мінездеме бастауыш сынып мұғаліміне

Тақырып бойынша 11 материал табылды

мінездеме бастауыш сынып мұғаліміне

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғаліміне мінездеме
Материалдың қысқаша нұсқасы



Шұбарши мектеп –бөбекжай -балабақшасының

Бастауыш сынып мұғалімі Төлеуова Сұлу Қобыланқызына

Мінездеме


Төлеуова Сұлу Қобыланқызы Ақтөбе гуманитарлық колледжінің түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Ол еңбек еткен 11 жылда талай жетістіктерге жетіп, мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып мектептің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Халықаралық Өрлеу –Өркендеу журанлының ұйымдастыруымен «Үздік педагог — 2022» байқауына қатысып «Үздік педагог» номинациясына ие болды.
Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өздік танымдық біліктілігін дамыта отырып, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру.

Сабақ беретін 1 «А» сыныбында қабілетті және үлгерімі төмен оқушылармен арнаулы іс — жоспары бойынша жеке жұмыс жүргізіп, саралап, даралап оқытуда. Елімнің болашағы деп үміттенетін бүгінгі жас ұрпаққа білім нәрін сеуіп, еңбексүйгіштік пен адамгершілікке тәрбиелеп, білімі мен өнегесін кішкене бүлдіршіндерге арнап, бойындағы бар күш — жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайтын Саұлудың еңбегі ерекше.
«Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту» тақырыбында шығармашылықпен жұмыстанып, оны үнемі сабақта қолдануда.
Сонымен қатар С
ұлу бастауыш сыныптар бірлестігінің жетекшісі. Ол мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласады. Ұжым ортасында беделді, адамгершілігі мол, мінезі ашық, жас мамандарға көмектесіп отырады. Ол адамгершілік, сыйластық деген ұғымдарды бірінші орынға қояды. Ұжыммен тіл табысқыш, ибалы, кішіпейіл, қарапайым ұстаз. Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол екі баланың анасы, аяулы жар.
Төлеуова Сұлу заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.









Мектеп директоры  А.Нуржанова



Шұбарши мектеп –бөбекжай -балабақшасының

Бастауыш сынып мұғалімі Багындыкова Жанар Туребековнаға

Мінездеме


Багындыкова Жанар Туребековна Ақтөбе гуманитарлық колледжінің түлегі, бастауыш сынып мұғалімі. Еңбек жолында мектепшілік, аудандық сайыстарға қатысып жүрген ұстаздардың бірі. Еңбек жолында аудандық, мектепішілік алғыс хаттар мен марапаттар иеленген. Мұғалімнің ретінде оқушылардың шығармашылығын арттыра отырып, оқушының жан дүниесін түсіне білетін ибалы ұстаздардың бірі.. Білімі мен өнегесін шәкірттеріне арнап, бойындағы бар күш-жігерін шәкірт тәрбиелеуге жұмсайды. 

Мектепте өз бойындағы еңбекқорлығымен, білім беруге деген адалдығымен, жаңашылдығымен, ұйымдастырушылық қабілетімен, жауапкершілігімен ерекшеленеді. Өз ісіне ұқыпты. Оқушылар, ата-аналар, құрбы-құрдастар, ауылдастар арасында беделді, пікірі салмақты. Оқушылардың білім сапасын көтеру мақсатында ақпараттық-коммуникативтік технологияны кеңінен пайдаланады. Әріптестеріне, әсіресе жас мамандарға көмегін аямайды.

Сонымен қатар Багындыкова Жанар мектептегі қоғамдық жұмыстарға да белсене араласуда. Ол жасының келгеніне қарамастан өзінен кейінгі ұстаздарға да қол ұшын созуға дайын, үлгілі ұстаздардың бірі.Білімін үнемі жетілдіріп отыратын, білім мен тәрбиені ұштастырған ұстаз ғана емес, ол 4 баланың аяулы анасы, аяулы жар.

Багындыкова Жанар заман талабына сай, қоғамға лайықты білімді де, білікті ұстаз екеніне сеніміміз мол.











Мектеп директоры  А.Нуржанова

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.03.2024
2082
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі