Материалдар / "Мінезі жібек жеңгелер! ” коучинг-сессия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Мінезі жібек жеңгелер! ” коучинг-сессия

Материал туралы қысқаша түсінік
«Даналық мектебі» клубының қызметінен күтілетін нәтиже: позитивті ата-ана мәдениетін қалыптастыру және өскелең ұрпақты тәрбиелеудің өзекті мәселелерін шешу үшін аға буынның тәжірибесін табысты пайдалану
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2023
440
2 рет жүктелген
1300 ₸
Бүгін алсаңыз
+65 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +65 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:  “ Мінезі жібек жеңгелер! ” коучинг-сессия

Мақсаты: Жеңге мен қайын сіңлі арасындағы өзара сыйластықты, бір-біріне деген сүйіспеншілікті нығайтып, ана мен бала, жеңге мен қыз арасындағы тәрбиені одан әрі дамыту,  адамгершілік қасиеттерін ,Отанын, тілін, қазақи салт-дәстүрді құрметтей білуге, ұлттық  салт-дәстүрді қадірлеуге, туыстық қатынас, соның ішінде жеңгесінің алар орны мен рөлін  ұғынуға тәрбиелеу. Халқымыздың бойына ғасырлап сіңген ұлттық мінез, ұлттық тәрбие, жақсы дәстүрімізді жаңғыртып, ұлағатты қасиеттерді сіңіріп, үлгі - өнеге алуға, шыншылдыққа баулып, ар тазалығын жоғары ұстайтын қылықты қыз тәрбиелеу және  жеңге мен қайынсіңлі арасындағы қарым - қатынасты нығайту.

Түрі: Жеңгелермен  коучинг-сессия

Әдіс - тәсілі: коучинг, тренинг, ойындар, психологиялық жаттығулар, әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі:  слайд, интербелсенді тақта, түрлі шарлар,   видеоролик,  жіп, ақ парақ, доп видеоролик

Жүргізуші:  Құрметті, қадірменді аяулы жеңгелер!

 Құтты болсын осы шаттық күніңіз
 Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
 Қуанышты жүзіңіз бен әрдайым
 Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
 Жарқыраған қызыл гүлдей
 Болсын әсем өміріңіз
 Сәуле шашқан әсем күндей
 Көтерілсін көңілдеріңіз – деп сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық,   тек қана игі жақсылықтар  тілеймін.

-                     Бүгін сіздермен  коучинг-сессия  өткелі отырмыз. Коучинг-сессия дегеніміз не? – деп отырған боларсыздар. Соған тоқталып өтейік.

Қазақ дәстүрінде жеңгенің орны ерекше. Жақсы жеңге шешенің орнын жоқтатпайды. Босаға аттаған келін қайын жұртын бақытты қыламын, шаңырақты шаттыққа бөлеймін деп келеді. Бұл мақсатына жету үшін ол қайнылары мен қайынсіңлілерімен тез тіл табысып, етене араласып кетуі тиіс. Қайынсіңлілері сырласындай, қайнылары құрдасындай болып кеткен жаны жайдары жеңгелеріміз арамызда аз емес

        ТРЕНИНГ ЕРЕЖЕСІ
*Күлімсіреу;
*Бір - біріне кедергі жасамау;
*Өзгенің пікірін сыйлау;
*Сөзді бөлмеу, тыңдау;

      КЕЗЕҢДЕРІ

1.     Танысу  

2.    Энерджайзер «Менің күнім»

3.     «Менің сүйікті әндерім» жаттығуы

4.    «Құбыр» тренингі

4. «Сырымыз бір жеңгелер» сұрақ- жауап

6.   «Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам»

7.    «Жүрек  жылуы» жаттығуы

             


  1.Танысу  

Шарты: Ата-аналар   өзінің есімін және жұмыс орнын немесе айналысатын қызмет түрін айтады.

                2. Энерджайзер

Қазір «Менің күнім» атты энерджайзер өткіземін. Энерджайзер дегеніміз – психологиялық ойын деген сөз.

Шарты: Алдарыңызда тұрған параққа күннің суретін салып, жан - жағына шуақтарын салыңыздар. Дәл ортасына өздеріңіздің күндеріңіз қайныңыз немесе қайынсіңіліңіздің есімін жазып, сипаттап беріңіз. (3 минут)

Қорытынды. Туыстарыңыздың жылы сөздерді үнемі айтудан жалықпаңыздар


3. Зерделі болса жеңешем (ситуациялық сұрақтар)

1.     Егер сіз қайынсіңліңіздің достарымен түнге қарай көп қыдыратынын, бейәдеп қылықтарын байқап қалсаңыз қандай шара қолданар едіңіз? Егер де ол достарынан қол үзгісі келмесе қандай әрекет істер едіңіз?

2.     Егер сіздің қайынсіңліңіз мұғалімдермен тіл табыса алмай жүрсе, сіз де оның дұрыс деп мұғалімді кінәлайсыз ба?

3.     Қайынсіңліңіз сыныптасының туған күніне баруға рұқсат сұраса, ал мұғалімі бейхабар болса сіз жіберер ме едіңіз?

4.     Туған күнге кеткен қайынсіңліңіз түнгі 12 дейін келмесе не істер едіңіз?

4.«Құбыр»  жаттығуы

Қажетті құралдар: А4 қағазы (қатысушылар санына орай)

Шарты:  Қатысушыларға бір А4 қағазы беріледі. Қағазды екі бүктеп қолдарымен астау кейпіне енгізеді. Барлық қатысушылар қолдарындағы астауша тәріздес иілген қағазды бір-біріне қосып беті ашық құбыр жасайды. Дайын болған кезде нұсқаушы кішкентай допты жібереді. Қағазды үзіп алмай допты өткізіп шығулары керек. Доп түсіп кеткен жағдай ойын қайта басталады.


5.   «Сырымыз бір жеңгелер» (сұрақ-жауап)

1.     Жеңгесінің қызға еркелетіп қойған аты?

2.     Қайынсіңлісінің мінезі қандай?

3.     Қайынсіңлісінің досы кім?

4.     Қыздың алдына қойған мақсаты?

5.     Сыныптастарымен, достарымен, мұғалімдерімен ренжіскенде қандай күйде болады?

6.     Жақсы көретін әні?

7.     Ақын, өнер адамдарынан кімге еліктейді?

8.     Кіндік шешесі кім? Мінез-құлқында кіндік шешесіне ұқсастығы бар ма?

9.     Мүшел жасқа қашан толды?

10. Соңғы сән үлгісіне еліктей ме әлде барды таза үйлесімді кие ме?

11. Білім алып жүрген мектебі туралы  ойы?

12. Сүйіп оқитын пәні?

13. Жұлдызнамасы?

14. Хоббиі

1.     «Қара шаңырақ», «Үлкен отау», «Кіші отау» сөздерінің мағынасын ашып беріңіз?

2.     Неге «Жеті атадан қыз алыспайды» мағынасын түсіндіріңіз?

3.     Отбасындағы туыстығына қарай әр адамның дастархан басындағы  орнын сипаттап беріңіз? (ақсақал, отағасы, енші алған ұлдары, кенже, күйеу бала)

4.     Отбасындағы туыстығына қарай әйел адамның дастархан басындағы  орнын сипаттап беріңіз? (келін, ұзатылған қыздар, ұзатылмаған бойжеткен, ата - анасы,)

5.     «Байғазы» мен «көрімдік» салт-дәстүрлерінің мазмұнын  түсіндіріңіз, айырмашылығы неде?

6.     «Бастаңғы» және «қызойнақ» салтының мағынасын түсіндіріңіз және оны атап беріңіз?

7.     «Бәсіре» дегенді қалай түсінесің? (қыз ұзатылғанда немесе жиен алғаш келгенде меншіктеп аталынған ен салған мал)

8.     «Шарғы» қандай дәстүр? (ұзатылған қыз өзіне тетелес сіңлісінің басына тартатын орамал береді. Бұл- ендігі кезек сенікі, бақытыңды тап дегені.)

9.     «Ілу» кәде жоралғысын қалай түсінесің? (Жас келінді шақырғанда келіннің сол үйге әкелетін сыйлығы)

10. «Көзайым» дегеннің мағынасын түсіндіріңіз? (жақын адамды аңсатып, алыс жолдан келгенде қуаныш үстінде айтылатын жақсы ниетті білдіретін сөз)

(Сұрақтардың мазмұнымен таныстырып, әділқазы мүшелеріне бағалату, ұпайларын есептеу)


6. Мен жеңгемнің өнерін мақтан тұтам (жеңгесінің қолынан шыққан қолөнер бұйымдар көрмесі)

Асыл жеңгем маған болған сая бақ,

Жанына алып еркелетер аялап.

Қасиетті жеңгелер толып жатыр,

Қайынсіңлісін құрметтеген аялап.


7.«Жүрек жылуы» жаттығуы

- Құрметті жеңгелер! Өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік – дөрекілікке, қайырымдылық – қатігездікке, адалдық — арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.  Біз сіздермен жанұядағы жеңге мен қайын, қайын-сіңілі арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық. Отбасы, ұшқан ұя – жылылықтың, жылулықтың мекені.  Ендеше бүгінгі коучинг-сессиядан алған әсерлеріңізді айтып, талдау жасасаңыздар.

          

           Дөңгеленіп тұрайық,

           Керегені құрайық.

           Уықтар боп иіліп,

           Шаңыраққа киіліп

           Киіз үйді құрайық,- деп шеңберге тұрып, шаңырақ құрып   бір сөзбен қандай да бір жақсы тілек айтуымыз  керек.

    

Әке, Ана үш – ақ әріп тіршілік,

Үш әріптен үлбірейді гүл шығып.

Үш – ақ әріп дүниені танытқан,

Үш – ақ әріп қойған жыршығып – дей келе бүгінгі коучинг-сессиямызды  аяқтаймыз. Құрметті жеңгелер алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп рақмет.

 

 

 

































 

С.Асанов атындағы №38 жалпы білім беретін мектеп

коммуналдқ мемлекеттік мекемесі








Мінезі жібек жеңгелер! ”

коучинг-сессия











ДТІЖО: Досова Амина



2023-2024 оқу жылы









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!