400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

М.Мақатаев әдеби сазды кеш

Материал туралы қысқаша түсінік
Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін», -деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың бүгін туылған күні. Қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали ақын ортамызда болғанда «Арыз жазып кетейін» өлеңін жырлар еді.
Материалдың қысқаша нұсқасы




Мұқағали образы (Батыржан 8а)
Жүргізуші

Армысыздар, өлеңсүйер, өнерсүйер қауым! Біз бүгін сонау XX ғасырдың арман – қиялы ақ қарлы, Алатау жаққа шарқ ұрған, асқақ мұзарт шыңдарға қарай қанаты талмастан, биіктен-биікке самғаумен келген ақиық ақын М.Мақатаевқа арналған «Мұқағали поэзиясына саяхат» атты әдеби-сазды кешімізді ашық деп жариялаймыз!!!

Өлмеу үшін – құлқынды жемдеу үшін,

Мен-дағы өлең жазбаймын ермек үшін

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін,

Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін», -деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, Абай салған соны соқпақ жолда әдеби ұлттық дәстүрді одан әрі жалғастыру жолында Абайға көбірек үңілген, «ғасыр ақыны» атанған М.Мақатаевтың бүгін туылған күні. Қазақ жырының шоқ жұлдызы Мұқағали ақын ортамызда болғанда «Арыз жазып кетейін» өлеңін жырлар еді.

Крамаренко Александр «Арыз жазып кетейін» өлеңі

Жүргізуші
«Кең дүние, аш төсіңді мен келемін» - деп Бұқары мен Ақтамбердісі, Махамбеті бар, Абайы мен Мағжаны, Қасымы бар киелі өлкеге балалық еркелігі мен, азаматтық арыны мен келді.

«Менің анкетам» өлеңіне қойылған көрініс – 5а

«Сәби болғым келеді» Рахметова Гүлбану

Жүргізуші: Ендігі кезекте Мұқағали поэзиясына саяхатқа шықсақ.

«Естеліктер»

аялдамасы

«Жазылар естеліктер мен туралы…» деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағалидың көзін көріп, бірге жүргендер арасында бүгінде ақынның әр ісін аңыз қылып айтып, ақын жайлы естелік жазбағандары кемде-кем. Сол естеліктердің бірнешеуіне көз жүгіртсек…

Мұқағалидын жары Лашын

Бибігүл Төлегенова Мұқағали ақынды былай деп еске алады

Ұлы Жұлдыз

Нұрғиса Тілендиев
«Есіңе мені алғайсың» әні орындалады. Жолдас Ильяс пен Иса Гүлжайна


«Отаным – отбасым»

аялдамасы

Мұқаңның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды. Ақын өлеңдеріне 100-ден астам әндер жазылды. М.Мақатаев 10 жасқа келгенде сұм соғыс басталып, 32-нің ашаршылығы мен 37-нің нәбетінен халық есін енді жия бастағанда, қайтадан қара жамылды. Ақынның балалық шағының нағыз қызық сәті ойын-күлкісіз өтеді. Ер-азаматтардың орнын жұтатпай, бұғанасы бекіместен колхоздың жұмысына араласады. Мектеп оқушысы Мұқағалидің алғашқы өлеңі де сол соғысқа кеткен әкесіне деген сағыныштан туған. Үш ай бойы хабарсыз кеткен әкесін ойлап, жабырқап жүрген Мұқағали бір күні сабақтан келісімен дәптерін аша салып, әжесі мен шешесіне сол өлеңін оқып береді.

«Отан туралы өлеңдерінен көрініс» «Жасұлан» тобы

«Саржайлау» Мулдашева Қарлығаш


«Жылатады, жұбатады - Өмір»

аялдамасы

Жүргізуші: Мұқағали мұрасы, маржан поэзия – мәңгілік, болашақ ұрпақтың еншісі, қастерлеп қадірлейтін мұрасы. Халық көңілін сусындатқан, тіршілікке тірек боларлық өмір шырағын, өмір жұпарын жыр етеді.


  1. Не сыйлайды, не береді келер күн?!. – Аяулым

  2. Ей өмір – Асем-11а

  3. Қызық өмір Айару-1а -

«Бақыт деген» әні 4а класс оқушылары


«Ғашықтың тілі – тілсіз тіл»

АЯЛДАМАСЫ

Жүргізуші:

Мұқағали –адамдар арасындағы, өмірдегі, табиғаттағы жастық пен келісімнің жыршысы. Ақын ұлы сезімге бас иіп, өз өлеңдерінде махаббат тақырыбын кеңінен суреттеген лирик ақын.

«Махаббат па?» көрініс 9 «а» класс

Табиғат

аялдамасы

Ақынның «Аманат» жыр жинағы 2000 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ие болды. Бүгінде Мұқағали ақынның 13 кітабы бойынша 1834 өлең, 19 поэмасы бар. Соның бірнешеуі табиғат лирикасы жайлы.

Сап-сары жапырактар – Каусар 5б

Сабағы әлсіз сары гүл- Әсем 5а

«Құмған ауған» әні Кемалова Орнай

Пригородный селолық модельдік №9 кітапхана біздің мектепке көрмемен қонаққа келіп отыр. Ортаға шақырамыз.

Жүргізуші

Көп адам дүниеге бой алдырған ,
Бой алдырып , аяғын көп шалдырған .
Өлді деуге сияма, ойлаңдаршы ,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған? -
деп Абай атамыз жырлағандай, 45 жыл ғана қысқа ғұмыр ішінде халқына өшпес із қалдырған ғасыр ақыны Мұқағали жырларынан біраз сусындағандай болдық . Әрине, ақынның мол, таусылмас мұрасын бір күнде , бір сағатта оқып білу мүмкін емес . Ақын шығармалары ұрпақтан-ұрпаққа тарап , жалғасын таба береді . Олай болса хантәңірі атанған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевқа арналған «Мұқағали поэзиясына саяхат» кешімізде өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше аман-саулықта болыңыздар.














Пригород орта мектебі







Тақырыбы:





«Мұқағали Мақатаев поэзиясына саяхат»

әдеби-сазды кеш





Ұйымдастырушылар:

ТІЖО Батыр А.К. Дауылбаева Ж.С.

Музыка пәні мұғалімі Жолдас И.Ж

Қазақ тілі бірлестігі

















2021-2022оқу жылы

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
18.02.2022
618
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі