400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 26 материал табылды

Міржақып Дулатов. «Қыс»

Материал туралы қысқаша түсінік
өлеңді мәнерлеп оқу
Материалдың қысқаша нұсқасы

Picture 2 Идрисова Динара Исмайловна

184 негізгі мектебінің бастауыш сынып

мұғалімі

Қызылорда облысы

Жаңақорған ауданы

Қожакент ауылы





Әдебиеттік оқу 2 сынып
Тақырыбы: Міржақып Дулатов. «Қыс»
Мақсаты: 1. Міржақып Дулатов туралы мәлімет бере отырып, «Қыс» өлеңінің мазмұнын, мағынасын меңгерту.
2. Ақынның қыс мезгілін суреттеуі, суық аязды жалтаң аяққа теңеуі арқылы оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
3. Оқушыларды бірізділікке, шапшаңдыққа, суретпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Түрі: дәстүрлі емес
Типі: жаңа материалды меңгерту
Принциптері: білімнің түсініктілігі мен өмірмен байланыстылығы, жүйелілік пен бірізділік, саналылық пен белсенділік, көрнекілік.
Әдістері: түсіндіру, баяндау, тірек - сызба, сөздік жұмыс, тізбектеп оқыту, көрнекілік.
Пәнаралық байланыс: математика, дүниетану, қазақ тілі.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, табиғат суреті, ақынның суреті, тірек - сызба, сөзжұмбақ.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық
Сәлеметсіздер ме, балалар? Көңіл - күйлеріңіз қалай? Отырыңыздар. Сабаққа қажетті құралдарымызды алып, сабаққа дайындалып отырамыз.

Қайырлы күн, ұстазым!
Қайырлы күн досым.
Бейсенбінің сәті
Қуанышқа толсын!
Біздің алар бағамыз
Тек «5» қана болсын.

2. Жаңа сабаққа дайындық
Тақырыпты ашу
Бәріміз назарымызды тақтаға аударайықшы. Бұл жерден не көріп тұрмыз? – Сөзжұмбақ. Иә, олай болса мына жұмбақтарды шешу арқылы біздің «Аяз» деп аталатын сөзжұмбағымыздың жауабы шығады.



а



я




з


Жұмбақтар. 1.Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады

2. Есіктен кіреді еңкейіп

Төрге шығады қампайып

МПрямая соединительная линия 3 іржақып Дулатов

3 Shape4 Shape3 Shape2 . Отқа жанбас, суға батпас.
3. Жаңа материалды меңгерту
Сонымен, біз бүгін Міржақып Дулатов атамыздың «Қыс» атты әңгімесімен таныс боламыз.
Халық жүрегіне ерекше қымбат тұлғалардың бірі - Міржақып Дулатов. Әдебиеттің дамуына үлес қосқан, қаламгер және қоғамдық-әлеуметтік іске белсене араласқан қайраткер Міржақып Дулатов бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Қызбел атырабында 1885 жылы 25 қарашада дүниеге келген. Әкесі Дулат ескіше оқыған, өз дәулеті өзіне жетерлік шаруасы бар, қолы шебер адам болған.
 
Тірек - сызбамен жұмыс



Shape1

Shape7 Shape5 Shape6

Ақын, жазушы

«Оян, қазақ» кітабын жазған

Қостанай өңірінде туған







Қыс.

Желтоқсан жұлдызы. Қар көптеп жауып, нағыз қыс болды. Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды. Өзенді, көлді мұз қаптаған. Жұрт үстімен жүре бастады. Қалың қардан шөптің басы көрінбейді. Қыстыгүні аяз күшті болады. Үскірік борандар да аз емес.

Қыстыгүні үй жануарларына да бапсыз. Иелері жылы қораға шөп салып, бағып-қағады.

Адамның өзі де суықтан қорғанады. Жылы киім киеді. Үйлеріне от жағады.

Қыстыгүні жылқышыларға бек қиын: қандай суық борандарда күні-түні далада жүргені. Қасқырдан бір қорқып, бораннан екі қорқады. Жалтаң аяз көбінің беттерін қарыған.

Сабаққа таңертең баратын баланың да ертеңгі аяз есінен көпке шейін шығатын емес.


Әңгіме мазмұнын ашу
Сөздік жұмыс
Әңгіме не туралы жазылған? – Қыс мезгілі туралы. Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған? Адамдар суықтан қалай қорғанады? Сен қыста қалай киінесің?

Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, сынып жұмысын, ақынның аты - жөнін жазамыз. Туған жылын, тақырыпты жазамыз.
Жазу барысында оқушы қалай отыру керек? Денеміз тік, дәптеріміз қиғаш тұрады. Сөздік жұмысты көшіріп жазамыз.

Бапсыз – жайсыз

Бек қиын – өте қиын

Жалтаң аяз – үскірік, суық аяз

Қарыған - үсіткен

4. Сергіту сәті
Қане, орнымыздан тұрайық. Шаршаған шығармыз, ия? Ендеше сәл сергіп алайық.
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғап киіп аламыз.
Соқ-соқ-соқ, шапалақ соқ.
Тоңса біздің аяғымыз,
Етік киіп аламыз.
Топ-топ топылдап билейміз.
Тоңса біздің денеміз,
Тон киіп аламыз.
Зу-зу шанамен зулаймыз.


Көрнекілік әдісі
Әрі қарай, тақтадағы суретке қараймыз. Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың? Адамдар суықтан қалай қорғанады?



Тіл дамыту

Балаларға тапсырма ретінде мына жаңылтпашты жатқа айтуға беремін.
Жаңылтпаш
Қарға қара, қар ақ...
Қар жамылған дала ақ.
Дарақ та ақ, тал ақ,
Тағы не ақ? Санап,
Жаңылысты Қанат.
Енді жылдамырақ оқып көрейік. Тамаша! Жарайсыңдар!


Ойын: «Кім тапқыр?»
Ойын шарты: Қыс мезгіліне байланысты суреттерді ажыратып айтып, қыстырғышпен жіпке орнату.
Сұрақ-жауап
“Дала ақ тонын киіп, аяз үскір болады, үйлердің терезелеріне қырау тұрады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”
“Қоян аппақ болады, аю ұйқыға жатады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”
“ Ақ ұлпалар аспаннан ақ мамықтай жауады. Аяз, боран тек осы кезде ғана болады. Балақайлар айтыңдаршы, бұл қай кезде болады?”


5. Бекіту
Әңгімелесу әдісі арқылы бекіту
1. Бүгін біз қай ақынмен таныстық?
2. М. Дулатов қай жылдары өмір сүрген?
3. Ақын қай жерде дүниеге келген?
4. Ақынның қандай өлең жинақтары (кітаптары) бар?
5. Біз қандай өлеңімен таныс болдық?
6. Қыс әңгімесінде ақын не жайында айтады?
7. Әңгімеде жылқышының еңбегі туралы не делінген?
6. Бағалау
Бүгінгі сабаққа қатысқандарың бойынша бағалап өтемін. Өз ойларын ашық та нақты айтып, сұрақтарға толық жауап беріп отырған балалар, бәрің тиісті бағаларыңды алдыңдар.
7. Үйге тапсырма
Үйге тапсырма: әңгімеден өз түсінгендеріміз бойынша баяндап келу. Ауылымыздың қысын сипаттап жазу. Күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар.
8. Қорытынды
Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Несімен ұнамады? Қазіргі уақыт жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде неше ай бар? Оларды ата. Қазір қандай ай? Жақсы.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздар!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
593
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі