жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
«Мизам» мейрамхана бизнесін автоматтандыру
Мазмұны
|
КІРІСПЕ................................................................................................ |
3 |
1 |
ЖАЛПЫ БӨЛІМ................................................................................. |
5 |
1.1 |
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің пайда болуы................ |
5 |
1.2 |
«Мизам» мейрамхана бизнесінің автоматтандырылған берiлгендер қорын басқару жүйесiнің құралы................................... |
13 |
2 |
АРНАЙЫ БӨЛІМ............................................................................... |
39 |
2.1 |
Есептің қойылымы................................................................................ |
39 |
2.2 |
Есептің шешілу алгоритмі.................................................................... |
39 |
2.3 |
Пайдаланушыға нұсқау......................................................................... |
40 |
2.4 |
Программистке нұсқау.......................................................................... |
40 |
2.5 |
«Мизам» мейрамхана бизнесінің жұмыс орнын автоматтандыру бағдарламасы.......................................................................................... |
41 |
3 |
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ............................................................ |
46 |
3.1 |
Жүйеге қосылған барлық құрылымдардың шығынын есептеу... |
46 |
3.2 |
Жыл бойындағы эксплуатациондық шығындар экономиясы........... |
48 |
3.3 |
Өтелу мерзімі......................................................................................... |
49 |
4 |
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ БӨЛІМІ............................................................ |
51 |
4.1 |
Өндірістік санитария мен еңбек гигиенасы........................................ |
52 |
4.2 |
Өндірістік ғимараттардағы метеориялогиялық ережелер................. |
53 |
4.3 |
Өнеркәсіптік жылу мен (вибрация) дірілдеу...................................... |
54 |
4.4 |
Өндірістік жарықтандыру.................................................................... |
55 |
4.5 |
Электір қауіпсіздігі............................................................................... |
57 |
4.6 |
Өрт қауіпсіздігі...................................................................................... |
58 |
4.7 |
Төтенше жағдайлардың туындауын анықтау және жіктелуі............ |
59 |
4.8 |
Ауаны желдету...................................................................................... |
61 |
4.9 |
Желдеткіштің таңдалуы........................................................................ |
63 |
5 |
КОРЫТЫНДЫ.................................................................................... |
65 |
6 |
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР.................................................... |
66 |
7 |
ҚОСЫМШАЛАР................................................................................. |
68 |
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда компьютерлік техниканы қолданбай жұмыс істейтін оқу орындары‚ коммерциялық мекемелер және т.с.с. салалар жоқ деп айтсақ та болады.
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің пайда болуының алғышарттары 1960 жылдардың басында өндiрiстiк процестердiң күрделенуiне байланысты атқарылатын жұмыстардың қиындауынан бастау алады. Осы жылдары әлемде экономикалық жағдай күрделене бастады. Себебi жер бетiндегi халық санының өсуiне байланысты, олардың өмiр сүруiне қажеттi өндiрiстiк, кәсiпорындық өнiмдердi өндiрудiң интенсивтiлiгiн көтеру қажет болды. Сондықтан автоматтандырылған басқару жүйелерiне деген қажеттiлiк арта түстi. Сол жылдары тұңғыш есептеу машиналарының дүниеге келуi инженерлердiң, ғалымдардың өндiрiстi басқару процесiн бастан-аяқ қайта жобалауына және автоматтандырылған басқару жүйелерiн ұйымдастыруға мұрындық болды. 60-жылдары бастау алған бұл тұжырымдама 80 жылдардан бастап өмiрдiң қажеттiлiгiне айналды.
Қазiргi кезде автоматтандырылған басқару жүйелерiнiң мәселелерiмен әлемнiң АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Россия т.с.с. көптеген алдыңғы қатарлы елдерi айналысуда. Себебi автоматтаныдырылған басқару жүйелерi жеке адамдардың да, үлкен өндiрiс орындарының да жұмыс iстеу өнiмдiлiгiн жоғарылатып, экономикаға баға жетпес үлес қосады. Сондықтан да, алға iлгерiлеп дамып келе жатқан Қазақстан Республикасы үшiн де бұл өте маңызды да, тез шешiмiн табуы тиiс мәселе.
Автоматтандырылған басқару жүйелерінің тек өндiрiсте ғана емес, ғылым мен техниканың да жұмыс өнiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан да елiмiздiң көптеген ағарту, медицина, т.с.с. әлеуметтiк салаларын басқаруды автоматтандыру да өте өзектi мәселе. Автоматтандырылған басқару жүйелерiн құрып, пайдалануда елiмiздiң көптеген компанияларда мүдделі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: автоматтандырылған басқару жүйесін құру арқылы мейрамхана бизнесінің жалпы iс-қағаздарды жүргiзудi автоматтандыру мәселелерiн шешу жолдарын қарастыру болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
Жұмысқа қойылатын талаптар: құрылған «Мизам» мейрамхана қызметінің жұмысын автоматтандыру бағдарламасы қойылатын талаптарға сәйкес болуы және операциялық жүйелермен жақсы үйлесуі, қолдану тиімділігі, қолданушыларға жеңіл және түсінікті болуы.
Зерттеу объектісі: мейрамхана бизнесінің жұмыс процесі алынды, ал онда жүргізілетін iс-қағаздар ретінде, қызметкерлер және клиенттерді тіркеу, мәзір жіне құрамын, тапсырыс қабылдау және тапсырыс парағын баспадан т.б. автоматтандырылған бағдарлама даярланды.
Тақырыптың өзектілігі: «Мизам» мейрамхана бизнесі қызметінің жұмысын автоматтандыру бағдарламасын кез-келген жерде пайдалануға болады.
Тәжірибелік маңыздылығы және ғылыми жаңалығы: «Мизам» мейрамхана бизнесі мәліметтер қорына енгізіп, қағазбастылықты азайту мүмкіндігіне ие үшін құнды болмақ.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, мақсаты анықталып, оларға сәйкес зерттеу барысында шешілуі тиісті мәселелер айқындалды. Зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және іс-тәжірибелік құндылығы туралы мәліметтер көрсетілді.
Бірінші тарауда, автоматтандырылған басқару жүйелерiн құрудың теориялық және ақпараттық негiздерiне бағытталды.
Екінші тарауда бағдарламадағы негізгі формалардың дайындалу барысы, олардың қолданылуы жайлы және олардың жалпы көрінісі туралы ақпарат береді.
Үшінші тарау жұмыстың экономикалық тиімділігін.
Төртінші тарау еңбек қорғау және тіршілік негіздеріне сәйкестігін көрсетеді.
Қосымшада құрастырылған оқыту бағдарламасының графикалық және программалық коды келтірілген.
1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ
1.1 Автоматтандырылған басқару жүйелерінің пайда болуы
Басқарудың автоматтандырылған жүйелерiнiң пайда болуының алғышарттары 60-жылдардың басында өндiрiстiк процестердiң күрделенуiне байланысты жұмыстардың қиындауынан бастау алады. Тұтас алғанда әлемде экономикалық жағдай күрделене бастады. Сондықтан БАЖ құру қиындай түстi, ақпарат ағынының көлемi өстi. Сол бiр сәттерде тұңғыш есептеу машиналарының дүниеге келуi инженерлердi, ғалымдарды қайран қалдырып, өндiрiстi басқару бүкiл процесiн бастан - аяқ қайта ойлауға және БАЖ - ға көшуге мәжбүр еттi. Сол кезде - ақ басқаруда қызмет етушiлердiң саны көбейдi. БАЖ - дың дамуын бiрнеше этапқа бөлемiз.
1-кезең 60 - 70 жылдары өндiрiстi басқару БАЖ-ға көшiрiлдi. өндiрiстi басқарудың ұйымдастырылу құрылысы жатқызылды. Сол себептi БАЖ - ды енгiзуде алғашқы сәтсiздiктер болды. өйткенi өндiрiс оған дайынсыз кiрiстi. өндiрiстiң бей – берекеттiгi автоматтандырылды. Сонда да кейбiр өнiмдердiң материалдық техникалық жабдықтары автоматтандырылды. Мұның өзi экономикалық жағдайды дамуға жол бердi. 60 - жылдары БАЖ - ға тән шарттар.
БАЖ–ды енгiзудiң бұрын кәсiпорынды басқарудың ұйымдай құрылымын мұқият тексерiп шығу керек;
Есептелетiн ресурстар бойынша қызметтегi мiндеттердi шешуге тиiстi.
Басқару объектiсiн комплекстi түрде қамтитын дұрыс яғни техникалық процесстiң басқарудың бiр жүйесiнде кәсiпорынның экономикалық қызметiн бiрiктiру қажет.
2-кезең БАЖ – ның техникасының құралдары ретiнде II - буын ЭВМ – дерi пайдалану кәсiпорынды басқару жүйесi информациялық машина тасылғыштарына жеттi. Бұл қызметкерлердiң еңбек өнiмдiлiгiн тез артады, кiшi қызметкер де жұмыстарын автоматтандырады. Арнайы бiлiм талап ететiн және жауапкершiлiктi қажет ететiн қызметкерлер iсi автоматтындырады.
БАЖ – ды құруға арналған методикалық материалдар жазылды. Кейбiр шешiмдер модельдендi. Математикалық әдiстер қолданылады.
3-кезең. Қазiргi кезде БАЖ интегралдық жүйе болып табылады. өндiрiстi басқарудан бастап техникалық процестерге дейiнгi деңгей. Техникалық құралдар III буын ЭВМ – дерi алынады көп процессорлы комплекстi пайдаланады. Персональдi ЭВМ – дi пайдалана бастады.
Жобалау процесстерiн автоматтандыруға жол беретiн техникалық процесстер өрiстедi.
Дамыған елдер БАЖ барлық салаларға енгiзiлуде. Мысалы қолмен iстейтiн заттар айналымы автоматтандырылған.
Сондықтан да материалдарға және дайын өнiмдерге заявкалар толтырумен айналысатын жұмысшыларға қажетiлi тыйылады. Бiздiң елiмiздiң шаруашылықта қазiрдiң өзiнде кәсiпорындар мен ведомстволық бiрлестiктерде БАЖ жұмыс iстеуде. Практика оларды тиiмдi деп көрсетiп отыр. Әйтсе де қазiргi кезеңде автоматты жүйелер проблемалары комплекстi түрде тұр.
Кәсiпорындарда БАЖ бiр ғана мiндеттi орындауда. Көптеген мiндеттер шешiмi сатысында тұр. Ал кейбiреулерiн теория жағыана талдау жасап олардың қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.
БАЖ-ды жетiлдiру төмендегi бағытта жүргiзiледi.
ЭВМ есептерiн шешу көбеюде.
Алда тұрған мiндеттердi түзу кезiнде есептеу операцияларын автоматтандыру арқылы ең қиын, ең күрделi есептердi шешу. Мейлiнше жетiлдiрiлген арифметикалық, математикалық әдiстер қолданылды.
Машина информация өңдеуде, автоматты машинаның салмағы қол еңбегiнде арта түседi. БАЖ – ды ойдағыдай дамыту керек. Қабылеттi мамандар даярлау керек.
БАЖ-ға түсiнiк.
БАЖ жаңа түсiнiк болып табылады халық шаруашылығында адам орнын алмастырады және өнiмдi еңбек етедi. Басқару сапасын сипаттайтын бiр қатар емес және ең көп мағыналы мiндетiн басқарудың бiр жолын таңдау керек.
Автоматты жүйеде оның жұмыс iстеу кезеңiнен кейiн адамның араласуын талап етедi.
Мысалы информация әзiрлеу үшiн, информация тасылғыштарына жазылу үшiн оператордың белгiлi (клавиштi басу) қимылы керек. Машина тасылғыштарына әзiрлеген информация оператор тағы да ЭВМ – ге енгiзуi тиiс. ЭВМ – де информация өңдеу сәтiнде оператор машинамен сөйлесiп оның берген хабарлауын қадағалауы керек және өзiнiң директиваларын берiп отыруы керек.
Адам машиналар жүйесiнде маңызды болып саналатын бiр жағдай – шешетiн есептер нәтижелерiн басқару объектiсiне тiкелей әсер етпейдi. Ондай ықпал жасайтын ЭВМ берген хабарламаны алатын адам болып саналады.
БАЖ - дағы информация өңдейтiн ең басты техникалық құрал ЭВМ болып табылады. ЭВМ – нiң экономикалық, математикалық тәсiлдердi қолдану бiр ғана фактiсi басқару мiндеттерiн шешу үшiн БЖ – сi автоматтандырылды деуге болмайды. БАЖ ЭВМ – де басқару есептерiн үздiксiз жаппай шығаруды проблемасын бар болғаны кәсiпорынды қазiргi заманғы ЭВМ – мен жаңарту деп есептеу дұрыс емес. Басты нәрсе ЭВМ – де басқару есептердiң ауқымын кеңейту оларды үйлестiру. ЭВМ – дi шешiмдердi дәл де тез жасау үшiн қолдану қажет. БАЖ экономикалық объектi басқару ұйымдастыру формасы ол кибернетика және информатика ғылымдарының теориясына негiзделедi:
Кибернетика жанды және жансыз объектiлердiң басқару процесiн зерттейдi;
Информатика информацияны жинау, сақтау, өңдеу әдiстерiн зерттейдi.
БАЖ құруда экономикалық объектi өндiрiс процестi модельдеу және математикалық әдiс қолдану.
Бiздiң айнала қоршаған өндiрiстiк және шаруашылық объектiлер көптеген элементтерден тұрады. Қүрылымы өте күрделi және көп дәрежелi iшкi және сыртқы инфорциялық байлданыс өте күрделi басқару элементтерiнен және толық жүйемен жүзеге асыруға болады.
Жүйе бұл бiр – бiрiмен байланысты және бiрлесiп әрекет жасайтын көптеген, реттелген элементтер жиыны.
Элемент бұл қажеттi жағдайда жүйе ретiнде қарастыруға мүмкiншiлiк беретiн ары қарай бөлiнбейтiн структуралық бiрлiк.
Басқару жүйенiң алдында тұрған мақсатқа жетуге және жетудң жағдайын iске асыратын функция.
Басқару жүйесi басқарылатын (БО) және басқарылатын бөлшектерден тұрады. БО ресурстар (материал, отын) түседi. Олардың қимылы тексерiлiп және реттелiнiп отырылады. БО-ның жұмысы қоғамға пайдалы жұмыс етумен байланысты. Басқару бөлшегi бұл басқару органы. БО-ның жұмысын бақылайды. Белгiлi қалыптан ауытқымауын қамтамасыз етедi. Басқару органы басқару аппаратынан (қызметкерлерден) және информация жинайтын, сақтайтын, өңдейтiн техникалық құралдардан құрылып басқару шешiмдерiн қабылдайды. Жүйенiң жұмысы БО және басқару бөлшектiң тiке, керi информациялық байланыс арқылы бiрiгiп әрекет етуiнен жүзеге асады.
Iшкi информация тiке байланыс. Бұл жүйедегi элементтердi iс параметрлерiн белгiлейтiн информация тасқыны керi байланыс қабылдайтын басқару шешiмдерi. Сыртқы информациялық байланыстар. Бұл экономикалық объектiнiң жоғары бiрiгiп әрекет ететiнiн белгiлейдi. БЖ – нiң мiндетi информацияны қабылдау. Оны программа бойынша өңдеу және жүйенiң құлқын белгiлейтiн басқару шешiмдерiн қабылдау. Автоматтандыру адамның өндiрiс процессiнде қатысуын азайтатын техникалық – ұйымдық және экономикалық әрекеттер.
БАЖ-ды жұмыс iстейтiн белгiсi бойынша анықтау. БАЖ-ды ұйымдастыруды басқару өндiрiстiк шаруашылық басқару халық шаруашылығының барлық деңгейдегi әлеуметтiк экономикалық процесстер объектiсi. Олар тiкелей өндiрiстiк процесстердi басқару емес, жоспарлаудың бақылаудың техникалық экономикалық талдаудың мiндеттерiн шешу жолымен әкiмшiлiк ұйымдық басқаруға арналады. Сондай мiндеттердi шешудiң нәтижелерi негiзiнде экономикалық объектiлер мен көрсеткiштердi басқару үшiн басқарушылдық шешiмдердi тiзедi. өБАЖ, СБАЖ – дағы құрылымдық белгiлерi олардағы қызмет iстейтiн қызметкерлер заты мен еңбек нәтижесi экономикалық информация болып табылады. Саланың деңгейiнде тұтасысен саланы тұрақтандырудың өте зор ауқымдағы мiндеттерiн қарастырып шешедi. Кәсiпорын деңгейiнде кәсiпорынның үйлесiмдi басқару мiндеттерi шешiледi. ҐБАЖ алдына кәсiпорындар аппаратының әкiмшiлiк қызметiн ұйымдастыруды жақсарту ұйымдастыру шаруашылық экономикалық қызметтi басқару автоматтындыру проблеасы қойылады. Барлық кәсiпорындар бақылау барынша күрделi объектiлерi боып табылады. Бұл жердегi қиыншылық оларды толық қалыптастыру ешқандай мүмкiн емес. Ґйткенi өндiрiстi үздiксiз дамыту адам факторларының түгелдiгi өз еркi өзiне тиген адамдардың басқару процесiне қатысу және олардың әртүрлi қабылетi мен қасиеттердi меңгеруi бөгет жасайды. Олардың еңбегiнiң нәтижелерi көптеген жағдайлар мен факторларға байланысты. Басқару қарапайым тәсiлмен жұмыс iстеу көбiнесе қате шешiмдер қабылдауға әкеп соқтырады. Ґйткенi бiр тектес алынатын мағұлматтарға әртүрлi жарлықтар берiледi. Ёрине ондай жабдықтар басқару аппаратындағы басшыдан жиi болады. Мүндай шалағайлықтарды өБАЖ –нде басқарушылық мiндеттерiнен қалыптастыру жолымен жоюға болады және олар ЭВМ – де дұрыс шешiмiн табады. Бұл өндiрiстiк кеңiстiктегi материалдарды тасқыны түрiнде бейнеленуi мүмкiн.
Материалдар тасқыны сипатына сәйкес техникалық процестер үздiксiз және дискреттi (үздiктi) болып бөлiнедi.
Үздiксiз өндiрiс. Оның қатарына мұнайды қайтып өңдейтiн, газ, химия өнеркәсiптерiн жатқызамыз. ¶здiксiз өндiрiстiң өнiм энергия түрiндегi бiрқатар заттар ал техникалық параметрлi үздiксiз өлшемдер (концентраци, қысым, температура) болып табылады.
Дискреттi техникалық процес үздiктi өнiм шығаруға тән сипаталынуына тиiсiнше техникалық процесстердi осы сипатта жүргiзiледi. Дискреттi сипаттағы өндiрiске аспаптар, машина жасау кәсiпорындары жатады. Мүнда материал тасқыны үзiлiспен жеткiзiледi тиiсiнше техникалдық процесстер дискреттi параметрлермен (загатовка саны, жартылай фабрикаттар саны) сипаталады. Шығарылатын өнiмдер де соған жатады. Сондай – ақ әрбiр операция дискреттi өлшемдер (орындалудың басы және аяғы) арқылы сипаталады. Ондай өндiрiс туралы хабарламалар да дискреттi болады. Нақты жағдайдағы үздiксiз, үздiктi түрiндегi өндiрiстердi ерекшелiктерге ие болады.
БАЖ құрылым негiзiне жүйелiк қатынас жатады. Бұл бөлiктердiң немесе жекелеген көмекшi жүйелередiң өзара байланысын есепке алатын процесс ретiндегi басқару проблемасына тиiстi қатынасты қажет етедi.
Жүйе – дегенiмiз объектiлердiң жиынтығы, оның басты қасиеттерi осы объектiлердiң арасындағы қатынастар арқылы анықталады. Жүйелiк қатынас базасында жүйенi талдау схемасы.
Жүйенi синтездеу белгiлi алға қойған мақсатты жұмыс iстеу барасында орындап шығуға ықпал етедi. Бұл кезең қажеттi мәлiметтердi алуға мүмкiндiк беретiн қайта iрiктеу, екшеу әдiсiнiң көмегемен iске асырылады және тиiстi талаптар қоюды айқындайды. Олар алға қойылған мақсатты орындауға жеткiлiктi шарттар жасайды, әдетте басты мақсат жұмыс барысында кiшiгiрiм мақсаттарға бөлiнедi. Мақсаттардың иерархиясы әрбiр мақсатқа жету үшiн ресурстардың тiзiмiмен толықтырылуы тиiс. Алынған мағұлматтар берiлгендердiң алынған берiлгендердiң жиынтығы негiзiнде қоршаған ортамен жан – жақты зерттеп басқарудың мақсаттары, ресурстарды шектеу оларды жүзеге асырудың мақсат бағыттары айқындалады. Техникалық талаптар қалыптасады. Сөйтiп көмекшi жүйелер, компоненттер анықталады. К – тиiмдiлiк көрсеткiш бойынша таңдалады.
БАЖ–ды жасау тәртiбiн жарнамалау.
БАЖ–дың жаңа үгiлерiн жасау жиi iс – әрекеттерi БАЖ – дың одан әрi дамыту жалпы салалық басшылық алатын әдiстемелiк материалмен жарнамаланылады. Олар БАЖ – ды жасайтын және өндiрiске енгiзетiн барлық ұйымдардың мiндеттi түрдегi жұмысының мазмұнды құрамын және тәртiбiн жүйелердi жалпы салалық әдiстемелiк материалдарға сәйкес БАЖ – ды жасаушы мамандырылған ғылыми зерттеу және жобалау ұйымдары болып табылады. БАЖ – ды құрудың төмендегi кезеңдерi белгiленген. БАЖ –ды құру (алдында) үшiн оны жобалау және техникалық тапсырмаларды айқындау техникалық және жұмысшы жобаларды қамтитын жобалауды жасау оларды пайдалануға беру, iске қосу сәтiнде жүйелердiң техникалық бөлiмдерi бойынша монтаждау және пайдалануға беру, реттеу жұмыстары жүргiзiледi. Жүйелередiң үлгiлерiн сынау жүргiзiлiп iске берiледi. Техникалық экономикалық жобалау алдындағы бастапқы болып құжат табылады. Ол БАЖ – дың мақсатын және өңдеу қажеттюiлiгiн мүдделi түрде қуаттайды, алғы шарттарды қажет етедi.
Техникалық тапсырма барлық берiлгендердiң жобалардың негiзiнде алға қойылған мақсаттарға сай әзiрленедi. Техникалық тапсырманы талқылау жасаушыны және заказшы кәсiпорынды анықтаудағы ұйымдастыру жұмыстарын тиянақты жүргiзуде қолайлы сәттер жасайды. Жобалау алдындағы кезең ғылыми зерттеу және ұйымдастыру жұмытарының кешенiн қамтиды.
Ондағы алға қойылған (шарттар) басты мiндет кәсiп-орындардың өндiрiстiк шаруашылық қызметiнiң толық келбетiн анықтау, зерттеу және жеткiлiктi деректермен берiлгендер алу болып табылады. Зерттеу нәтижесiнде алынған деректер басқару жүйесiндегi ұйымдық және жұмыс iстемейтiн функционалдық құрылымдарды жасау үшiн қызмет етедi. Сондай – ақ құрылатын жүйенiң көмекшi жүйелерiнiң құрамын және кешендi мiндеттерiн, олардың жасалу кезегiн жүйенiң құрудағы техникалық тапсырмаларын анықтаудың алғы шарттары мен ұсыныстарын анықтайды.
Жұмыс iстейтiн құрылымды зерттеу кәсiпорынның барлық құрылымындағы, деңгейiндегi басқару қызметiнiң санын айқындауға мүмкiндiк бередi. Басқарудың әрбiр қызметi бойынша оған қатысатын мақсатын жүзеге асыратын қызметкерлердiң олардың бiлiм дәрежесi мен саны олардың жұмайтын уақыт шығыны анықталады. Есептердiң шешiмiн лайық жай ғана әдiстемелерiнiң түгелдiгiмен мазмұны жасалады қолданылатын техникалық құралдар әзiрленедi. Олардың баршасы жүйенi басқаратын басшықызметкерлердiң жұмыс барысымен нәтижелерiн жарнамалап отырады.
Материалды тасқындарды зерттеу өндiрiстiң сипаты мен ерекшелiктерiн ашуға мүмкiндiк бередi. Сол сияқты әрбiр цехтағы және учаскедегi өндiрiстiк операциондық сипатын анықтады. Әрбiр өндiрiстегi бөлiмше қандай материалдық бөлшектерге және қандай өлшемдi алады және өткiзiледi ол да белгiленедi. Техникалық процесстер аралығындағы және дайын өнiмдердiң дәл есебi жүргiзiедi, тасымалдау құрылымды, жинау құрылымды өнiм өткiзудiң кезеңдерiмен мерзiмдерi анықтайды.
Хабарламалық тасқындарды зерттеу жасаушы мен заказшы қызметкерлердi өзара түсiнiсiн қамтамасыз ету үшiн қолданылатын терминдердi анықтаудан нақтылаудан тұрады. Сондай – ақ ондай зерттеу кәсiпорындағы пайдаланылатын iшкi - сыртқы құжаттарды ашуға және құжаттар айналымының кетесiн жүзеге қолайлы жағдай жасайды, кәсiпорын мен оның бөлiмшелерiнiң арасындағы хабарламалық байланыстарын қамтамасыз етедi. Ґндiрiстi зерттеу, жоспарлау тәсiлдерi, өндiрiстiң үлгiсiн анықтау жұмыс режимiн белгiлеу де басты мiндеттер болып саналады. Кәсiпорынның сипаты басқаруды жетiлдiру оның iшiнде автоматтандыру негiзiнде белгiлi болады. Әкiмшiлiкке бағынатын өндiрiс буындары кестеде түгелдей көрсетiледi. Кәсiпорынның тиiмдiлiгiн арттыру жолдары мен технологиялық процесстердiң тәсiлдерi мен әдiстерi екшеленедi.
Жоба жасау алдындағы кезеңнiң соңғы аяқталар сатысы технологиялық тапсырмалар автоматтанған жүйенiң қандай болатындығы, қандай көмекшi жүйелерден, қандай байланыстардан тұратындығын анықтайды.
Жоба жасау кезеңi бекiтiлген тапсырмалар негiзiнде технологиялық жоба (ТЖ) ал оның негiзiнде жұмысшы жоба (ЖЖ) жасалады. Ол екеуi де автоматты басқару жүйесiнiң құрамдас бөлiгi. ТЖ жасау сатысында заказшы БАЖ –ды пайдалануға беруге әзiрлiк жұмыстарын жүргiзуге мiндеттi. Мүның өзi хабарламалық, технологиялық дайындықты қамтамасыз етедi. µйымдастыру шаралары мен қызмет етушiлердi оқытуды бiр жақты етiп шешедi. Хабарламалық қамтамасыз ету бойынша заказшы дайын өнiмдердiң түрлерiн құруды аяқтауы және сараптауы тиiс. Бұл сараптауға жұмысшы, жұмысшы операциялары бойынша бөлшектер мен тораптар материалдар құрал – жабдықтар, құрылымдық бөлiмшелер. Қызмет етушiлер еңбек шығынының нормалары және жұмыс уақыты жатады. Жоғарыда аталып сарапқа салынған атаулар басқа нормалық, анықтамалық хабарламалар, машинада өңделуi үшiн алдын – ала әзiрленуi тиiс. Жасаушы өз кезегiнде технологиялық тапсырмаларға сәйкес ғана берiлгендердi өңдеудiң алгритiмiн қамти отырып технологиялық жобаны жасауға (ТЖ) мiндеттерiнiң құрамын нақтылауы тиiс. Оның бәрi есептер кешенiнде технологиялық тапсырмаларда көзделiнедi технологиялық құралдардың кешенiн жасау қамтамасыз етiледi. Жүйелердiң хабарламалық базасын енгiзу ен жүргiзу жұмыстар жүргiзiледi. Заказшы қызмет етушiлердiң технологиялық құралдар пайдаланудың берiлгендер және хабарламалық қамтамасыз ету ережелерiне электронды есептеу машиналарымен өзара жұмыс iстеу және басқару автоматты қызметi жағдайындағы әдiстердi оқытуға араласады.
Жұмысшы жобасы технологиялық жоба негiзiнде жасалады. Жұмысшы жобасы сатысында заказшы қалыптастыруды аяқтауы. БАЖ-дың Берiлгендер қорын ұйымдастыруы тиiс. Әрi тiкелей мiндеттi оны өнеркәсiптi пайдалана беру қажет.
Технологиялық құралдар кешенiн және Есептеу Орталығын iске қосады, жобада қабылданған шарттарға сәйкес өндiрiстi басқарудың қызметiндегi әдiстер енгiзiлдi оның барлығында автоматтандырлған басқару жүйесiнiң шешiмдерiнде алдын – ала айқындалады. Сондай – ақ жасаушының нұсқауларына сәйкес бақылаушы мысалдар әзiрленуi және жұмысшы бағдарламаларын кезеңдер бойынша қабылдауы шарт.
Пайдалануға беру кезеңi. БАЖ–ды пайдаланауға беру, құрылған жүйелердiң есептерiн пайдалануға, басқарудың iс – үстiндегi тәсiлiне ауысуға көрсетедi. Жасаушы пайдалануға берудiң нәтижесi бойынша пайдалануға беру кезеңiнде есептердi және есептер кешенiн өткiзуге қатысады. БАЖ–ды өнеркәсiптi пайдалануға қабыл-дағаннан кейiн заказшы жасаушымен бiрлесе жұмыс iстеп БАЖ–ды дайындайды және қарау бекiту үшiн қабылдау комиссиясына өткiзедi.
Компьютердің жүйелiк программалық қамтамасыздандыруының құрылымы және атқаратын қызметi.
Негiзгi ұғымдар мен анықтамалар. Қазiргi кезде ЭЕМ-нiң қолдану саласы артып келедi, оларды заводтарда, оқу орындарыда, космоста, жерде қолданылады.
МикроЭЕМ-нiң өзара тығыз байланысы және өзара жұмыс iстеушi 2 құрылымнан тұрады.
Аппараттық.
Программалық қамтамасыздандыру (ПҚ).
Программалық қамтамасыздандыру деп ЭЕМ-де есеп шыға-руға мүмкiндiк беретiн программалар жинағын айтамыз. Программалық қамтамасыздандыру әртүрлi есептердi шығару үiн машинаны пайдалануға мүмкiндiк беретiн программалық және оларға тиiстi документтер мен қоса алған жиынын айтамыз.
Стандартты прог-р
кiтапханасы
Қолданбалы
программалар пакетi
Қолданбалы
программалар
Трансляторлар
Бiрегей прогр.
қамт.
Программалау
тiлдерi
Программалау
жүйесi
Операциялық
жүйе
Диагностикалау
және
бақылау
Жүйелiк
программалық
қаматамсыздандыру
Тұрақты
есте сақтау
құрылғысы
Регистрлер
Оперативтi есте
сақтау
құрылғысы
Негiзгi жады
Программалық
қамтамасыздандыру
Регистрлер
Басқару
құрылғысы
Арифметико-логикалық
құрылғы
Микропроцессор
Аппараттық
МикроЭЕМ
Сызба 1. МикроЭЕМ құрылымдары
Қолданбалы программалық қамтамасыздандыру – деп микроЭВМ-нiң пайдаланушыны қызықтыратын нақтылы есептердi шығаруға арналған программаның жиынын айтамыз. Қолданбалы программаның бiраз бөлiгiн пайдаланушының өзi жасайды. Программаның жұмысы үшiн микроЭВМ – нiң құрамында программаның құрылғысының болмауы немесе микроЭВМ – нiң басқаруы жиi кездеседi.
Жүйелiк программалық қамтамасыздандыру деп ЭЕМ-де нформацияны өңдеу процессiн ұйымдастыратын программалар жиынтығын айтамыз. Жүйелiк программалық қамтамасыздандыру деп МЕМ-нiң қызметiн қолдануға және оның қызметiнiң негiзгi мақсатын ұйымдастыруды орындауға арналған программаның және тiлдiк құралдардың жиынын айтамыз. Жүйелiк программалық қамтамасыздандырудың басты бөлiгi операциялық жүйе болып табылады.
Операциялық жүйе деп МЭЕМ-нiң аппараттық бөлiгiн басқаруды, оның ресрустарын ұғымды пайдалануды жос-парлауды және пайдаланудың тапсырмасы бойынша есеп шығаруды қамтамасыз ететiн прораммалар комплексiн айтамыз. Сонымен дәлiрек айтқанда ОЖ төмендегiдей қызмет атқарады.
Әр түрлi енгiзу – шығару құрылғыларының (принтердiң, дискiлердiң, магниттiк лентаның, дисплейдiң) жұмыстарын басқарады.
Магниттiк дискiдегi файлдардың орналасуын басқарады.
Операциялық жүйелердiң стандартты программамен пайдаланушының жазған программасын жадыға жүктеудi және оны жұмысқа қосудықамтамасыз етедi.
Операциялық жүйенi программаны жалғастыру және МЭЕМ-нiң аппараттық бөлiмiн кеңейту деп қарастыруға болады
1.2 «Мизам» мейрамхана бизнесін автоматтандырылған берiлгендер қорын басқару жүйесiнің құралы
Delphi программалау ортасы
Windows терезесі арқылы Delphi-ді іске қосу командасы:
Пуск → Программы → Borland Delphi 7 → Delphi 7. Программаны іске қосқан кезде 6 терезе көрінеді.
Сурет 1. Delphi ортасы.
Delphi 7-нің негізгі терезесі. Бұл жерде меню қатары және құрал-саймандар панелі орналасқан.
Объект инспекторы терезесі (Object Inspector). Бұл объекттерді басқару үшін арналған және ол екі бөліктен тұрады.
Properties- қасиет. Бұл жерде ерекшеленген объектінің қасиеттерін өзгертуге болады.
Events- оқиға. Бұл жерде объектінің іс-әрекетін компьютерде болатын әр түрлі оқиғаларға байланысты өзгертуге болады.
Форма (Form1). Бұл біздің болашақ программамыздың дайын визуалды формасы. Формаға түрлі компоненттерді орнатуға болады.
Код редакторы. Бұл терезеде біз Delphi-де программа құрамыз.
Компоненттер ағашы. Бұл терезе Delphi 7 нұсқасында пайда болды. Бұл терезенің көмегімен компоненттерді оңай табуға болады, өйткені олар ағаш түрінде орналасқан.
Проект менеджері. Программаны алғаш қосқан кезде бұл терезе көрінбейді. Проект менджері терезесін Project (Проект) мәзірінің Project Manager (Проект менеджері) қатарын таңдау керек.
Жалпы, ортада программа құруға арналған төртінші, модуль терезесі де іске қосылады (Unit1.pas). Форма терезесінің астында орналасатындықтан, ол алғашқыда көрінбейді.
Delphi-дің негізгі терезесінің құрамына негізгі мәзір, аспаптар панелі және компоненттер палитрасы енгізілген. Негізгі мәзір пункттеріне Delphi-де жұмыс істеу командалары, аспаптар панеліне ішкімәзірлерге енгізілген негізгі командаларды орындайтын түймелер орналастырылған.
Проект. Форма. Қасиеттер. Қасиеттер терезесі.
Delphi-де дайындалатын программа проект (жоба) деп аталады. Форма - программаны дайындау алдында ашылатын, программаның сұхбаттық терезесі. Delphi алғашқы рет іске қосылған кезде форма Form1 атауымен көрінеді. Оның жиектеріне тышқан көрсеткішін орналастырып, ол екі жақты нұсқама түріне айналған кезде жылжыту және қалдыру тәсілу бойынша форманы кеңейту не қысу қиын емес.
Құрылатын программада пайдалану үшін формада түрлі компоненттер (форма компоненттер) орнатылады. Негізгі компоненттердің кейбірі Access берілгендер қоры жүйесінде пайдаланылатын элементтер панеліне енгізілген түймелер сияқты. Олар Delphi терезесінің компоненттер палитрасына орналастырылған.
Кей жағдайларда экранда форма көрінбеуі мүмкін. Оны экранға шығару үшін View-Forms командасын беру керек.
Форманың және формаға енгізілген компоненттердің түрлі қасиеттері бар. Қасиет (Сипаттама, параметр) - айнымалылардың ерекше түрі. Олар объектінің түрлі мүмкіндіктерін сипаттап, ағымдық күйін анықтайды. Мысалы, форма қасиеттерінің мәндері - форма тақырыбының мәтіні, өлшемі, экранда орналасуы, түсі т.б. Delphi іске қосылған кезде форма қасиеттеріне алғашқы сәйкес мәндер меншіктеліп қойылады.
Форманы не онда орнатылған компонентті программа құру үшін дайындау оның кейбір қасиеттерінің мәндерін өзгертуден басталады. Қасиеттер тізімі Объект инспекторы (Object Inspector) терезесіне енгізілген. Тізімді инспектор терезесіне шығару үшін сәйкес объектіні (форманы не формада орнатылған форма компонентін) бір шерту арқылы таңдау керек. Инспектор терезесінің жоғары қатарына таңдалған объект атауы да жазылып қойылады. Терезенің екі қосымша беті бар: Properties(Қасиеттер) және Events(Оқиғалар). Терезе ашылғанда екі бағанға енгізілген жазулардан тұратын оның Properties бөлімі ашылулы тұрады. Бірінші бағанда көрінетіндер - қасиет атаулары, екінші бағанға сәйкес жазылғандар- олардың мәндері.
Форма қасиеттері:
Name (Атау)- формаға берілген атау. Ол Delphi объектілерінің (компоненттердің) негізгі қасиеттерінің бірі. Delphi-дің жұмыс істеуі кезінде ол объектіні осы атау бойынша ажыратып таниды. Delphi-дің формаға автоматты түрде алғашқы рет меншіктелген атауын (Form1) өзгертіп, басқа атау беруге болады. Форманың іс-әрекеті атауынан белгілі болуы үшін атауды мазмұнға жақын етіп енгізген жөн. Мысалы, формада тест программасы болса, Form1 орнына TEST атауын енгізу. Ол үшін қасиеттер терезесінен Name атауын таңдап, жаңа атауды клавиатура арқылы теріп алса болғаны. Терілген атау Name жолының оң қатарына жазылып қойылады.
Объект қасиетін программа (программлық код) ішінде орнату да мүмкін. Мысалы, форма тақырыбы шрифтінің өлшемін 18 ету үшін программаға Form1.Font.Size:=14 меншіктеу операторын енгізуге болады.
Жалпы, бір қасиет мәнімен танысу үшін оны қасиеттер терезесінде таңдап, F1 клавишін басу арқылы сәйкес анықтаманы шақыру керек. Delphi-де анықтамалар ағылшын тілінде жазылған. Ол түсініксіз болса, экранда орысша аудармасын көрсететін “Magic Goody” сияқты арнайы дайындалған программаны пайдаланған жөн.
Экранда қасиеттер терезесі көрінбесе, оны шығару үшін View-Object Inspector командасын беру жеткілікті. Ол F11 клавиші басылған кезде де көрінеді.
Оқиғалар. Программалық код терезесі
Windows-тағы сияқты Delphi-де программалар оқиғалар арқылы басқарылады. Мысалы, пайдаланушы программа құру үшін алдымен формаға компонент орнатуы, форманы не формада орналастырылған компонентті тышқан арқылы шерту мүмкін. Оның әр іс-әрекеті оқиға шақырады. Яғни, оқиға-программаның жұмыс істеуі кезінде объект жағдайының өзгеруі.
Delphi-де объектіге байланысты оқиғалар жеткілікті Мысалы, формаға байланысты оқиғалар саны- 35. Олар қасиеттер терезесінің Events қосымша бетіне енгізілген. Терезеде оқиға атауларының алдында On префиксі (қосымшасы) тіркестіріліп жазылған. Ол - атаудың оқиға екендігін білдіретін белгі.
Delphi ортасында жиі кездесетін оқиғалар:
OnMouseDown - тышқан түймесін басу;
OnMouseUp - тышқан түймесін босату;
OnMouseMove - тышқан көрсеткішін жылжыту;
OnClick - тышқан түймесін бір рет шерту;
OnDblClick - тышқан түймесін екі рет шерту;
OnKeyDown - клавишті басу;
OnKeyUp - басылған клавишті босату
OnCreat - форманы екі рет шерту, т.б.
Сурет 2. Форма оқиғалары.
Delphi-де программа (проект) екі бөлімнен тұрады: алғашқыда автоматты түрде project1 атауы берілетін проект файлы (негізгі модуль) және unit1.pas атауы берілетін модуль. Олар жеке терезелерде орналастырылған. Модульге оқиғаларға сәйкес іс-әрекеттерде орындайтын программа мәтіні енгізіледі. Программа мәтінін программалаық код деп, терезеніпрограммалық код терезесі не қысқаша редактор терезесі деп те атайды. Delphi іске қосылған кезде ол форма терезесінің астында көрінбей тұрады. Оны экранға шығару тәсілдері:
форманы жабу,
код терезесінің бір шеті форма астында көрініп тұрса, оны шерту. Терезе белсендірулі түрде ашылады да, онда процедура дайындамасы (үлгіі) көрінеді. Оның тақырыбы нүкте арқылы бөлінгенкласс және процедура атауларынан тұрады, т.б.
Жалпы, формадан код терезесіне өту және код терезесінен формаға өту үшін F12 клавишін басу жеткілікті. 3-суретте көрініп тұрғаны - код терезесіне енгізілген процедура дайындамасы. Оқиғаға байланысты құрылатын процедура оқиғаны өңдеуіш не процедурасы деп аталады. Процедура дайындамасының жазылу түрі:
procedure <атау> (Sender: TObject);
сипаттау бөлімі
begin
процедура денесі
end;
мұндағы Sender параметрі құрылатын процедураның қай класқа тиістілігін анықтайды.
Терезенің сол бөлігіндегі - браузер терезесі. Онда код терезесінде барлық жарияланулардың құрылымын көріп шығуға болады.
Сурет 3. Редактор терезесі.
Программа құрылымы. Негізгі модуль. Әдіс.
Кез келген программа program сөзінен басталатын проект файлы мен бір не бірнеше модульдерден тұрады да, қолдан құрылатын программа модуль ішіне енгізіледі. Проект файлы dpr, модуль pas кеңейтілуі бойынша сақталады. Проект файлын негізгі модуль деп атайды. Негізгі модульдің мазмұны проектінің жалпы сипаттамасынан тұрады. Delphi іске қосылған кезде оны ол автоматты түрде дайындап шығады. Негізгі модульге ерекше жағдайлардан басқа кездерде қосымша нұсқаулар енгізілудің қажеті жоқ.
Негізгі модуль (проект):
Program Project1;
Uses
Forms6
Unit1 in ‘Unit1.pas’ {Form1};
{$R *.res}
begin
Application.Initalize;
Application.CreatForm(TForm1, Form1);
Application.Run;
End.
Мұндағы:
Project1- негізгі модуль (проект) атауы. Проектіні дайындап, жаңа атау бойынша сақтаған кезде ол соңғы атауға алмастырылып қойылады;
Uses (қолдану) - Турбо Паскальдағы сияқты, қызметші сөз. Оның соңына программада пайдаланылатын стандартты (кітапханалық) Forms модулі мен Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктелген атауы (Unit1) жазылған. Unit1-ден соң оның қайсы модульдік файлда құрылатыны (in ‘Unit1.pas’) және онымен байланысты форма атауы көрсетіледі ({Form1}).
{$R*.RES} - нұсқау. Ол компиляторға қосымшаның (Windows көмегімен дайындалған қолданбалы программаның) қор сипаттамаларын, мысалы, шартбелгілер (пиктограммалар) сақталған файлды және т.с.с. пайдалану керектігін көрсетеді (файлдың кеңейтілуі - .res);
Begin - end операторының аралығында енгізілген соңғы бөлім- қосымшаның алғашқы жүктелуін қамтамасыз ететін әдістер (Delphi-де арнайы іс-әрекетті орындайтын процедура, функция және командалар әдістер делінеді):
Application.Initalize- қосымша объектісін инициалдау (программаны алғашқы рет дайындау) әдісі;
Application.CreatForm - проект құрамына енетін форманы дайындап, экранда көрсету әдісі (creat-құру);
Application.Run- программаны іске қосуды қамтамасыз ету әдісі.
Delphi-де әдістің командалық түрде жазылуы:
<Объект>.<Әдіс>
Мысалы, Application.Initalize - Application объектісінің Initalize әдісін орындау.
Кейбір жағдайда бөлімге проект сақталатын бума атын меншіктеу командасын қосып қою да мүмкін, т.б.
Жалпы, Delphi-де программаның орындалуы автоматты түрде негізгі модульді орындаудан басталады.
Модуль - түрлі іс-әрекеттерді орындауға арналған программа бөлімі. Модуль тақырыбы Unit (модуль) қызметші сөзінен басталып, соңына әдеттегідей нүктелі үтір (;) таңбасымен аяқталатын модуль атауы жазылады. Delphi-дің модульге алғашқы рет меншіктейтін атауы: Unit1. Жаңа проект ашылған кезде модуль дайындамасы да автоматты түрде құрылады:
unit Unit1;
interface
uses
Windows, Messages, SysUtils, Variants, Classes, Graphics, Controls, Forms, Dialogs;
type
TForm1 = class(TForm)
private
{ Private declarations }
public
{ Public declarations }
end;
var
Form1: TForm1;
implementation
{$R *.dfm}
end.
Интерфейс (interface) бөлімі interface кілттік сөзімен басталады да, оған келесі бөлімдер енгізіледі: uses- Турбо Паскальда пайдаланатын бөлім сияқты, оған стандартты модуль атаулары жазылады, бөлімге пайдаланушы дайындаған модуль атауын кірістіріп қою да мүмкін. Одан әрі, Delphi дайындаған форма типі сипатталады (онда өрістер, қасиеттер, компоненттер сипатталып, олардан соң модульде жазылатын процедуралар мен функциялар (программа элементтері) жарияланады, т.б.).
Private (жеке, дербес) бөліміне тек ағымдық модульге тиісті элементтер енгізілуі мүмкін (элемент - өрістер, әдістер, қасиеттер мен оқиғалар): Public (көпшілік) бөлімінің ішінде ағымдық модульге қол жеткізуге болатын кез келген программа не модульдің көрінетін элементтері, облыстары енгізіледі. Олар класқа енетін элементтердің пайдалану облыстарын ғана анықтайтын болғандықтан, әдетте (көп жағдайда) олар бос көрінеді.
Implementation (іске асыру, орындау) бөліміндегі {$R*.DFM} - .dfm кеңейтілуі бойынша жазылған файлды пайдалану нұсқауы. Ол модульді оған сәйкес форманың сипаттамасымен байланыстырады (файлға форма қасиеттерінің мәндері жазылып қойылған. Ол формада орнатылған компоненттер қасиеттерінің де сипаттамаларын бойында сақтайды. Қасиеттер сәйкес Object Inspector терезесінде көрінеді). Одан соңғы қатарларға программалаушы Delphi тілінде қажетті процедураларды қолдан кірістіру керек. Олардың ішіндегі оқиғаны өңдеуіш процедуралардың тақырыптары модульдің интерфейс бөлімінде автоматты түрде жазылып қойылады.
Кейде модульдің соңына инициалдау (Initialization) бөлімі енгізіледі. Бөлім модуль айнымалыларын инициалдап (бастапқы мәндер беріп), программаны дайындау үшін қажет. Егер ол толтырылса, бұл бөлім басқаруды программа денесіне беруден бұрын орындалады. Бөлім нұсқауларын begin және end кілттік сөздерінің арасына енгізу керек.
Берiлгендер қорын басқару жүйелері
Түрлі шаруашылықтарда, оқу орындарында, коммерциялық мекемелерде және т.б. салаларда берілгендерді дайындау, оларды өңдеу, сақтау жиі кездеседі.
Мұндай мәліметтерді сақтау және өңдеу көп тараған әдісі – оларды берілгендер қоры түрінде дайындау. Берілгендер қоры – құрылымы арнайы тәсіл бойынша берілген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негізінен кесте түрінде дайындалады. Кестелерді дайындау, жылдам түрде олардан қажетті жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оларды сақтау, жазуларды редакциялау, жолдарды алып тастау, кестені басып шығару сияқты орындалатын іс-әрекеттер – күрделі жұмыстар.
Соңғы кездерде кестелерден тұратын берілгендер қорын құрып, оларды өңдейтін көптеген программалар жүйесі дайындалған. Оларды берілгендер қорын басқару жүйелері деп атайды. Белгілі берілгендер қорын басқару жүйелер: dBase, FoxBase, FoxPro, Paradox, Access, т.б.
DataBase Desktop утилитасы
Берiлгендер қоры (БҚ) – құрылымы арнайы тәсiл бойынша ұйымдастырылған берiлген форматтағы файлдар жиынтығы. Файл негiзiнен кесте түрiнде дайындалады. Кестелердi дайындау, жылдам түрде олардан қажеттi жазулар тобын таңдау (шартты қанағаттандыратын сұраныс құру), оны сақтау, жазуларды редакциялау, жолын алып тастау, кестенi басып шығару сияқты орындалатын iс–әрекеттер – күрделi жұмыстар. Бұрын, мысалы, Турбо Паскальда БҚ кестесi берiлгендер файлы ретiнде құрылып, онымен жұмыс iстеу үшiн программаға арнайы процедуралар мен функциялар енгiзiлетiн. Соңғы кездерде кестелерден тұратын БҚ құрып, оларды өңдейтiн көптеген программалар жүйесi дайындалған. Оларды берiлгендер қорын басқару жүйелерi (БҚЖБ) деп атайды.
Алғашқы кездерде қолданылып жүрген dBase–тiң түрлi варианттары, FoхPro, Paradox, т.б. жүйелер MS DOS операциялық жүйесiнде жұмыс iстейтiн және программалауды да қажет ететiн. Программалаудың кiшi бизнестiк сияқты шағын мекемелерде көп қиындық туғызатыны белгiлi. Осы себептi, соңғы жылдары қолдан программалауды қажет ете бермейтiн Microsoft Office (Windows) құрамына кiрiстiрiлген Access сияқты жан-жақты мүмкiндiктi БҚБЖ–лерi жарық көрдi.
Кестеде берiлгендер адресi жолдар мен бағандар қиылысы арқылы анықталады. Бағанды өрiс деп, жолды жазу деп те атайды.
БҚ кестесiнiң өрiстер құрылымы жөнiнде ескеретiн ерекшелiктер:
өрiс атаулары бiрегей (қайталанбайтын) болуы тиiс. Атау үшiн әрiптерден басталатын цифрлар тiзбегiн алуға болады;
әр өрiске бiр типтi ғана берiлгендердi (мәлiметтердi) енгiзу мүмкiн (Excel–де бұл мiндеттi емес болатын), Типтер мәтiндiк, сандық, логикалық, ақшалық, дата/уақыт, т.б. болып, бiрнеше түрге бөлiнедi;
жазуда кейбiр өрiстер толтырылмауы мүмкiн, бiрақ олардың жазуда қатысуы мiндеттi;
Delphi–дi берiлгендер қоры элементтерiн (кесте, сұраныс) құруға пайдалануға болады.
Бiз деректер қорын құруда Borland Delphi құрамына енгiзiлген Database Desktop (Берiлгендер қорының жұмыс столы) қосымша программасы (утилитасы) арқылы пайдаландық.
Утилитамен жұмыс iстеу тәсiлi:
Tools – Database Desktop (Сервис – БҚ жұмыс столы / қабықшасы) командасын беру. Қабықша программасы көрiнедi (Сурет 4).
Сурет 4. Data Desktop терезесi
Терезеден File – New – Table (Файл-Жаңа-Кесте) командасын беру. Кесте құру сұхбаттық терезесi шығады. Онда ашылатын тiзiмнен қажеттi кесте форматын таңдау (Paradox не dBase). Алғашқы рет Paradox7 форматы iске қосылып, терезе өрiсiнде осы атау көрiнедi.
Paradox форматымен келiсiп, ОК түймесiн шерту (Онда пайдалануға болатын өрiс типтерi жеткiлiктi). Бiрiншi бағанында автоматты түрде өрiстiң нөмiрi жазылып қойылған кесте өрiсi атауын сипаттау терезесi көрiнедi (Сурет 5).
Сурет 5. Өрiстi сипаттау терезесi
Екiншi бағаннан бастап ретiмен өрiске берiлетiн атауды (FieldName), өрiс типiн (Type), өлшемiн (Size) енгiзу (өлшем өрiс символдық типтi болса ғана енгiзiледi). Өрiстi кiлттiк ету қажет болса, оның бесiншi бағанда (Кеу) көрсетiлуi тиiс. Ол “*” символы арқылы белгiленедi. Жалпы, ол Delphi-де және MS Access сияқты арнайы БҚБЖ–лерiнде кеңiнен пайдаланылады.
Ескертулер:
Өрiс атауының ортасына нүкте (.) символы енгiзiлмегенi жөн;
Өрiстердi сипаттау не дайындау терезесiнiң бiрiншi бағанында автоматты түрде атаулардың реттiк нөмiрлерi көрсетулi тұрады. Оларға көңiл бөлмеу керек. Кезектi өрiске мән енгiзiлген соң сәйкес курсорды басқару клавишiнiң басылуы тиiс. Курсор келесi өрiске орналастырылып қойылады;
Үшiншi бағанға өрiс типiнiң (Туре) енгiзiлуi тиiс. Ол үшiн курсор бағанда орналасқан соң Бос орын клавишiн басу керек. Таңдалған Paradox форматында пайдаланылатын тип атаулары тiзiмi көрiнедi. Тiзiмнен қажеттi типтiң таңдалуы тиiс. Оның бiр әрiптен тұратын қысқаша белгiлемесi курсор орналасқан орынға енгiзiлiп қойылады. Мысалы, Fam өрiсi – символдық типтi, таңдалатын тип – Alpha. Ол таңдалған кезде өрiске тип белгiлемесi (А) енгiзiлiп қойылады;
Сурет 6. Өрiстер сипатталған терезе
Кесте 1
Тип |
Белгi-леме |
Мән |
Alpha Number
Short
Long Integer Memo
Money
Date Logical
Autoincrement |
A N
S
I
M
$
D L
+ |
Символдық жол. ұзындығы [1..255] аралығында Мәнi [10–308;10308] аралығында алынатын 15 мәндi цифрлық нақты сан Мәнi [–32767..32767] аралығында алынатын бүтiн сан Мәнi [–2147483647..2147483647] аралығында алынатын Ұзындығы 4 байттық бүтiн сан Alpha–нiң мәндер аралығынан үлкен болатын (>=255 байттық) символдық жол. Соңына $ символы қойылатын ақшалық форматты сан Дата Мәнi ақиқат (True) не жалған (False) болатын логикалық типтi сан Кестеге жол қосылған сайын мәнi 1–ге өсiп отыратын бүтiн сан |
Size өрiсiне 20 не 25 санын енгiзу жеткiлiктi;
Өрiс құрылымы сипатталып болған соң терезеде көрiнген Required Field (Мiндеттi өрiс) жалаушасын орнатып қойған жөн. Ол берiлгендердiң жазуларда мiндеттi түрде қатысуын бiлдiредi. Басқа көрiнген өрiстердiң толтырылуы мiндеттi емес. Жалпы, олар ақиқаттықты тексеру шектеулерi делiнедi.
Өрiс сипатталып болған соң терезенiң Save As… түймесiн шерту. Құрылатын кесте атауы сұралатын Save Table As… терезесi көрiнедi.
Терезеде кесте атаулары сақталатын iшкi бума (мысалы, МуDB) құрып, оны ашу (Егер iшкi бума бұрын құрылған болса, оны ашу жеткiлiктi). Файл атауы өрiсiне кесте атын енгiзу (мысалы, Кеsте2.db) және каталог алиасы үшiн терезеде көрiнген WORK: атауын қалдырып, Сақтау түймесiн шерту. Кесте құрылымы Кеsте2.db атауы бойынша MyDB бумасында сақталып қойылады.
Кесте құру: Өрiстер сипатталып болған соң кестенi құру қиын емес. Ол үшін төмендегі іс–әрекеттер орындалады.
Database Desktop терезесiнiң мәзiрiнен File–Open–Table (Файл–Ашу–Кесте) командасын беру. OpenTable терезесi көрiнедi. Терезеден MyDB iшкi бумасын ашып және каталог алиасы үшiн жүйе дайындаған WORK: атауын қалдырып, бума iшiндегi қажеттi өрiс сипаттамалары жазылған кесте атауын (Кеsте2.db) таңдау, одан әрi Ашу түймесiн шерту керек. Өрiстер енгiзiлген терезе ашылады (Сурет 7).
Кестенi толтыруға, қажет болса берiлгендердi редакциялауға мүмкiндiк беретiн Table – Edit Data (Кесте–Берiлгендердi редакциялау) командасын беру (F9 клавишiн не аспаптар панелiнiң аттас клавишiн басуға да болады). Кеsте2 атауының астына 1 саны жазылып, Аты–жөнi өрiсiне курсор орналастырылып қойылады.
Сурет 7. Бос кесте
Ескертулер.
Жоғарғы мысал үшiн барлық өрiстердi Alpha типтi етiп белгiлеуге болады, бiрақ сұраныс құру кезiнде ол ескерiлуi тиiс.
Кестенi толтыру кезiнде бiр өрiсiне өзгерту енгiзу қажет болса, алдымен осы өрiске курсорды орналастырып, Table–Edit Data командасын қайта беру керек.
Утилитаға қазақ шрифтi программасын қосу. Кестенi қазақ алфавитi әрiптерiмен теру тәсiлi әдеттегiдей. Егер бұл тәсiл жүрмесе, Data Desktop мәзiрiнен Edit – Preferences (Редакциялау) командасын берiп, ашылған терезенiң General (Негiзгi) қосымша бетiнен Change (Өзгерту) түймесiн шерту керек. Change Font (Шрифтi өзгерту) терезесi көрiнедi. Терезеден қажеттi шрифтi, мысалы, Timez Kaz шрифтiн таңдап, ОК түймесiн шерткен кезде “Бұл әдiспен орнатылған өзгерiстер Database Desktop утилитасын жауып, қайта қосқанда ғана орындалады” ескертпесi жазылған сұхбаттық терезе шығады. Оның ОК түймесiн шертiп, ескертпенi орындаса болғаны.
Кестенi мәтiн енгiзiлетiн бiр өрiстiк етiп құру да мүмкiн. Мәтiн көп жолдық болғандықтан, өрiске Memo типiн меншiктеу қажет.
BDE технологиясы. Дайындалған кестенi Database Desktop утилитасының WorkDir бумасы iшiнде арнайы құрылған MyDB iшкi бумасында (берiлгендер қоры файлында) сақтаған жөн. Оны iске қосу үшiн файлға баратын жолды көрсету керек (РАТН). Мысалы, MyDB – ға баратын жол:
C:\Program Files\Borland\Database Desktop\WorkDir\MyDB
Берiлгендер қорымен жұмыс iстеу кезiнде кестеге қол жеткiзетiн жолды енгiзу көп қиындық туғызатыны белгiлi. Delphi–ге жолды тек берiлгендер қорының атауымен алмастыратын тәсiл енгiзiлген. Мүндай атау бүркеншiк атау алиас (alias) деп аталады. Алиас құру үшiн Delphi құрамына енгiзiлген BDE утилитасы пайдаланылады (BDE – Borland Database Engine/Borland корпорациясының берiлгендер қоры құрамы).
Жалпы, BDE – Delphi-дiң құрылған қосымшамен берiлгендер қоры арасында байланыс орнатып, олармен жұмыс iстеу жүйесi. Ол – Paradox, dBase берiлгендер қоры жүйелерi үшiн, ал соңғы кездерде Access, FoxPro үшiн де басқару жүйесi. Бiрақ соңғы жүйелерге қол жеткiзу үшiн арнайы программаны пайдалану керек.
ВDEутилитасы берiлгендер қоры кестелерiмен жұмыс iстеу үшiн драйверлер деп аталатын арнайы программаларды пайдаланады. Оларға БҚБЖ-лерiнiң атауларымен бiрдей атаулар берiлген, мысалы, Paradox 7, dBase IV. Олардың бiрiн таңдау үшiн сәйкес БҚБЖ-сiнде құрылатын кестенiң өрiс типтерiн бiлу жеткiлiктi.
BDE-де драйверлер екi түрлi жиынтықты. Бiрiншiсi – жергiлiктi деп аталатын Paradox, dBase, FoxPro, Access жүйелерiмен, екiншiсi – күрделi SQL – серверлiк InterBase, т.б. жүйелерiмен жұмыс iстеуге арналған. Дипломдық жұмыста берiлгендер қоры кестесiнен жұмыс iстеу үшiн бiрiншi жиынтықтың Paradox драйверiмен жұмыс тәсiлi көрсетiлген.
Borland Delphi құрамында берiлгендер қоры алиасын дайындауға арналған екi утилита бар:
SQL Explorer (SQL зерттеушiсi (браузерi));
BDE Administrator (BDE басқарушысы).
SQL Explorer-дi пайдаланып, алиас дайындау технологиясы:
Database – Explore (Берiлгендер қоры - Браузер) командасын беру. 8–суретте бейнеленген терезе шығады. Терезенiң сол бөлiгiнде көрiнгенi – BDE жүйесiнде тiркелген барлық берiлгендер қорларының тiзiмi. Осы тiзiмнен ағымдық қор таңдалған кезде терезенiң оң жағында оның қасиеттерi көрiнедi.
Терезеден Object – New (Объект – Жаңа) командасын беру. New Database Alias сұхбаттық терезесi ашылады. Алғашқы рет онда көрiнетiнi Paradox форматында құрылатын STANDARD алиасы (Сурет 9). Онымен келiсiп, ОК түймесiн шерту. SQL Explorer терезесiнде көрiнген тiзiмге төртбұрыш iшiне алынған жаңа алиас кiрiстiрiлiп қойылады [STANDARD1]. Төртбұрыш – алиас үшiн пайдаланылатын БҚ құрудың әлi аяқталмағандығының белгiсi.
Сурет 8. SQL Explorer терезесi
STANDARD1 алиасын Database Desktop терезесiнiң WorkDir бумасы iшiнде құрылған берiлгендер қоры атауына (MyDB–ге) алмастыру. Ол үшiн STANDART1 атауын таңдап, Object–Rename (Объект–Атын өзгерту) командасын беру және клавиатура арқылы MyDB атауын енгiзiп КІ клавишiн басу керек.
Сурет 9. Драйвердi, алиасты таңдау терезесi
Тiзiмнен осы атауды таңдау. Терезенiң қасиеттер жазылған бөлiгiнде DEFAULT DRIVER (үндемерен кездегi драйвер) қасиетiне PARADOX форматы жазулы тұрғанына көз жеткiзiп, PATH (Жол) қасиетiне толық жолды енгiзу. Жолды PATH қатарының оң жағын шерткен кезде көрiнетiн үш нүктеден тұратын түйменi шертiп, ашылған терезеден таңдауға болады. Таңдау тәсiлi 10 – суретте бейнеленген. Терезеде көрiнген MyDB бумасы таңдалған кезде терезенiң оң жағында онда сақтаулы кестелер тiзiмi көрiнедi.
BDE жүйесiне енгiзiлген алиасты BDE – де тiркеу. Ол үшiн тiзiмнен MyDB атауын таңдап, Object – Apply (Объект – Қолдану) командасын беру керек. Алиасты өзгерту сұралатын сұхбаттық терезе көрiнедi. Оның ОК түймесiн шертсе болғаны.
MyDB алиасының ерекшелiнуiн алып тастап, SQL Explorer терезiн жабу. Алиасты формаға кестенi не сұранысты шығару үшiн пайдалануға болады.
Сурет 10. Жолды таңдау терезесi
Алиасты дайындау үшiн SQL Explorer орнына Delphi құрамына енгiзiлген BDE Administrator конфигурациялау утилитасын пайдалану да мүмкiн. Windows терезесiнен Программы - Borland Delphi 7 ® BDE Administrator командасын беру. BDE Administrator сұхбаттық терезесi көрiнедi (Сурет 11). Оның сол жақ бетiнде көрiнгендер – SQL Explorer терезесiнде көрiнетiн BDE жүйесiнде тiркелген барлық берiлгендер қорларының тiзiмi.
Сурет 11. BDE Administrator терезесi
Database Desktop утилитасында сақтаулы кестенi экранға шығару үшiн оның терезесiн ашып, File – Open ® Table (Файл – Ашу ® Кесте) командасын беру керек. Кестенi ашу терезесi көрiнедi (Сурет 12). Терезенiң MyDB iшкi бумасын ашып, әдеттегiдей, онда жазылған кесте атауын таңдау, одан әрi Open (Ашу) түймесiн шерту жеткiлiктi.
Сурет 12. Кестенi ашу терезесi
Database Desktop утилитасында сақталған кестенi редакциялау қажет болса, кестенi ашып, жөнделетiн өрiске курсорды орналастыру керек. Одан әрi Table – Edit Data командасын берiп, өрiстi редакциялап шығу қиын емес.
Кестеге жаңа жазу қосу үшiн кестенi ашып, курсорды соңғы жазудың бiрiншi өрiсiне орналастыру және Table – Edit Data командасын беру керек. Одан әрi кестеге жаңа жазуларды әдеттегiдей енгiзiп, кесте терезесiн жабу жеткiлiктi.
Код терезесiнде Button1 компонентiнiң OnClick оқиғасын өңдеуiш процедурасын құрайық.
Procedure TForm1. Button1Click(Sender : TObject);
begin
with Table1 do
begin
DatabaseName := ’MyDB’;
TableType := ttParadox;
TableName :=’Keste5.db’;
with FieldDefs do
begin
with AddFieldDef do
begin
Name := ‘Тауар атауы’;
DataType := ftString;
Size := 20;
end;
with AddFieldDef do
begin
Name := ‘құрылған орны’;
DataType := ftString;
Size := 5;
end;
with AddFieldDef do
begin
Name := ‘бағасы’;
DataType := ftString;
Size := 5;
end;
end;
CreateTable;
end;
end;
Мұндағы CreateTable (Кесте құру) – TTable компонентiнiң кесте құру әдiсi. Ол таңдалған құрылым бойынша бос кесте құрады (әдiстi Paradox не dBase форматтарында ғана пайдалану мүмкiн); TTable – берiлгендер қоры кестесiне қол жеткiзу компонентi.
Программада пайдаланылған қасиеттер:
DatabaseName – алиас атауын анықтау;
TableType – кесте типi;
TableName – кесте атауы;
FieldDefs – кесте өрiстерiн массив ретiнде сипаттау.
AddFieldDef – өрiс қосу әдiсi.
Процедурада өрiстер string типтi етiп сипатталды. Программада CreateTable әдiсi барлық қасиеттердi орнатып, Add әдiсiн енгiзген соң ғана жазылады. TableType қасиеттерiнiң мүмкiн болатын мәндерiн анықтауға арналған TTableType типiнiң сипаттамасы DBTables модулiнде сақталған. Ол модульдiң Uses бөлiмiне кiрiстiрiлiп қойылуы тиiс (оның автоматты түрде кiрiстiрiлуi де мүмкiн). Процедураны iске қосып (F9), көрiнген форманың Button1 түймесiн шерту. Кесте алиас түрiнде сақталған берiлгендер қорына жазылып қойылады.
Формада Database Desktop утилитасында құрылған кестеге қол жеткiзу компоненттер панелiнiң Data Access (Берiлгендерге кiру) қосымша бетiне енгiзiлген Table, DataSource және Data Controls (Берiлгендердi басқару) қосымша бетiне енгiзiлген DBGrid компоненттерi арқылы орындалуы мүмкiн. Формаға орнатылған төмендегi компонеттердiң негiзгi iс-әрекеттерi:
Table (Кесте) – кез келген БҚ кестесiне қол жеткiзу;
DataSource (Берiлгендер көзi) – DataSet (Берiлгендер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланыс орнату;
DBGrid (Берiлгендер кестесi) – DataSource қасиетiне DataSource1 берiлгендер көзiн меншiктеп, терезесiне нақты берiлгендердi (кестенi не сұранысты) енгiзу. Ол үшiн алдымен Table1, DataSource1 компоненттерiне ретiмен қажеттi қасиеттердi меншiктеп алса болғаны.
Жалпы, Active қасиетi арқылы берiлгендер жиынтығы ашылады және жабылады. БҚ–мен жұмыс iстейтiн қосымшаның құрамында бiр Table және бiр DataSource компоненттерiнiң болуы қажет. Олар формада орнатылған соң қасиеттерiне мәндер көрсетiлген ретімен меншiктелуi тиiс.
DataSource1 компонентi өзiнiң DataSet (Берiлгендер жиынтығы) қасиетi арқылы нақты кестемен байланысады. Ол – Table1 және DBGrid1 компоненттерiн келiстiрушi де.
Delphi-де TdataSet класы берiлгендер қоры объектiлерiнiң негiзгiлерiнiң бiрi. Ол кестенi ашуға пайдаланылады, яғни, TTable компонентi - TdataSet класының мұрагерi. DataSet DataSource компонентiнiң қасиетi ретiнде пайдаланылуы да мүмкiн.
Программа бойынша кестенi жабудың баламалы екi әдiсi бар:
Table1. Active := False;
Table1. Close;
мұндағы Active – қасиет, Close – әдiс.
Кестенi ашу әдiсi: Table1. Active := True;
Форманың DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi сақтау үшiн Delphi – дiң негiзгi терезесiнен File – Save As командасын беру керек. Сақталған кестенi форманың DBGrid терезесiне шығару әдеттегiдей.
DBGrid компонентi терезесiне енгiзiлген кестенi алып тастау (терезенi тазалау) үшiн Table1 компонентiнiң Active қасиетiне False мәнiн меншiктесе болғаны.
Тақырыпта Table, DataSource, DBGrid компоненттерiн пайдапанып, кестенi формаға шығару тәсiлi көрсетiлдi. Оларға қосымша формада DataControls бетiнен TDBText компонентiн орнатып, оған кесте жазуы бiр өрiсiнiң мәнiн кiрiстiруге де болады. Ол үшiн компоненттiң DataSource қасиетiне DataSource1 мәнiн, DataField қасиетiне Table –дың қасиеттер терезесiне енгiзiлген кестенiң өрiс атауын қосымша кiрiстiрсе болғаны.
Database Desktop утилитасы арқылы құрылған кестенi формаға шығарудың екiншi тәсiлi – Форма шеберi программасын пайдалану:
жаңа проект ашып, Database – Form Wizard (БІ – Форма шеберi) командасын беру. Шебер iске қосылып, оның бес қадамдық терезесi көрiнедi (Сурет 13). Онда Create a simple form (қарапайым форма құру) және Create a form using TTable objects (Кесте объектiсiн қолданатын форма құру) ауыстырып қосқыштары орнатылып қойылған.
терезенiң Next (келесi) түймесiн шерту. Екiншi қадам терезесi көрiнедi.
терезенiң бумалар енгiзiлген панелiнен MyDB (C:\Program Files\Borland\DatabaseDesktop\WokDir\MyDB) бумасын таңдау. Кестелер тiзiмi панелiнде MYDB – де жазулы кесте атаулары көрiнедi.
олардың iшiнен қажеттi кестенi (Keste2.db) таңдап, Next түймесiн шерту. Сол жақ панелiне өрiс атаулары жазылған төртiншi қадам терезесi көрiнедi.
Сурет 13. Шебердiң бiрiншi қадам терезесі
терезенiң >> түймесiн шерту. Өрiс атаулары оң панельге көшiрiледi.
Next түймесiн шерту. Кестенi формада көрсету тәсiлдерi жазылған төртiншi қадам терезесi көрiнедi. Терезенiң In a grid (Торға) не Horizontally (Көлденең) ауыстырып қосқыштарының бiрiн таңдау. Олардың бiрiншiсi кестенi формаға енгiзiлген DBGrid компонентiнiң терезесiне кiрiстiру үшiн, екiншiсi осы терезеде кестенiң жеке жазуларын (кестенiң форма типiн) көрсету үшiн арналған.
In a grid ауыстырып қосқышын таңдау кезiнде орындалатын әрекеттер:
In a grid жалаушасын таңдап, Next түймесiн шерту. Форма құру ауыстырып қосқышы орнатылған соңғы терезе көрiнедi.
Терезенiң Finish (Соңы) түймесiн шерту. DBGrid1, Table1, DataSoursce1 копоненттерi орнатылған екiншi форма (Form2) көрiнедi.
Table1 компонентiнiң қасиеттерiн орнату. DBGrid1 терезесiне Keste2.db кестесi енгiзiлiп қойылады.
Кестенiң жоғарғы қатарында, Table1, DataSoursce1 компоненттерiне қоса, компоненттер панелiнiң Data Controls қосымша бетiнде орналастырылған DBNavigator (Ауыстырушы) компонентi автоматты түрде енгiзiлгенi көрiнiп тұр (Сурет 14). Компоненттiң түймелерi проект iске қосылған кеде ғана iске қосылады. Мұндағы түймесi кестенiң келесi жазуын көрсету үшiн, - түймесi кестенiң бiр жазуын өшiру үшiн пайдаланылады, т.с.с.
Сурет 14. DBNavigator
Форма шеберiнiң төртiншi қадам терезесiнде Horizontally ауыстырып қосқышы таңдалып, соңғы терезеде Finish түймесi шертiлген кезде Form3 формасы көрiнедi (Сурет 15). Оның In a grid ауыстырып қосқышы таңдалған соң көрiнетiн формадан айырмашылығы – iшiне, DBGrid терезесiнiң орнына, Label және Edit (редакциялау) өрiстерi орнатылып, оларға сәйкес өрiс атаулары мен түрлi Edit жазулары енгiзiлiп қойылады.
Сурет 15. Horizontaly ауыстырып қосқышы таңдалған соң
Keste2.db үшiн форманың көрiнiсi
Форманың жоғарғы қатарына DBNavigator, Table1 және DataSource1 компоненттерi де автоматты түрде орнатылған. Мұнда Navigator түймелерiн iске қосу мүмкiн емес.
Keste2.db кестесi Edit өрiстерiне енгiзiлуi тиiс. Ол үшiн орындалатын әрекеттер:
форманың Font қасиетiне қазақ шрифтiн меншiктеп, Table1, DataSource1 компоненттерiнiң көрсетiлген қасиеттерiн орнату. Өрiстерге кестенiң бiрiншi (ағымдық) жазуы енгiзiлiп қойылады (Сурет 16).
iске қосу командасын беру (F9). Форма қайта көрiнiп, DBNavigator компонентiнiң түймелерi қосылып қойылады. Түймелердi шертiп, Edit өрiстерiне кестенiң қалаған жазуын шығару қиын емес. БҚ жүйесiнде мұндай түрде құрылған кестенi форма деп атайды. Кестеге жаңа жазулар қосуға, жазуды редакциялауға да болады.
Форманың DBGrid компонентi терезесiнде форма шеберi арқылы дайындалған кестенiң бiр жазуы көрiнiп тұрсын. Navigator компонентiнiң түймелерiн пайдаланбай, оның келесi не алдыңғы жазуын программа арқылы шығаруға болады. Borland Delphi – де ол үшiн арналған арнайы әдiстер бар: Next, Prior, First, Last, т.б. Мысалы, келесi, алдағы, соңғы, бiрiншi жазуларға өту үшiн программаны мынадай түрде құруға болады:
Жаңа проект ашып, формада төрт командалық Button1 ,…, Button4 түймелерiн орнату. Оларға Next (Келесi), Prior (Алдыңғы), Last (Соңғы), First (Бiрiншi) атауларын беру.
Форма шеберi арқылы бiр жазуы көрiнетiн кестенi формаға шығару.
Ретiмен түймелердi екi реттен шертiп, код терезесiнде оқиғаны өңдеуiш процедураларын енгiзу:
Procedure TForm1. NextClick (Sender : TObject);
begin
Table1. Next; end;
procedure TForm1. PriorClick (Sender : TObject);
begin
Table1. Prior; end;
procedure TForm1. FirstClick (Sender : TObject);
begin
Table1. First; end;
procedure TForm1. LastClick (Sender : TObject);
begin
Table1. Last; end;
Программаны iске қосып, формада көрiнген төрт басқару түймелерiнiң бiрiн шерту. Форманың редакциялау (Edit) терезелерiнде сәйкес жазу көрiнедi.
Borland Delphi–де визуальды емес компоненттердi пайдаланып, берiлгендер қорының кестелерiне топтық түрде қол жетiзудiң екiншi тәсiлi де бар. Мүндай компоненттер арнайы дайындалатын берiлгендер модулiнде топтастырылады.
SQL – сұраныстар тiлiнің Delphi–де қолданысы
Кесте мазмұнын толық ашып көрсетпеу үшiн берiлгендер қорының иесi басқа адамға оның барлық жазуларын емес, белгiлi шарттарды қанағаттындыратын кейбiр жазуларын не өрiстерiн ғана көрсетуi мүмкiн. Borland Delphi-де арнайы программа арқылы кестенiң қажеттi үзiндiсiн не түрлi кестелерден алынған берiлгендер жиынтығын экранға шығаруға болады. Негiзгi кестемен жаңылыстырмас үшiн әдетте мұндай үзiндiлердi сұраныс деп атайды, сұраныс түрi әдеттегiдей кесте түрi сияқты.
Берiлгендер қорын проектiлеу, тиiмдi пайдалану үшiн қажеттi сұраныстар құру қиындығы программаларды құру қиындығынан кем емес. Қазiргi коммерциялық қосымшаларда берiлгендер қоры әр қайсысы жүздеген өрiстерден тұратын мыңдаған кестелерден тұрады. Бiр не бiрнеше кестенi пайдаланып, түрлi сұраныс құруды MS Access сияқты берiлгендер қорын басқару жүйелерiнде орындау көп қиындық келтiрмейдi. Рұқсат етiлмеген адамдардың таныса алмауы үшiн берiлгендер қорын пароль арқылы, кесте өрiстерiн идентификатор арқылы қорғап қою да мүмкiн [3].
Мақсатына қарай, сұранысты түрлi түрде құру мүмкiн. Төменде Borland Delphi жүйесiнде сұраныс құрудың бiраз тәсiлдерi көрсетiлген. Сұраныс құрудың негiзгi тәсiлi – компоненттер палитрасының Data Access бетiне енгiзiлген Query (Сұраныс) компонентiн формада орнатып, сұраныстар тiлi деп аталатын SQL тiлiнде жазылған командалық мәтiндi пайдалану (SQL – Structured quary Language / Құрылымдық сұраныстар тiлi). SQL – БҚ үшiн сұраныстар құруға арналған арнайы тiл. Оның құрамында берiлгендермен жұмыс iстейтiн түрлi категориялы берiлгендердi анықтау тiлi (Data Definition Languge, DDL) және берiлгендердi басқару тiлi (Data Manipulation Language, DML) енгiзiлген. Оларда пайдаланылатын кiлттiк сөздер (операторлар) 30 – ға да жетпейдi (кiлттiк сөздердi бас әрiптер арқылы жазу келiсiлген) [4, 5]:
CREATE TABLE (Кесте құру),
CREATE VIEW (Атау берiлген бос кесте құру);
SELECT (lрiктеу),
INSERT (Кiрiстiру),
DELETE (Жою),
UPDATE (Өзгерту).
Жалпы, SQL тiлi арқылы бiр не бiрнеше кестенiң берiлгендерi енгiзiлетiн сұраныс құру, кесте бағандарын не жолдарын реттеу (сорттау), кестеге жол не өрiс қосу, сандық берiлгендердi топтап, олардың қосындысын, максимумын, минимумын, орта мәнiн табу және т.б. әрекеттердi орындауға болады.
Сұраныс құру үшiн жиi пайдаланылатыны – берiлгендердi iрiктеуге арналған SELECT операторы. Оператор құрамына мынадай кiлттiк сөздер мен белгiлер енгiзiлуi мүмкiн:
(жұлдызша) – бәрi мағынасын бiлдiредi;
, (үтiр) – тiзiм элементтерiнiң аралығына қойылады;
; (нүктелi үтiр) – SQL тiлiнде жазылған командалық мәтiннiң соңына қойылады;
÷ (тiк сызық) – екi не одан да көп жағдайлардың бiрiн таңдау мүмкiндiгiн бiлдiредi;
[ ] (квадрат жақшалар) – iшiне жазылғандарды пайдалану мiндеттi еместiгiнiң белгiсi.
FROM (жалғау: дан, ден, т.с.с.) – соңына сұраныс құрылатын кесте не кесте атаулары жазылады.
WHERE (қайда) – соңына шарттар енгiзiлетiн кiлттiк сөз. Шарттар =, <>, <, >, <=, >= операция белгiлерiн пайдаланатын жай, не AND, OR сияқты кiлттiк сөздерiн пайдаланып жазылатын құрама болуы мүмкiн. Шарт BETWEEN (аралық), LIKE (сияқты), т.б. кiлттiк сөздерiн пайдаланып жазылуы да ықтимал. Соңғы шарттың мәнi - символдық (мәтiндiк) типтi.
Үнемдеу үшiн әдебиеттерде кесте аты, баған (өрiс) аты терминдерi кесте, баған (өрiс) түрiнде қысқартылып жазылуы мүмкiн. Мысалы, сұраныстың қарапайым жазылу түрiнiң бiрi [6]:
SELECT <өрiстер тiзiмi> FROM <кесте>
SQL тiлiнде тiзiм үтiр арқылы бөлiнiп, кесте атауы дәйекшелерге алынып жазылады. Егер кестенiң барлық өрiстерiн экранға шығару қажет болса, операторды
SELECT * FROM <кесте>
түрiнде жазу жеткiлiктi (мұндағы * символы – барлық өрiстердi таңдау белгiсi).
Шартты қанағаттындыратын сұраныстың жазылуының бiр түрi:
SELECT <өрiстер тiзiмi> FROM <кесте> WHERE <шарт>
мұндағы шарт, Паскальдағы сияқты, жай не құрама болуы мүмкiн, күрделi құрама шарттар жай жақшаларға алынып жазылады.
Delphi–де сұраныс құрудың көп пайдаланылатын тәсiлi – формаға орнатылған Query, Table, DataSource, DBGrid компоненттерiнiң пайдалануы. Құрылған сұраныс DBGrid терезесiне енгiзiледi.
1–мысал. Database Desktop–та құрылған Keste2.db кестесiне сұраныс құру керек.
Жаңа проект ашып, формасына Table1, DataSource1, Query1, DBGrid1 компоненттерiн орнату.
Ретiмен төмендегі компоненттер қасиеттерiне мәндер меншiктеу.
Кесте 2
-
Компонент
Қасиет
Мән
Table1
DataSource1
Query1
DBGrid1
DatabaseName
TableName
Name
DataSet
DatabaseName
SQL
DataSource
MyDB
Keste2.db
DataSource1
Query1
MyDB
Tstring […]
DataSource1
Tstring типтi SQL қасиетi TQuery компонентiнiң ең қажеттi бөлiмi. Көп нүкте енгiзiлген Tstring қатары шертiлген кезде String list Editor (Редактордың жолдық парағы) терезеci көрiнедi.
Сурет 16. SQL тiлiнде терезеге енгiзiлген сұраныс
Терезеге SQL тiлiнде орындалатын сұраныстың командалық мәтiнi (оператор) енгiзiлуi тиiс (Сурет 17). Берiлген мысалдың орындалуын қанағаттындыру үшiн енгiзiлетiн сұраныс:
SELECT * FROM “Keste2.db” WHERE T >= 1985
(егер TString типiмен сипатталған болса, 1985 санын тырнақшаларға не дәйекшелерге алып жазу керек).
Терезеге операторды енгiзген соң, оның ОК түймесiн шерту. Form1 терезесi қайта көрiнедi.
Query1 компонентiн қайта таңдап, оның Active қасиетiне True мәнiн меншiктеу. Сұраныс DBGrid1 компонентi терезесiне енгiзiлiп қойылады (Сурет 17).
Сурет 17. Сұраныс терезесі
Сұраныс енгiзiлген DBGrid1 терезесiн тазалау үшiн Query1 компонентiнiң Active қасиетiне False мәнiн меншiктесе болғаны. Сұранысты сақтау тәсiлi DBGrid компонентiнiң терезесiне енгiзiлген кестенi сақтау тәсiлi сияқты.
2-мысал. Database Desktop утилитасында құрылған Keste2.db кестесi MyDB алиасында (бумасында) сақталған. Кестенiң тек Fam өрiсiнен тұратын қарапайым сұраныс құру керек.
Сұраныс құру тәсiлi бiрiншi мысалдағы сияқты. Тек String list Editor терезесiне SQL тiлiнде
SELECT Fam FROM “Keste2.db”
сұранысын енгiзсе болғаны. Сәйкес қасиеттер орнатылған кезде DBGrid компонентiнiң терезесi iшiнде қажеттi сұраныс көрiнедi (Сурет 18).
Кестеден кез келген жазуды iздеп, экранға шығаратын сұраныс құру да мүмкiн. Оны Select командасында жазылатын шартқа енгiзсе болғаны. Мысалы, WHERE Fam =”Нысанов” WHERE Fam LIKE ‘Нысанов‘.
Table, Query берiлгендерiнiң әр бағаны үшiн автоматты түрде компоненттер панелiне енгiзiлмеген мұрагерлiк TField (Өрiс) компонентi құрылады.
Сурет 18. Кестенiң Fam өрiсiнен тұратын сұраныс
Insert (қiрiстiру) – кестеге жаңа жазу қосу операторы. Жазылу форматы:
INSERT INTO <кесте>
VALUES ( <мәндер тiзiмi>);
Тiзiмге енгiзiлген мәндер үтiрлер арқылы бөлiнiп жазылады. Мәндер типтерi кестенiң сәйкес өрiстерiнiң типтерiмен бiрдей болуы тиiс. Мысалы, Keste2.db кестесiне Нысанов Ерназар 1952 қазақ жазуын қосуға арналған сұраныс командасы:
INSERT INTO Keste2.db
VALUES (‘Нысанов Ерназар’, 1952, ‘қазақ‘);
Формаға Table1, Query1, DataSource1 компоненттерiн орнатып, Query1 компонентiнiң SQL қасиетiн екi рет шерткен кезде ашылатын терезеге енгiзу керек.
Кестеге сандық өрiстер енгiзiлген болса, SQL тiлiнде олардың қосындысын (sum), ең кiшi (min), ең үлкен (max), орта мәндерiн (avg) және өрiске енгiзiлген барлық мәндер санын (count) есептеп шығаруға болады. Ол үшiн арналған агрегаттық функциялар деп аталатын функциялар бар:
SUM(<өрiс атауы>) ;
MIN(<өрiс атауы>);
AVG(<өрiс атауы>);
COUNT(<өрiс атауы>)
Мысалы, Keste5.db кестесiнде Baga (бағасы) атаулы сандық мәндерден тұратын өрiс енгiзiлген болсын. Осы өрiстiң мәндер қосындысын табу сұранысының жазылуы:
SELECT SUM (Baga) FROM “Keste5.db”
Егер формада TQuery, TDataSource, TBGrid компоненттерi және жоғарыда көрсетiлген олардың қасиеттерi орнатылып қойылса, жазылған сұраныс TBGrid компонентiне сандық Baga өрiсiнiң мәндер қосындысын шығарады, т.с.с.
Сұраныс құрудың екiншi тәсiлi. SQL Builder программасы
Сұраныс құру үшiн SQL Builder (Сұраныс жасаушы) программасын пайдалану ыңғайлы. Оны жоғарыдағы мысалды орындау үшiн қолдану жолы:
Жаңа проект ашып, Form1 терезесiне DataSource1, Query1 компоненттерiн орнату.
Компоненттер қасиеттерiне мәндер меншiктеу:
Кесте 3
-
-
-
Компонент
Қасиет
Мән
DataSource1
Query1
DataSet
Name
DatabaseName
Query1
DataSource1
MyDB
-
-
Query1 компонентiн оң түймемен шертiп, көрiнген контекстi мәзiрден SQL Builder қатарын таңдау. Сұраныс жасаушы программасы iске қосылып, терезесi экранға шығады.
Алғашқыда терезе бос болып, оның жоғарғы қатарындағы Database өрiсiне алиас атауы жазылғаны көрiнедi. Table өрiсiнен қажеттi кесте атауын таңдау. Төртбұрыш iшiне алынған кесте (кесте жөнiнде мәлiмет) терезенiң жоғарғы қабатына енгiзiлiп қойылады (Сурет 19).
Кесте өрiстерiн таңдау. Ол үшiн көрiнген белгiшелердiң жоғарғысын таңдау жеткiлiктi.
Criteria (lрiктеу шарттары) қосымша бетiн ашып, төменгi панельдiң сол жақ өрiсiне Keste2. T атауын, орта (Compare) өрiсiне >= операторын, сол жақ өрiсiне 1985 санын енгiзу (егер кесте құруда сәйкес өрiс символдық типтi етiп (A) белгiленген болса, санды тырнақшаларға алып енгiзу керек).
Query – Run командасын беру. Іажеттi сүраныс Query Results терезесiнде көрiнедi. DBGrid компонентiне енгiзiлген сұраныспен бiрдей.
Сурет 19. Сұраныс жасаушы терезесi
Берiлген сұраныс мәтiнiн көрiп шығу үшiн Query – Show SQL командасын беру керек. Көрiнетiн сүраныс мәтiнi:
SELECT F, T, U FROM “Keste2.db” Keste2
WHERE T >= 1985
Keste2.db кестесiн T өрiсi бойынша өспелi түрде сорттау керек болсын. Ол үшiн көрiнген кесте өрiстерiн толық таңдап, терезенiң Sorting қосымша бетiн ашу керек. Терезенiң төменгi сол панелiнде өрiс атаулары тiзiмi көрiнедi. Тiзiмнен Keste2.Tjili өрiсi екi рет шертiлсе, ол оң панельге көшiрiлiп қойылады. Көшiрiлген жазуды таңдап және ортада көрiнген өспелi түрде сорттау (A..Z) түймесiн шертiп, iске қосу (F9) командасын беру жеткiлiктi.
Түйме шертiлген кезде төменгi сұраныс автоматты түрде құрылып қойылады:
SELECT F, T, U
FROM “Keste2.db” Keste2
ORDER BY T //Order by – ұйғарым бойынша
Құрылған кестелердiң бiр өрiсiн кiлттiк ету, екi кестенi бiр типтi кiлттiк өрiстерi арқылы байланыстыру, байланысты кестелер арқылы сұраныс құруға болады (бiр кестемен жұмыс iстеу кезiнде өрiстi кiлттiк ету мiндеттi емес).
Екi кестенi байланыстыру үшiн бiрiншi кестенiң кiлттiк өрiсi бiрегей (өрiстiк мәндер қайталанбайтын) болуы тиiс. Мүндай кестенi негiзгi, екiншi кестенi бағынышты деп атайды.
Database Desktop утилитасы арқылы құрылған кесте өрiсiн кiлттiк ету қиын емес. Ол үшiн құрылатын өрiстердiң бiрiншiсi етiп бiрегей сандық өрiстерден тұратын ID (Identifier – идентификатор, кiлт) өрiсiн құрып шыққан жөн. Оның Type бағанын оң түймемен шертiп, көрiнген мәзiрден Autoincrement (Автоқосымша) қатарын таңдау керек. Type өрiсiне + символы енгiзiлiп қойылады. Одан әрi Key (Кiлт) бағанына * (жұлдызша) белгiсiн енгiзу қажет. Кесте құру кезiнде бiрiншi көрiнген ID өрiсiне 1 санын енгiзу керек. Autoincrement – тiң таңдалуына байланысты, келесi жазулар үшiн бұл өрiске автоматты түрде ретiмен 2, 3, … сандары енгiзiлiп қойылады.
2 АРНАЙЫ БӨЛІМ
2.1 Есептің қойылымы
Қазіргі уақытта адам іс-әрекетінің барлық салаларына компьютерлік технология кеңінен қолданылатын болды және оның маңыздылығы барған сайын арта түсіп отыр. Осыған байланысты, жаңа программалардың тасқыны, көптеген адамдарға кәсіптік-ақпараттық технология құралдарын жоғары дәрежеде білу қажеттігін көрсетеді. Бұл салаға мемелекеттік тұрғыдан да барынша көңіл бөлінуде.
Ақпаратты жаңа технологияны қолдану қоғамдағы кейбiр процесстердi автоматтандыру дегендi бiлдiредi. Бұл - адам жасайтын кейбiр әрекеттердi электрондық есептеуіш мәшинесі жәрдемінде орындау деген сөз. Бiздiң дипломдық жобамыздың тақырыбы да ««Мизам» мейрамхана бизнесін автоматтандыру» болып отыр. Алайда ол көп еңбектi қажет етедi.
Мен автоматтандыруды жүргiзу үшiн, алдымен «Мизам» мейрамхана бизнесінің құжатамаларын зерттеп, Access берілгендер қорына мәліметтерді дайындадым, Delphi программалау ортасына шақырдым. Delphi тілі үлкен БҚ-мен жұмыс iстеуге өте ыңғайлы. Delphi программалау ортасының мүмкiндiктерi жөнiнде жоғарыда айтып өткен едiк.
Бұл есепте «Мизам» мейрамхана бизнесі қызметінің жұмысын автоматтандыруын ұйымдастыру жоспары жасалды. Бұл жоспардың негізін «Мизам» мейрамхана бизнесінің құжаттамалары туралы толық мәлімет құрастыру қажет. «Мизам» мейрамхана бизнесіне қарасты құжаттамалары туралы барлық мәліметтерді жиналып, яғни қызметкерлер және клиенттерді тіркеу, мәзір жіне құрамын, тапсырыс қабылдау және тапсырыс парағын баспадан шығару және осы сияқты мәліметтерден толық бір бағдарламада болуы қажет.
Жалпы программаны құру бiрнеше кезеңнен тұрады:
Программаның интерфейсiн жобалау;
Программалық кодтарды жазу;
Программаны тестілеу және жөндеу;
Пайдаланушыларға арналған нұсқаулар жазу;
Программистке арналған нұсқаулар жазу.
2.2 Есептің шешілу алгоритмі
Бұл есепте «Мизам» мейрамхана бизнесі жұмысын автоматтандыруын ұйымдастыру болып табылады.
Бірінші қосымша «Мизам» мейрамхана бизнесінің мәзір беті. «Қызметкерлер», «Статистика», «Клиенттер», «Қызмет», «Мәзір және құрамы» мәзірлерінен дайындалды және қажетті мәзірді таңдап келесі бөлімге өтуіне болады.
Екінші қосымша «Қызметкерлер» формасы: «Қызметкерлер», «Жөні», «Аты», «ЖСН», «Қызметі», «Фильтр» мәліметтерді енгізу арқылы қажетті сақпаратты сақтауға және өзгертуге мүмкіндігі бар.
Үшінші қосымша «Статистика» формасы.
Төртінші қосымша «Клиенттер: «Жеңілдіктері бар тұрақты клиенттер», «Жөні», «Аты», «Мекен-жайы», «Тіркелу күні», «Картаны баспадан шығару», «Отчет» мәліметтерді енгізу арқылы қажетті ақпаратты сақтауға және өзгертуге мүмкіндігі бар.
Бесінші қосымша «Қызмет» мәзірі, мұнда тапсырыс қабылданған мәліметтер енгізілген және клиент тапсырысын баспадан шығару мүмкіндігіне ие.
Алтыншы қосымша «Мәзір және құрамы», мәзір тізімі және есебі, мәзір тізімін өзгертуге және сақтауға болады.
Менің программамның шешілу алгоритмі жоғарыда айтып өткендерімнен тұрады.
2.3 Пайдаланушыға нұсқау
Бұл бағдарлама «Мизам» мейрамхана бизнесі қызметінің жұмысын автоматтандыруын ұйымдастыру базасы болып табылады. Пайдаланушыға бұл бағдарлама «Мизам» мейрамхана бизнесі қызметінің жұмысын жеңілдетіп және уақытын үнемдеуге мүмкіндігі бар.
Бұл программаны егер сіздер көшіріп алып басқа кампьютерде істетемін десеңіздер міндетті түрде берілгендер қорым компоненттерін қайтадан орнатуыңыз керек. Ол үшін форма бетіндегі ADOTable компанентін дұрыстап базасын көрсету керек. Бұл программада мәліметтер базасы істелінгендіктен оған екі база құрылған соның үшін екеуініңде базасын көрсету керек басқа кампьютерге көшіргенде.
Бұл программа Delphi программасымен жасалған сіздер бұл программаны өзгерту үшін немесе көру үшін алдымен ол программаны орнатып алуыңыз қажет.
Қосымша екі бөлімі атап өтсек, егер пайдаланушы бұл мәліметтер базасының қай бағдарламада жасалғанын білгісі келсе онда бірінші бөлімден көре алады.
2.4 Программистке нұсқау
Программистке қысқаша бірнеше нұсқау. Бұл бағдарлама «Дельфи» тілінде жасалған, сондықтан бұл бағдарламаны өзгертуге міндетті түрде делфи бағдарламасының орнатқышы (установочник) қажет, оны диск дүкенінен немесе интернеттен ала аласыз.
Бағдарламамен танысу үшін «Project» бөлімінде көріп алу қажет, ол ерекше суретпен белгіленіп тұрады (иконка). Бағдарламамен танысқан соң оны өзгерту немесе тағы басқа редактрлеу жұмысын жүргізу үшін «exe» бөлімі арқылы ашамыз.
Ашылған терезеде бір «Unit» және «Form» қосымша терезелері ашылады, бұл аймақ негізгі бөлімдер болып табылады, біріншісі есеп кодын жазуға арналған болса, екінші бөлімі визуалды жұмыстарға жауап береді.
2.5 «Мизам» мейрамхана бизнесінің жұмыс орнын автоматтандыру бағдарламасы
Бүгінгі таңда компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енген. Оқу орындарының жұмысын автоматтандырып, берілгендерді компьютер көмегімен өңдеу бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі екені сөзсіз.
Мейрамхан бизнесінің автоматтандырылған бағдарламалық қамтамасы келесідей міндеттері қамтылған:
– «Мизам» мейрамханасында жұмыс істейтін қызметкерлер жөнінде мәліметтер;
– Жеңілдіктері бар тұрақты клиенттердің тізімі (тегі, аты–жөні, мекен-жайы, тіркелген күні т.б);
Аталған мәліметтерді сақтау және өңдеудің көп тараған әдістердің бірі берілгендер қоры түрінде дайындалады. Дипломдық жұмыс берілгендер қоры тұрғысында дайындалған. Кадр бөлімінің (ӘЕТБ) жұмыстарын жеңілдету, яғни оны автоматтандыру мақсаты қарастырылған. Жұмыс Delphi-дің көмегімен құрылған. Сонымен қатар диплом жұмысын Delphi (дельфи) программалау тілінде жазудағы басты мақсат – тілді терең меңгеру, заман талабына сай өмірде қолдану болып отыр.
Delphi 7 программалау ортасының берілгендер қоры компоненттер сериясының мүмкіндіктерін пайдалана, Access базамен байланыстырып, білім мекемелеріндегі қызметкерлердің iс-қағаздарын жинақтау, тіркеу, талдау жасау жұмыстарын автоматтандыратын бағдарламалық қамтама дайындадым.
Сурет 20. «Мизам» мейрамхана бизнесін автоматтандырылған бағдарламасы
Сурет 21. Мейрамхана қызметкерінің мәліметтерін енгізу формасы
Сурет 22. Жеңілдіктері бар тұрақты клиенттер тіркеу формасы
Сурет 23. Тапсырыс қабылдау және тапсырыс есебін шығару формасы
Сурет 24. «Мәзір» формасы
ҚОРЫТЫНДЫ
Мен өзімнің дипломдық жұмысымды қорытындылайтын болсам. Онда Delphi ортасында жұмыс істеу мүмкіндіктері өте көп. Бұл программада жұмыс жасау тек қызық қана емес сонымен қатар тиімді әрі ыңғайлы болып келеді.
Қазiргi кезде әлемнiң көптеген елдерi экономикада, ғылым мен техникада, әлеуметтiк салаларда автоматтандырылған басқару жүйелерiн қолданады. Мұндай жүйелердi жобалау мен жасап шығу әлi күнде де оң шешiмiн таппаған мәселелердiң бiрi деп атауға болады.
Менің дипломдық жұмысымдағы қарастырылған басқарудың автоматтандырылған жүйелерi тек өндiрiсте ғана емес, ғылым мен техниканың да жұмыс өнiмдiлiгiн арттырады. Сондықтан да елiмiздiң көптеген ағарту, медицина, т.с.с. әлеуметтiк салаларын басқаруды автоматтандыру да өте өзектi мәселе. Қазiр бұл тұрғыда жұмыстар баяу да болса жүргiзiлуде. Осындай автоматтандырылған басқару жүйелерiн құрып, пайдалануда.
Дипломдық жұмысымның мақсаты автоматтандырылған басқару жүйесін құру арқылы кадр бөлімінің жалпы iс-қағаздарды жүргiзудi автоматтандыру болып табылды және жұмыс толық аяқталды.
Жұмыста программалық өнім даярланды. Оның қолданылу жолы және программалық процедуралар құру кезеңдері жұмыстың екiншi тарауында келтiрiлген. Бұл өнім компания, фирма, мекемелерде жұмыстарында қолданысқа ие болуына толық мүмкiндiк бар деп есептеймiз. Жұмыстағы автоматтандырылған басқару жүйесiн құруда Delphi ортасын қолдану әдiстерi мен тәсiлдерi келтірілді.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген