жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
Мінез-құлықты тәрбиелеу.11 сынып
Өзін-өзі тану сабақ жоспары
№ 11сабақ
Тақырып: Мінез-құлықты тәрбиелеу
Құндылық: дұрыс әрекет
Қасиеттер: адалдық, ақкөңілділік
Мұғалiм: Иманчиева Надежда Сериковна
Сынып: 11 сынып
Оқушылар саны:
Сабақ мақсаты: оқушыларға адамның мінезі, мінезді жетілдірудегі адамның мүмкіндіктері туралы түсінік бере отырып, дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Міндеті: •
Жақсы,
жаман мінез - құлықты ажырата білуге
үйрету; |
Ресурстар:үнтаспа, суреттер,нақыл сөздер |
Сабақ барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. 5 Т ережесін еске салу. 1.Тәртіп 2.Талап 3.Тыныштық 4.Тазалық 5.Татулық
Жағымды көңіл-күйге келу. «Нұрға бөлену» Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз.Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елесететіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балығы және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді,эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды шайып,жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз.Ол бірітіндеп күшейе түсуде.Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз.Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда.Қолымыз тек жақсы,ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарарыңызға тарады.Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда.Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға,тіліңізге тарады.Тіліңіз тек шындықты және жақсы,ізгі сөздер ғана айтады.Нұрды құлақтарыңызға бағқыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естейді. Нұр көздеріңізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінне жақсылықты көреді. Сіздің басыңыз тұгелдей нұрға бөленніп, басыңызға тек ізігі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңыздан сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз.Нұрды уақытша түсініспей,ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.Осы нұр бүкіл әлемге:барлық адамдарға,жан-жануарларға,өсімдіктерге,барлық тірі жанға таралсын....Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз:"Мен нұрлымын...Нұр менің ішімде...Мен Нұрмын" Осындай Нұр,Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз.... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде.Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.Рахмет.
|
Сабақ барысын талқылау:
https://www.youtube.com/watch?v=7bFlxlfHWZ4 |
3.Дәйексөз. «Адамда жақсы қасиеттер болмаса, Оған бақ та, бақыт та қонбайды ». Жүсіп Баласағұн
|
Жүсіп Баласағұни, Жүсіп Хас Хажиб Баласағұни - ақын, ойшыл, ғалым, мемлекет қайраткері.
Ата-бабамыз: «Жақсы мінез – жан сұлулығы», - деп бекер атпаған. Қарапайымдылық, адамгершілік, адалдық, өзгелерге жақсылық жасау, әр кез сабырлы болу сияқты ізгі қасиеттерді бір сөзбен : «Көркем мінез», - дейміз. Көркем мінез бақытқа бастайды. Көркем мінез жан дүниесінің тазалығына баланысты болады. Рухани әлемімізді, жан дүниемізді таза ұстап, ойымызды да, сөзімізді де, ісімізді де ізгілік жолына бағыттасақ, ол дағдыға айналып, көркем мінез қалыптасады. |
4. Әңгімелеу. «Аты аңызға аналған Атымтай» - Мәтінде не туралы баяндалған? - Атымтайды жомарт еткен қанда қасиеттер? - Өзіңізге көркем мінездің көмектескен кездері болды ма? Әңгімелеп беріңіздер. |
Оқулық 51 бет |
5.Шығармашылық жұмыс. 4-тапсырма. Абайдың афоризмін оқыңыздар. «Көзқарас – себеп – мысал - қорытынды» әдісін пайдаланып, пікірлеріңізді айтыңыздар.
«Жақсы мінезді қалыптастыру құпиясы» атты бейне-роликті көріңіздер, ой-пікірлеріңізді жазбаша түйіндеңіздер.
|
Оқулық 53-бет
https://www.youtube.com/watch?v=Mu4URyTpEwI
|
6.Топпен ән айту. «Адам бол, адам!» Сөзі:Ж.Молдағалиевтікі, Әні: Ә.Бейсеуовтікі |
|
7.Үй тапсырмасы. 57 бет, 7-тапсырма. «Көркем мінез – жан сұлулығы», «Мінез – жанның анасы» деген тақырыптардың біріне эссе жазыңыздар |
Оқулық , 57 бет |
8.Сабақтың қорытынды сәтi. Қорытындылай келе, жақсы мінезді болуға тырысуымыз керек және көркем мінезді адамдардан үлгі алуымыз қажет деп ойлаймын. Өйткені мінезі жақсы адамның өмірі де жақсы болмақ және ондай адам айналасындағы адамдарға, тіпті еліне үлкен септігін тигізе алады. Сондықтан, Алаштың ұлы тұлғасы Әлихан Бөкейханов: «Ұлтына, жұртына қызмет ету - білімнен емес, мінезден» деп айтқан. Әрине, кемшіліксіз адам болмайтыны рас. Меніңше, адамның бойында жаман мінезі болатын болса, оны түзетуге болады деп ойлаймын. Ол туралы Абай: «Мен егер закон қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім», – дейді. Яғни, «Мінезді түзетуге болмайды» деген қате пікір. Демек, өз боймыздағы жаман мінездірді жойып, тек жақсы мінездірімізді шыңдап, көркем мінез иесі болуға тырысумыз қажет. Бүгінгі сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет, сау болыңыздар. |
https://www.youtube.com/watch?v=7bFlxlfHWZ4 |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген