Мінез-құлық модельдері мен конфликтілік мінез құлықтың ерекшеліктері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Мінез-құлық модельдері мен конфликтілік мінез құлықтың ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Тұлғаның мінез-құлық,конфликтілік мінез-құлық ережелері
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Мінез-құлық модельдері және конфликтілік мінез-құлықтың ерекшеліктері»

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Қазақстан бойынша ең беделді жоғарғы оқу орындары арасында көш бастап тұр. Тарих қойнауы 1934 жылдан бастау алып, қазіргі уақытқа дейін жеткен белестері мен жетістіктерін санап айту мүмкін емес. Посткеңестік елдер арасында, әлемдік үздік университеттердің қатарына бірең-сараңы ғана кіреді, сол оқу орындарының қатарына КазҰУ-да бар. QS әлемдік рейтингінде 175-орынға ие болған әл-Фараби әлемдегі ең үздік 200 университеттің қатарына енген жалғыз Қазақстандық университет болып табылады. ҚазҰУ пәндік рейтингі бойынша QS рейтингінде екінші жыл жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, серпінді түрде алға жылжуда. ҚазҰУ-ға қабылдау мемлекеттік білім гранттары бойынша және келісім-шарт негізінде жүзеге асырылады. 180-нен астам мамандық бойынша мамандар даярланады. Осы мамандықтардың 17-ін даярлау бағытында үздіктер көшінде. Оқу орны қабырғасында психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Біз 1 курс көлік қызметтері мамандығында даярлау сабақтары қатарында психология пәнін қатар оқимыз.

Психология біздің өмірімізде маңызды рөл атқарады, өзімізді және басқаларды түсінуге және айналамыздағы әлеммен тиімді әрекеттесуге көмектеседі. Психологияның маңыздылығы біздің өміріміздің барлық салаларында, жеке қарым-қатынастан бастап кәсіби өсуге дейін көрінеді. Психология пәнін және оның ерекшеліктерін түсіну жеке және айналамыздағы адамдардың өміріндегі қиыншылысқтармен күресе білуге өз әсерін тигізеді. Ал бүгінде біз психология ғылым ретінде өсіп келе жатқанын сеземіз, өйткені бұл қазіргі қоғамда әрбір адам өзін табатын өмір саласы.

Экономика факультетінде психология пәні бойынша дайындау да артта қалмайды. Үздік пән мұғалімдері көптеген тақырыптарды егжей-тегжейлеріне дейін түсіндіріп, ашық-талқылау жүргізеді. Сондай тақырыптардың біріне, көптеген жерде қызу талқуға түсетін “мінез-құлық модельдері және конфликтілік мінез-құлықтың ерекшеліктерін” алдық.



Психологияда әлеуметтік процестерге қатысты әлеуметтік мінез-құлық дегенді қарастырады. Қоршаған әлеуметтік ортаның реакциясына қатысты туындайтын реакцияға физикалық және әлеуметтікқажеттіліктерді қағанағаттандырумен байланысты болатын мінез-құлықтың жиынтығы жатады. Оның объектісіне жеке адам және топтарды жатқызамыз.

Мінез-құлық моделі - адамдардың немесе жүйелердің шешім қабылдау және қоршаған ортамен әрекеттесу тәсілдерін сипаттайтын тұжырымдамалық немесе математикалық құрал. Бұл тұтынушылардың мінез-құлқын болжайтын модель, адамдардың жаңа дағдыларды қалай игеретінін түсіндіретін оқу моделі немесе адамдардың баламалардың арасында қалай таңдау жасайтынын түсіндіретін шешім қабылдау моделі болуы мүмкін. Мұндай модельдер экономикада, психологияда, әлеуметтануда және басқа салаларда адам мінез-құлқын болжау және түсіндіру үшін қолданылады.

Мінез-құлық моделін таңдау дегеніміз күнделікті өмірде, қарым-

қатынаста қажетті нәрсе, адамды коммуникабелді, сүйкімді жасауға

көмектеседі. Олар негізінен бірнеше жіктемелерді құрайды: ресми қарым-

қатынаста және ресми емес қарым-қатынаста (отбасылық, достармен)

қолданылатын моделдер және олар белсенді (агрессивті модель) және енжар (қорғаныс моделі) деп те бөлінеді.Өмір талаптарына сай этикет (алдын ала белгіленген) және стратегиялық модельдер болады. Этикет моделі әрбір мамандықа жазылған этикалық талаптар, мысалы дәрігерге бөлек, дипломатка бөлек міндеттер қойылады.


Конфликт ұғымына анықтама берсек, конфликт дегеніміз– адамдардың қызығулары, қажеттіліктері, мақсаттары, түсініктері мен көзқарастары бір-біріне қарама-қайшы келетін және бір-біріне деген жағымсыз (негативті) қатынастың әсерінен туындайтын әлеуметтік құбылыс.

Конфликт карым-қатынас барысында туындайды. Қақтығыс, конфликт адамдар арасындағы қарым-қатынас психологиясының негізгі бір сұрағы, конфликтінің пайда болуын, шығу себептерін, факторларын, конфликтілік жағдайларды, оның түрлерін, технологиясы мен механизмін, дамуы немесе тежелуін, оларды болдырмау немесе шешімін табу жолдары сияқты мәселелерді психологияның бір негізгі саласы конфликт психологиясы карастырады.

Конфликтінің құрылымы:

Конфликт = Конфликті жағдай + Инцидентдеген формуламен көрсетуге

болады. Конфликтілі жағдай-конфликтінің пайда болуына арналған жағдай.

Ондай жағдай конфликтіге айналуы үшін сыртқы әрекет, түрткі және

шиеленіс қажет.

Инцидент (себеп)-қарсы жақтың қызығушылықтарына кедергі

келтіретін қатысушы екінші жақтың іс-әрекеті болып табылады. Үшінші

жақтың да әрекеттері инцидент ретінде есептелуі мүмкін. Мысалы,

басшылықпен қиын өткен сұқбат кезіндегі әріптесінің ашуды келтіретін

сөздері.

Конфликтінің функциялары:кез келген конфликт позитивті

(конструктивті) және негативті (деструктивті) функция атқарады.

Конфликтіні шешу жолдары:

1. Компромисс;

2. Конфронтация;

3. Кету;

4. Мәжбүрлеу;

Компромисс – өзара келісімдер арқылы қол жеткізілетін келісім. Мәселені

жоюға көмектеседі.Конфронтация- қарсыласу әдісі ретінде екі жақта да

қолданылады: әрқайсысы өз қалауы бойынша. Ешкім жеңілгісі, ештеңеден

бас тартқысы келмейді, сондықтан қақтығыс тоқтауға келгенде - үшінші

тарап қажет.

Қорытындылай келе, мінез-құлық үлгілері әртүрлі контекстердегі адам мінез-құлқының әртүрлі аспектілерін түсінуге және талдауға арналған қуатты құрал болып табылады. Олар адамдардың неліктен белгілі бір шешімдер қабылдайтынын және олардың қоршаған ортамен қалай әрекеттесетінін түсіндіруге көмектеседі. Атап айтқанда, модельдерді пайдалана отырып, жанжал мінез-құлқының сипаттамаларын зерттеу қақтығыстардың себептерін, оларды шешу мен алдын алуды жақсы түсінуге көмектеседі. Қақтығыс жағдайларын талдау және оларды басқару стратегияларын әзірлеу үшін ойын теорияларын, шешім қабылдау теорияларын және әлеуметтік психологиялық модельдерді қоса алғанда, мінез-құлықты модельдеу тәсілдерін қолдануға болады.





Тленчиева Н.С.

Педогогика ғылымдарының кандидаты.

Жусупекова Ә.Ж.

Клиникалық психология мамандығының 1 курс магистранты.

Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.


Бейсенбай Мейірлан

Көлік қызметтері 1 курс студенті

Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.05.2024
548
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі