Пәнді бағалау
7. Жабдықтары мен жарақтары
8. Ұсынылған әдебиеттер тізімі
Тематический план:
Пән бойынша барлық сағат: 54
Всего часов по предмету:
Теория: 54
Тәжірибе:
Практика:
Типтік оқу бағдарламасы: «Психология негіздері және коммуникативтік дағдылар» медициналық білімдегі базалық оқу пәні ретінде кәсіби бағытталған тұлғаның шығармашылық потециалын ашуда маңызы зор. Психология мен коммуникативтік дағдылар бойынша алынған білім болашақ маманның қалыптасуы үшін психологиялық құбылыстарды, емделуші тұлғасы мен мейірбике қызметін талдауға, тұлғаның өзін-өзі талдауы мен өзін-өзі тануына және өзін-өзі жетілдіруіне арналған біліктер мен дағдыларды меңгеруге қажет.
Типовая учебная программа:
Пәннің мазмұны: тұлғаның психологиялық құзыреттілігін психика және психикалық қызмет механизмдерін дамыту үрдісінің негізгі заңнамалары білімі негізінде қалыптастыру, тұлғаның психогигиеналық қатысымы мен тиімді қарым-қатынас жасау дағдыларын, сондай-ақ кәсіби маңызды коммуникативтік дағдыларды дамыту.
Содержание дисциплины:
Теориялық сабақ: 2
Теоретическое занятие:
Тәжірибелік сабақ:
Практическое занятие:
4
Жұмыс бағдарламасынан көшірме
Выписка из рабочей программы
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»
Квалификация:
Пән: Психология негіздері
Предмет:
Курс ІV семестр VІІ
Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2
Общее количество часов на данную тему:
Теория: 2 сағат
Тәжірибе/Практика:
№ 16 сабақ
Тақырып: Мінез.
Тема:
Сабақтың түрі: аралас
Вид урока:
Сабақтың типі: Жаңа тақырыпты игеру
Тип урока:
Сағат саны: 2
Количество часов:
Сабақтың өтетін орны:
Место проведения урока:
Білім алушы білу керек: Мінез туралы жалпы түсінік.
Обучающийся должен знать:
Білім алушы игере білу керек: Мінез диагностикасы, мінез сыртқа білінуін қадағалау негізінде емделушінің эмоциялық жағдайын анықтау дағдыларын меңгеру.
Обучающийся должен уметь:
Оқытушыға арналған әдебиеттер: Ш.С. Сатиева. «Психология» (дәрістер курсы) – Семей: «Талант» баспасы. - 2007. - 196 бет.
Литература для преподавателя:
Білім алушыға арналған әдебиеттер: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері».
Алматы. - 2005. - 415 бет.
Литература для обучающихся:
5
Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі
Методическая разработка теоретического занятия
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Специальность:
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру,
Тип занятия:
Өткізу әдісі: дәріс
Методика проведения:
Сағат саны: 2
Количество часов:
Сабақтың өтетін орны:
Место проведения занятия:
Сабақтың тақырыбы: Мінез.
Тема урока:
Сабақтың мақсаты: Сабақтың барысында болашақ медициналық қызметкерлердің науқастардағы қабілетің және темпераменттің анықтап науқастарға психологиялық көмек көрсете білу.
Цель занятия:
Сабақтың міндеттері: Жаңа тақырыптың барысында жаңа мәлімет беру.
Задачи занятия:
Білімділік: Жаңа тақырыпты меңгеру, науқастың мінезін ажырата алу.
Образовательная:
Дамытушылық: Мінез жайлы дұрыс ұғым қалыптастыру, мінез жайлы білімдерін кеңейту
Развивающая:
Тәрбиелік: Оқып білгенін әр жағынан үздік және тәжірибеде қолдана білуді
Воспитательная:
Сабақтың жабдықтары:
Оснащение занятия:
Пәнаралық байланыс: Анатомия
Межпредметная связь:
Пәнішілік байланыс: Коммуникативтік дағдылар
Внутрипредметная связь:
6
Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы
Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия
|
|
Сабақ бөлімдерінің атауы Название раздела занятия |
Уақыт тәртібі Временной режим |
|
1 |
Ұйымдастыру кезеңі Организационная часть |
2 минут |
|
2 |
Оқытушының кіріспе сөзі Целевая установка занятия |
3 минут |
|
3 |
Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме |
25 минут |
|
4 |
Жаңа тақырыпты түсіндіру Изложение нового материала |
40 минут |
|
5 |
Жаңа тақырыпты бекіту Закрепление новой темы |
10 минут |
|
6 |
Баға қою Выставление оценок |
5 минут |
|
7 |
Үй тапсырмасы Домашнее задание |
5 минут |
7
Теориялық сабақтың барысы
Ход теоретического занятия
-
Ұйымдастыру кезеңі. Студенттермен сәлемдесу, отырғызу, жоқ студенттерді белгілеу, сабақты босату себептерін анықтау.
Организационная часть.
Оқытушының кіріспе сөзі. Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.
Әрбір адам басқа адамдардан езінің даралық өзгешелігімен ерекшеленеді. Бүл орайда, адамдар мінез ерекшеліктеріне орай ажыратылады. «Мінез» деген психологиялық қасиеттің төркіні гректің «характер» деген сөзінен шыққан. Мәнісі - із қалдыру. Психологияда бұл— дербестік мағынасы бар адамға байланысты ұғым.
Целевая установка занятия.
-
Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.
1. Тұлғаның бағыттылығы?
2.Тұлға бағыттылығының жіктелуі?
Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:
Жаңа тақырыпты түсіндіру. Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.
Адам мінезінің көріністері әрбір жеке жағдайда, оның оқиғаларға қатысуынан аңғарылады. Адамның іс-әрекеті сапасы сол іске деген қатынасымен қатар ерік-жігеріне, көңіл-күйіне, зейініне, ақыл-ойына да байланысты болады.
-
Жаңа тақырыпты бекіту. Бекіту сұрақтары, тапсырмалары.
1. Мінездің жалпы сипаттамасы қандай?
2.Мінез түрлерін білесіз?
Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.
-
Баға қою
-
Выставление оценок
-
Үй тапсырмасы.
Тақырып: Тұлға бығыттылығы
Пайдаланатын оқулықтар: Жарықбаев Қ.Б. «Психология негіздері». Алматы. 2005. - 415 бет;
Домашнее задание.
Тема:
Литература:
8
Мінез
Мінездің фенотиптігі, темпераменттің генотиптігі.

Мінез — әрбір адамның жеке басына тэн өзіндік психологиялық қасиеттер мен ерекшеліктердің жиынтығы. Мінездің қасиеттері мен ерекшеліктері әркімде әрқилы жағдайда байқалып, адамның сол жағдайларға қатынасын білдіреді. Мінез ерекшеліктері — адамның даралық өзіндік психикалық қасиеттері. Дегенмен, адам бойындағы ерекшеліктердің бәрі бірдей, мысалы, естудіні нәзіктігі, көздің кергіштігі, есте сақтаудың шапшаңдығы, акыл-ойдың тереңдігі мінез ерекшеліктеріне жатпайды.

Соның нәтижесінде адамның әр алуан психикалык процестері оның іс-әрекет түрлеріне ықпал етіп, адамның ақыл-ойын, көңіл-күйін, эмоциясын, ерік-жігер қасиеттерінің ерекшеліктерін айқын аңғартады. Адам мінезінің даралық ерекшелік екендігін ғылым тарихында тұңғыш рет сипаттап жазған — ертедегі грек философы Теофраст (б. з. д. IV—III FF). Бірақ, ол мінезді адамның адамгершілік сапасына тән қасиет дейді. Лабрюйер де (XVIII ғ.) «Теофраст мінездері» деген еңбегінде мінезді осы мағынада қолданған. Алғашқы кезде адамның әлеуметтік-адамгершілік ерекшеліктерін білдірген. Бүл — әрине, темпераментке кері анықтама. Өйткені, темперамент — адамда туа пайда болатын генетипті организм қасиеті. Осы кезқарасқа орай, мінез — шың туа пайда болатын фенотипті ерекшелігі. ХІХ ғасырда француз ғалымы А. Бен мінезді тек психологиялық ерекшелік, дара адамның ақыл-ойы мен сезімінің және ерік ерекшеліктерінің қасиеті деп санады. Т.Рибо мінезді сезім мен ерік ерекшелігі десе, ал орыс медигі әрі педагог П. Ф. Лесгафт ерік қасиеті деді.
И.Кант (XVIII F.) мінезді темпераментней салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Сондай-ақ, ол адамның даралық қасиеттерін-туа пайда болатын ерекшеліктер мен жүре пайда болатын ерекшеліктерді бөліп көрсетеді. Т. Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Малапер, Фулье т. б. мінездің туа пайда болумен катар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді. Полан мінездің барльіқ сипаттары адамның тіршілік жағдайымен байланысты деген пікір айтады. Сонымен, мінез жөніндегі осындай екі түрлі көзқарас қазірге дейін өзара талас-тартыс туғызып келеді.
Мінез – адамның әлеуметтік мінез-құлқының ерекшелігі. Күнбе-күнгі тіршілікте адам әдетте менмен не көпшіл, қайырымды не сараң, биязы не дөрекі болып сипатталады. Мінез негізінде жеке адамның моральдық –еріктік қасиеттері жатады.Мінез туыстан пайда болмаса да, нерв жүйесінің , адамның табиғи жағының ерекшелігі мінез көріністерінде байқалады.
Мінез адамның өзі үшін ғана емес, қоғам үшін де қажет.
Мінез қоғамдық-тарихи құбылыс. Олай болса, уақыт пен кеңістіктен тыс жатқан жалпыға ортақ мінез де болмайды. Белгілі тарихи дәуір туғызған белгілі типтік, жеке адамдар (индивидуальды) мінезі ғана болады.
Мінез – адамның негізгі өмірлік бет алсын және оның өзіңдік әрекетінің айырмашылығын сипаттайтын саналы өзгешілік. Ол көп қасиеттің бірлігі, адамды әр қырынан көрсететін қасиет.
Бұдан 2500 жыл бұрын грек ғалымы Теофраст Афина жұртының 30 астам тап өкілдерінің мінез бітістерінің 30 дан астам нашар жақтарына талдау жасады (суайт, мылжын, жағымпаз т.б.).
Ал, француз жазушысы 17ғ. Лобрюгы нашар мінез бітістерінің 4500-ден астатына сипатама берген. Мінез туралы теориялар 19 ғ.аяқ кезінен бастап көріне бастады.
Зерттеушілер адамның мінезін дене құрлысына сәйкес түсіндіруге тырысты. Яғни дене құрлысы қандай болса оның мінезі соған сәйкес келеді және сыртқы бет,дене қимылдарынан зерттеуге болады деді. Осы кезде френология,графалогия деген ағымдар пайда болды.
Френология – (Ф.Галлет) адамның бас сүйегіне, формасына жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын ажыратуға болады. Сонымен бірге, ақыл ой дәрежесін де.
Графология ілімі (Аристотель, Гефаст т.б.) жазуына қарап ажыратуға болады деді.
Бірақта жан қуаттары қалпында тұрған кісінің мінез бітістерін объективтік әдістерімен зерттелуі тиіс. Адамның ойының барлық ішкі сезімдерінің сипаты мінез ұғымыныа кірмейді. өйткені бір дәрежеде барлық сезімдері бір қалыпты адамдардың мінезі әртүрлі болуы мүмкін. Мәселен жауыз,мейірімді т.б. Сондықтан мінез ақыл сезімге байлаулы емес қайрат дәрежесіне қарай бөлінеді. Мәселен: сөізнен ісі айырмайтын екеуі екі бөлек жойылмайтын болса, ондай адамды мінезі қайраты берік мінезді адам деп атаймыз. Мінез адамның ерік жігерімен байланыста, адамдарды мінезіне қарай жіктегендегі өмірге ең жақын жанасатын жіктес- Лазурскийдікі ол, мінезді жіктеуге ортаның ыңғайына түсуді негіз қылады. Мұны «белсенді ыңғайласу» дейді. Ыңғайласу-толық, кең болуға да, тар, кең болуы да мүмкін. Ыңғайласуға кең адамдардың төменгі одан артырақ болса орта, толық ыңғайласатындарды жоғары сатыға еңгізді. Олар бірінен бірі әуелі сыртқы қызметінің күрделі, молдығымен, кеңдігімен айырылады. Екіншіден, күштілігімен, табандылығымен. Үшіншіден, мұратымен және саналылығымен болса,Төртіншіден, жан қуаттарының бірі- бірімен бағынуы, осы сипаттардың бәрі қосыла бір адам жасайды. Содан кейін адамдардың төңіректегі өмірге қатнасы жағымды, жағымсыз болуы мүмкін.
И.П.Павлов адамның мінез бітістерін жоғары нерв қызметінің тума типтермен өмір сүру барысында қалыптасатын уақытша нерв байланысының өзіңдік «құйындысы» деп түсіндірді. Яғни ол былай деп түсіндірді. «адамның мінез құлқының бейнесі нерв жүйесінің туа біткен қасиеттеріне ғана байланысты емес, организмнің жеке өмір сүру барысында болатын ықпалдарға да байланысты сонымекн бірге тәрбие, үйрету жұмыстарына байланысты. Срндай-ақ екінші сигнал системасы да ықпал етеді».
Үйреншікті іс-әркеттің бір тәсілі – елкітеу, сондай болсам екен деп ниет білдіру.
Бала өіне ұнаған адамның қимыл қозғалысына, іс-әркетіне еліктейтін болса, онад сол кісінің бала мінезіне, ішкі жан дүниесіне әсерін тигізіп, мінез ерекшеліктерінің жақсы жақтарын қалыптастыруғы ықпал еткені. Адам мінезіне еліктеу оның іс-әркетіндегі үлгілі жағы болса ғана пайдалы болмақ.
Педагог К.Д.Ушинский бала мінезінің дамуы мен қаылптасуын жаңа отырғызылып, көктей бастаған ағаш көшетімен салыстырып, көктеп келе жатқан ағашқа тырнақ дағымен із салса, ол өсе келе шорланып, буынданып кетеді дейді. Сондықтан , бала мінезін тәрбиелу -әрі нәзік,әрі игі мақсатты іс.адамның мінезі –оынң бүкіл өмір бойғы іс-әрекеттері мен қылықтарына, өзін-өзі тәрбиелеуіне байланысты қалыптасып отыратын психологиялық даралық қасиет.
Халқымызда «Баланы жастан »деген мақал бар. Оның түпкі мәні адам бойындағы жағымды мінез-құлық пен игі қасиеттер бала кезден бастап қалыптасады дегенге саяды.
Мінездің қалыптасуы: психикалық процестер, психикалық көңіл –күй, жеке бастың қасиеттері, мінез қасиеттері, мінез бітістері.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Дегенмен, кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара байланысты болып келеді. мінездегі осындай әр түрлі қасиеттерден құрылған біртұтас бірлікті мінез құрылымы дейді. Ал мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомкомплекс не факторлар деп те аталады.
Мінез құрылымы: адам қасиеттерінің тұтас жүйесі, сенім, қажеттілік, мүдде, интеллект, ерік, сезім, темперамент.
1)Мінез-адам қасиеттерінің тұтас жүйесі.Мінез бір-біріне белгілі бір қатынас байланысы бір жеке адам қасиеттерінің жүйесі,тұтас құрылым болып табылады.Сондықтан,адам мінезінің бір әлде бірнеше қасиеттерін біліп,оның басқа қасиеттерінің қандай екенін айтуға болады.Мәселен:ақжарқын т.б.
2)Сенім. Сенімділік адам мінез-құлықтарының принциптілігін,бас имейтінділігін,өз күш-жігерін жұмсайтын істің әділдігі мен маңыздылығына сенетіндігін анықтайды.
3)Қажеттілік пен мүдде.Яғни рухани немесе материялдық қажеттілік пен мүдденің өктем адамның сезімдерін ғана емес,
іс бағытын да анықтайды.
4)Интеллект.Мінез туралы сөз болғанда ойлау дұрыс емес,есте қалыптасқан ақыл сапасы жайлы болады.Ақыл-ой әдеттері(жұмыстағы жоспарлылық,) қалыптаса келе мінез сипатына айналады.
5)Ерік.Ерік-жігері күшті адам талап-тілектерінің және қылықтарының, өз бетінше әрекет ете алуымен көзге түседі.
Жігерлі мінез нақтылылығымен,тұрақтылылығымен мақсатқа жетудегі беріктігімен ерекшеленеді.
6. Сезім дегеніміз -әлеуметтік және табиғи өмірдің сан алуан жақтарына эмоциялық қатынс. Адамның нені сүйіп, нені жек көретіндігін білдіреді. Мәселен. Селқос, дөрекі ұстамсыз т.б
7.Темперамент. байсалдық немесе сылбырлық, тұйықтық, жаңа міндетке тез, не қиын бейімделуін т.б. сипаттарын анықтайды.
Мінездегі қасиеттер жүйесі. Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қарастырылады. Ондай қасиеттер адамның әралуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін көрсетеді.
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайдылық т. б.
2. Ұжымға, адамдарға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талап қоюшылық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: қарапайымдылық, кішіпейілділік, өркекіректік, даңғойлық, тәкәппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік,
4. Заттарға қатынасы; ұқыптылық, тиянақтылық, салдыр-салақтық, заттарды ұстап-тұтуы мен ұқыпсыздығы т. б.
Мінез құрылымындағы қасиеттер. Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттар болып табылады. Олар — адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік-типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының қасиеттеріне мынадай ерекшеліктер жатады:
1- Мінездің тереңдігі. Бұл қасиет адамның қоғам талаптарына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Мінездің күші. Осыған орай адам жақсы, мықты, тұрақты және нашар мінезді болып бөлінеді.
3. Мінездің тұрақтылығы-ауытқымалығы мен бейімделгіштігінің ерекше мәні бар.Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштік көрсетіп мінезінің күшін аңғартады.
Нәсілдік және мінез. Әрбір тарихи кезеңдегі психологтар мінездің әрбір адамда түрліше болуы олардың нәсілдік тегіне байланысты, оның көп қасиеттері нәсіліне ұқсап туа пайда болады деген көзқарасты қуаттап, оның темперамент қасиеттерінен айырмашылығы жоқ дейді; (Э. Кречмер, У. Шелдон). Шындығында да, организмде туа пайда болатын нәсілдік қасиеттің адам мінезіндегі қасиеттерге әсер ететіні сөзсіз. Дегенмен, мінез касиеттері нәсілдік биологиялық зандылықтар емес, қоғамдық заңдылықтар арқылы анықталады. Мінездің нәсілдік тұрғыдан қарастырылуы егіздерді зерттеу нәтижелері арқылы теріске шығарылады. Өйткені, бір тұқымнан тараған егіз балалардың нәсілдік ерекшеліктері бірдей. Ал темпераменті жөнінен олар бірінен-бірі бөлек. Үлкейіп, есейген сайын мінез ерекшеліктері де өзгере береді. Адам туа өтірікші не жалқау болып тумайды. Ол әлеуметтік ортаға, өмірдегі жағдайға қарап өзгереді. Мінездің өмір тіршілігіне тәуелді екендігі оның физиологиялық нёгізі — жоғары жүйке жүйесіндегі шартты рефлекстердің қызметіне байланысы арқылы да дәлелденеді.
Мінездің типтік бітістері: отан сүйгіштік, мақсаткерлік, борыш, мейірімділік т.б.
Отансүйгіштік – кісінің бойындағы күш қуатын, білімі мен тәжірбиесін халық мүддесіне оның игілігіне яғни адамның кір –жуып-кіндік кескен жеріне білдіретін перзеттік борышы оның кісілігін танытатын ерекше асқақ сезім.
Мақсаткерлік- бұл адамының өз мінез-құлқын көздеген мақсатына алаңсыз бағыштауы, мұны өзінің ұстаған бағыт –бағдар позицисына , танымы мен сеніміне, асыл-арманына бағындыры алуы.
Борыш пен жауапкершілік- бұл кісіліктің басты белгісі, терең және күшті сана –сезімді қажет етеін қасиет. Адамның үйі-іші,әке-шеше,тума-туысқандарына қатысты перзеттік парызынан туындайтын қасиет.
Мейірімділік пен ізгілік- егіз қозыдай осы екі қасиет – басқалалрға көңіл бөлу, олардың сеніміне ие болу, олардың сеніміне ие болу, айналасындағылармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасау, адамға эмоциялық жағынан тиімді.
Адалдық пен шыншылдық – бұл екеуі бірі бірімен біте қайнасқан кісінің жақсы мінез бітістері. Адал адам шынайы да, шыншыл адам –адал. Адалдық –сөздің таным мен сенімге штасуы, оның іс-әрекетке қайшы келмеуі.
Мінез түрі өзінің құрамындағы жалпы сипатына тәуелді келеді, ал бітістер негізгі немесе жетекші және қосалқы болып бөліненді. Негізгілері адамның бағыт- бағдарын айқындауға ықпалын тигізіп, яғни адамның тұрақты мінезінің сипатын береді де, қосалқылары мінез қырларын толықтыра түседі. Мысалы, батылсыздық, қорқақтық және альтуристік бітістерінің алғашқы екеуі жетекші мәнге ие болса, онда адам секемшіл мінезді келіп, біреуге жақсылық , яғни, альтуристік қадамында жалтақшыл, күдікті болуынан көздеген ісіне бара алмайды. Керісінше , альтуристік қсаиет басым келсе, алғы екі жағымсыз бітістері қаймықпай басып, қайырымдылық ісінде батыл мінезді қадам жасайды.
Адам мінезінің белгілі түрде қалыптасуы оның қоршаған дүниеге қатынасына байланысты. Бұл қатынастардың мәні адам араласып, байланысқа келген өмірілік объектердің маңызымен анықталады:
1. Басқа дамдармен қатнасына қарай ( шыншыл, -өтірікші, әдепті – дөрекі т.б.).
2. Орындалатын іс –қызметіне орай ( еңбекқор-еріншек т.б.).
3. Өз басына болған қатынасына байланысты ( сыншыл- өзімшіл т.б.).
4. Заттарға қатынасынан ( сақи- ашкөз, ұқыпты – салақ т.б.).
Аталған қатынастардың бәрінің де мінез түрінің қалыптасуында үлкен маңызға ие екені сөзсіз,дегенмен тұрақты , нақты мінездің орнығуы ең алдымен адамның адаммен, қоғамға араласып, қатынасу дәрежесіне байланысты. Ұжымнан тыс тұлғаның жолдастық, достық, махаббат , т,б, формаларда көрінетін ізгі ниеттерінен бөлек мінез түрі болмайды. Адамдар өзара ұзақ қатынасқа келе отырып, бірі екеншісінің мінезіне таңбасын салады, осыдан кей адамдар әрекет-қылығында өзара ұқсастыққа келеді немесе қарама –қарсы, бірақ бірінің кемшілігін екіншісі толықтыратын бітістерді игереді. Алайда, еңбек, іс-әрекет қатынастыарында қалыптасқан мінез бітістері мәндірек келіп, мінез түрінің басқаларынан ажыратылуына себепші болады.
Мінездің қалыптасу заңдылықтары. Мінездің жекеленген қасиеттері адамзаттың сыртқы ортамен және өзге адамдармен қарым-қатынасынан байқалады. Ал оның азаматтық қарым-қатынасы қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасады. Адамның өз материалдық мұқтаждықтарын қамтамасыз етуі, жұмыссыздығы не болашаққа сенімі мен сенімсіздігі, әлеуметтік теңсіздік — мұның бәрі де адам мінезінде терең із қалдырады. Сөйтіп, әрбір адамның мінез-құлқының сипатына әсер етеді. Мінездің өзіндік ерекшеліктері отбасында қалыптасып, дамиды. Үйде дара болып өскен немесе жасы бойынша түрлі кезеңдегі балалардың мінез ерекшеліктері де қилы-қилы. Отбасында керіс-жанжал, дау-дамай жиі болып тұрса, балалардың мінез-қүлықтарының қалыпта-суына кері әсері тиеді. Сондай-ақ, балабақшада тәрбиеленген бүлдіршіндердің өзара қарым-қатынастары да олардың мінез-құлқының кейбір ерекшеліктері мен қасиеттерінің қалыптасуына сөзсіз ықпал етеді.
Мінез бен темпераменттің өзара байланысы олардын. физиологиялық негізі арқылы анықталады. Жүйке жүйесінің типтері адамның іс- әрекеттерінен, мінез ерекшеліктерінен анық байқалады. Мысалы, сангвиник адам басқалармен қарым-қатынаста әңгімені бірінші болып бастайды, ал флегматик мұндайда өзін-өзі тежеп, әңгімені тыңдауға ықыласты болады. Сангвиниктер бөтен адамдармен әңгімелесіп, тез танысып кетеді де, бұрынғы таныстарын шапшаң ұмытады. Ал флегматик адам мұндайда өте баяу, самарқау болады. Адам мінезіндегі осындай көріністер оның динамикалық ерекшелігі немесе қозғалғыштық қасиеті деп те аталады. Мұндай ерекшелік-темперамент қасиеттеріне. негізделеді. Мінездегі темпераменттің рөлі басқаша жағдайларда көрінеді. Осы ерекшеліктерден біз жүйке жүйесінің типтері шартты рефлекстердің жасалу-жасалмауына қалайша әсер ететінін байқаймыз. Ал шартты рефлекстер жүйесі мінездің физиологиялық негізі екендігі мәлім. Сөйтіп, темпераменттер адам мінезінің ұнамды қасиеттері мен ұнамсыз жақтарының дамуына да ықпал етіп отырады. Мысалы, сыртқы жағдайдың қолайсыздығы арқылы холерикке қарағанда меланхоликті оп-оңай қорқақ етуге болады. Ал колайлы жағдайда керісінше холерикті меланхоликке қарағанда батыр ету оңайырақ.
Мінез бен іс-әрекет. Әлеуметтік жағдай мен тәлім-тәрбие ісі және олардың өзара ұштастығы адамның психикалық ерекшеліктеріне, мінез қасиеттерінің дамып, қалыптасуына әралуан әрекеттері арқылы әсер етеді. Түрлі іс-әрекеттердің жүзеге асуы адам мінезіндегі қылықтар мен икемділікке байланысты. Өйткені, адам іс-қимыл үстінде түрлі қиыншылықтарға ұшырап, оларды қалайда жеңіп шығудың тәсілдерін іздестіреді. Бұл жайттар адам мінезіндегі ұнамды қасиеттерді дамытып, тұрақтандырады.
Мінездің ұнамды касиеттері автоматталған әрекет-дағдыға айналады. Дағдылар әрқилы істерге жаттығу, төселу нәтижесінде қалыптасады. Мұндай дағдылар мінезіндегі саналы әрекеттер мен белгілі істі орындауға бағытталған мақсатты көрсетеді. Сөйтіп, ол өзінің әрекетінің жемісін сезіп, өз көзімен көреді, оған рахаттанады, бойындағы күш-қуаты мен қабілетіне деген сенімі артады. Мысалы, сабаққа ұқыпты студент емтихандарды ойдағыдай тапсырады: Оқыған пәндерін жүйелі меңгереді. Жолында кездескен кедергілерді жеңіп, елеулі табыстарға қол жеткізеді. Осындай әрекеттер бара-бара адам мінезіндегі ұнамды қасиет болып қалыптасады да, оның қайрат-жігерін шындайды.
І.Адам мінезі онтогенезде пайда болып, бүкіл өмір бойына тұрақты.
2. Мінезге кіретін жеке адам бітістері кездейсоқ емес, олар мінезді анықтауға көмектеседі және типтерге бөледі.
3. Сол мінез типтері бойынша адам мінезі бірнеше топка бөлінеді.
Э.Кречмер бойынша, дене бітіміне, бет әлпетіне қарай астеникалық тип - арық, жіңішке адам, соның аркасында ұзын болып көрінеді. Астениктердің дене және бет терісі жұқа. Иықтары кішкентай. Саусақтары ұзын, жіңішке, бұлшық еттері нашар жетілген, ал әйел адамдар, сонымен қатар кішкентай болады.
Атлетикалық тип - орташа және ұзын бойлы, иықтары кең, көкірегі үлкен, басы ұзынша, әрі тығыз, қаңқа сүйектері мен бүлшық еттері жақсы жетілген. Пикниктік тип - орта бойлы, мойны қысқа, семіруге бейім, себебі бұлшық еттері мен қозғалыс аппараттары нашар дамыған. Э.Кречмердің айтуы бойынша осы типтер психологиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Астениктер мен атлетиктер шизофрения ауруына шалдығып жатады, оларды шизотимиктер деп атайды. Оларға ақ сүйектік, сезімталдылық, менменшілдік, суықтық, қатігездік, билікке құмарлық және эмоциялардың болуы тән. Ал пикниктер маникалды-депрессивті психозға бейім, оларды циклотимиктер деп атайды. Оларға ақ көңілділік, ашық мінезділік, көпшілдік, көп сөйлегіштік, қалжыңға бейімдік, жеңілтектік тән.
Мінездің психологиялық теориялары XIX ғасырдың аяқ кезінен бастау алады. Сол кездегі зерттеушілер адамның мінезін дене құрылысына қарай түсіндіруге тырысқан. Адамның дене құрылысы қандай болса, оның мінезі соған сәйкес қалыптасады. Адамның мінезін сыртқы тұрқынан, бет әлпетінен, нышандары-нан зерттеп, қарастыруға болады. Осы кезде френология ағымы қалыптасты. Ол ағым бойынша адамның бас сүйегіне, формасына, жүйке саласына қарап адамның мінез-құлқын, ақыл-ойы дәрежесін, т.б. ажыратуға болады. Ал графалогия ағымы бойынша адамның жазуына қарап, оның мінез ерекшелігін ажыратуға болады.
Мінез типологиясы
Осы кездерде көптеген ғалымдар мінез мәселесімен айналысты: неміс психиаторы Э.Кречмер, У.Шелдон, К.Леонгард, А.Е.Личко, т.б.
Мінез акцентуациясы А.Е.Личко бойынша: жас өспірімдерді бақылауға негізделген нақты бір мінез күшейуін қарастырды, ол сыртқы жағдайларына байланысты.
1)Гипертимді тип - қозғалмалылыққа, қарым-қатынасқа бейім жасөспірім. Шуды жақсы көреді, тынымсыз ортада болуды қалайды. Көңіл күйі өте жақсы болады, Оқуы бір-қалыпты емес, бір орында отыра алмайды, тәртіпсіздік байқалады. Үлкен адам-дармен қақтығастарға жиі түседі. Көптеген нәрселерге қызығады, бірақ ол тез өтеді. Өздерінің қабілеттеріне тым сенгіш, тіпті шектен тыс өзіне сенеді. Елдердің алдында өзін-өзі көрсеткенді ұнатады, мақтаншақ болып келеді.
2)Циклоидті тип - апатияға бейім, тез қозады, көбінесе өзімен-өзі жалғыз қалғанды ұнатады. Барлық нәрселерді жүрегіне қатты алады. Екі-үш апта сайын көтеріңкі көңіл күйден тұйық қалыпқа ауысады. Ескертулер жасағанда ашуланады.
3)Лабильді тип - көңіл күйі ауа райы секілді тез өзгереді, оған әр түрлі қарапайым нәрселер (біреудің көзқарасы, амандаспауы, бір нәрсеге ден қоюы) себеп болады. Олардың мінез-құлқы уақытша көңілге байланысты. Қазіргісі мен болашағы өзінің көңіліне ұқсас болады, біресе көңідді болыл, біресе түңіліп те қалады. Кейде сәтсіздіктер мен қиыншылдықтар болмаса да көңіл күйі төмен болады, кеп әуреленеді, сондай кездерде оның жақын адамдармен болғаны жөн, оның басқа нәрсеге айналғандығы қажет. Олар өзіне деген қарым-қатынасты ерекше сезінеді.
4)Астено-невротикалық тип - қозғыш, шаршағыш, қырсық. Ақыл-ой жұмыстарына тез шаршайды.
5)Сензитивті тип - жоғары сезімталдық тип. Қозғалыс, құмар ойындарын жақсы көрмейді, үлкен компанияларда болуды қаламайды. Бейтаныс адамдармен ұяң, ұялшақ болғандықтан, тұйық болып көрінеді. Тек жақын адамдарына ғана ашық, сөзшең болады, өзінің қатарластарынан гөрі үлкен кісілермен, кішкентайлармен болуды ұнатады. Үлкендердің тілін алады, ата-аналарына жақын келеді. Мұндай адамдарда «кемістік комплексі» болады. Ортаға бейімделу қиынға соғады. Оларда жастайынан жауапкершілік қасиеті қалыптасып, өзіне және басқа адамдарға үлкен талаптар қояды. Дос тандауда қателеспейді, өзінен үлкен адамдармен достасқанды қалайды, оларды өте жақсы көреді.
6) Психо-астеникалық тип - интеллектісі тез дамиды, өзін-өзі және басқаларды бағалауға бейім, көп ойланып талқылауды ұнатады, бірақ іс жүзінде емес, сөз жүзінде ғана мықты. Өзіне-өзі тым сену шешімсіздікпен байланысты. Абайсыз, салғырт, кенеттен шешім қабылдайды.
7) Шизоидті тип- тұйық, өз қатарластарымен болғаннан гөрі үлкендермен болғанды ұнатады. Басқа адамдарға қызығушылығының жоқ екенін, немқұрайды екенін көрсетіп, олардың жағдайына көңіл білдіре алмайды. Ішкі жан дүниесі қиялға толы. Сырттай өз сөзімін көрсете бермейді, маңайындағылар оны түсіне бермейді.
8) Эпилептоидті тип - көп жылап басқаларды мазасыздандырады. Мұндай балалар кішкентайлар мен жануарларды ренжітеді, өздерін диктатор деп санайды. Олар қатігез билеуші, өзін-өзі жақсы кереді. Басқаларды қорқыту арқылы өзіне бағындырып, қиын ережелер қояды. Өзін басқалардан жоғары деп санайды. Бастықтардың алдында бөрін жасап, көтерілуге тырысады.
9) Истероидті тип - үнемі ортада болуды қалайды, басқалардың алдында өзін суреттеп көрсетеді. Олар басқа біреуді мақтағанды, басқаларға көңіл бөлгенді жақтырмайды. Тек қана оны мақтап жүргенді ғана ойлайды. Көпшілік ортасында лидер болғанды ұнатады.
10) Тұрақсыз тип - ерік-жігерсіз, өзен ағысы бойынша өмір сүреді. Той-томалақты, жұмыссыздықты жақсы кереді. Талғаусыз, бәріне қызығады. Өзінің болашағы жайлы ойламайды, кәсіби қызығушылығы жоқ.
11) Конформды тип - негізгі ерекшелігі барлығы сияқты болу. Өзі үшін досын да сатып кетеді, бірақ не істесе де оған себеп табады.
К.Леонгард өз топтастыруында сында адамдардың басқа адамдармен қарым-қатынасына сүйенеді:
1)Гипертимді тип - анық жестері, мимикалары болады. Сөзге қүмар, қарым-қатынасқа бейім, бастапқы тақырыптан кенет бас тартады, өзінің отбасылық, қоғамдық міндетгеріне қалай болса солай қарағандықтан, адамдармен қақтығысқа тез түседі, қақтығысты өзі бастайды. Оптимист, энергаясы мол, іс-әрекетті сүйеді. Бірақ жеңілтек, аморалды әрекеттерді жасайды. Жоғары козғыштық қасиеттері бар, жалғыздық пен қатал төртіпті қолдайды.
2)Дистимді тип - пессимисті көңіл күйді, аз сөйлегіш, үйде отыруды ұнатады. Тұйық өмір сүреді. Қақтығысқа түспейді. Ол өзімен достасатын адамдарды бағалап, тіпті оларға бағынады. Әділ, байсалды, баяу ойлайды, бірақ тиянақты.
3)Циклоидті тип - көңіл күйі тез өзгереді, сондықтан да қарым-қатынаста өзгермелі болып келеді. Көңіл күйі жоғары болғанда сөзге, қарым-қатынасқа жақсы түседі, төмен болғанда тұйық болады.
4)Қозғыш тип - вербальды және вербалъды емес реакциялары баяу, контактілігі төмен, қақтығысқа бейім, көңілсіз. Отбасында басшы болғанды ұнатады, ұжыммен бірге бола алмайды. Қозған кезде ашуланшақ, ез әрекеттерін қадағаламайды, жақсы күйде таза, ұқыпты, бала мен жануарларды сүйеді.
5)Тежелгіш тип - сөйлемейді, басқаларды үйретеді. Қақтығыста белсенді рол атқарады. Қолға алған жұмыста үлкен дәрежеге жетуге тырысады. Өзіне үлкен талаптар қояды. Ренжігіш, сезімтал, өш алғыш, өзіне тым сенімді, қызғаншақ, ар-ұяты мол.
6) Педантты тип - қақтығыста енжар жақта, жұмыста басқаларға үлкен талапты қойса да лидерлікті кейде басқаларға да береді. Өзінің тазалықты сүюімен үйдегілерді де мазалайды. Ол ұстамды, тазалықты сүйеді, жұмыста сенімді, бірақ қақтығаста ұрысқақ.
7) Уайымшыл тип - ұялшақ, өзіне сенімсіз, қақтығысқа аз түседі, енжар болады. Басқалардан көмек іздейді. Достықты бағалайды, өзін-өзі көп сынайды, алға қойғандарын орындайды. Қалжың көтергіш.
8) Эмотивті тип - жарты сөзден-ақ бірін-бірі түсінетін адамдар тобынан құралады. Ренжісе оны ішінде ұстайды, сыртқа шығармайды. Жауапкершілік, орындаушылық қасиеттері бар, бірақ көндіккіш, тым сезімтал жан.
9) Демонстративті тип - байланысты жеңіл орнатады, мақтанғанды ұнатады, билеуші мен лидерлікке талпынады, өзінің өзіне-өзі сенімділігімен адамдарға ұнамайды. Қақтығысты өзі тудырып, өзін-өзі қорғай алады. Басқаларға ұқсамайтын әрекетгер жасайды. Басқаша ойлайды, басқаларды қызықтырады, бірак, эгоист, мақтаншақ, екіжүзді, жұмыстан қашады.
10) Экзалтацияланған тип - контактіге түсуі өте жоғары, сөзге құмар, тез ғашық болады. Дауласады, бірақ қақтығысқа жеткіз-бейді, қақтығыс кезінде белсенді әрі енжар болады. Достары жақындарына байланып қалады. Оларға көп көңіл бөледі. Талғамы жақсы, шын сөзімге бейім. Көңіл күйі тез өзгергіш.
11) Экстравертивті тип - достары, таныстары өте көп. Сөзшең, әр түрлі нәрселер жайлы сөйлесе береді, достары мен жақындарына лидерлікті береді. Олардан бір нәрсе сұраса соны орындайды, зейін қойып тындайды, бірақ жеңілтек. Басқалардың әсеріне бейім, ойланбай бір нәрсе істей салады, әңгіме айтып отыруға бейім, ойланбай көп нерсе жасайды. Көңілді уақыт өткізуге құмар.
12) Интравертивті тип - тұйық, шындықтан алшақ, данышпандыққа бейім, жалғыздықты сүйеді, тек өз өміріне басқа біреу кіріскенде ғана қақтығысқа түседі. Ұстамды, принциптері көп, қатал сенімдері мен көзқарастары болады. Бірақ бірбеткей, өз идеяларын дәлелдегіш, өз ойы қате болса да өз ойын дәлелдей береді.
Адам мінезіндегі әрбір ерекшелік белгілі жағдайларға сәйкес көрініс береді. Мұндай ерекшеліктердің өзіндік физиологиялық ерекшеліктері бар. Адам мінезінің физиологиялық негізін ашып көрсетуде ерекше орын алатын жөйт жоғары жүйке қызметінің типтеріндегі ауыспалы құбылыс. Осы орайда, И.И.Павлов қандай сигнал жүйесінің басым екендігіне қарай адам мінезінің типтерін мынадай үш типке бөледі:
1. Ойшыл тип - бұл негізінен сөзбен байланысты, екінші сигнал жүйесі рефлекторлық қызметінің басымдылығы.
2 Көркем тип - бірінші сигналдық шартты рефлекстің басымдылығы.
3. Орташа тип - мұнда екі сигнал жүйесінің бірде-бірі басымдылық көрсете алмайды. Адамдардың көпшілігі осы орташа типке жатады. Адам мінезінде бұлардан басқа да мінез ерекшеліктерінің пайда болуына әсер етіп отыратын арнайы типтердің болуы ықтамал.
Әр мінез ерекшеліктеріне сәйкес әр түрлі таптегі адамдардың еңбексүйгіштігі мен әрекетшілдігі де түрліше болып келеді.
Адам мінезінің құрылымы әрқилы қасиеттер жиынтығынан тұрады. Кейбір мінез ерекшеліктері бір-біріне тәуелді, өзара мінездегі өзара байланысты психикалық қасиеттердің жүйесі симптомокомплекс не факторлар деп атайды.
Тұлға құрылымында орталық орынды мінез алады. Адам мінезі көптеген адам бойындағы ерекшеліктерге, соның ішінде танымдык. процестерге де әсер етеді. Мінез әрбір адамның жеке-даралығын және жеке адамдық ерекшеліктерін көрсетеді. Адам мінезі жеке адам қызығушылықгарымен, қажеттіліктерімен, бағдарларымен, бағытымен, мотивімен, т.б. байланысты.
Психология ғылымында мінез топтастырылып, оның қасиеттері мынадай төрт түрлі жүйеге бөлініп қалыптастырылады. Мұндай қасиеттер адамның әр алуан нәрселерге қатынас ерекшеліктерін керсетеді.
1. Мінездің еңбекке байланысты қасиеттері: еңбексүйгіштік, адалдық, еңбекке жауапкершілікпен қарау, жалқаулық, немқұрайлылық.
2. Ұжымға, адамға қатысты қасиеттер: қайырымдылық, сергектік, талапқойғыштық, асқақтық, менсінбеушілік.
3. Өзіне-өзінің қатынасы: өркөкіректік, тәкаппарлық, мақтаншақтық, өзімшілдік, қарапайымдылық, кішіпейілділік.
4. Заттарға қатынасы: ұқыптылық, салдыр-салақтылық, заттарды ұстап тұтынуы, ұқыпсыздығы.
Мұндай ерекшеліктер адамның азаматтық қасиеттерін көрсететін негізгі және өзекті сипаттары болып табылады. Олар адамның қоғамдық қарым-қатынасы және әлеуметтік типтік ерекшеліктері. Ал мінез құрылымының ерекшеліктеріне мыналар жатады:
1. Мінездің терендігі. Бұл қасиет адамның қоғам тарапына орай көпшілікке, ұжымға, еңбекке деген қатынасын білдіреді.
2. Адамның жеке басының ерекшелігі, белсенділігі. Бұл қасиет мінездің күші. Осыған орай, адам мықты, жақсы, тұрақты және нашар мінезді болып келеді.
3. Мінездің тұрақтылығьшың, бейімделгіішігінің ерекше мәні бар. Мұндай адамдар әрқилы қиыншылықтарға ұшырағанда табандылық, төзімділік пен бейімделгіштілік көрсетіп, мінездің күшін аңғартады.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Мінез. Мінез типологиясы

шағым қалдыра аласыз