400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

МКҚК "Күншуақ" бөбекжай -бақшасы"

Материал туралы қысқаша түсінік
: Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі: Экология негіздері, қоршаған орта.

Тақырыбы: «Су –өмір нәрі»

Мақсаты: Балаларды судың қасиетімен, құрамымен таныстыру (дәмі, түсі, иісі); судың тіршілік иесі үшін мәні, қажеттілігі туралы түсінігін кеңейту; суды үнемдей білуге тәрбиелеу. Дамытушылық: тәжірибе жасау барысында бақылағыштық, дәм сезу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғау, суды ластамауға, ұқыптылыққа, жинақылыққа тәрбиелеу. Сабақтың көрнекілігі:суреттер, су, сүт, қасық, бояу түрлері,топырақ, қар, мұз. Қолданылатын әдістер: түсіндіру, сұрақ – жауап, тәжірибелер, суреттер, слайд. Қажетті құрал-жабдықтар: әр балаға төрт стақан су, езілген бояу түрлері, қант . Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, тәжірбиелік әдіс-тәсілдер.


Іс-әрекет кезеңдері

Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотива-циялық-қозғаушы

Шаттық шеңбері. Күндей жарқырап Айдай арайлап. Жұлдыздай жарқырап, Судай мөлдір, таза көңілмен Бүгінгі күнді бастайық. - Табиғат дегеніміз не? -Табиғат қандай болады? -Тірі табиғатқа және өлі табиғатқа нелер жатады?

Балалар, қазір қыс мезгілі, қыс мезгілінде үш ай бар екен. Олар желтоқсан,қаңтар, ақпан. Қазір бәріміз бірігіп қысқы табиғат аясына саяхатқа шығайық. Ол үшін біздер жолда кездескен тапсырмаларды орындауымыз керек екен.   Балалар, енді жақсылап ойланып мына бір жұмбақты шешейік. Жалт – жұлт еткен, Жылғадан өткен Бұл не?   ( Су )

Аспаннан домалап, Көп моншақ төгілді. Бұл не? ( Жаңбыр )

Қыста ғана болады, Ұстасаң қолың тонады. ( Қар)

Суға батпайды, отқа жанбайды. (мұз)
Ақсақалды атаны-ай, Мінезінің шатағы-ай. (Қыс)

Олай болса, бүгінгі оқу іс-әрекетіміз осы су туралы суға байланысты айтамыз


Балалар шеңберге тұрып жылулық лебіз білдірді.


Балалар өздерінің пікірін айтып бөліседі.


- Табиғат дегеніміз – бізді қоршаған орта

- Тірі табиғат және өлі табиғат.

- Тірі табиғатқа ағаштар, жәндіктер, жануарлар, гүлдер; ал, өлі табиғатқа қар, жаңбыр, су, тас, күн жатады.

-Су


-Жаңбыр


-Қар


-Мұз



-Қыс

Ұйымдас-

тыру-

шылық-

ізденістік


Су туралы сендер не білесіңдер?

- Сендер су туралы біраз біледі екенсіңдер? -Ал судың түсі, дәмі туралы не айтасыңдар?

Балалар, судың түсі, дәмі туралы біз бүгін тәжірибе жасаймыз. I-тәжірбие: -Мен не істедім? (Суды бір стаканнан екінші стаканға суды құя бастады).

Сендер алдыларыңда тұрған кіші стақандары суды стаканға құйыңдар?

- Балалар, суды төгуге де болады. Ол ағады, тамшылайды, суды бір ыдыстан екінші ыдысқа құюға болады. Яғни су сұйық екен. Су қандай екен?

- Сендер тағы қандай сұйық заттарды білесіңдер?

- Сүттің түсі қандай? (Ақ)

- Судың түсі қандай екен, ыдыстағы суға қараңдаршы?

- Дұрыс айтасыңдар, су түссіз.

II-тәжірбие. Ал сендер судың түсін өзгерткілерің келе ме? Олай болса алдыларыңдағы бір ыдыстағы суға өздеріңе ұнаған бояуды қосыңдар.

- Демек, балалар, судың түсі, оған қоспа қосқанда ғана өзгереді екен. Енді үшінші стакандағы таза суды ішіп көріңдерші, дәмі қандай екен?

III-тәжірбие.

- Судың дәмін қалай өзгертуге болады? Дұрыс айтасыңдар, олай болса алдыларыңда тұрған қантты суға салып араластырыңдар.

- Судың дәмі қалайша тәтті болып кетті.

- Ал суға тұз қосса, дәмі қандай болар еді?

- Яғни, балалар, суға белгілі бір дәмі бар затты қосқанда ғана оның дәмі болады екен.

Енді төртінші стақандағы суды алып иіскеп көріңдерші, иісі қандай?

- Ал сендер суды үнемдеу керектігін білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

- Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болмайды екен.

IV-тәжірбие.

Енді төртінші стақандағы суды алып иіскеп көріңдерші, иісі қандай?

Демек, судың иісі болмайды екен. Суға иіс май қосса ғана оның иісі шығады. Біз бүгін балалар су туралы біраз әңгімелестік, тәжірибе жасадық. Енді айта қойыңдаршы, су не үшін керек, су болмаса не болар еді.

Жарайсыңдар, балалар, енді жаңа өздерің жасаған тәжірибелеріңді естеріңе түсіріп, су туралы айтып беріңдерші.

  • Ал сендер суды үнемдеу керектігін білесіңдер ме? Суды үнемдеу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Дұрыс айтасыңдар, суды бостан-босқа төгіп, қалай болса солай пайдалана беруге болады екен.

V-тәжірбие. Ал, балалар, ыдысқа құм саламын. Ол да ыдыстың пішініндей пішінге айналады. Сонда құм сұйық зат болғаны ма?Осыны тексеріп көз жеткізейік. Суды жайпақ табаққа төгеміз, су жайылып кетті. Яғни, су – сұйық зат. Ал, енді құмды төгейік, ол үйіліп тұр. Олай болса, құм сұйық зат емес екен, сусымалы зат екен. Демек, су мен құм әр түрлі заттар екен. Құм - сусымалы зат. Су – сұйық зат.

VI-тәжірбие. Тәжірибеміз мұз, жылы су, ыстық су, салқын су. Қар – салқын, ылғалды. Мұзды еріту. Суды ысытуға, мұздатуға және оны ерітуге болатынын көрсету. Қайнаған ыстық суы бар шәйнектің қақпағын ашсақ, бу шығады. Бұл бу су тамшыларына айналады.

-Мұздың түсі қандай? -Мұз қай жерлереде кездеседі?
Мұзды жаз мезгілінде қайдан көруге болады?

Сергіту сәті.

Қолдарымды созамын,

Суға сүңгіп аламын.

Суда жүріп жүземін,

Оң қолымды бір сермеп,

Сол қолымды бір сермеп,

Шынықтырып денемді

Спортсмен боламын.

Иісінен тап!»ойыны.

Ойын шарты бойынша балалар көздерін жұмып,иісі арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табуы керек



Балалар жауап беруге тырысады.

1-тәжірибе. Балалар кіші стакандағы суды стаканға құяды.

- Сұйық.

Балалар суға қарап, түсі жоқ екендігін айтады.










II-тәжірбие. Балалар өздеріне ұнаған бояу тамшыларын суға қосып, араластырады да судың түсінің қандай түске өзгергендігін айтады.

Балалар суды ішіп көріп, дәмінің жоқтығын айтады.

Қант қоссаң, судың дәмі өзгереді.

III -тәжірибе. Балалар суға қант салып араластырады да ішіп көреді. Судың дәмінің тәтті болғандығын айтады.

- Өйткені біз суға қант қостық.

- Ащы болады. Иісі жоқ. Балалар сабын, сусабын қосса да судың иісінің шығатындығын айтуы мүмкін.

- Су адамдарға тамақ пісіру үшін, кір жуу үшін, шомылу үшін, шашын жуу үшін, шай қайнату үшін керек.

-Балалар судың қасиеттерін айтады.

- Балалар дәптердегі тапсырмаларды орындайды



IV-тәжірбие.

Балалар суды иіскеп иісін сезінуге талпынды.

-Су иіссіз.












V-тәжірбие.

-Ыдыстағы суға құм салып, судың лай болғанын көреді. Табаққа суды құйып , құмның бөлінгенін тәжірбие жасайды.

-Су сұйық.



VI-тәжірбие.

-Қар –ылғалды және салқын.

-Мұз ылғалды, салқын, жылы суға ериді.

-Су –бу болады және тамшыға айналады.

-Түссіз

-өзендерде, көлдерде

-Тоңазытқыштан.



Балалар сергіту жаттығуларын орындады.






Балалар, аппелсиннің, соклыңғ алманың иісін тауып ойнады.

Рефлек-

сиялық-

түзетушілік

Амина: «Күн»
Кең аспан гой ай, күнің,
Қашаннан-ақ тұрағы.
Кейде кіріп бөлмеге,
Ол ойнады айнада.
Шомылады көлге де,
Шуақ шашып қайда да.

Ару: «Бұлт»
Ақсың, сұрсың, қарасың,
Қайда қалқып барасың?
Жерге нөсер төгемін,
Өссін гүлдер, көп егін.
Гүл, гүл жайнап өсер көк,
Нөсерлетсең, нөсерлет.
Абай: Жаңбыр.
Жау- жау, жаңбыр, жау-жаңбыр,
Жауған жаңбыр-жауған нұр.
Жердің шаңы басылсын,
Гүлдің аузы ашылсын.
Еккен егін көктесін,
Бізге нанды көп берсін!
Жау, жау, гүлденсін бау
Айшат: Білгін мұны балалар
Сусыз құрғақ далалар
Сусыз қараң далалар Ескертеміз бар ұлға
Ескертеміз бар қызға
Суды босқа ағызба.
Самғат : Су – табиғат байлығы
Өзен-көлге барғайсың
Кемі екі рет әр күні
Суға түсіп тұрғайсың

Судан ырыс күткен жер, Суды лайлап түкірме! Деп үйретер үлкендер. Қане, балалар, су туралы мақал – мәтелдерді айтайық.

  1. Судың да сұрауы бар.

  2. Су – тіршілік көзі.

  3. Сусыз өмір жоқ.

  4. Су – тазалықтың досы.

  5. Бұлақ көрсең көзін аш.

  6. Сумен жер көгерер, Батамен ел көгерер. Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Бүгінгі жиынның түйінді ойы немесе тақырыбы жайлы естеріне түсіріп, сұрақтар қоя отырып пысықтайды.

Балалар табиғат иелеріне арналған көркем сөздік өлең жолдарын айтып берді.


































Балалар, мақал-мәтелдерді қайталап айтып берді.







Оқу іқызметін қорытындылап, өз ойларын айтып, тәжірибелердің қызықты болғандарын, не көргендерін айтып береді


Күтілетін нәтиже:

Біледі: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін білуі керек; судың адамдар, өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Игереді: судың сұйық, иісі, дәмі жоқ, түссіз екендігін біледі; оның түсі, дәмі және иісінің қоспалар арқылы өзгеретіндігін; өсімдіктер мен жануарлар үшін қажеттілігін.

Меңгереді: судың қасиеті туралы, суды үнемдей білуді.







«Бекітемін» МКҚК «Күншуақ» бөбекжай-балабақшасының» меңгерушісі:__________________Д.Ж.Ескожина «________» _ _______2018ж







№11 «Жұлдыз» ортаңғы тобына арналған ашық ұйымдастырылған оқу қызметі

Тақырыбы: «Су- өмір нәрі»

Тәрбиеші: Абдыкова Акгуль Темирбаевна

2017-2018 оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
29 сәуір
1370
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі