Мінез-құлық психологиясы
Әл-Фараби Қазақ ұлттық университетің жетістіктері мен ерекшеліктері айтсак болады.Ректордың айтуы бойынша, бүгінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ – әлемдегі 200-топ үздік ЖОО қатарына енген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз университет. QS жаһандық рейтингі бойынша білім ордасы 165-ші орында. Ұлттық рейтингтерде де үнемі көш бастап келеді.
Университет мемлекеттік және халықаралық стратегиялық міндеттерді шешуде айтарлықтай әлеуетке ие.500-ден астам, оның ішінде, алыс және жақын шет елдердің жетекші университеттерімен бірлесіп әзірленген білім беру бағдарламалары жүзеге асырылуда.
Ғылыми мақалалар бойынша да көшбасшы болып табылады және рейтингтік басылымдардағы әрбір бесінші қазақстандық жарияланым ҚазҰУ ғалымдарына тиесілі.2020 жылы университет беделді «Вэб оф Сайнс» деректер қорының «Ғылым көшбасшысы» сыйлығының үш номинациясына ие болды.
Университет жаһандық трендтерді ескере отырып, жаңа бағдарламаларды енгізуде. Атап айтқанда, Нейроғылым, Креативті индустрия, Цифрлық экономика, Экологиялық инжиниринг, Медиакоммуникациялар, Деректер туралы ғылым, Цифрлық мұрағаттану және құжаттану, Басқарудың интеллектуалды жүйелері, Наноматериалдар және нанохимия.
Жоғары оқу орнындағы басымдықтардың бірі – студенттерге әлеуметтік қолдау болып табылады. Қазіргі таңда бір мыңнан астам әлеуметтік осал санаттағы «оқу озаттары» мен «жақсы оқитын» студенттер оқу ақысына 10-нан 25%-ға дейін жеңілдік алып отыр. Демеушілер қатарында 50-ден астам ұйым мен компания бар.Университетке халықаралық деңгейдегі ғалымдар, АҚШ және Еуропа ЖОО-ларында, оның ішінде Кембриджде сабақ беру тәжірибесі бар Уалбай Өмірбаев және Базбек Дәулетов сынды профессорлар тартылған. Университеттің 400-ден астам оқытушысы «ЖОО-ның үздік оқытушысы» грантының иегері болып табылады, бұл елдегі гранттардың жалпы санының 20 пайызын құрайды.
Мен Ал- Фараби Университетінің 1-курс студенті ретінде модельдік жүйедегі психология сабағы бойынша ең қызық тақырыптардың бірі мінез-құлық тақырыбын қарастырайық.
Адам бойындағы Мінез-құлықтың бастапқы көрінісі – қылық. Мұнда әр адамның өмірлік бет алысы, бағыт-бағдары, талғам-сенімі, көзқарасы, мақсат-мұраты көрініс береді. Адам өзін-өзі бақылау жасау арқылы мінезіндегі мінін түзеуге, жағымсыз әрекет пен қылықтардан өзін тыйып ұстауға мүмкіндік алады. Мінез-құлық. Адамның өзіне, айналасындағы басқа адамдарға қарым-қатынасынан, жүктелген істі қалай орындайтынынан көрінеді. Бұл оның бүкіл тыныс-тіршілігіне әсер етіп, сыртқы ортамен байланыс жасауын қамтамасыз етеді.
Өз қажеттілігін қанағаттандыруда түзілген психикалық және физиологиялық үдерістер жиынтығын мінез-құлық деп атаймыз. Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология дейді.Адам ағзасы басқа тірі ағзалар сияқты өзінің биологиялық қажеттілігін қанағаттандыруға ұмтылады. Осы арқылы ағза өзінің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтап отырады. Адам ағзасы өз қажетін қанағаттандыру үшін үнемі тамақтанады, тыныс алады және т.б. Соған байланысты өседі, дамиды және тіршілігін жалғастырады. Адам қоғамдағы өз мінез-құлығы аркылы әлеуметтік және рухани қажетін қанағаттандырады. Мұндай қажеттіктерге еңбек етуі, білім алуы, шығармашылық жұмысы, білгенін басқаларға үйретуі және т.б. жатады. Адам өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін міндетті түрде алдына мақсат қояды. Ішкі сезімге беріліп, ойлайды, қиялданады, есіне түсіреді. Мұның бәрі әр адамның жеке ішкі сезімі арқылы миында алдын ала бейнеленеді. Бұлар адамның психикасына тән қасиеттер. И. М. Сеченов адам психикасы мен жоғары жүйке қызметінің рефлекстік сипатының ұқсастығына ерекше мән берді. Психология ғылымының физиологиямен өте тығыз байланысты екенін атап көрсетті.Адамның мінез-құлығын және жануарлардың мінез-қылығын зерттейтін ғылымды этология (гр. «еtһоs» - мінез, «logos» - ілім) дейді. Рефлекс — жүйке қызметінің негізі, оның түрлері. Адам денесіндегі барлық тіршілік үдерістердің тікелей жүйке жүйесінің басқаруымен жүретіні өздеріңе белгілі (жүйке жүйесін, рефлексті естеріңе түсіріңдер). Ағзаға сыртқы және ішкі ортаның өзгерістері тітіркендіргіш ретінде әс ккер етіп, рефлекс пайда болады. Рефлекс арқылы ағза үнемі өзгеріп тұратын сыртқы ортаның өзгерістеріне бейімделеді. Ішкі мүшелермен мүшелер жүйелері қызметтерінің үйлесімді жүруі рефлекс арқылы реттеледі. Рефлекс кезінде үлкен ми сыңарларының қыртысында сыртқы және ішкі ортадан келетін тітіркендіргіштердің әсері талданады.
ТленчиеваН.С
Психология ғылымдарының кандидаты
Жусипбекова.Ә.Ж.
Клиникалық психология мамандығының
1-курс магистранты.
Жалпы және қолданбалы психология кафедрасы.
Абзалұлы Ринат.
Көлік қызметтері 1-курс студенті.
Ал-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз