400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Мінездеме

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша практикадан өткен студентке жазылған мінездеме.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қ.Дүтбаева атындағы

Атырау гуманитарлық колледжі

«Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі»

мамандығының 3(9) ЖК тобының студенті

Ерғалиева Жаңылсын Ерғалиқызына

Мінездеме


Ерғалиева Жаңылсын 2020 жылы 28 қаңтар – 16 наурыз аралығында Атырау қаласы Жұмыскер мөлтекауданындағы И. Тайманов атындағы орта мектебінде іс-тәжірибеден өтті.

Жаңылсынға 8в сыныбы бекітілді. Осы сыныпқа қазақ тілі мен әдебиетінен сабақ берді. Алғашқы күндері әдістемелік көмек көрсетіліп, күнтізбелік жоспармен таныстырылды, қысқа мерзімді сабақ жоспарын қалай құру керектігіне кеңес берілді.

Жаңылсын алғашқы күннен бастап белсенділігімен, ізденімпаздығымен көзге түсіп, өзінің салмақты мінезімен оқушыларға үлгі бола білді. Ол әр сабағына тыңғылықты дайындалып отырады. Сабақ үрдісінде оқытудың белсенді әдіс-тәсілдерін тиімді пайдаланып қана қоймай, тақырыпқа байланысты көрнекіліктерді де орынды пайдаланды.

Мектебімізде 8-сыныптар бойынша Ұлы ақын А.Құнанбайұлының 175 жылдығына орай жоспарланған апталықтың жоғары деңгейде өткізілуіне үлкен үлес қосты деп айтуға болады. Апталық аясында «Табиғаттың дарынды жаратылыс дарабозы» тақырыбында кеш өткізді. Бұл тәрбиелік шара мазмұндылығымен, жүйелілігімен, тартымды өткізілуімен көрермендеріне жақсы әсер етті. Шараны өткізуде оқушыларды қатыстырып қана қоймай, өзі де Абай өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқып, өзін тағы бір қырынан танытып, оқушыларға үлгі бола білді.

Жаңылсын осындай сыныптан тыс жұмыстардың ұйымдастырылуына, безендірілуіне ғана емес, Ұлы ақын мұраларын насихаттауға да өзіндік үлес қосты.

Жаңылсынның сабақ үрдісінде өзін ұстауын, сөйлеу мәдениетін, өзінің салмақты мінезімен оқушылардың жүрегіне жол таба білуі мен олармен қарым-қатынасын, өз

мамандығына деген ынтасын жоғары бағалауға болады.

Жаңылсынның болашағынан үміт күттірер білікті маман бола алатындығына сеніміміз мол.

Жоғарыда аталған жайларды ескере отырып кезектен тыс педагогикалық кеңестің шешімімен машықкер Ерғалиева Жаңылсынның тәжірибесін 5(өте жақсы) деген бағамен бағалаймыз.



Мектеп директорының

міндетін атқарушы: ______________ Карабалина М.С.


Пән мұғалімі ______________ Айтжанова Г.Е.









Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
17 ақпан
409
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі