400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МЖД балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбиешілерге
Материалдың қысқаша нұсқасы


Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстары


  1. Кіріспе

Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың ерекшеліктері

  1. Негізгі бөлім

Отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарын тиімді ұйымдастыру жолдарының жүйесі

  1. Қорытынды

  2. Әдебиеттер тізімі

































Кіріспе


Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Отбасы жүйесіндегі ғалымдар мен мамандар арасында (Т.А.Маркова, О.Л.Зверева, Е.П.Арнаутова, В.П.Дуброва, И.В.Лапицкая және т.б.) отбасылық институт - эмоционалдық қатынастар институты деп бекер саналмаған. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Жанұя... Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам – шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу.

Мектепке дейінгі бағдарламасының өзгеруіне байланысты көптеген математик-әдіскерлер (Ю.М.Колягин, М.И.Моро, К.И.Нешков, А.М.Пышкало, А.Д.Семушин, Қазақстандық ғалымдар Т.К.Оспанов, С.Е.Шәкілікова және т.б.) математикалық білімдерді қалыптастыруда оқу есептерін пайдалануға баса назар аудара бастады. есептердің сан алуан атқаратын міндеттері (білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші) анықталып, олар жеке тармақтарға бөлініп қарастырылатын болды. Бұл кейіннен көптеген арнайы зерттеулердің негізі болды. Олардың ішінде мыналарды атауға болады: мазмұнды есептер мектепке дейінгі балалардың логикалық ой қорытуын дамытудың (С.И.Сельдюкова), олардың оқудағы іс-әрекеттерін қалыптастырудың (С.Е.Царева) математикалық ұғымдарды меңгеру сапасын арттырудың (В.М.Гергенева), және т.б [1].

Мектепке дейінгі балалар үшін математиканы оқыту бағдарламасының түсініктеме бөлімінде былай деп жазылған: «Натурал сандар мен нөлді оқып үйрену мазмұны өмірден алынуға тиісті есептер мен практикалық жұмыстар жүйесіне, сондай-ақ балалардың өздерінің еңбегіне байланысты негізделіп құрылады. Бұл, әрбір жаңа ұғым әрқашан оның мәнін анықтауға көмектесетін, оны қолдануды талап ететін қандай да бір есепті шығарумен байланысты қалыптасады деген сөз».

Математиканы оқытуда есептерді пайдалану, құрастыру, олардың маңыздылығы, атқаратын қызметі туралы мәселелер белгілі психологтар мен педагогтардың: Ш.Амонашвили, И.Бекбоев, Д.Н.Богоявленский, В.В.Давыдов,, Л.В.Занков Е.Н.Кабанова – Меллер, Н.Г.Калашникова, Е.С.Канин, Ю.М.Колягин,, А.Н.Леонтьев, М.Р.Леонтьева, Е..И.Лященко, Р.А.Майер, Е.И.Машбиц, Н.А.Менчинская, В.С.Мерлин, М.И.Моро, П.И.Пидкасистый, Дж.Пойа, Н.К.Рузин, Г.И.Саранцев, А.Д.Семушин, Ф.Ф.Семья, М.Н.Скаткин, З.И.Слепкань, В.С.Суворова, Н.Ф.Талызина, Л.М.Фридман, Д.Б.Эльконин, П.М.Эрдниев еңбектерінде қарастырылған; есептердің негізгі белгілері мен оларды жіктеудің критерийі: Б.Баймұханов, В.Л.Гончаров М.И.Денисова,, Е.И.Лященко, С.Е.Царева, В.М.Гергенева, А.Я.Цукарь және т.б. еңбектерінде анықталған; ал оқу есептерінің жүйесін құрудың түрліше негіздеулері И.В.Арнольд, Г.В.Дорфеев, Я.Н.Менцис, К.С.Муравин, Т.А.Лизогуб және т.б-ның ғылыми жұмыстарында қарастырылған. Математиканы оқыту үрдісінде жай есептерін құрастыру мен санай білу жеке балалардың интеллектуалды біліктерін, дағдыларын қалыптастырудың құралы ретінде қазақстандық ғалым-әдіскерлер Т.Б.Ли, К,А,Таңатаров, Р.Тасболатова, С.У.Утепкалиевтің, М.Ө.Мұсабековтың т.б. еңбектерінде қарастырылған.

Дегенмен де, мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жетілдіре түсу бағытындағы жүргізіліп отырған жұмыстар мемлекеттік стандартта көрсетілген міндетті білім деңгейін меңгертуде, оқытудың жалпылыма біліктері мен іскерліктерін, дағдыларын қалыптастыруда әлі де болса күткен нәтижелерді бере алмай отыр [2]. Әдістемелік әдебиеттерге жасалған талдау мен білім беру тәжірибесі көрсеткендей, күні бүгінге дейін біз зерттеп отырған мәселенің көптеген аспектілері жеткілікті зерттелмеген. Оның ішіндегі негізгісі – мектепке дейінгі сатысындағы баланың оқу іс-әрекетінің қалыптасуында, жеке тұлғаны тәрбиелеу мен дамыту мақсатында жай есептерінің қолданылуы осы күнге дейін өз шешуін таппаған мәселе. Оқыту үрдісінде жалпылама оқу біліктерін қалыптастыруда математика курсы оқулықтарындағы жай есептері жүйесі мүмкіндіктерінің пайдаланылуы жеткіліксіз.

Сондықтан да теориялық білімді зерделеуде, оқып-үйренуде балаларда математикалық түсініктер мен ұғымдарды мақсатты түрде қалыптастыруда және есептер шығару әдісін меңгертуде оқу есептерін қолданудың қажеттігі және оларды пайдаланудың негізделген әдістемесінің қазіргі кезде білім беру мекемелерінде математиканы оқыту талабына сәйкес келмеушілігінен туындайтын қайшылық зерттеу тақырыбының көкейкестілігін анықтайды.

Ал, оның негізі балалық шақта қаланбақ. Осы орайда балаларды математика негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады. Сондықтан да балабақшада жай есептерді құрастыру мен санай білу біліктілігін қалыптастыру көкейтесті мәселе.

Зерттеудің мақсаты Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарының жолдарын қарастыру.








Ересек топтарындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру ҚР МЖМББС МДОжТ бекітілген "Біз мектепке барамыз" 5-6 жас аралықтарын қамтитын балаларға арналған бағдарламасы бойынша жүреді 15. Ересек топтарындағы балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру кіші білім беру саласы стандарт бойынша «таным» білім беру саласына қатысты болып отыр. Мұндағы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кіші білім беру саласының мақсаты: мектепке дейінгі ересек жастағы балалардың көңілін заттардың саны мен қоршаған орта құбылыстарына аударту негізінде математикалық ойлауын қалыптастыру деп көрсетілген. Осы мақсатқа сәйкес математикалық ойлауын қалыптастыру барысында оқытудың мынадай дамытушылық қызметтері белгіленген:

1) зейін, ес, түйсік, шығармашылық қабілеттерін, қиялын, ойлау вариативтілігі сияқты танымдық үдерістерін дамыту;

2) танымдық қызығушылықтарын дамыту барысында белсенді оқу іс-әрекетін қалыптастыру;

3) ақыл-ой әрекетінің тәсілдерін үйрету; мектеп жасына дейінгі балаладың сөздік қорына математикалық атауларды енгізу, сабақта алған білімдері мен іскерліктерін күнделікті өмірде қолдану;

4) заттардың әртүрлі топтарын санау мен оның саны, сапасын анықтау дағдысын үйрету, олардың бір – бірімен арақатынасын анықтау;

5) кеңістікті, уақытты қағаз бетінде бағдарлау дағдыларын дамыту;

6) геометриялық пішіндер мен денелер, өлшемдер туралы түсініктерін қалыптастыру

«Таным» білім беру саласының мақсаты танымдық іс-әрекет дағдыларын меңгерген, қоршаған ортаны тұтастай түсінетін және ақпаратты өмірлік маңызды мәселелерді шешу үшін қолдана білетін мектепке дейінгі мекемеде Ересек топ жастағы балалардың жеке тұлғасын қалыптастыру болып табылады.

Мектепалды даярлықтағы балаларда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңыздылығы бірқатар себептерге байланысты: ақпараттың молдығы, компьютерге зейіннің жоғарылауы, оқыту процесінің қарқынын жоғарылату; ата-аналардың өз балаларына цифрларды тану, санау, есептер шығаруға үйретуді ерте бастауға ұмтылуы. Ересек топта қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті енжар баланың белсенділігін арттыратындай болу керек. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрін берілген тапсырмаларға байланысты өзгертіп отырған жөн. Оны өткізудің түрлі нұсқаларын іздестіру қажет. Жаңа материалды оқып-үйрену өткен материалды қайталаудан бастайды. Қайталау ойын жаттығулары түрінде ұйымдастырылады және 2-5 минут уақытты алады. Білімдерді бекітуге арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін де ойын жаттығуларынан бастайды.

Педагог-тәрбиеші балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыра отырып, көрнекілік, ауызша және практикалық әдіс-тәсілдерді кешенді түрде қолданады. Педагог-тәрбиешінің осы жастағы балалардың танымдық сипаттағы тапсырмаларын түсінуге және олардың нұсқауларына сай әрекет жасауға мүмкіндіктері бар. Қойылған міндеттер балалардың танымдық белсенділігін оятуға мүмкіндік туғызады, сондықтан Ересек тобындағы балалардың ақыл-ой операцияларын (талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау) дамытуға көп көңіл бөлінеді. Балалар аталған операцияларды көрнекіліктерге сүйене отырып орындайды.

Ересек тобында көрнекі құралдардың түрлері көбейеді және сипаты біршама өзгереді. Иллюстративті материалдар ретінде ойыншықтар мен заттарды қолдану жалғастырылады. Қазір суреттермен, түрлі-түсті және бейнелі заттармен жұмыс жасау үлкен орын алады, заттардың суреттері сызба түрінде болуы да мүмкін.

Ересек тобындағы балалардың қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыруда оқытудың ауызша әдістерінің рөлі арта түседі. Педагог-тәрбиешінің нұсқауы мен түсініктемесі балалардың іс-әрекетін бағыттайды және жоспарлайды. Педагог нұсқау бергенде балалардың білім-біліктерін ескере отырып, жаңа тәсілдерді де қолданады. Түсіндіру барысында балалардың алдына шешілетін мәселені қою дербестік пен ұғымталдықтың пайда болуына және «Тағы қалай жасауға болады? Тексеру керек пе? Айту керек пе?» деген сұраулардың жауабын іздеуге ынталандырады.

Баланың жаңа құралмен әрекет жасауды түсіндіріп бере алуының маңызы бар. Сондықтан педагог-тәрбиеші үлестірмелі материалдармен жұмыс істеу барысында балалардан кезекпен «не, қалай, не үшін осылай жасады» деп сұрайды. Әрекеттерді сөздің көмегімен түсіндіру балалардың ұғынуына мүмкіндік береді. Кез келген тапсырмадан кейін сұрақ қойып отыру керек. Балалар не істеп, не қойғандары, нәтижесінде қалай болғаны туралы айтып береді. Мектепалды даярлық балаларға сан мен санау туралы түсініктер санға дейінгі сандық қатынасты қалыптастырудан басталады: заттардың көлемі бойынша теңдік − теңсіздік, заттардың топтық саны бойынша теңдік − теңсіздік. Бала «артық», «кем», «тең» деген математикалық қатынастарды түсіне бастайды. Осыдан кейін ғана оларды санауға үйретуді және 10-ға дейінгі сандар туралы, сандардың бірізділігінің ара қатынасы туралы, санның жеке бірліктен және кіші екі саннан тұратын сандық құрамы туралы түсінік бере бастайды. Балалардың «Қандай?» (заттың сапасы мен белгісі), «Қанша?» (заттардың саны), «Нешінші?» (басқа заттардың арасындағы орны) сұрақтарын саралап түсінуді үйрету маңызды.







Негізгі бөлім

Білім беру жүйесін дамыту Қазақстан Республикасының басымдық бағыттарының бірі болып табылады. Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламалық мақаласында білім беру жүйесінде басымдықтарды анықтады және біздер - педагогтар алдына күрделі мақсат - әлемдік деңгейдегі білім орталығы болуды қойды.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін жаңарту, ондағы гуманизациялау және демократияландыру үрдістері мектепке дейінгі ұйымның отбасымен қарым-қатынасын белсендіру қажеттілігіне әкелді.

Отбасы – балаға «эмоционалдық тылда» психологиялық қорғау беретін бірден-бір алғашқы социум. Отбасының маңызы мектепке дейінгі жастағы балалар үшін ерекше. Әрбір бала өз ата-анасынан, әжесі мен атасынан, бауырларынан ерекше сүйіспеншілік күтеді: яғни оны үлгілі тәртібі мен қылығы үшін емес, қандай болса солай сүйгенін қалайды.

Бала үшін отбасы – бұл қоғамдық тәжірибенің көзі. Отбасында ол өзі еліктейтін үлгілер табады, мұнда ол әлеуметтік туылады. Егер біз адамгершілігі зор, дені сау ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, онда бұл мәселені «бүкіл әлеммен»: балабақша, отбасы, қоғам болып шешуіміз қажет.

Мектепке дейінгі ұйымдардың басты мақсаты – отбасында баланы тәрбиелеуге кәсіптік көмек беру, оны ауыстырмай, тәрбиелік функцияларын жүзеге асыруды толықтыру және қамтамасыз ету арқылы жүргізу. Бұл:

- баланың қызығушылығы мен қажеттілігін дамыту;

- бала тәрбиесіндегі тұрақты өзгеретін жағдайларда ата-аналар арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді бөлу;

- отбасындағы әртүрлі ұрпақ арасындағы қарым-қатынастың ашықтығына қолдау көрсету;

- отбасы өмірінің бейнесін жасау, отбасылық дәстүрлерді формалау;

- баланың жекелігін қабылдау және түсіну, балаға бірден-бір жеке тұлға ретінде сену және сыйлау.

Жоғарыда айтылған отбасылық қатынастарды жүзеге асыру үшін келесі тәрбиелік міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жүргізілу қажет:

  • біріншіден, баланы және ата-ананы сыйлауға тәрбиелеу;

  • екіншіден, ата-аналармен олардың отбасылық шағын ортасын зерттеу үшін біріге әрекет жасау.

Одан кейін отбасының ортақ мәдениетін көтеруге және ата-аналардың психологиялық – педагогикалық құзырлығына ықпал ету, оларға балалармен жұмыстың дағдыларын қалыптастыруда теориялық және практикалық көмек көрсету, отбасына жеке-дифференциалды тәсіл нәтижесінде ата-аналармен жұмыста әріптестіктің әртүрлі формалары мен біріккен шығармашылығын қолдану.

Мектепке дейінгі ұйым мен отбасы арасында сенімді қарым-қатынас құру үшін педагогтың бала отбасына үнемі зерттеу жүргізгені жөн. Бұл үшін ата-аналар жасындағы айырмашылықты, олардың білімін, ортақ мәдени деңгейлерін, сондай-ақ, ата-аналардың жеке ерекшеліктерін, олардың тәрбиеге көзқарастарын, отбасылық қатынастардың мінездемесін, т.б. білу қажет.

Сонымен бірге, балабақшаның отбасына үнемі ашық, яғни олар қалаған кезінде өздерінің мәселелерін талқылауға, консультация мен көмек алатындай болғаны жөн.

Педагогтың жұмысы ата-анамен және балалармен жұмысқа үйлестірілген болуы міндетті.

Мектепке дейінгі ұйым педагогы ата-аналармен сенімді шағын орта құру үшін олармен жұмыс мазмұны мен формаларын ойластыруы міндетті. Мысалы, олардың қажеттілігі зерттеу және алынған мәліметтерді келешек жұмыста қолдану мақсатында экспресс-сұрақ жүргізу.

Тәрбиешілер мен ата-аналар арасында іскер әріптестік үшін жағымды қарым-қатынас орнағаны жөн. Педагог ата-аналармен жұмыста олар қызыға қатыса алатын, бала бейнесінің жағымдылығын қалыптастыратын жұмыстар өткізуі қажет.

Ата-аналарда баланың жағымды бейнесін формалау үшін отбасында айтылмайтын, ата-анасы күтпеген, олар үшін қызықты ақпаратты хабарлайды. Бұл баланың құрбыларымен тіл табысудағы ерекшелігі, оның еңбекке деген қатынасы, іс-әрекеттерінің жетістіктері болуы мүмкін.

Педагогты бала тәрбиесіндегі отбасы мәселелерімен таныстыру өте маңызды. Бұл кезеңде тәрбиешілер ата-аналармен диалог жүргізеді, отбасымен сөйлескенде тек жағымды жақтарын емес, бала қылығындағы қиыншылықтар, кедергілер туралы да айтады.

Ата-аналармен біріккен зерттеулерде қызметтің нақты түрлері жоспарланады және әріптестік формалары таңдалады.

Республикамызда ата-аналармен жұмысты ұйымдастырудың төмендегі түрлері енгізіледі:

  • нұсқаулық-педагогикалық (лекциялар, семинарлар);

  • ұйымдастырушылық-әдістемелік (ойындық және имитациялық ойындар, сабақтар);

  • психологиялық – медициналық (лекциялар, семинарлар, тренингтер);

  • практикалық дағдыларды жетілдіру (практикалық сабақтар, тәжірибе алмасу, үйірмелер, клубтар).

Мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру үрдісін жоспарлауға ата-аналарды қосуды келесі бағыттармен жүзеге асыруға болады:

  • білім беру жағдайларына ата-аналардың қажеттілігін, қызығушылығын зерттеу;

  • әлеуметтік тапсырысты әзірлеуге ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйым миссиясын анықтау, білім беру мазмұнын таңдау (білім беру бағдарламалары, технология, балаларды тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі); түлек моделін құру;

  • жоспарды әзірлеудің барлық деңгейіне ата-аналарды тарту: мектепке дейінгі ұйымның даму бағдарламасы, жылдық және оқу жоспарлары, баланың жеке даму картасы, тәрбиешілермен біріккен жоспарлар.

Ата-аналармен жұмыс формалары:

Форма – (латын сөзі forma) – құрал, бірнәрсенің құрылымы, ұйымдастыру жүйесі.

Бүгінгі күні ата-аналар педагогикалық білімін ағартудың дәстүрлі емес, жаңашыл деп саналатын әртүрлі әдістері мен формалары қолданылып келеді:

- көрнекі насихаттау;

- оn-line бақылау;

- отбасына қатынау;

- консультациялық пункттер;

- ата-аналар жиналысы;

- әңгімелесу мен консультациялар;

- ата-аналар конференциялары;

- ауызша журналдар;

- сауалнама жүргізу;

- ашық есіктер күні;

- дөңгелек үстелдер;

- клубтар ұйымдастыру;

-біріккен бос уақыттар;

- іскер ойындар ұйымдастыру және т.б.

Мектепке дейінгі ұйымның ата-аналармен жұмыс қабылдауы әртүрлі: жанды сөз, тәрбие жұмыстарын көрсету, ата-аналар үлгісі және т.б. Ата-аналармен жұмыстың барлық түрлері ұжымдық, жекелік және көрнекі-ақпараттық болып бөлінеді.

Ата-аналармен ұжымдық жұмыс түріне өздеріңізге таныс белгілі іс-шаралар жатады.

Біріншіден, бұл - ата-аналармен жұмыстың тиімді формасы болып табылатын ата-аналар жиналысы. Ата-аналар жиналысында топтың тіршілік әрекетінің мәселелері талқыланады. Ата-аналар жиналысына дайындық кезінде келесі ережелерді ұстану қажет:

- жиналыс мақсатқа бағытталған болуы;

- ата-аналардың өтініші мен қызығушылығына жауап беру;

- нақты белгіленген тәжірибелік мінездеменің болуы;

- диалог түрінде өткізілуі;

-жиналыста бала кемшілігін және бала тәрбиесіндегі ата-аналардың қателіктерін жарияламау керек.

Ата-аналармен жұмыстың дәстүрлі емес,тиімді формаларының бірі - шағын жиналыс. Қызықты отбасы анықталып, оның тәрбиелеу тәжірибесі зерттеледі. Одан кейін шағын жиналысқа екі-үш отбасы шақырылады, онда отбасы тәрбиесіндегі позицияларымен, отбасының дәстүрлі тәрбиесі туралы бөліседі.




Қорытынды


Бұл ата-ана және мектепке дейінгі ұйым немесе ата-ана мен мемлекет арасындағы экономикалық мәселенің шешілуі, немесе мекемеде баланың болу ұзақтығының шешімі болуы мүмкін. Ұлттық өзгешелік пен әлемдік тенденцияларды есепке ала отырып, Қазақстанда өзінің мектепке дейінгі білім жүйесі қалыптасты (2010-2014 жж. арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасы). Біздің жасаған қорытындымыз бойынша, қазақстандық балалардың ата-аналары мен еліміздің мектепке дейінгі ұйымдары әрбір жеке баланың тәрбиесі мен оқытуында бірлесіп қызмет етеді.

Балабақшадағы мектепке дейінгі білім беру үрдісіне отбасыны тарту қажетті, өйткені ата-аналар бала тәрбиесіне жауап береді, олар баланы тәрбиелеу мен оқытуда өздерінің рөлін сезінуі тиіс.

Әртүрлі елдегі мектепке дейінгі ұйымдар модельдерін қысқаша талдау әлемдік тәжірибенің көптүрлілігін көрсетеді, ал қазақстандық мектепке дейінгі жүйе біршама артықшылығымен сипатталады. Сонымен қатар, жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес болу үшін шетелдік тәжірибе тәрбиешілер мен педагогтардың көзқарасын кеңейтеді, қазақстандық мектепке дейінгі білім беруді жаңғыртудың ұтымды ынталандыруы және оқулығы бола алады.

Балалардың математикалық түсініктерін қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметін жүзеге асырудың теориялық тұжырымдары мен педагогикалық эксперименттік жұмыстары барысында қол жеткен нәтижелері төмендегідей қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

1.Теориялық – әдіснамалық әдебиеттерге талдау жасай келе, «Математикалық ұғым», «сан ұғымы», «қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру», «санай білу», «ұлттық құндылық» және т.б. ұғымдарының мән-мағынасы ашылып, зерттелу жағдайы айқындалды.

2. Мектеп жасына дейінгі балаларда қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық аспектілерн қарастыруда

Қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың әдіснамалық тұрғыдан талдау жасалды.

3. Балабақша мен отбасының бірлескен жұмыстарының әдістемелік-теориялық тұрғыларын сипаттауда отбасы мен балабақшаның сабақтастық мәселелері қарастырылды.

4. ҚР МЖМББС МДОжТ «Таным» білім беру саласының «Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру» кіші білім беру саласының мақсаттары мен міндеттері талданды.

5. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда отбасы мен балабақшаның бірлескен жұмыстарды ұйымдастыру барысында кездесетін өзекті мәселелеріне тоқталдық:

- балаларды мектепке дайындау үрдісі әлеуметтік – педагогикалық жағынан әр-түрлі жағдайда өтілуі;

- ата аналар мен көптеген педагог-тәрбиешілер баланың мектепке дайындығы дегенді "санай білу", "сан ұғымын түсіну" деп балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесін жалпылама қабылдауы;

- отбасы мен балабақшаның бірлескен әрекетін ұйымдастыру шараларының әлі де қолға алу керек;

- ғылыми зерттеу жұмыстарының басым көпшілігі белгілі бір аспектілерді шешуге бағытталған және көбіне теориялық жағын көбірек қамтыған.

- мектепке дейінгі бүлдіршіндердің қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру мәселесіне арналған жұмыстардың аздығы мәселесі;

- мектепке баратын бүлдіршіндерге арналған арнайы әдебиеттер мен мемлекеттік тілдегі тәрбиешілерге арналған әдебиеттер тапшылығы да мектепке дайындық үрдісінің шарықтауына кері әсерін береді.

Зерттеу қорытындылары бойынша мынадай ұсыныстар әзірленді:

- балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастырудың неғұрлым табысты жолы логикалық жаттығулар мен тапсырмаларды ата-аналармен бірлесе отыра орындау оны сабаұ барысында кеңірек қолдану.

- баланың тұлғалық бейнесін қалыптастыру, танымдық белсенділігін арттыру, шығармашылық қиялын, әлеуетін дамыту мен мектепке психологиялық дайындығын қамтамасыз ету міндеттерін отбасымен бірлесе жүзеге асыруы керек.



























Әдебиеттер тізімі:


  1. «ҚР Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» - Астана. 2009., кіріспе, 12-13, 16б.

  2. Н.А.Менчинская, Е.А.Кабанова-Миллер Развитие элементарных математических представлений детей младшего школьного возраста. – Краснодар. 2000., - 5-10, 28-32б.

  3. Т.В.Кудрявцев, А.М.Матюшкин Детская психология.

  4. Леушина А.К. Формирование элементарных математических представлений у дошкольников.- М., 1996.

  5. И.В.Дубрина Преемственные связи ДОУ, школы и родителей будущих первоклассников. Методическое пособие. − М., 2006., − 29с.

  6. Е.И.Кравцова Ребенок и общество. - М. 2003.,- 25-27б.

  7. В.С.Мухина, Детская психология.

  8. Д.Б.Эльконинн Психология интеллекта. - М. 97., - 22-26б.

  9. Д.Л.Волковский "Детский мир в числах» НИИОП. 1982., − 132б.

  10. А.М. Леушинаның "Обучение счёту в детском саду" М., 1996.

  11. Ф.Н.Блехер Маленькие дети и и математика – Москва, 1983.-23.
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
23 мамыр
1581
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі