400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша практикантқа жазылған мінездеме
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Дүтбаева атындағы

Атырау гуманитарлық колледжі

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

мамандығының 3(9) ЖК тобының студенті

Абдрахманова Нұрай Райымбекқызына

Мінездеме


Абдрахманова Нұрай 2020 жылы 28 қаңтар – 16 наурыз аралығында Атырау қаласы Жұмыскер мөлтекауданындағы И. Тайманов атындағы орта мектебінде іс-тәжірибеден өтті.

Нұрайға 8д сыныбы бекітілді. Осы сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Алғашқы күндері әдістемелік көмек көрсетіліп, күнтізбелік жоспармен таныстырылды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын қалай құру керектігіне кеңес берілді.

Нұрай алғашқы күннен бастап өзінің белсенділігімен, ізденімпаздығымен көзге түсіп, ашық мінезімен оқушыларды төңірегіне топтастыра білді. Ол сабақтарына үнемі тыңғылықты дайындықпен келеді. Сабақ үрдісінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдалана білді. Көрнекіліктерді де жиі пайдаланып, оқушыларды топпен жұмыс істеуге бейімдеп отырды.

Қазақ әдебиетінен Д.Исабековтың «Әпке» драмалық шығармасы тақырыбына ашық сабақ өткізді.

Мектебімізде 8-сыныптар бойынша Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жоспарланған апталықтың жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен үлес қосты деп айтуға болады. Апталық аясында «Табиғаттың дарынды жаратылыс дарабозы» тақырыбында кеш өткізді. Бұл тәрбиелік шара мазмұндылығымен, жүйелілігімен, тартымды өткізілуімен көрермендеріне жақсы әсер етті.

Нұрай осындай сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуына, безендірілуіне өзіндік үлес қосты.

Сабақ үрдісінде өзін ұстауы, сөйлеу мәдениеті, оқушылармен қарым-қатынасы, өзіне сенімділігі, жауапкершілікті сезінуі, ұйымдастырушылық қабілеті, өз мамандығына деген қызығушылығы – Нұрайдың тәжірибе кезінде байқалған жақсы жақтары.

Нұрайдың келешекте өз пәнінің шебер маманы бола алатындығына сеніміміз мол.

Жоғарыда аталған жайларды ескере отырып кезектен тыс педагогикалық кеңестің шешімімен машықкер Абдрахманова Нұрайдың тәжірибесін 5(өте жақсы) деген бағамен бағалаймыз.


Мектеп директорының

міндетін атқарушы: ______________ Карабалина М.С.


Пән мұғалімі ______________ Айтжанова Г.Е.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17.02.2024
478
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі