Материалдар / Мінезіңе қарап мамандық таңда
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Мінезіңе қарап мамандық таңда

Материал туралы қысқаша түсінік
мектеп психологтарына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Ақпан 2021
394
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Баяндама

Мінезіңе қарап мамандық таңда

Студенттер арасында оқуын орта жолдан тастап кететіндер аз емес. Ал кейбіреулері дипломын алса да, мүлде басқа салаға ауысып жатады. Мұның себебі неде? Әрине себебе імынау деп, бір ғана мәселеге назар тіктеу артық шығар, бірақ психологтардың топшылауында да жан бар секілді. Олар мамандық таңдағанда темпераменнті есепке алуға кеңес береді. Демек сіздің ереңгі атқарар жұмыс, істер кәсібіңіз мінез-құлқыңызға сай болғаны дұрыс екен.



ХОЛЕРИКТЕР – қызуқанды келеді. Қиындықтан қорықпайды, елдің алдында жүруге талпынады. Айналасымен қарым-қатынаста тынымсыз, агрессивті, шамшыл. Сондықтан холерик жүрген жерде ұрыс-керіс жиі болады. Холерик темпераментінің жағымды жағы-энергиясы көп, белсенділігі басым әрі идеяшыл. Жағымсыз ағы – ұстамсыз, қатал, ызақор. Өзіне өте сенімді. Өз мүмкіндіктерін тым әсірелеп жіберетін тағы бар. Бұл адамдар тұрақсыз, бастаған жұмысын аяқсыз қалдырады. Басшылықтың айқанына көне бермейтін қыңыр. бірақ өте талантты. Сарқылған күшін жедел қалпына келтіре алады. Сондықтан холериктердің типіне сай келетін жұмыс эмоцияға толы, әркелкі болуы тиіс көрінеді. Психологтар дипломат, журналист, кәсіпкер, жүргізуші, тренер, менеджер, режиссер сынды мамандықтар холериктердің оң жамбасын келеді деп сендіреді.



ФЛЕГМАТИКТЕР – салмақты жандар. Олар өз күшін босқа сарп етпейді, бастаған істі аяғына дейін жеткізеді. Бос сөзді сүймейді. Баяулық пен селқостық – флегматиктердің осал тұсы. Оларға жиналып, қамдануға біраз уақыт қажет. Селқостық олардың стеропиптерінің оралымсыздығынан, жаңа жағдайға тез үйлесе қоймайтындығынан жақсы байқалады. Дегенмен, бұл қасиет мінездің тұрақтылығын көрсетеді, істі аспай-саспай тыңғылықты аяқтауға мүмкіндік береді. Флегматиктерұзақ уақыт жұмыс істеуге, сабырлықпен әрекет етуге бейім. Олар механик, электрик, инженер, агроном, жүргізуші, астроном, физик, математика т.б. мамандықтарды таңдаса, жолдары болады.



САНГВИНИКТЕР – адамдармен тез тіл тауып, шүйіркелесе кетеді, жұртты жатырқамайжы. Ұжым ішінде сангвиник көңілді, ақ-жарқын, іске бар ықыласымен кірісетін әуесқой адам. Бірақ ол ылғи қызықты іспен айналысқанда ғана осындай күйде болады. Мүндай іс жоқ кезде жабыраңқы , сылбыр жүреді. Сангвиник ойға жүйрік, өткір тілді, жаңаны тез қабылдағыш, зейінді келеді. Әртүрлі, көп қырлы жұмысты нәтижелі атқарады. Сондай-ақ табиғатынан басқарушылық қабілетке ие. Олардан ұжым тегіс сыйлайтын әділ бастық шығады. Психологтардың пайымдауынша, олар мынандай мамандықтарды таңдаса, жаңылмайды менеджер, мұғалім, дәрігер, психолог, тәрбиеші, ұйымдастырушы, сатушы т.б.



МЕЛАНХОЛИКТЕР –аса сезімтал. Сондықтан жаны тез жараланғыш келеді. Тіпті ұсақ –түйек дүниелердің бәріне қатты мұңаяды немесе қатты қуанады. Психологтар мұңы меланхоликтердің күшті сезіне білу қабілетінен деп есептейді. Тұйық, қиын жағдайлардан жол тауып шығуға олақ, адамдардан оқшау жүргенді ұнатады. Қауіпті жағдайлардан қорқады. Үйреншікті жақсы, тату ұжым арасында меланхоликтер өзін жақсы ұстайды, жұрпен қарым-қатынасқа түсіп, қолға алған ісін нәтижелі орындай алады, кедергілерді жеңіп, табандылық көрсетеді. Ал енді меланхоликтер қандай мамандықтарды таңдағаны дұрыс? Суретші, тігінші-модельер, бояушы, сазгер, жазушы, мал дәрігері, геолог, агроном, зоотехник т.б.



Педагог-психолог: Ауелбеков Нургали

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!